Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2014 в 16:41, курсовая работа
Қазіргі кезеңде ТМД елдерінде заң ғылымы бір идеологияның құрсауында болудан бостандық алып, дүниежүзілік ғылымымен қауышып, мемлекет және құқық теориясын жан-жақты дамытуға мүмкіндік алып дамиды. Мемлекет және құқық теориясы - заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орнының бірінші курсында оқылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен кұқық туралы жалпыланған абстрактілі ережелерден құралған. Мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең, шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әр түрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-қүқықтық қүбылыстардың дамуының басымдықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жэрдемдеседі.
КІРІСПЕ 3
1 ЗАҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ БАСТЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫҚША НОРМАТИВТІ—ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІСІ
Заң нышандары 4
Заңға - қосымша нормативтік-құқықтық актілер 13
І.3 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу 9
2 ЗАҢҒА БАҒЫНЫШТЫ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР 13
« Номативтік құқықтық актілер » заңы
2.2 Нормативтік құқық кесімдердің уақыт кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы…......................................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................25
ҚОСЫМША….................................................................................26
нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;
нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;
нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;
уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар).
Заңның қолданылу салаларына тоқталатын болсақ Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады, бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.
Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн реттемейдi.
Нормативтік құқықтық акт халықаралық шарттарды, оның iшiнде құқықтық нормаларды қамтитын шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi:
1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы
3) Қазақстан Республикасы
4) Қазақстан Республикасы
5) Қазақстан Республикасы
6) Қазақстан Республикасының
7) орталық мемлекеттiк
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Нормативтiк құқықтық
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
1-1) техникалық регламент - Қазақстан
Республикасының техникалық
1-3) мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету
процесінің, нысанының, мазмұны мен
нәтижесінің сипаттамасын
2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк
органның немесе оның
3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық
қатынастардың қандай да бiр
саласында қолданылуын егжей-
Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін. Олар туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады және де орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң тікелей қолданылуы
Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.
Қолданысқа енгізілген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы;
2) актiнiң нысанына нұсқау; Қазақстан
Республикасының
3) осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып;
4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi;
5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;
6) тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы;
7) нормативтiк құқықтық актiнiң
Қазақстан Республикасының
8) елтаңбалы мөр.
Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына тоқталатын болсақ
Нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi құрылымдық элементi құқық нормаларын қамтитын бап немесе тармақ болып табылады. Құқық нормалары баптар түрiнде "бап" атауымен заң актiлерiне енгiзiледi. Қайсыбiр нормативтiк құқықтық актiлер тармақтардан тұрады, олардың атауы "тармақ" деген сөзбен жазылмайды және де көлемi едәуiр нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау бөлiмдерге, ал бөлiмдер өз кезегiнде нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн.
Көлемi үлкен тарауларда нормативтiк құқықтық актiнiң параграфтары және параграфтарының бөлiктерi бөлiп көрсетiлуi мүмкiн, ал үлкен бөлiмдерде осылайша бөлiмшелер бөлiнуi мүмкiн.
Нормативтік құқықтық актінің баптары жекелеген құқық нормаларын қамтитын тармақтарға, ал тармақтар - тармақшаларға бөлінуі мүмкін. Баптардың, тармақтар мен тармақшалардың ішінде бөліктер-құқықтың қисынды аяқталған, абзацтармен бөлінген жекелеген нормалары болуы мүмкін.
Мәтіннің мағыналық жағынан
тұтастығы бар, бірінші жолда
азат жолмен бөлініп
Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары - жекелеген құқық нормалары бар тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Баптардың, тармақтардың және тармақшалардың iшiнде абзацтар арқылы бөлiнетiн бөлiктер болуы мүмкiн.
Кодекстерде iшкi құрылымның басқа белгiлерi пайдаланылуы мүмкiн.
Нормативтік құқықтық актілерд
Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен нөмiрленедi. Баптардың (тармақтардың) нөмiрленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң нөмiрленуi де дербес және басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Баптың тармақтары мен тармақшаларының нөмiрлерi әрбiр бап үшiн дербес болады. ал негiзгi құрылымдық элементi бап емес, тармақ болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлерде әрбiр тармақтың тармақшалары дербес нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауындағы параграфтардың нөмiрлерi мен әрбiр бөлiмiндегi бөлiмшелердiң нөмiрлерi де аяғына дейiн емес, дербес нөмiрленедi.
Тармақтарда тармақшалардың нөмiрлерi жақшамен жабылған араб цифрларымен көрсетiледi.
Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мақсаты мен себептерiн, оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын баяндаудың алдынан кiрiспе бөлiм (преамбула) берiледi.
Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда оған олардың мәнi түсiндiрiлетiн бап берiледi. Мемлекеттiк тiлдегi нормативтiк құқықтық актiде терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады.
Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актіде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.
Пайдалануға ыңғайлы ету
мақсатында нормативтiк
2.2 Нормативтік құқық кесімдердің
уақыт кеңістікте және
Нормативтік құқықтық кесімдердің уақыт, кеңістікте және тұлғалар бойынша қолданылуы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңымен реттелінеді және оның 7-тарауы осы мәселеге арналған. Аталмыш заңның 36-бабы бойынша зандар, Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулыларында күшіне ену уақыты, мерзімі көрсетілмесе, олар жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң өзінің күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының қаулыларында күшіне ену мерзімдері көрсетілмесе, ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулылары қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа да мемлекеттік органдар мен Жоғарғы Соттың, жергілікті органдардың қабылдаған нормативтік құқықтық кесімдері өзінің мәтінінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң өзінің күшіне енеді.
Нормативтік құқықтық кесімдердің кеңістік жағынан қолданылуы жоғарыда керсетілген заңның 41-бабы арқылы іс жүзіне асады. Атап айтқанда заң нормасы бойынша нормативтік құқықтық кесімдерде кеңістік шеңбері көрсетілмесе,Казақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және күші бар.
Информация о работе Нормативтік құқық кесімдердің уақыт кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы