«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 08:46, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рөл атқарған. Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшылары еншісіне тиді. Белгілі тарихшы Қ. Нүрпейісов, Алаштану саласының төмендегідей маңызды деп табылған мәселелер тізбегін ұсынды. Қазіргі кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз.Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп, мектебі қалыптасты және Алаш зиялыларының ғылыми-шығармашылық мұралары насихатталуда.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................................2


І. тарау «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының дүниеге келуі

1.1. «Алаш» партиясының құрылуы...................................................................5
1.2. «Алаш» партиясының бағдарламасындағы саяси
құқықтық және әлеуметтік идеялар...............................................................10

ІІ. тарау. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының идеологтары

2.1 «Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі.....................16
2.2. Мұхаметжан Тынышбаевтың Уақытша үкіметтегі орны.........................30
2.3. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының бүгінгі
заманғы тарихнамасы....................................................................................39

ІІІ. Қорытынды...........................................................................................................42

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................47

Файлы: 1 файл

Дип.-«Алаш»-либералдық-демократиялық-қозғалысының-дүниеге-идеологиясының-маңыздылығы.doc

— 213.00 Кб (Скачать файл)

Біздің жорамалымызша, үкімет тарапынан қабылданған мұндай шешімді белгілі дәрежеде, Ә. Бөкейхановтың  тура осы мәселелерді қойып кадеттер партиясы съезінде сөйлеуі және оның ұсынысы бойынша бұл мәсе-лені билік орындарына жеткізетін арнайы құрылған комиссиясының  жұмыс нәтижесі есебінде қарауға болады  бірак бұл үкімет нұсқауының іске асуы, әрине, ете киын еді. Оның себептсріне біз  төменде арнайы тоқталмақпыз.

Осымен бір мезгілде Егіншілік министрлігі жанынан жер мәселесін Құрылтай жиналысына дайындайтьш ар-найы комиссия күрылып, оныц жүмысын баскару IV Мемлекеттік дума мүшесі, «Русские ведомости» газетінің редакторы, профессор А. С. Постниковқа жүктеледі. өз ретінде А.С.Постниковтың комиссиясы бұл мәселені түбегейлі шешу үшін империя көлемінде жер комитеттері жүйесіи құру туралы ереже жобасын ұсынып, оны мамыр айынын басында Уақытша үкімет бекітеді. Бұл ереже бойынша жергілікті (облыстық, уездік және болыстық)  және бас  (Петроградта)  жер комитеттері құрылып, оларға негізінен екі міндет жүктелетін болды. Олардың бірі жер мәселесін Құрылтай жиналысына дайындау үшін империяның барлық аудандарынан қажет материал жинау болса, екіншісі, бұл мәселені Құрылтай жиналысы біржола шешкенге дейін ел ішінде күнделікті туып отырған дау-жанжалды асқындырмай, шешіп отыру еді.

Сөйтіп, мамыр айында бүкіл империя көлеміндегідей, казақ  облыстарында да жер комитеттерің сайлау науқаны басталып кетті. Бұл шын  мәнінде аса маңызды саяси шара болатын. Өйткені Уақытша үкімет    Құрылтай жиналысына ұсынбақ болған жер реформасына байланысты кұжаттың мазмұны жергілікті жерлердегі комитеттердің бұл мәселеге байланысты өз мүдделерін    қоя білуі мен оны еткізе алуына көп тәуелді еді. Қазақ демократиялық интеллигенциясы Уақытша үкіметтің жер комитеттерін құру туралы шарасын осы тұрғыдан    қабылдады. «Қазақ» газеті сәуір айынан бастап Уақытша үкіметтің жер комитеттері туралы ережесін, оларды құру жолдары мен тәртібін түсіндіруді көздегеи түрлі материалдар жариялай бастайды. Ал оның 1917 жылғы 24 маусымдағы санында  1 шілдсден бастап бүкіл қазақ облыстарында жүретін ауыл шаруашылығы есебіне байланысты бір топ қазақ зиялыларыныц «Қазақ халқына (Есеп алу тақырыпты) атты үндеуі  жарияланады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Жәнібеков, С.Кәдірбаев, Е.Омаров,         Е.Тұрадұхамедов және Н.Бегімбетов қол қойған бұл үндеу ең алдымен халыкқа жүргелі тұрған санақтың мән-жайын түсіндіруді көздеді. «Бұрын өкімет есеп аларда, қазақ сенбейтін еді» деп, көрсетілді үндеуде.—«Жеріміз  мол, егінді көп саламыз десек, жерден айрыламыз ғой» деп қорқатын еді.  «Малымызды көп көрсетсек, алым-шығын көп түседі» деп жасыратын еді.  Адам есебін алатын болса «неге адам есебін алады, бізден солдат алғалы жүрмесін» деп    сезіктенетін еді. Қысқасы, қазақ ескі өкіметтің расына да, өтірігіне де бірдей сенбейтш еді. Онысының қисыны да бар еді»,— деген ойды білдіріп, одан ары заманның өзгергенің, ендігі жағдайда санақка бұрынғы көзқараспен қарауға болмайтыңдығын айтып, оның нақты және дәлелді себептерін келтіреді.

Мұндай сипаттағы саясатты жүргізудегі мақсат патша үкіметінің Қазақстан сияқты шет аймақтардағы отарлау саясатында қол жеткен жетістіктерді  біржола бекіте түсу, ол арқылы империялық үстемдіктің жаңа түрін қамтамасыз ету еді. Осы мүддені көздеген орталық Переселен басқармасы 1917 жылы 29 наурызда №1-і жарлық түріндегі катынас хатпен өзінің облыстық мекемелеріне жаңа қалыптасқан жағдайға байланысты тез арада қоныс аударушылаір үшін дайындалған учаскелердің көлемі мен құрамын анықтауға бағытталған шараларды іске асыруды тапсырады. Осы нұсқауды орындау мақсатында өткізілген Жетісу облыстық переселен мекемелері кызметкерлерінің жиналысында мынадай шешімдер кабылданады:

«I. Әлі де пайдаланылмай  жатқан жер қорларын түгел есепке алып, бұрынғы дайындаған учаскелерді қайта қарау үшін барлық шағын аудандарда  арнайы комиссия құрылсын...

IV. Жер қорын нақты  пайдалану үшін бұратаналарды  да, ескі орыс тұрғындарын да  және жаңа қоңыстанушыларды да  жаппай жерге орналастыру қажет».

Көріп отырғанымыздай, бұл  құжаттан жер мәселесінде патша  үкіметі ұсталған негізгі екі  бағыт өз жалғасын тапқан. Олар, біріншіден, сол бұрынғыдай қоныс аударушыларды  орналастаратын жер қорларын дайындау, екіншіден, сол қорларды молырақ  жасау үшін қазақтарды жаппай жерге орналастыру. Бұл арада ескі және жаңа биліктер арасындағы сабақтастықтың болғаны дәлелдеуге мұқтаж емес.

2. Сәуір айында Петроградтағы  Переселен басқармасы өзінің  жергілікті мемемслеріне жеделхат  жолдап, онда бұрынғы патшалық  билік тұсынан бері қызмет жасап келе жатқан қызметксрлеріне сол бұрынғыдай өз міндеттерін атқара беруді өтінеді. Ал олардың арасында патшалық биліктің отарлау саясатына үлкен құлшыныста.

Сонымен, қорыта айтқанда, Уақытша үкімет және оның жергілікті мекемелері жер мәселесін Құрылтай хиналысына іқалдырғанымеи, шын мәнінде ашықтан ашық отарлау саясатын ұстанды, ал Орталық Переселен басқармасы бастаған ескі патша чиновниктері бұрынғы билік тұсында істеп  үлгірмеген істерін  Құрылтайға дейін орындап алуға тырысты.

Ақпан революциясынан кейін көктем шыға жер мәселесін шешуде қайсыбір облыстарда қазақтардың белсенді әрекетке көшкендігі байқалады. Мәселен, Қостанай уезіне қарайтын болыстық  қазақ комитеттері мамыр айыңда Лагонский, Кошкаров және Пуставалов деген жергілікті переселен мекемелерінің кызметкерлерінің іс-қағаздарын, кұжаттарын және ақшаларын тартып алып, өздерін жұмысқа жібермей қояды. Болған оқиға туралы хабар алған Ішкі істер министрлігі тез арада облыстық комиссар Бөкейхановқа жеделхат жолдап, мұндай «бұзақылықты енді қайтып болдырмауға және заң жолынан ауа жайылдырмауға» бағытталған нақты шаралар қолдануды талап етеді.

Ә. Бөкейханов 1917 жылғы  көктемде Торғай облысында болған жер  дауларына жиі араласып, қазақтарға басу айтып, тек заңдық негізде ғана әрекет жасауды қатаң түрде талап етеді. Жер мәселесін тек заңдық негізде ғана шешуді жақтаған олардың айқындамасын тағы мынадай фактіден байқауға болады. Акпан революциясынан кейінгі аралықта Орынбор каласыңда татар тілінде шығатын «Уақыт» газеті арқылы казақ жерінде тұратын Қалимолла 
Ғабдуллин және «Ирсиз» деген жамылғы есімді татар 
жұртының өкілдері кезінде переселендерге өткен казақ 
жерін бізге алып бермейді, деп Бөкейханов пен Байтұрсыновқа өкпе айтып, бұлар Ильминский мен Победоносцевтар саясатымен жазылған Дала Ережесін қуаттайды, деген пікір тастайды. 

Шілде айынан бастап Ә. Бөкейхановтың жер және басқа қоғамдық мәселелерге байланысты көзқарасы принциптік өзгерістерге ұшырайды. Оған себепші    болған, біріншіден, Уакытша үкіметтің жалпы империя көлеміндегі саяси процестерді игеру қабілетінің күн өткен сайын төмендеуі болса, екіншіден, өзі құрамына енген кадеттер партиясы меи мақсат-мүддесі айқындала түскен ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі принциптік мәселелерде өзара жігінің алшақтай түсуі еді. Егер империя көлемінде мемлекеттік тәртіптің анархиялық көріністерге орын бере бастауы ұлттық мемлекеттік дербестік туралы мәселені неғұрлым батылырақ қоюға итермелесе, ұлттык, бостандық үшін күрес қарқынының өсуі көптеген мәселелерді, соның ішінде, ең алдымен, жер туралы мәселені ашық, ұлттық мүдде түрғысынан дербес көтеруді талап етті, бұдан былайғы оқиғалар ағымы ресейлік саяси ұйымның жетегінде жүруді көтермеді.

Ә. Бөкейхановтың бұл  кезеңдегі жер мәселесіне байланысты көзқарасы, белгілі дәрежеде, шілдедегі  бірінші жалпыказақ съезінің шешімдерінде, соңдай-ақ одан кейінгі уақыттағы жазған материалдарында, әсіресе «Жалпы Сібір съезі» атты мақаласында айқын көрінді. Шілдедегі жалпықазақ съезінде ол кадет партиясы кұрамынан шығуының басты себебі есебінде жер мәселесін келтіріп «Кадет» партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді» деп түсіндіріп, қазақтарда мүліктенген жердің болмауын, жердің ауылға, болысқа берілуін жақтады.

8—15 қазан аралығында  Том қаласында өткен Сібір  автономистерінің съезіне қатынасқан  Ә. Бөкейханов бастаған қазақ  делегациясы өздерінің жерге  байланысты бағдарламасын мейлінше  дәл және толығырақ мәлімдейді. Ал ол бағдарламаның негізгі  тұжырымдары «Алаш» партиясының бағдарламасына енеді. Ә.Бөкейханов жалпы Сібір съезі туралы «Қазақ» газетіне жазған мақаласында осы жер мәселесіне тағы да тоқталады. Бұл арада оның мынадай негізгі жақтарын бөліп айтуға болар еді.

   1. Бас Переселен  мекемесінің есебі бойынша, қазақ жері 240 миллион десятина. Егер бұл рас болса әрбір қазаққа 44 десятинадан келмек. Бір үйде орта есеппен 5 адам болса, үй басна 220 десятинадан тимек. «Ақтөбе, Көкшетау, Өскеменде, Алматыда үй басы 200 десятина түгіл, мұның оннан бірі жоқ қазақ аз емес».

Жаңа билік орнап, бостандық, теңдік, туысқандық келгені рас болса қазақ мұндай зорлыққа көне алмайды. Еңді мұнан былай өзіміз жер еншімізді алып орныққанша жерімізге қоныс аударушылар көшіп келуін тоқтатсын.

Құрылтай жиналысы жер  мәселесінс байланысты заң қабылдаған соң, қазақ өз    жерінде алдымен   енші алатын болсын. Адам басына,    жеке үй басына    тиетін жер сыбаға шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болсын. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайтын болсын.

Қазаққа жер сыбағасы өздсрінің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға деп бөлінсін. Жерді бірігіп  алған ру, ауыл, болыс өз ішінде өздері тәртіп орнатып, әділдікпен пайдалансын.

Қазақтарға жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен берілсін. Ертіс бойындағы он шақырымдағы (десятиверстная)  қазақ сол жерден үлес алсын. «Атты қазақ бермеймін дер, біз Ертістен кетпейміз, жер    алмай қоймаймыз. Жерді жолмен, законмен аламыз.  Қазақ сыбаға жерін алған соң, қалған жер мемлекет қазынасына аталып», земство билігіне өтсін.

Уақытша үкімет комиссары  Ә. Бөкейхановтың 1917 жылдың соңына қарай  жер туралы жасаған негізгі тұжырымдары, міне, осылар болатын. Сондай-ақ бұл  жасалған бағдарламалық қорытындыларды жалғыз Бөкейхановқа таңсық қателесер едік. Өйткені олар қазан революциясына дейін патшалық билікпен күресіп келген қазақ демократиялық интеллигенциясының азапты ізденістен кейін жасаған ортақ тоқтамы болатын.

Ә. Бөкейханов 1917 жылы 15 желтоқ санда, яғни оны Алашорда үкіметінің төрағасы етіп сайлаған екінші жалпықазақ съезі аяқталған күннің ертеңіне комиссарлық қызметтен отставкаға кететіндігін мәлімдеді. Бұл, әрине, оның саяси кайраткерлік жолындағы тағы бір кезеңінің аяқталуы ғана емес, сонымен бірге осы уакытқа дейін өзі алдына мақсат етіп қойған мүдделер үшін күрестің жаңа жағдайда, келесі жаңа кезеңінің басталуы еді.

1917 жылдың сәуір айының басында Уақытша үкімет Түркістан өлкесін басқаруды 9 адамнан тұрған Түркістан комитетіне тапсырады. Оның алғашқы кұрамы мынадай кісілерден тұрған еді: Н.Н.Щепкин, Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, С.Максұдов, В.С.Елпатьевский, А.Л.Липовский, П.Б.Преображенский, О.А.Шкапский және Ғ.Дәулетшин.

 Ә. Бөкейханов «Қазақ»  газетіне жазған хабарында бұл  Комитетке Түркістан өлкесінде  «бостандық, құрдастық, туыскандық  шырағында» кандай өзгерістер  жасаймын десе де ерік деп көрсетіп, Түркістанның жағдайын Англияның отар елдеріне теңеп, «Учредительное собраниеден кейін Түркістан өз тізгіні өзінде колония болады» деген үмітін айтады. Ал бұл комитеттің таяу арадағы ең негізгі міндеттерінің бірі:  Қытай ауған қырғыздарды кайтарып, бұрынғы өз ата қонысына орналастыру екенін білдіріп, «қырғыз қарындасын кір жуып, кіндік кескен жеріне қайтқаны жақсы болар еді» деген тілегін де жасырмайды.

Ә. Бөкейханов осы шағын  мақаласында Комитет мүшелеріне қысқаша сипаттама беріп, оларды  Түркістан өлкесін білетін адамдар ретінде таныстырады. М. Шоқаев 1917 жылға арналған естеліктерінде керісгаше жалғыз социалист-революционер О.А.Шкапскийден басқа комитет мүшелерінің арасында Түркістан өлкесін білетін адам жоқ еді деген ойды айтады. Біздің пікірімізше,  Ә.Бөкейхановтың комитет құрылған бетте жазған мақаласында жалпы Комитетке, оның мүшелеріне артқан үміті тым көтеріңкі болса,  ал         М. Шоқай С.Мақсұдов пен  М.Тынышбаев сияқты оның мүшелері қызметін бағалауда бір жақтылыққа ұрынған еді., әрине, кездейсоқ еместін.

 

2.2. Мұхаметжан  Тынышбаевтың Уақытша үкіметтегі  орны

 

М. Тынышбаев Жетісу елкесінде 1916 жылы болған қайғылы оқиғаларға катысты өз көзқарасын комиссарлық  қызметке тағайындалғанға шейін-ақ білдірген болатын. Ол жөнінде «Қазақ» газеті: «Мұхамеджан Тынышбаев — II Государственный Дума ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа таза жолмен  қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы қатар зиялы азамат. 25 маусым жарлығы такырыпты Жетісуда бүліншілік болғаннан бері Мұхамеджан көзге көрінерлік көп пайда келтіріп жүр» деп көрсетіп, бұл ретте оның Түркістан губернаторы Куропаткиннің қабылдауында болғанда (1916 жылы 10 тамызда) көтерілістің негізгі шығу себебі ретінде жер мәселесін айтқанын жоғары бағалайды.

М.Тынышбаевтың Түркістан  губернаторы алдына жер мәселесін көлденең тартқанына толық сенуге болады. Өйткені ол бұл мәселені ешқандай да каймықпастан 1917 жылы ақпанда 16 жылғы көтеріліске байланысты болған сот тергеуіне жазба түрде берген жауабында да көтереді. Ресей империясының Қазақстан сияқты өз отарларындағы зорлықшыл саясатын әшкерелейтін құжат есебінде еш уақытта маңызын жоғалтпайтын бұл жауабында ол «Түркістаңдағы орыс жұртының 99 проценті Жетісу жеріндегі толқулардың себебін көп ойланып жатпай-ақ жеңіл-желпі «түрік немесе герман үгітінен көреді», ал шын мәнінде қазақтар меи қырғыздар үшін атамекен жерінен айрылу мен патша чиновниктерінің түрлі зорлығынан үлкен көтеріліскс шакырған үгітші жоқ еді деген ойды айтқан болатын. Міне, осы айтылғандар, белгілі дәрежеде, Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрамына  М.Тынышбаев сияқты жергілікті күрделі жағдайдың білгірін енгізуге мәжбүр болғанын көрсетсе керек.

Ескі территориялық-әкімшілік  жүйесіндегідей, Уақытша үкімет тұсында  да Сырдария және Жетісу облыстары  Түркістаи губерниясы құрамында қала берді. Бұдан бұрынғы тарауларда керсетілгендей, бұл кезде Жетісу облысы құрамына Лепсі, Қапал, Жаркент және Верный уездерімен қатар  Пішпек және Пржевальск уездері, яғни солтүстік және солтүстік-шығыс қырғыз жерлері де енген еді.

Информация о работе «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы