«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 08:46, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рөл атқарған. Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшылары еншісіне тиді. Белгілі тарихшы Қ. Нүрпейісов, Алаштану саласының төмендегідей маңызды деп табылған мәселелер тізбегін ұсынды. Қазіргі кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз.Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп, мектебі қалыптасты және Алаш зиялыларының ғылыми-шығармашылық мұралары насихатталуда.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................................2


І. тарау «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының дүниеге келуі

1.1. «Алаш» партиясының құрылуы...................................................................5
1.2. «Алаш» партиясының бағдарламасындағы саяси
құқықтық және әлеуметтік идеялар...............................................................10

ІІ. тарау. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының идеологтары

2.1 «Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі.....................16
2.2. Мұхаметжан Тынышбаевтың Уақытша үкіметтегі орны.........................30
2.3. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының бүгінгі
заманғы тарихнамасы....................................................................................39

ІІІ. Қорытынды...........................................................................................................42

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................47

Файлы: 1 файл

Дип.-«Алаш»-либералдық-демократиялық-қозғалысының-дүниеге-идеологиясының-маңыздылығы.doc

— 213.00 Кб (Скачать файл)

Шкапский мен Тынышбаев бұл мәселелерді орталық билік алдына қоя отырып, оларды шешуге Уақытша үкіметтің, орыс демократиялық интеллигенциясының көмектесетіндігіне шын көңілден сеңді. Мәселен, Шкапский мамыр айы бойы барлық уездер мен болыстарда, Қытайға қарасты Шығыс Түркістаннан қайта оралған босқындар арасында болып Верныйға келген бетте Петроградқа 11 адреске, атап айтқаңда, Министрлер Кабинетінің төрағасына азық-түлік, егіншілік, юстиция, оқу-ағарту министрліктеріне, Түркістан Комитетшің төрағасы Щепкинге, Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясына, «Дело народа», «Единство», «Речь» және «День» газеттерінің редакцияларына жеделхат жолдап, онда ел ішіндегі жағдайдың қайғылы сипатынан хабар беріп, «Бірінші маусымда уездік комитеттің, комиссняның басқа мүшелерімен бірге Жырғалаң және Түп өзендерінің жоғарғы сағасына келіп жеткен Қытайдан оралған қырғыздардың үш қосында болып қайттым. Олардың ауыр тұрмысы адамды есеңгіретіп тастағандай. Адамдардың үстіне киген киімдері алба-жұлба, әбден тозған, балалар өте аз, барларының көпшілігі тамақтың жетіспеуінен рахит ауруына шалдыққан. Бой жеткен кыздар мен жас келіншектер жоқтың қасы, олар қытайлық Түркістанда нанға сатылған. Киіз үй дегеніміз таяққа кыстырылған ескі киіздің қиындылары, мал басы өте аз, оны да Қытай жерінде тонап алған. Таудағы керемет жайлаулар өмірсіз. Ең жаманы сол қырғыздар аштықтан қырыла бастады. Қарқараға бара жатқан жолда көмусіз қалған жиырма адам тәнін кездестірдік, олардың арасында бірнешеуі балалардікі. Орыстардың қырғыздарға қатынасы адамгершілікке жатпайды. Олардан шыққан қарақшылар қарғадай тап беріп, қырғыздардың Қытай, Түркістаннан аман алып келе жатқан малдарын тартып алуда. Мен келер қарсаңда түпкі демалысқа келген солдаттардан құрылған бандылар шабуыл жасап, жұмыс істету үшін малымен үш отбасын ала кеткен. Жолда оларға малдарын сойғызып, астырып, тамақ ішіп болған соң ақшаларын алып, өздерін атып кеткен. Аман қалған бір әйел маған келіп, болған істі түсіндіріп, шалажансар жас сәбилердің өлген ата-аналарының үстімен қалай еңбектеп жүргенін көзімен көргенін айтты. Қарақшыларды іздеу басталды. Бұл жалқы көрініс емес».

Жергілікті жағдайды жақсы білетін О.А.Шкапскийдің  пікірінше, Жетісу өлкесінің өркениет жолына түсе алмай келе жатуының бірден-бір себебі «идеялык қызметкерлердің өлке үшін жаны ауыратын басшылардың тапшылығынан еді. «Бай, сұлу өлке ондаған жылдар бойы идеялық басшыларсыз өмір сүрді, енді оған көнуге болмайды. Жолдас халықшылдарды, социал-демократтарды, меньшевиктерді және басқа партия өкілдерін мұнда келіп кызмет жасауға қалдырамын! Большевиктерді шақырмай, демагогтар мұнда да жеткілікті, олардың санын көбейтудің  қажеті  жоқ» деп жазды О.Шкапский. Мұндай үндеуін ол сондай-ақ  ресейлік мұсылман қоғамдарына да арнады.

М. Тынышбаев пен О.Шкапский мамыр айында облыстағы елді мекендерді аралау кезінде дағдарысты жағдайды жөндеуге бағытталған алғашқы шараларды іске асырғанын байқаймыз. Мәселен, олар тоқтаған жерлерінде ұйымдастырылған митингілерде сөйлеп, Уақытша үкімет атынан 16 жылғы көтеріліс сарбаздарына амнистия жариялайды, халықты 1917 жылғы салықтан босатады, барлық азаматтардың кұқықтык теңдігін мәлімдейді, қырғыз халқы арасындағы манаптық лауазымды жояды.

Өздерінің бұл шараларына байланысты О.Шкапский: «Алым-салықты жинау әрқашанда халықты тонаумен қатар жүреді. Шығын деп аталатын кез келген жинаулар, солардың ішінде салық та халыққа ауыр жүк болып батып, оның үлкен бөлігі манаптардың тамағына түседі. Алым-салық жинауды тоқтату онсыз да қытайлықтар мен орыстардың тонауына ұшыраған халықты одан бетер талаудан сақтау әрекеті болатын. Дегенмен, манаптық үстемдікпен күресу үшін бірлі-жарым шаралар аз, демократиялық өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға, ағартушылық ісін дамытуға бағытталған мақсатты жұмыстар атқару керек»,— деп жазды.

Түркістан Комитеті мүшесінің  манаптардың әлеуметтік рөліне қарсы айтылған бұл пікірін жай мәлімдеме емес, нақты әрекеттің көрінісі есебінде  қабылдауға  болады. Өйткені, 1917 жылғы 31 мамырда Петроградта жүрген Демкинге берген жеделхатында ол: «Бүгін Қарқарадағы қырғыздарға жүріп барамын, онда қырғыздарды манаптардан бөліп, әлеуметтік реформа бастамақ ойым бар. Феодалдық құрылысты қирататын мезгіл жетті» деп көрсеткен еді. Шкапскийдің бұл жолғы Қарқараға аттанған сапары немен аяқталғанын айту қиын, өйткені ол жөнінде құжаттар жоқ. Бірақ басқа деректерден осы жазда Прежевалскіде тоғыз бірдей манап абақтыға жабылғанын байқаймыз. Оларды тұтқынға алуға негіз болған Пржевалск уездік шаруалар кеңесінің қаулысы еді.   М.Тынышбаев Шкапский мен облыстық комиссар Шебалинге жолдаған жеделхатында бұл шараны асыра сілтеушіліктің көрінісі есебінде бағалап, істі тезірек қарап, манаптарды абақтыдан босатуды өтінеді.

Шілде айына қарай  облысты басқару мекемелерінде  де біраз өзгерістер болады. Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі О.Шкапскийдің 1917 жылғы 19 шілдедегі № 17 қаулысы бойынша облыстық комиссар болып П.И.Шебалин, Облыстық атқару комнтетінің төрағасы болып Д.Д.Новак, облыстық комиссардың орынбасарлары болып И. Жайнақов пен Н.Д.Мелешко бекітіледі. Бұл мезгілге дейін уездік комиссарлар болып Әбдікәрім Сыдықов, Алматыда Ибраим Жайнақов, Лепсіде уездік комиссардың орынбасары болып Отыншы Әлжанов, Жаркентте осындай кызметке Тубек Есенғұлов тағайындалған болатын. Сондай-ақ Нарындағы комиссарлық қызметке ішкі Ресейде кызметте жүрген штаб-капитаны Нияз Бекімов шақырылады. Нақ осы мезгілде Тынышбаев пен Шкапскийдің өтініші бойынша босқын қырғыз және қазақтармен жұмысы қанағатсыздандырарлық деп бағаланып, Ресейдің Құлжа қаласындағы консулы Бродянский қызметінен босатылады.

Өздерінің әкімшілік  кызметке адамдар іріктеу принципі жөнінде             О.Шкапский 28 шілдедегі қаулысында: «Жетісу облысындағы әкімшілік қызметтерге адамдар тағайындауда біз Тынышбаев екеуіміз әруақытта халықтың пікірін есепке алып, белгілі бір қызметтерге халық тың өзі сайлаған адамдарды ғана бекіттік»   деп    көрсетті.


Шілде айына қарай  облыстағы жағдай мүлдем шиеленісіп кеткен еді.  Ол ең алдымен переселендердің Қытайдан оралған босқындарға жасаған зорлығының өрши түсуінен және орыс селоларының аш қазақ және қырғыз ауылдарына, босқындарға астық сатудан үзілді-кесілді бас тартуынан анық байкалды. Осыған байланысты Уақытша үкімет комиссарлары Тынышбаев пен Шкапский мынадай шараларға көшкен еді. Біріншіден, олар, Ресей Сыртқы істер министрлігі арқылы Қытай аумағындағы босқындарды кейін кайтаруды кідірте тұруды және Құлжадағы кытайлық билік орындарынан босқндарды тонауды тоқтатуды талап етуді сұрайды, екіншіден, Қытай жерінен оралған босқын қырғыздарды біржола қырып алудан сақтау үшін, оларды кабылдауға тілек білдірген қазақ жеріне (Қызылберік болысы, Лепсі және Қапал уездері уақытша орналастыруға көшеді, үшіншіден, тез арада астық монополиясын енгізе отырып, босқындар көбірек шоғырланған жерлерден аштарды тамақтаңдыратын асханалар ұйымдастыруға уезд басшыларына нұсқау береді.

Міне, осы тұста М. Тынышбаевтың жергілікті жағдаймен жете таныс саяси қайраткер екендігі айқын байқалады. Оның дағдарысқа қарсы күресі мынадай екі бағытта жүреді. Біріншіден, ол Жетісудағы жағдайға қазақ қоғамының, жалпы ресейлік мұсылман қауымының назарын аударуға тырысады және екіншіден жағдайды шұғыл өзгерту үшін Түркістан комитеті тарапынан қажет қолдау таба алмаған соң, орталық билікпен келіссөздер жүргізу үшін Петроградқа аттанады. Енді қысқаша өз ретімен М. Тынышбаевтың осы екі бағыттағы қызметіне тоқталайық.

М. Тынышбаев Уақытша үкіметтің комиссары қызметінде жүріп Жетісу трагедиясының ауқымын, оның бүкілхалықтық мәнін көрсететін мақалалар мен түрлі хабарларды «Қазақ» газетінде үзбей жариялап тұрады. Бұл материалдардың кезінде қырғыз және қазақ босқындары мәселесіне барлық қазақ қоғамының, әсіресе ұлттық интеллигенцияның назарын аударуда атқарған рөлі аса үлкен еді. «Қазақ» газеті 1917 жылғы 24 маусымдағы санында «Мұхамеджан Тынышбайұлының жинаған мағлұматынша, Қытай жеріне (Құлжа һәм Қашқар өлкелеріне) босқын қырғыз, қазақтың саны 164 мың адам екен. Сонан үстіміздегі шілденің біріне шейін қырылғаны 83 мың, жеріне қайтқаны 69 мың, Қытай жерінде қалғаны 12 мың.

Біз бұрын қырғынға ұшыраған жалғыз қырғыз деп жүруші едік, Мұхамеджанның  айтуынша, Жаркент уезіндегі албандардың (Ұлы жүз) босқыны, қырғыны қырғыздардан кем емес екен.

Алаштың азаматы! Тағы да құлақтарыңа саламыз: қырғыз-қазақ  бауырларыңды ұмытпа!» деп жазған болатын.

М. Тынышбаевтың бұл жолғы  босқындар жөніндегі есебі толық  емес-тін. «Қазақтың» кейінгі сандарында ол Жетісудағы ағайынды қырғыз бен қазақ елдерінің басына түскен босқыншылықтың шын ауқымын көрсететін деректік материалдар жариялайды. Мәселен, ол «Қазақтың» осы жылғы 254-санында Жетісу облысындағы қазақ және қырғыз уездеріндегі болыстардан Қытай асқан отбасы және адамдардын, санын кесте түрінде беріп, «Жоғарғы 44 болыс елде барлығы 47 мың 759 түтін бар, сонан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 мың 200 жан болады. Бұл есепке қарағанда, бұл елдердің босқындарынан жартыға таяу адамы қырылған».

М. Тынышбаев, А. Найманқожаұлы жәнс С. Ювашевтың қазақ және қырғыз босқындары жөнінде «Қазақ» газетіне жариялаған материалдары, түрлі адрестерге жолдаған жеделхаттары барлық қазақ облыстарында, әсіресе оқушы, дін қауымы, интеллигенция арасында босқын қырғыздарға жәрдем жинау козғалысының басталуына түрткі болады. Мамыр айының соңына карай Құлжадағы жәрдем комитеті атына Алматы қазақ комитетінен 10 мың сом, «Уақыт» газеті басқармасынан 598 сом 22 тиын, Ырғыз уездік қазақ комитетінен 251 сом 65 тиын, Павлодар мұсылмандары комитетінен 275 сом, Ақтөбе мұсылмандары бюросынан 300 сом, Семей мұсылмандары комитетінен 1000 сом, Түркістандағы Нәсіровтен 100 сом, Омбы имамы Понамаревтан 117 сом Троицкідегі Яушевтен 835 сом, Құлжа мұсылмандарынан 1240 сом, барлығы 14716 сом каржы жиналады.

Босқыншылыққа ұшыраған қырғыз жұртына көмек ұйымдастыру барысында қазақ және қырғыз халықтарының өзара туыстық қатынасы жаңа қырынан көрінеді. Қиын-қыстау кезеңде ағайын екі елдің өзара жәрдем ісіне ұлттық зиялылар белсенді түрде араласа бастайды. «Қазақ» газеті 1917 жылғы 11 маусымдағы санында кырғыз елінің басына түскен ауыртпалыққа байланысты бір топ қазақ зиялыларының қазақ еліне үндеуін жариялайды. Үндеуде: «Бір жағынан қарыз ақша беріліп, бір жағынан жәрдем жиналса, қазіргідей қымбатшылық заманда кырғыз сияқты ішерге тамағы жоқ, киерге киімі жоқ, паналарға үйі жоқ жұрдай болып сорлаған жұрттың мұқтаждығын өтерлік қаржы сонда ғана құралмақшы.

Аңсап өлейін деп жатқан адамның аузына су тамызғандай аз-көп  демей әркім әліне қарай жәрдем ету әуелі адамшылық, екінші ағайыншылық жүзінен кімге болса борыш» деген сөздер бар еді.

Бұл мезгілде босқын қырғыздарға  көмек ұйымдастыру ісіне байланысты Түркістан Комитеті мүшелері арасында да өзара пікіралысу болғандығы байқалады. Мәселен, О.Шкапский 12 маусымда Жаркенттен Орынбордағы Ә.Бөкейхановқа жеделхат жолдап, онда босқын қырғыздарға жәрдем ұйымдастыруға қатысты жасап жатқан істерін баяндап, соңында «Миллиондап жәрдем керек, «Қазақ» газеті жиһат ете көрсін» деген тілек айтады. Ә. Бөкейханов өз ретінде М.Тынышбаевқа жеделхат жолдап, үкіметтен жәрдем ақша сұрауға кеңес береді. Жауап жеделхатында Тынышбаев та: «Қырғыздардың халі нашар, сорлыларға басы аман алаштың азаматы қараса көрсін» деген өтінішін білдіреді.

Ташкент, әрине, Тынышбаев  пен Шкапскийдің өтініштерін  қабылдамай тастайды. Бірақ Түркомитет түрлі күштердің талап етуі нәтижесінде тамыз, қыркүйек айларында бірнеше шараны іске асырады. Олардың арасында Жетісу облысында әскери жағдай жарияланып, астық монополиясының енгізілуі, Пржевальск уезіне Қарақшылық істерді тексеру үшін тергеу бригадасының жіберілуі бар еді, 7 қазанда көп күттірген 11 млн 150 000 сом қаржының Алматыға жіберілгендігі туралы хабар да жетеді.

Бұл бөлінген қаржының ашаршылыққа  ұшыраған бос пиғылдарға жұмсалуы барысы туралы М. Тынышбаев үлкен ыждағаттылықпен есеп беріп тұрды. Солардың бірінде ол былай деп жазған еді:

«10 болыс Пішпектің  тау қырғыздарында өз күнін өзі  көре алатын азын-аулақ астық бар. Нарынның 12 болысы біздің сөзімізге тоқтам кылып, береке-бірлік етіп, өз арасынан реквизиция қылды: бидай жиып, ақшаға бағалап, араларындағы аш-жалаңашқа беріп жатыр және 2—3 мың пұттай астықты Қошқардағы 3 болыс ағайындарына жіберді.    Тәртібі ел алдында    инабатты Шоқа батырдың баласы Қазадай адамдары һәм қазақ офицері Бекімовтей комиссар болып, бұл Нарын жағынан көңіліміз көтерілгендей болды.

Ең қиыны болып тұрған Улахолдағы 7 болыс қырғыз. Бұлардың комиссарына 60 мың сом жіберіп едік, астық сатып ала алған, ала алмағанын білер едік. Нарынға 40 мың жібердік. Тоқпақ төңірегіндегі қырғыздар үшін Шишюк комиссарына 60 мың сом жібердік. Бұл жерде бидай болмаса да, жақындағы дүкендерінде күріш көп екен. Жаркент уезіндегі қырғыз һәм қазақ үшін 60 мың сом жібердік. Жаркент комитеті (әсіресе доктор Түбек Есенғұлов) жаздай аянбай астык тасып тұр. Құлжадағы жаңа консулға сонда қалған қазак-қырғыз үшін 60 мың жібердік. Жаңа өкімет шығарған 5 миллионды босқыннан қалған қазақ-қырғыздарды енді бұдан былай тірі сақтауға қайыр етпекші болдық. Жетісудан киізді тысқары жібертуді қойғызып, бәрін сатып алып, босқындарға таратпақшы болдық. Бірақ 5 миллион қысқа карсы келіп, арзан уақытта, бар уақытта еш нәрсе ала алмадық. Қолымыздан келгенше әрекет жасадық, бірақ жазға шейін қаншасы тірі қалып, каншасы қырыларын бюлжай алмаймыз... талай өлім-жетім қалған, талай зорлық-қорлық көрген бейшара тірі бауырларым енді аман қалсын деп тілеймін».

Архивтік құжаттар қырғыз және Қазақтарға бөлінген қаржының орыс шаруаларынан астық, Шығыс Түркістан  базарларынан мал, сондай-ақ, ел арасынан киіз үй, дәрі-дәрімөк алуға жұмсалғандығын және мұқтаж босқындарға тегін үлестірілгендітін көрсетілді.

Шамамен, шілде айына  бастап Тынышбаев пен Шкапскийдің  тікелей басшылығымен орыс селоларындағы  шаруалар мен кулактардың қолында  бар артық астықты реквизициялау  басталады. Бұл шараға қарсылық көрсеткен адамдар абақтыға жабылады. Мәселен, қазан айында Түркістан комитеті мүшелерінің бұйрығы бойынша Верный уезі Михайловск селосының 9 шаруасы 1 айдан абақтыға отырып шығады. Орыс шаруаларынан артық астықты алу ісін белсенді түрде іске асырған. Пішпек уездік азық-түлік бөлшінің төрағасы Петропавлов еді. Ол переселен шаруалардың қарсылығын күшпен баса отырып, уездегі ашаршылықпен күресуге елеулі еңбек сіңіреді. Бірақ Петропавловтың бұл қимылын қаламаған уездік азык-түлік съезіне қатынасқан орыс делегаттары оның қызметінен кетуін талап етеді. Қырғыз жұртынын көрсеткен қолдауына карамастан Петропавлов жұмысын тастауға мәжбүр болады.

Информация о работе «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы