Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 08:46, дипломная работа
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рөл атқарған. Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшылары еншісіне тиді. Белгілі тарихшы Қ. Нүрпейісов, Алаштану саласының төмендегідей маңызды деп табылған мәселелер тізбегін ұсынды. Қазіргі кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз.Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп, мектебі қалыптасты және Алаш зиялыларының ғылыми-шығармашылық мұралары насихатталуда.
Кіріспе........................................................................................................................2
І. тарау «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының дүниеге келуі
1.1. «Алаш» партиясының құрылуы...................................................................5
1.2. «Алаш» партиясының бағдарламасындағы саяси
құқықтық және әлеуметтік идеялар...............................................................10
ІІ. тарау. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының идеологтары
2.1 «Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі.....................16
2.2. Мұхаметжан Тынышбаевтың Уақытша үкіметтегі орны.........................30
2.3. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының бүгінгі
заманғы тарихнамасы....................................................................................39
ІІІ. Қорытынды...........................................................................................................42
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................47
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы мен ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан саяси қайраткерлердің жанкешті қызметін жоғары бағалап, былай деп жазды: «Алаш» партиясының бағдарламасын жүзеге асыру барысында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі қайшылықтардан арылуға мүмкіндік туды. Онда тұжырымдалған өтпелі кезең қағидалары жаңғырту қарекетін біршама жүйелі атқаруға жағдай жасады. Олардың ұлттық бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша ұлттың бас біріктіруіне жағдай туғызды. Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің демократиялық баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан жүзеге аспай қалды. Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекетімізідің қалыптасуына қазақ зиялыларының көзге түсе бермейтін, бірақ мейлінше игі үлес қосқанын дұрыс бағалауы тиіс».
ІІ тарау. «Алаш»
либералдық-демократиялық қозға
2.1. «Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі
Патшалық биліктің орнына
келген Уақытша үкімет бүкіл империя
көлемінде өрлеу алған ұлт-
1917 жылы 16 наурызда батыс майдан штабы жанындағы земскі және калалық одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә. Бөкейханов күтпеген жерден Петроградқа шақырылып, 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалады. Дәл сол күні «Қазақ газетіне берген жеделхатында ол: «Торғай облысына комиссар болып бекітілдім», 23-не шығайын деп тұрмын. Жұртқа естіртіп тынышталуын тілеймін» деп жазды. Бірақ Ә. Бөкейханов 23 наурызда Орынборға аттанып кете алмайды. Өйткені, ол жаңа ашылғалы жатқан кадеттер партиясының съезге осы партияның орталық комитетінің мүшесі ретінде шақырылған еді. Ә. Бөкейханов съезге қатынасып, 26 наурыз күні сөз сөйлейді. Ол жөнінде М. Шоқаев былай деп жазды: «Мұжықтарға деп кескен, әлі мұжық орнамаған, оброчный статья деп алынған, ұзын срокты арендаға (жалдауға), мысалы, барон Медем, Варун Секрет секілділерге берілген жерлер қашан Учредительное собрание далаг облыстарының һәм Түркістанның жер мәселесін шешкенше, кешіктірмей бұрынғы иелеріне қайтарылуы керек деп Ғалихан кадет съезіне кеше доклад қылды. Ғалиханның докладын қабыл алып, тезірек орнына келтіру қамына кірісерге деп комиссияға тапсырды.
Сабыр етіп, шыдай тұрыңдар. Жаңа үкімет жай-жапсарларыңды біліп, көңілдеріңді тындырар. Мұстафа».
Бұл Ә. Бөкейхановтың жаңа қызметке бекітілгеннен кейін сөйлегсн алғашқы сөзі болатын. Ал оның ұсынысы бойынша, құрылған комиссия жұмысына біз алда өз ретіне карай тағы ораламыз. Сәуір айының басында Уакытша үкімет Түркістанды басқару үшін 9 адамнан тұрған Түркістан Комитетін құрады. Оның құрамына Ә. Бөкейханов та енген еді. Бірақ ол облыс комиссары қызметінен қолы босап, Түркістан комитеті ісіне араласа алған емес.
Ә. Бөкейханов Торғай облысының сол кездегі әкімшілік орталығы Орынбор каласына наурыздың соңғы күндері жетеді де, сәуірдің 2-нен бастап облыстық қазақ съезіне облыстық комиссар дәрежесінде қатынасады.
Егер ескі патшалық әкімшіліктік
бөлу жағдайында Қазақстан жері алты
облыстан тұрғандығын, соныц ішіндегі
Торғай облысы құрамында Қостанай,
Ақтөбе, Ырғыз және Торғай сияқты ірі
уездердің болғандығын
Жоғарыда аталған жеделхатында үкімет төрағасы князь Львов, сондай-ақ облыстық комиссардың уездік комитеттермен біріге отырып, уездік комиссарларды таңдау және оны Ішкі істер министрлігіне бекітуге ұсыну, қажет болған жағдайда оған көмекшіліер тағайындау, уездік комиссарлар арқылы болыстық комитеттер жұмысын басқару және басқа құқықтары жөнінде айтқан болатын. Осы және басқа құжаттардан облыстың комис-сардыц басқа билік орындарымен қатынас тәртібін де байқауға болар еді. Мәселен, Облыстьиқ атқару комитеті комиссардың қызметін бақылай алғанымен, бірақ оның нұсқаулары мен шараларына араласу, немесе комиссарға кеңес бере алғанымен, бұйыруға құқы жоқ болатын.
Ә. Бөкейханов сәуірде облыстағы жағдаймен танысып, қызметіне кіріскенде, оның алдында қисапсыз көп шаруа тұрғандығы түсінікті, бірақ, дегенмен, солардың ішінен ол үшін ең маңызды мынадай екі бағыттағы жұмысты бөліп айтуға болар еді. Олар, біріншіден, барлық деңгейдегі үкіметтік басқару орындарының қалыптасу процесініц аяқталуын тездету және, екіншіден, жаңа мекемелердегі орындарға лайықты кадрларды тауып, солар арқылы облыста тұрақты мемлекеттік басқару жүйені қалыптастыру еді. Бұл мақсатқа жету жоолында 20—28 сәуір аралығында Орынборда өткен Торғай облыстық орыс және қазақ біріккен съезінің жағымды рөл атқарғандығын атап айтуға болады. Съезд басқару мекемелерін жасауда екі жұртқа бірдей қолайлы принциптерді бекітті, ең ауыр мәселе — жер туралы сәуір басындағы қаазақ съезі жасаған қаулыға тоқтайды. Ал ақпан төңкерісінен кейінгі уақытта, қалыптасқан жағдайға байланысты қазақ жерін жерсінбей кейін ішкі Ресейге көшпек ойы барларға байланысты «көшкен мұжыққа ерік, мұжық Торғай облысынан көшсе, қазынадан көмек ақша берілсін» деген мазмұндағы шешім қабылдайды.
Съезд Торғай облыстық атқару комитетін сайлап, оның төрағалығына заңгер Ткаченконы, оған орынбасарлыққа С. Кәдірбаевты, мүшелікке басқалармен бірге А. Байтұрсыновты, М. Дулатовты және Н. Бегімбетовты бекітеді. Съезде облыс келемінде ескі болыстық, селолық және ауылдық әкімшілік мекемелерін жойып, оларды сол дәрежедегі атқару комитеттерімен ауыстыру туралы шешім қабылданады.
Ә. Бөкейхановтың тікелей басшылығымен өткен бұл съезде, сонымен бірге принциптік маңызы бар тағы да мынадай екі шешім қабылданған еді. Олар «атқаратын жұмысы жоқ болғандықтан Орал - Торғай переселен ау-данының меңгерушісі, оның көмекшілері және одан төменгі буындарын жою және қызметін уездік атқару комитеттеріне тапсырып шаруа бастықтары (крестьянкие началыники) мекемелерін тарату» жөнінде қабылданған қаулылар болатын. Бұл қаулылардың құндылығы соңда, облыстық съезд өтер алдында ғана облыстық комиссар атына орталық үкіметтен аталған мекемелерді қажеттілігіне сай қалдыра тұру жөнінде нұсқау келіп түскен еді.
Ә. Бөкейханов Ішкі істер министрі Леонтьевке берген № 351 жеделхатында съезд және өзінің шешімін «Шаруа бастықтары соғыс жылдары өздерінің тікелей міндеттерін тастап әскер үшін мал сатып алу ісімен айналысты. Жұрттың тіптен бұлардың лауазымының өзіне сенімсіздікпен қарайтындығын ескере отырып, Шаруа бастықтарын түгелдеп қызметтерінен босатуға рұқсат беруіңізіді өтінемін. Олардың атқаратын міңдеттері азық-түлік комитеттеріне, өзін-өзі басқару орындарына және соттарға жүктеліп, іске ешқандай да нұқсан келмейтін болады» деп негіздеді.
Ә. Бөкейхановтың қызметке кіріскеннен кейін уездік комиссарларды тағайыңдау іспен айналысқанын байқаймыз. Мәселен, ол 5 сәуірде ішкі істер министрі Щепкиннін Қостанай уездік комиссарын тездетіп бекіту туралы ұсынысына байланысты, бұл қызметке заңгер Ахмет Бірімжановтың тағайындалғанын хабарлайды. Нақ сол күні Петроградтан облыстық комиссардың Торғай уездік Комиссары етіп учитель Ғұмыр Алмасовты тағайындау туралы ұсынысының қабыл алынғандығы туралы хабар жетеді. Шамамен, осы мезгілде Ырғыз уездік комиссары болып Тобыл округтік сотының мүшесі Ғабдолла Теміров бекітіледі. Ал өзі негізгі қызметімен бір мезгілде Ақтөбе уездік комиссары болып тағайындалады. Облыстық комиссар өзіне көмекке қазақ қызметкерлерін де тарта бастайды. Облыстық комиссар кеңсесіңде ерекше тапсырмалар чиновнигі қызметін Есен Тұрмұхамедов және Абдул-Хамид Жолдыбаев атқара бастайды. Шаімамен, осыидай қызметке Сағындық Досжанов та тартылған еді.
Ә. Бөкейханов комиссарлық қызмет атқара жүріп өзінің артынан ерген, әсіресе майдандағы бұратана бөлімінде бірге болған белсенді жастар алдындағы борышын ұмытқан емес. Мәселен, оның бұйрығы бойынша Киевтегі бұратана бөлімінің бұрынғы бастығы Мырзағазы Есболов Богуруслан уездік комиссарының орынбасары, Минскіде бұратана бөлімінің бұрынғы хатшысы Елдес Омаров Торғай уезі 2 учаскесінің Шаруалар бастығы міндетін уақытша атқарушы болып бекітіледі.
Мемлекеттік баскарудағы осынадай өзгерістермен бір мезгілде ескі билік тұсында өз қызметінде түрлі заңсыздықтар мен зорлықтарға жол берген патша чиновниктерін қызметтен аластау, айыпқа тарту процесі де жүріп жатқандығын айтып өткен жөн. Ә. Бөкейханов ішкі істер министрі Леонтьевке жолдаған № 350 жеделхатында 1917 жылдың 4 мамырына дейінгі уақытта губернатор Эвероманның, вице губернатор Обуховтың, аға кеңесші Агаповтың, Шаруа бастықтары Витман, Куфтиннің, приставтар Сиротенко, Ткачснко, Полуднев, Тарасенко, Данковцев, Прокоповтың, тілмаш Тунгачиннің және басқа көптеген бұрынғы үкімет чиновниктерінің қызметтерінен босатылғандығын хабарлайды.
Комиссарлық қызметке кіріскеннен кейінгі уақытта Ә. Бөкейхановтың қатты алаңдатқан мәселе, қазақ жұрты арасындағы жергілікті басқару орындары — облыстық, болыстық және уездік комитеттерді құру ісі болды. Деректердіц көрсетуіне қарағанда, ауылдық жерлерде ескі феодалдық топтар жаңа құрылған жатқан азаматтық комитеттердің жұмысына түрлі кедергілер жасап, тіптен қайсібір бұрынғы болыс бастықтары үкімет орындарының кеңсе мен іс қағаздарын жаңа ұйымдасқан комитеттерге өткізу жөніндегі нұсқауларын орындаудан бас тартады. Мәселен, мұндай жайлар Ақтөбе уезінде Бөрілі, Тоқан, Қобды, Аралтөбе және басқа болыстарда болған еді.
Комиссар Ә. Бөкейхановтың осы кезде түрлі тақырыптарға жазған мақалаларында бұқара халықты ғана емес, ел ішіндегі атқа мінерлерді де имандылыққа, адамгершілікке, жоғары саналылыққа шақыру орын алды және оның бүл айқындамасы сол кездегі ағартушылық көзқарасынан туындап жатқаны анық, . «Қазақ-ау! Оян!—деп жазды ол.— Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта қалып жүрме! Мұжық көрші отырып, бостандық , құрдастық , туысқандық шарапатын пайдаланғанда ілгері басқанда, мүйізге ұрған сиырдай шыр айналып, кейін қайтып, көрші жұртқа балаңды жалшы, малшы, құл қылып беріп, жұрағаттың обалына, Алаштың баласы қалып жүрме!» «Қазақ жұрты,— деп жазады ол тағы бір мақаласында,— адам болып, ғұмыр тұрмыста мұжық көршімен шаруа таластырып, тарқы жолына кірісетін болғанда комитетке жұрттың пайдасын қуған, жұрттың қамын ойлаған азаматты сайлаған оң».
Бөкейханов коммисарлық қызметте тұрғанда қазақтың ескі, күні өткен әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен мүмкіндігі болғанша күрес жүргізгенін байқаймыз. Қазақ қоғамындағы сондай мәселелердің бірі әйел теңдігі болатын. Құжаттық материалдар комиссардың неке дауына жиі араласып, әйелдердің табиғи құқын, жеке бас тәуелсіздігін қорғайтың шараларды іске асырып отырғандығын көрсетеді
Бөкейхановтың комиссарлық қызметте жүргенде ден қонған істерінің бірі қазақ арасындағы ұрлыққа қарсы күрес еді. Ол «тіршілік-ғұмыр белгісі алыстартыс, арбау, әдіс. Кім шебер болса, жалықпай, талмай ізіденсе, бірігіп, тізе қосып, әдіс қылса ғұмыр бәйгесі соныкі. Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып біреуге жалынып, жалпая берсе, мұнан түк өнбейді», сондықтан етектен алып, балтырдан тартқан ескі жаман әдеттерден арылып, келе жаткан жаңа дәуір, жаңа заманға лайық іс-әрекеттерге бой алдыруға шақырады. Сондай «тәмәм қазақ атына зор кемшілік, таңба, ұят» келтіретін әдеттердің бірі ұрлық екендігін, «кедей тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас атымды шығарамын деп, надан ақсақал кек аламын деп ұрлық» жасайтындығын, бірақ «ұрлықтан атақ та, кәсіп те., кек те табылмайтындығын» айтып, «жұрт болып ау деп, бата қылып, әдіс қылса, ұрлық бұрынғы отқа табынған атамыздың діні- мықты емес, бірте-бірте жоғалады»—деп, бұл жаман әдетпен ел болып күрессе ғана нәтиже шығатынына көпті иландыруға тырысты. Бұл, әрине, ешқандай да сын көтермейтін, фактілік негізі жоқ, жалған пікір болатын. Соған байланысты оған елеп, көңіл аудармауға да болар еді, дегенмен, көңілдегі күдікті сейілту үшін төмендегі фактілерге тоқтала кетелік. Біріншіден, біз жоғарыда бүл мәселеге арналған тарауда 16 жылғы көтеріліс басталғаннан кейінгі уақытта Ә. Бөкейхановтың Мемлекеттік дума арқылы жүргізтен жұмысы туралы жаздық. Ақпан революциясы жеңіп, Уакытша үкімет билігі орнағаннан кейін бұл мәселе қайтадан көтеріліп, сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы және ішкі істер министрі Штюрмердің 25 маусым жарлығын Мемлекеттік Думаның қолдауын алмастан, өз еркімен күшіне енгізуі заңсыз деп табылып, арнайы құрылған комиссияның тексерілуіне беріледі. Мұндай хабарды жария еткен кадеттер партиясыньиң органы «Речь» газеті еді. Сөйтіп, жаңа билік тұсында 16 жылғы көтеріліс мәселесіне қайтадан қозғау салынады. Оған Ә. Бөкейхановтың үкімет ішіндегі кадеттердің өкілдері арқылы жүргізтен әрекеті себспші болғандығына біздің күмәніміз жоқ.
Қазақ демократиялық интеллигенциясы үшін әр уақытта ең негізгі мәселе— жер мәселесі болды. Патша үкіметі, оның мұрагері болган Уақытша үкімет, ең соңында Кеңес үкіметі мен қазақ демократиялық интеллигенциясы арасындағы кейде ашық, кейде астыртын жүріп отырған күрес, арбасулардың түп-тамыры, қайнар көзі осы жер мәселесі еді. XX ғасырдың алғашқы ширегінде бүл мәселенің қазақ елі үшін коғамдық маңызын ғылыми тұрғыдан өз дәрежесінде көтеріп және терең түсіндіріп берген қайраткер, ғалым, әрине, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов еді. Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары қызметінде жүргенде де, ол үшін жер мәселесі ең негізгі мәселе болып қала берді. Олай болса, Ә. Бөкейханов бұл кезеңде жер мәселесін қалай түсінді және оны шешудің қандай жолдарын ұсынды? Енді осы есауалға жауап іздеп көрелік.
Уақытша үкімет қайшылықты, әлжуаз билік екендігін, ал қайсыбір қоғамдық мәселелерді шешуге келгенде патша үкіметінің тікелей мұрагері болғандығын, әсіресе жер саясаты анық көрсетіп берді. Жеңіске дейін соғысу саясатын жүргізе отырып, ол екі бірдей оттың ортасында қалды. Бір жағынан, үкімет соғыс жағдайында әскерді және ішкі сұранысты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін шаруалардың талап-тілегімен аз да болса есептесуге мәжбүр болса, екінші жағынан, ол орыс буржуазиясы мен билеуші топтарының үкіметі бола отырып, жер мәселесін демократиялық негізде біржола шешуді Құрылтай жиналысына қалдырды. Министрлер Кеңесінің төрағасы князь Львов 1917 жылғы 15 сәуірде барлық облыстарға жіберген № 72228 жарлығында «шаруаларға өздеріне тиесілі жерге егін салуға кедергі жасалынбасын, жерге байланысты мәселелерді әркім өз бетінше шешпейтін болсын, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажет жағдай қалыптастырылсын деп көрсетіп, ал жерге байланысты дауларды шешіп отыру үшін болыстық және уездік комитеттер жанынан егіншілер мен жер иеленушіліерден кұралатын татуластыру комиссияларын құруды ұсынды. Бұған қосымша Егіншілік министрлігі «жері аз, яки жерсіз шаруалар жер жыртып, егін егу үшін бос жерлердің бәрін жерге мұқтаж шаруалар биылша пайдалансын» деген нұсқау береді. Бұл шаралар, біріншіден, шаруалардың белгілі бір бөлігінің таптық наразылығының бәсеңдеуіне ықпалын тигізсе, екіншіден, азық-түлік тапшылығын аз да болса шешуге жагдай туғызған еді.
Мұңдай шаралардың 16 жылғы көтерілістен кейін қазақ облыстарындағы ұлтаралық шиеленісті бәсеңдету мақсатында да қарастырылғандығын байқаймыз. Осы-жылдың 3 сәуірінде егіншілік министрінің орынбасары Волков Акмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу, Сырдария және Томск облыстық переселен мекемелеріне 1038-нөмірлі жеделхат жіберіп, онда жер мәселесін Құрылтай жиналысы шешкенге дейін қазақ пайдасында тұрған жерлерден екі жақ ынтымақтасып, ризашылықпен келіскен орындарда ғана болмаса, жер кесу тоқталады. Заманның осындай ауыр шағында қазақтың мал шаруасының кұтын шайқамас үшін бұрын алынған, бұл күнге дейін мұжық орнамаған һәм жазылмаған учаскелер қазақ ауылдық қоғамдарының, пайдалануына биылша тегін берілсін» деп көрсетілген еді.
Информация о работе «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы