«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 08:46, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рөл атқарған. Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшылары еншісіне тиді. Белгілі тарихшы Қ. Нүрпейісов, Алаштану саласының төмендегідей маңызды деп табылған мәселелер тізбегін ұсынды. Қазіргі кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз.Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп, мектебі қалыптасты және Алаш зиялыларының ғылыми-шығармашылық мұралары насихатталуда.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................................2


І. тарау «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының дүниеге келуі

1.1. «Алаш» партиясының құрылуы...................................................................5
1.2. «Алаш» партиясының бағдарламасындағы саяси
құқықтық және әлеуметтік идеялар...............................................................10

ІІ. тарау. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының идеологтары

2.1 «Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі.....................16
2.2. Мұхаметжан Тынышбаевтың Уақытша үкіметтегі орны.........................30
2.3. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының бүгінгі
заманғы тарихнамасы....................................................................................39

ІІІ. Қорытынды...........................................................................................................42

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................47

Файлы: 1 файл

Дип.-«Алаш»-либералдық-демократиялық-қозғалысының-дүниеге-идеологиясының-маңыздылығы.doc

— 213.00 Кб (Скачать файл)

Күзге қарап М. Тьшышбаевтың, тікелей басшылығымен босқын кырғыз бен қазақтар шоғырланған жерлерде оларды тегін тамақтандыратын асхана пункттер ашыла бастайды. Бұл кезде аштық қазақ және орыс ауыл, селоларын да қамтыған еді. Жаркент уездік комиссары облыстық комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде 1917 жылдың соңына қарай уезде 14 албан болыстарының және 10 орыс селоларының астықсыз отырғанын хабарлайды. Мәселен, 27 қазанда Тынышбаевтың же-делхат аркылы берген тапсырмасы бойынша, Пішпек уезіне қарасты Қарақоныз және Оңтар деген елді мекендерде екі тамақтандыру пункті ашылады. Ал жылдын соңына қарай Пішпектің өзінде мың адамдық осындай пункт ұйымдастырылған еді.

Аштыққа карсы күресте  маңызды рөл атқарған бұл пункттерді ұйымдастыруда, жалпы осы мазмұндағы шараларды іске асыруда қайраткер    М. Тынышбаевтың еңбегі зор болатын. Бұл пікірдің шындықтан алшақ еместігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті, біз олардың бірін ғана келтірумен шектелмекпіз. М. Тьшышбаев Петроградта жүргенде Нарын уезіндегі аш босқындарға азық-түлік жеткізуге байланысты қиындықтар туады. Оған уездегі комиссар Зиман бастаған теріс шығыстағы переселенде топтар кінәлі еді.          О. Шкапский Нарынға жеделхат жолдап, онда былай деп көрсетеді: «Комиссар Зиминге. Азық-түлік Комитетінін қайта оралып жатқан қырғыздарды тамақтандыратын пункттеріді ұйымдастырудан бас тартуын орыс революциясының рухына сай келмейтін әрекет есебінде бағалаймын. Бірнеше адам қарсы болғандықтан бұқараны нансыз қалдыру қатыгездік. Тынышбаев Петроградта, ол қайта оралғанша қырғыздар қырылып қалмасын. Нарындағы орыс демократиясы адамгершілік көрсетеді деп сенемін».

М. Тынышбаевтың және ол сияқты қазақ зиялыларының белсенді саяси қызметі шовинистік, ұлыдержавалық пиғылдағы ескі және жаңа орыс чиновниктерін терең ойда қалдырған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. «Алаш» либералдық-демократиялық  қозғалысының бүгінгі                    заманғы тарихнамасы

  Қазақстан тарихы тарихнамасында Алаш тақырыбы өте маңызды, өзекті мәселелердің бірі. Қазақ тарихында ХХ ғасырдың басында дүниеге келген Алаш қозғалысы ерекше және теңдесі жоқ оқиға еді. Қазақ халқының екі ғасырға жуық уақытта өрістеткен ұлт азаттығы үшін күресте алаш қозғалысы ерекше орын алады. Алашқа дейін Ресейдің отаршылдыққа қарсы жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстар жеңіліске ұшыраумен келді. Мұның негізгі себептерінің бірі қозғалыстарының саналылығының жеткіліксіздігінде деп есептеу қажет. Алаш қозғалысына келсек, оны қазақтың алдыңғы қатарлы зиялылары басқарды. Олар өздерінің алдында тұрған мақсатын, күрес тәсілдерін дұрыс тұжырымдады. Алаш қозғалысы саяси сипатта болды. Екінші жағынан, Алаш қозғалысының тарихы Кеңес дәуірінде ерекше бұрмаланды.

Міне, жоғарыда айтылған себептердің нәтижесінде Алаш қозғалысының тарихын зерттеуге қызығушылық Қазақстьан тарихының барлық уақытында толастамады. Сондықтан алаш қозғалысын зерттеушілер жеткілікті.

Біз алаш қозғалысының тарихнамасын үш кезеңге бөліп қарастырып отырмыз.

Бірінші кезеңне 1919-1920 жылдары  оқиғаның суымаған ізімен жаөылған зерттеулерді жатқызып отырмыз. Бұл кезеңде Алаш қозғалысының дүниеге келген себебін  тұжырымдаған зерттеулер Алаш қозғалысы  қайраткерлерінің қолынан шықты. Мұндай зерттеулердің қатарына Алаштың Басшы қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтардың еңбегін жатқызуға болады. Сонымен бірге 1919 жылы Кеңес үкіметі Алашорда үкіметін құлатып, Алаш партиясын тартқан соң, бұл қозғалыстың тарихын бұрмалау басталды. Сондықтан да бірінші кезеңде сол кездегі ресми басылымдарда Алаш қозғалысының тарихына бъективтік тұрғыдан баға бермекші болған әрекеттермен қатар, оны бұрмалаған әрекеттер де байқалады.

Екінші кезеңге 1921-1980 жылдары жарық көрген әдебиеттерді жатқызып отырмыз. Бұл кезде жүргізілген  зерттеулер мен жарық көрген әдебиеттердің ерекшелігі, олар түгелдей дерлік билік басындағы партияның тапсырмасымен жазылған,  сондықтан да  Алаш қозғалысының тарихын бұрмалағандығында. Осы кезеңде коммунистік идеологтар Алаш қозғалысынң құжаттарын оқырманға ранап басып шығарды. Олардың алға қойған мақсаты Алаш қозғалысына байланысты құжаттар халық бұқараның көз алдында Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлерінің буржуазияшыл-ұлтщыл, контрреволюциялық сипатын әшкерелеуге тиіс болды. Іс жүзінде бұл әрекет кері нәтиже берді. Алаш құжаттары Алаш қайраткерлерінің халық мүддесіне қызмет еткенін дәлелдеп берді. Осы кезеңде сондай-ақ билік басындағы партияның тапсырысымен алаш қозғалысының тарихына байланысты бірлі-жарым әдебиеттерде жарық көрді. Дегенмен, бұл әдебиеттер тапсырыс бергендердің алға қойған мақсатын жүзеге асыра алмады. Сондықтан Кеңес Одағында 30-жылдардан бастап, Алаш қозғалысына байланысты зерттеу жұмысы тоқтатылды. ХХ ғасырдың 30-80 жылдарының аралығында Кеңестік билікпен келісе алмай шетелге кеткен қазақ зиялылары, шетел ғалымдарының қаламынан біраз тарихи әдебиеттер жарық көрді.

Алаш  қозғалысының тарихнамасында 1920 жылдан соңғы уақыт ерекше орын алады.  Аталған тақырыптың бүгінгі  таңда Отан тарихы тарихнамасында ерекше орын алатын себебі, Алаш қозғалысынң тарихнамасына байланысты. Кеңес дәуірінде орын алған бұрмалаушылықтар түзетіліп, осы салада пайда болған ақтаңдақтардың жойылуына байланысты. Аталмыш тақырып саласында бірсыпыра іргелі монографиялық еңбектер, ғылыми мақалалар жарық көрді,  ғылыми симпозиумдар ұйымдастырылды. Осы ғылыми шаралар нәтижесінде Алаш қозғалысына ғылыми шындық, объективтік принцип тұрғысынан баға берілді, жалған айыптан жапа шекккен алаш қайраткерлері ақталды.

Жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін оның көшбастаушыларының кімдер болғанын, олардың көзқарасын, оның эволюциясын зерттеу қажет деп есептейді. Соңғы кезге дейін Алаш қайраткерлеріне беріліп келген «буржуазияшыл-ұлтшылдар»,  «буржуазиялық либералдар», «қазақ ұлтшылдары» деген анықтамалардың қайсысы болмасын алаш партиясының қоғамдағы алатын орнына сәйкес емес деп есептейді ғалымдар. М.Қ.Қозыбаев Алашқа либералды ұлттық интеллегенциясының партиясы деген анықтама бере отырып, оның иделогиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлтшылдық болды деген қорытынды жасайды.

К.Нүрпейісов өз еңбегінде  Алаш қозғалысы тарихының деректемелік негізіне тоқталған. Ол осы негіздерді 4 топқа бөліп қарастырады:

  1. 20-30 жылдары жеке жинақтарда жарияланған деректер;
  2. 1913-18 жылдардағы қазақ ұлттық баспасөзінде жарық көрген деректемелік мағлұматтар;
  3. Қазақстан, Ресей, Түркия, Америка, Финляндия және т.б. архивтері мен кітапханаларында сақталған деректер;
  4. Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлерінің жеке архивтері мен  жарияланбаған еңбектерінде кездесетін деректемелер.

Сонымен қатар,  алаш партиясының жарияланбағаны мен белгілі дәрежеде дайындалып қойған шартнамасы болғанын да байқаймыз. Сонымен қатар партия мүшесінің жарнасы да белгіленген.

Айтылғандарды қорыта келе, соның ішінде Алаш партиясының бағдарламасында  қойылған мақсат, мүдделердің жалпы ұлттық, жалпы демократиялық сипатын негізге ала отырып, Алаш партиясын «буржуазияшыл-ұлтшылдар» немесе «буржуазиялық либералдар» партиясы емес, ұлттық демократиялық бағыттағы партия ретінде атауға толық негіз бар деп санаймыз. Партияны құрушыларды ұлттық демократиялық интеллегенция деп атаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Қорытынды

 

Алаш қозғалысы XIX ғасырдын соңы мен XX ғасырдың басында Қазақстанда  орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі, орталық элементі өзімің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда құрылған тұңғыш жалпы ұлттық Алаш партиясын құру үшін ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышбаөв, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлихан Ермаков, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдар аралығында қажырлы еңбек етті. Алаш партиясы негізінен әлеуметтік табиғаты жөнінен әртекті ұлттық демократиялық қазақ интеллигенциясының саяси ұйымы болды. "Алаш партиясы" деген атпен танылған ұлттык-демократиялық қазақ  зиялыларының өтпелі кезеңдегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күші міндетін жалпы алғанда, заман талабына сай адал атқарды.

1905 жылдан бастап осы  партияны ұйымдастыру ісінің  басы-қасында болған кайраткерлер (ең алдымен Әлихан Бөкейханов) 1905-1907 жылдардағы ұлттық-либералдық көзқарастан, "кадетшілдіктен" 1917 жылғы ұлттық-демократиялық кадеттерге дес, Россиядағы басқа да саяси партияларға сыни көзбен қарайтын эволюция жолынан өтті.

Ә.Бөкейханов басқарған  қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын құруға әрекет жасағанда оның XX ғасырдың басындағы Қазақстанды патшалық империяның отары болған, капиталистік   қатынастардың   жаңадан   ене   бастаған.

Осы айтылған пікірге  байланысты «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметін большевиктер партиясының басшылығымен болған социалистік революция мен Кеңес үкіметіне қарсы қою үшін қазақ «ұлтшылдары» ойлап тапқан құрылымдар есебінде карамай, қазақ елінің өз ұлттық тәуелсіздігі мен мемлекеттік дербестігіне ұмтылысының табиғи көрінісі, ғасыр басынан бері осы бағытта мақсатты қызмет жасаған қазақ демократиялық интеллегенциясының қажырлы еңбегінің нәтижесі есебінде қарау негізді болмақ.

Қазақ демократиялық  интеллигенциясының тар таптық немесе ұлттық мүдделерден гөрі жалпы адамзаттық қасиеттарге ден қойғандығы 16 жылғы көтеріліс нәтижесінде босқынға ұшыраған қырғыз халқына көрсеткен көмегінен, Алашорда үкіметі құрамындағы 25 орынына оның қазақ жеріндегі баска ұлт өкілдеріне калдырғандықтарынан, Түркістан өлкесіндегі басқа ұлт-азаттық күштермен бірігіп, Түркістандағы Кеңестік билікті империялық ұлттық үстемдік құралына айналдырғысы келген жаңа билікке карсы Қоқан автономиясын жариялауынан айқын көріңді.

«Алаш» партиясы мен  Алашорда үкіметі бағдарламасы белгілі  дәрежеде казақ жүртына большевиктер ұсынған кеңестік даму жолымен бір мезгілде өмірге келген балама (альтернативтік) өркендеу жолы болатын. Біз бұл арада алаштық интеллигенция ұсынған жолды мінсіз, бірден-бір тура дара жол еді деп отырғанымыз жоқ. Бірақ сол тарихи кезеңде қазақ коғамына терең  дағдарыстан өркениетті жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсетіп бергендей, большевиктер ұсынған жолдан алаштық интеллигенция ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Өйткені алаштық интеллигенция ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан ары жетілдіре    түсуді көздеді. Ең негізгісі,    бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие  болуға мүмкіндік беретін жол еді. Әрине, мәселенің мұндай деңгейде шешілуі қазақ қоғамы үшін сол даму сатысындағы барлық өзекті мәселердің біржола, түгелдей жойылуы дегенді білдірмейтіні түсінікті. Бірақ шынайы ұлттық бостандық пен ұлттық мемлекеттің орнауы ғана ол үшін өркениетті дамудын, алғы шарты болатын.

Кеңестік тарихнама  алаштық интеллигенцияның тарихи рөліне байланысты мұндай тұжырымға барғысы  келмеді. Өйткені мұндай тұжырымдама    тоталитарлық жүйе идеологтары жасаған «қазақ қоғамының    ішінде оны ортағасырлық мешеулік пен дағдарыстан прогресс жолына алып шыға алатын әлеуметтік күш болған емес, бұл тарихи миссия орыс пролетариаты мен большевиктер партиясы үлесіне тиді» деген тұжырымға қайшы келетін еді. Соған байланысты кеңестік тарихнамаға қоғамдық дамуда мінеу, артта калған, өз арасында көш бастаушы әлеуметтік-саяси күші жоқ, тек қараңғы, надан көшпелі шаруалар тобырынан тұратын қазақ қоғамына қазақ жеріне келіп орын тепкен қоныс аударушылардың ағартушылық, мәдениеттендіру миссиясын түсінушілкпен қабылдап, әлемдегі ең алдыңғы революциялық теориядан қаруланған орыс пролетариатының авангардтық рөлін дұрыс түсінмі, соңынан еруден басқа ештеме қалмағандығын буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлы либералдық типтегі саяси ұйым кұруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1017 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси ұйымын (партиясын)  құруға алып  келді.

«Алаш» шын мәніндегі  дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзіндс саяси  ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен  әдеттегі партияға өту "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғаңдығына қарамастан, қоғамдық - саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты — қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.

1917 жылгы желтоқсанда  болған екінші жалпы қазақ  съезінің Алаш автономиясын, Алашорда  үкіметін құру туралы және  басқа шешімдері аталмыш міндеттерді орындауды жүзеге асыруға бағытталған бастапқы әрі маңызды  қадамдары болды.

Ә.Бөкейханов және сол  кезеңде қазақтың зиялы қауымының  басқа өкілдері жетекшілік жасаған  Алаш пен Алашорда Қазақстандағы  қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық-тұтастық және халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Мұндай позиция, әлбетте, аталған мәселелерді шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған большевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш көсемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы Қазан революциясының ұрандарын, Совет өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты.

Информация о работе «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы