Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2014 в 16:41, курсовая работа
Қазіргі кезеңде ТМД елдерінде заң ғылымы бір идеологияның құрсауында болудан бостандық алып, дүниежүзілік ғылымымен қауышып, мемлекет және құқық теориясын жан-жақты дамытуға мүмкіндік алып дамиды. Мемлекет және құқық теориясы - заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орнының бірінші курсында оқылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен кұқық туралы жалпыланған абстрактілі ережелерден құралған. Мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең, шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әр түрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-қүқықтық қүбылыстардың дамуының басымдықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жэрдемдеседі.
КІРІСПЕ 3
1 ЗАҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ БАСТЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫҚША НОРМАТИВТІ—ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІСІ
Заң нышандары 4
Заңға - қосымша нормативтік-құқықтық актілер 13
І.3 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу 9
2 ЗАҢҒА БАҒЫНЫШТЫ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР 13
« Номативтік құқықтық актілер » заңы
2.2 Нормативтік құқық кесімдердің уақыт кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы…......................................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................25
ҚОСЫМША….................................................................................26
Қазіргі мемлекеттердің нормативті - құқықтық актілер жүйесі біркелкі емес. Бұл мемлекеттік басқару нысандарының ерекшеліктерімен, әр елдің көп ғасырлық эдеттерімен, үлттық жэне басқа факторлармен түсіндіріледі. Дегенменде, көптеген нормативті -қүқықтық актілер жүйесі заңдылық күші бар актілердің деңгейлік белгісіне сай қүрылады. Төмендегі актілер қоғамдық өмірдің түрақтылық мүдделері жэне оның үйлесімді үйымдастырылуы үшін жоғарғы органдардың актілеріндегі үйғарымдарға сай болуы тиіс. Барлық қарама-қайшылықтар, заңға - қосымша актілердің бір-бірінің арасындағы қайшылықтар өркениетті мемлекеттерде заң шешеді, себебі олар ең жоғарғы заңды күшке иелігі бар.
Нормативті - құқықтық актілердің заңды күштерінің деңгейі әр түрлі, бірақ солардың бойындағы нормалардың міндеттілігі баршылықтарына, кімге олардың жарлықтарының қатьшасы болса, абсолютті түрде бірдей екендігін айтуымыз қажет. Осындай принципиалды ережелер қүқықтық мемлекеттің негізгі қызметін қүрайды. [ Ағдарбеков Т.]
Қоғамдық қатынастарды нормативті реттеуді басты жэне белгілеуші орьшды заң алады. Заңға - қосымша актілер тек көмекші және талдаушы роль атқарады. Қүқықтық мемлекетте, заң өзінің әрекетімен қоғамдық өмірдің негізгі жақтарын қамтиды, ол негізгі басты мүдделердің жеке адамның құқығымен бостандығының кепілі.
1.3 Нормативтік -құқықтық актілерді жүйелеу
Жүйелеу нәтижесінде, күқықтық нормалардың арасындағы қайшылықтар жойылады, тоқтатылады не болмаса ескірген нормалар өзгертіледі жэне қоғам дамуының қажетіне сай жаңадан қүрылады. Олар белгілі жүйелік белгілермен топтасады кодекске, заңдар жинағына және басқа жүйеленген актілерге айналады.
Қазіргі кезде, нормативті -қүқықтық актілерді жүйелеудің үш нысаны пайдаланылады: Кодификациялау, инкорпорация, консолидация.
1 .Кодификациялау - мемлекеттік - шығармашылық органдардың жаңа, жинақталған нормативтік - күқықтық актілердің жүйесін қүрудағы қызметі, ол терең және жан-жақты әрекеттегі заңдарды қайта қарау жэне оған жаңа маңызды өзгертулер кіргізу арқылы жүзеге асырылады.
Кодификациялау процесінде күрылып жатқан актінің жобасына, эрекеттегі нормалар, өзінің маңызын жоймаған лоне жаңадан қүрылған нормалар кіреді, олар белгілі қоғамдық қатынастарды реттеуге сапалы өзгерістер кіргізеді.
Заңдарды кодификациялау мынандай белгілермен сипатталады. Біріншіден, кодификациялаумен, тек қүзіретті күқықтық-шығармашылық органдар, конституцияның не басқа өкілетті заңдар негізінде шүғылданады.
Екіншіден, кодификациялау нэтижесінде жаңа нормативті-құдықтық актілер қүрылады, оларға бүрынгы эрекеттегі нормалардан мүлде өзгелері қосылады.
Үшіншіден, кодификацияланған акт жиналғанға жатпайды, себебі, онда бүрынғы әр түрлі актілерге жатса да, қоғамдық қатынастардағы бір ғана аяны реттеген.
Төртіншіден, кодификацияланған акт қоғамдық өмірдің белгілі аясын реттейтін актілердің ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Ондай акт жалпы алғанда, қоғамдық қатынастардың пәні болатын, берілген құқық саласын реттейді (мысалы, жер туралы кодекс). Онда бүл қүқық саласына қатысты басты маңызы бар барлық нормалардың жалпы принциптері бар.
Бесіншіден, кодификациялау нэтижесінде қүрылған нормативті -қүқықтық актілер, қоғамдық қатынастарды үзақ уақытқа реттеуге есептелген. Олар қоғам өміріндегі мүмкін болатын өзгерістерді есепке алады және көбірек жетілген, болашақта пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге қажет.
Кодификациялық актілер өздерінің мазмүнына және аттарына байланысты үш негізгі түрге бөлінеді:
Заң шығару негіздері - белгілі құқық саласын не мемлекеттік басқару аясының негізгі ережелерін қүрушы нормативті - құқықтық акт. Мүндай кодификация нысаны федеративтік мемлекеттерде пайдаланылады.Заң негіздері федерация мүшелерінің кодификациялау әрекетінің негізін қүрайды.
Кодекс - қоғам өмірінің негізгі аясында әрекет жасайтын, көп таралған кодификациялық актілердің қүқықтық тәртіптілікті талап ететін түрі (Азаматтық кодекс, Қылмыс кодексі, Кедендік кодекс, сауда жөніндегі, теңізде жүзу кодексі т. б.).
Жарғы, ереже - бүл кодификацияланған арнайы әрекеттегі актілер, олар тек заң шығарушылармен ғана шығарылмайды, басқа құқықтық -шығармашылық органдармен де шығарылады (мысалы, президентпен не үкіметпен). Жалпы эскери жарғы, қарулы күштердегі әрекет жасайтын қүқық нормасы. Теміржол ережесі - кодификациялық актілерге жатады.
Қазіргі мемлекеттерде көптеген кодификациялық актілердің арнайы аттары да жоқ. Оған эр түрлі заңдар жатады: меншік туралы, пенсия туралы, әскери қызмет, жергілікті өзін-өзі билеу т. б.
2.Инкорпорация дегеніміз, әрекеттегі нормативтік -құқықтық актілердің мазмүндарын өзгертпей, белгілі тэртіппен бір жинаққа біріктірілуі.
Инкорпорация нәтижесінде эрекеттегі заңдардың сыртқы жағы жөнделеді.
Оны қалай түсінуге болады?
Сыртқы жағын жөндегенде нормативті - қүқықтық актілер белгілі тәртіпте орналасады: әріптік, хронологиялық не пәндік яғни, олардың сыртқы тәртіптілігіне қол жеткізу.
Инкорпоративтік жинаққа не қүрамға кірген нормативтік - қүқықтық актілердің мазмұны негізінен өзгермейді. Оларға, тек заңмен тоқтатылған не күшін жойғандығы мойындалған актілер кіреді.
Инкорпорацияны жүйелеуші органдар жасайды (мысалға эділет министрлігі), олардың тоқтатуға, өзгертуге не қүқықтық нормаларды белгілеуге өкілдіктері жоқ. Ол тек қана қүқықтық - шығармашылықтағы органдардың толықтыруларын, өзгертулерін жинаққа кіргізуге мүмкіндіктері бар.
Инкорпорация екіге бөлінеді: ресми және ресми емес.
Өзінің заңды табиғатына сай, ресми инкорпорацияға нормативті -қүқықтық актілерді жөнделген және тәртіпке келтірілген түрде жариялау.
Ресми инкорпорацияның кодификациядан айырмашылығы, құқық нормаларының жүйелеу деңгейіне байланысты көрінеді. Егер, кодификация қүқық жүйесін түбегейлі дамытуға, күқықтық реттеудің мазмүнын өзгертуге бағытталса, инкорпорация ондай функцияларды орындамайды. Ол қүқықтық реттеудің мазмүнын өзгертпей-ақ, кодификация процесінде қүқықтық - шығармашылық органдармен қүрылған актілерді қатаң жүйеге келтіруге арналған.
Ресми инкорпорацияның екі түрі болады: хронологиялық жэне жүйелік.
Хронологиялық инкорпорация - нормативтік - қүқықтық актілерді тәртіпке келтіру, олардың жариялану жэне заңды күшіне кіретін уақыттарына байланысты жүйелеу нысанына жатады. Хронологиялық тәртіппен заң шығарушы жэне атқарушы биліктердің актілері ресми баспада шығарылады (мысалы, президенттің жэне үкіметтің актілер жинағы). Хронологиялық инкорпорацияда әрбір нормативтік актінің кезекті нөмірі, оның аты көрсетіледі, шыққан жылы, айы, гпыққан күні, сонымен қатар баптың нөмірі көрсетіледі. Бүл маңызды мөлшерде қажетті нормативтік -қүқықтық актіні іздеуді оңайлатады, шүғыл түрде ондағы қүқықтық нормаларды табуға және пайдалануға мүмкіндік береді.
Жүйелік инкорпорация - әрекеттегі нормативтік - қүқықтық актілерді пэндік белгілеріне байланысты тэртіпке келтіру жэне қүқықтық салаларға, олардың институттарына, мемлекеттік эрекеттер аясына байланыстылығы.
Жүйеленген жинақтарда жэне заң қүрылымдарында нормативтік материалдар өздерінің түрлеріне не қүқықтық реттеу аяларына байланысты бөлінеді (мемлекеттік қүрылым, финанс, білім беру, отан қорғау, қоғамдық үйымдар, қылмыстық жауапкершілік т. б.). Пәндік инкорпорациямен пайдаланатын мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар және азаматтар тез және жедел түрде өздершщ мүдделерше саи құқық нормаларын пайдалана алады.
Ресми емес инкорпорация - бүл заңдарды сырттай жөндеу, үйымдармен не жекелеген азаматтармен (оқу орындарымен, ведомстволармен, ғалымдармен) жэне іс жүзінде арнайы органдардың қүқықтық - шығармашылық өкілеттігінсіз жүргізіледі. Ресми емес инкорпорациялар мекемелердің, үйымдардың, жекелеген мамандардың арнайы қажеттілігін нормативтік - қүқықтық материалдарын пйдаланып орындайды. Оған еңбек не түрғын үй заңдары, әскери қызметкерлерге, мүғалімдерге, геологтарға, қүқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған анықтамалар жатады. Олар жарияланатын ресми нысанға жатпайды, сондықтан қүқықтық - шығармашылық жэне қүқықты қолдану процесінде оларға сүйенуге болмайды.
3 .Консолидация (шоғырландыру) - бірнеше нормативтік - қүқықтық актілердің бір қоғамдық қатынастар саласында қызмет істеп, мазмүндары өзгермей бір жинаққа бірігу жүйесінің нысаны болып табылады.
Консолидацияның ерекшелігі, ол өзіне кодификацияның жэне инкорпорацияның кейбір жақтарын сіңірген. Консолидация актілері нормативтік - қүқықтық актілердің жиынтығы - бүл оны кодификациямен формальді түрде жақындастырады, ал сол факт, шын мәнісінде қоғамдық қатынастарды реттеуге ештеңе қоспайды сондықтан, оны инкорпорациямен жақындатады. Нормативтік - қүқықтық актілердің жүйелеу нысанымен консолидация, кобінесе жүйелеу инкорпорациясына жақын. Ол қай жерде қажеттілігі жоқ, не болмаса кодификацияның мүмкіншілігі жоқ жерде пайдаланылады. Мүндай жағдайда консолидация біржақты нормативті материалдарды біріктіруге, актілердің санын қысқартуға және қүқықтық реттеу нысандарын жақсартуға тиімді қүрал ретінде көрінеді.
2 ЗАҢҒА БАҒЫНШТЫ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР
2.1 « Номативтік құқықтық актілер » заңы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» занда қабылданатын актілердің сатылары нақтылы көрсетілген. Теорияда заңға сәйкес қабылданатын актілер деп зандарды орындау және іс жүзіне асыру үшін мсмлекеттік және жергілікті органдардың шығарған кесімдерін айтады. Дүниежүзілік тәжірибеде бұл процесс «заңнаманың делегациялануы» (делегированность законодательства) деп аталады.
Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау мынандай жағдайларға баланысты:
Заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заң бойынша мынандай түрлерге бөлінеді:
:
Заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
Заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актiлерiнiң негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
Заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы; Кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;
Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы;
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтiк құқықтық актiде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтiк реттелген ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережесi;
Информация о работе Нормативтік құқық кесімдердің уақыт кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы