1-ші тақырып. Саясаттану ғылымы
Саясаттанудың өмірге келү
шарттарының бастамасы Ежелгі гректердің
полисімен тікелей байланысты. Полис
дегеніміз сол кездегі мемлекеттік
- қаламір. Осы полистің ішкі және сыртқы
өмірін реттуді гректер жиылып талдыға
салып даусқа салу арқылы іске асырып
отырған. Қаланың мәселесі сол кезде
мемлекеттік мәселе болып табылатын,
сондықтан қарастырылатын мәселелер
мемлекеттік деңгейне көтерелетін.
Саясат туралы ілім бір күнде өмірге
келмегені де ақиқат.Ілімнің шығу
бастауын қарастырсаң оның реттеліп
бірінің соңынан бірі келетін
саяси тәжібирені игерген үш кезіңді
аңғарамыз. 1. Күнделікті саяси тәжірибені
қорытатын қарапаиым, күнделікті білім.
2. Келесі кезең - ол саяси ілімдер
кезеңі. Саяси ілімдер көптеген мақсат
пен мүддеге байланысты болады. Оларды
әр түрлі салады қызмет еткен ойшылдар,
ғалымдар, билік басындығылар құрастырған
, тудырған саясаттағы ілімдер. Олардаң
іс-әрекетінің нәтижесінде мифологиялық
көзқарастан догматикалық білімге
ауысуға мүмкіндік туындады. Осының
арқасында саясат туралы білімнің дәрежесі,
сапасы өсті. Үшінші кезеңнің қалыптасуы
саясаттың ішкі мәні мен логикасын
ашуға байланысты қалыптасқан сыни
білім. Бұл кезеңге үлкен улес
қосқандар Жанғыру дәүіріндегі
гуманистер. Ең алдымен Макиавелли.
Олар догмаларға қарсы тәжірибедегені
қоя білді. Міне осылай саясат ғылымның
яғни саясаттанудың алғышарттары қалыптасты.
Саясаттанудың объектісі көпжақты
көрініс табатын нақты саясаттың
өзі. Солай бола тұрғанмен ғылыми
білім догматикалық және күнделікті
білімдерден артық деуге болмайды.
Әр қайсының өз орны бар. Саясаттанушыға
тек қана ғылыми саясаттанумен шектелмей
әртүрлі саяси ілімдерді, болған
жағдайды талқылаған мемлекет және қоғам
қайраткерлерінің, олардың көмекшелері,
публицистирмен, журналистерің жазғандарын
оқуға тиісті.
Саясаттану саясат арқылы
дүниені тануға, оны игеруге мүмкіндік
береді. Саясат ғылымы саясатты күнделікті
және догмагтық білімдерді рационалдандыру
арқылы қалыптасты. Батыс Еуропада
саясаттарудың негіздері 13 ғасырдың
ортасынан бастап қалыптасты. Ал 16-17
ғғ. саясаттанудың бірінші қарқынды
қалыптасуы басталады. Бұл кезеңде
саясаттануға бастама деп атау дұрыс.Саясаттанудың
дербес қалыптасуы және оның университеттерде
оқу пәні ретінде енгізілгені 19 ғасырдың
екінші жартысы. Бүл қазіргі саясаттанудың
бастамасы.20 ғасырда қоғамдық өмірдің
модернизациялануы саяси жүйенің
демократиялануы саясаттануды да дамытты.
Осыған байланысты Батыс дамыған
елдерінің университеттерінде саясаттану
кафедралары көбейіп қана қоймастан
саясатты зертейтін ғылыми Орталақтары
ашылды. 1903 жылы АҚШ- та саяси білімдердің
мамандыраның ұлттық ұжымы ашылады.
Ал 1949 жылы Халақаралық саясаттану
ғылымдарының ассоциациясы құрылды.Саясаттану
ғылымдары саяси процесстерді бейнелеу,
түсіндіру, талдау, болжау функцияладын
атқырады.
Қазақстанда саясаттану ғылымы
Кеңес одағы ыдырап кеңестік тоталитарлық
жүйе күйрегеннен соң ғана қалыптасты.
Егемендігімізді алғаннан соң ғана
20 ғасырдың 90 жылдарының ортасынан
бастап саясаттану пәні жоғарғы оқу
орындарында пән ретінде кіргізілді.Саясаттану
пәні қоғамның саяси саласын ондағы
саяси процестердің өтүін, олардың
ішкі қурылымдары мен механизмдерін,
өзара қатынастарын, ішкі және сыртқы
саяси процестердің дамуын, заңдылықтарын
зертейді.Саясаттану ғылымы саяси қатынастарды
процестерді зерттеу үшін арнай
тәсілдер қолданады. Олар социялогиялық,
тарихи, салыстырмалы, бихевиористік,
нормативтік және т.б.Саясаттану өз
саласын зерттеу үшін арнайы уғымдар,
категориялар қалыптастырады, құрайды,
бір жүйеге келтіруге тарысады. Солардың
азын аулағы: «саясат», «саяси қатынас»,
«саяси процесс», «саяси институттар»,
«саяси партиялар», «саяси көсбасшы»,
«қуқықтың мемлекет», «азаматтың қоғам»
және т.б.Саясаттанудағы негізгі пардигмалар.Теологиялық
парадигма. Натуралистік парадигма. Әлеүметтік
парадигма. Сыни парадигма. Саясаттану
басқада қоғамдық ғылымдармен іштей
тығыз байланыста. Олар осы байланыс
арқылы бір-бірлеріне ықтимал етіп
қана қоймай өздері де дамып отырады.
Сонымен қатар сол салалардың
негізінде өздеріне жаңа бағыт қалыптастырады.
Олар: саяси социология, саяси
психология, саяси философия, саяси
антропология, саяси экология, салыстарманы
саясат.
2-ші тақырып.
Саяси ғылымның даму тарихы
және негізгі кезеңдері
Саяси идеялардың туындауы
мен дамуы ежелгі дәүірден бастау
алады. Олар философиялық ой-толғаулар
аясыңда өмірге келді. Алғышқы осындай
ой-толғаулар қытайдың конфуциялық
және даосизмдік философиялық ағымдарда
әділетті мемлекет құру, толық қоғам
орынату туралы жазылған. Ертедегі
грек заманында полистік меншіктік,
мемлекеттік-қалалар, тікелей демократия
және республикалық басқару жүйесіне
байланысты саяси толғаулар, жаңа сапаға
көтерілді. Бұл ойлар Пифагор, Гераклит,
Сократ, Платон, Аристотельдердің есімдерімен
байланысты.
Мәселен, Платон (427-347 б.д.д.)
идеалды мемлекет қандай болуы керек?
Мемлекет қурылымында әділеттік
пен теңдік болуы мүмкін бе? -
деген сұрақтарға өзінің «Мемлекет»,
«Саясаткер», «Заңдар» атты еңбектерінде
жауап береді. Платонның мемлекет
туралы ойларында мемлекеттің өктемділігін,
тутастық мүддені жеке тулғаныкенен
жоғары, жеке адамның мүддесі полистің
мүддесіне тәуелді, еркін адамдар
арасындағы теңсіздікті дәріптейді.Платоның
ойынша мемлекет идеалды және жағымсыз
болып екі түрге болінеді. Жағамсыз
мемлекетте: 1) адамдардың міндетін әділетті
бөлудің орнына дау-жанжал, зорлықпен
мәжбүрлеу; 2) басқарушының қоғамның өркендеуін
мақсат тутпай билікті мақсат ету; 3)
заттық байлыққа деген ынтазырлық.
Мұндай мемлекеттер түрлері: тимократия,
олигархия, демократия және тирания. Тимократияда
билік байлықты мақсат тұтқандырдың
қолында болады. Олигархия да байлардың
үстемдігімен кедейлердің биліктен
шеттетілуі. Демократияда билік көпшіліктің
қолында болады. Ол жерде надандар,
тобырлықты кәздегендер билік жүргізеді.
Идеалды мемлекетте халықтың қауіпсіздігі
қамтамысыз етіледі, оның материялдық
жағдайы жақсарады, рухани дамуға және
творчествоға мүмкіндік жасалады.
Аристотель (384-322 б.д.д.) мемлекетті
дұрыс және бұрыс түрлерге бөледі.
Бұрысына – тирания, олигархия, демократия,
ал дұрысына – монархия, аристократия
мен политияны жатқызады. Аристотель
құлдардың саяси құқыға жоқ деген
тұжырым жасайды. Саясатқа тек қана
меншік иелері, сол жердің еркін
азаматтры ғана қатыса алады деп
қорытқан. Аристотель Платонға келіспей
жеке меншікті жақтайды. Бірақта ол
тым байды да және кедейлерді де
қолдамайды. Орта топ азаматтары көп
қоғам тұрақты болады дейді. Дегенмен
де Платон мен Аристотельдің ой тұжырамдары
саяси өмірдің мәнін ашудағы
мемлекеттікорталықтандыру бағытының
бастамасын қалыптастарды. Аристотельдің
ойынша саясат дегеніміз мемлекет,
ал саясат саласы ол мемлекеттік қатынастар.
Мұндай тужырымның негізінде саяси
саланың сол кездегі даму деңгейінің
төмендігінде жатыр. Өйткені ол кезде
биліктің бөлінүі, көппартиялық жүйе,
күрделі сайлау процестері, ұлтық
құрылымдардан жоғары ұжымдар әлі
өмірге келмеген еді. Қала-полис ауқымында
мемлекет пен қоғамның өздеріне ғана
тән функциялары да анықталмаған
еді. Саясат пен этиканың да әлі бөлінбеген
кезі болатын, сондықтан адамдар
арақатынастырын мемлекеттік турғыдан
ғана көрсететін. Мұндай көзқарас екімың
жылдай үстемдік жасады. Платонның
«Мемлекетінен», Аристотельдің «Саясатынан»,
Макиавеллидін «Патша», Томас Гоббстың
(1588-1679) «Левиафан» атты шығармаларында
осы көзқарас үстімдік етті.
Саясатқа Мемлекеттік
орталықтандырылған келесі көзқарысқа
көшү мемлекет пен азаматтық қоғам
арақатынасын талқылау негізінде қалыптасты.
17 ғасырға дейін Б.Спиноза (1632-1677),
Джон Локк (1632-1704), Г.Гегель (1770-1831), К. Маркс
(1818-1893) осы мәселелерді саясат тақырыбның
негізі етіп алды.
Локк алғашқы болып
мемлекет дегеніміз басқарудың
түрі немесі құрылымы емес, ол
дербес адамдар қауымдастығы сол арқылы
ғана қоғамда әлеуметтік тәртіп пен жекеменшік
сақталып дамиды деген тұжырым жасайды.
Ол саяси қоғам деген ұғым енгізді. Оған
мемлекеттен басқа да адамдардың ерікті
құрылған одақтарын енгізді.
18ғ. Шарль Монтескье
(1689-1775) «Заңдар рухы туралы» атты
еңбігінде саясаттың мемлекеттік
емес, экономикалық және әлеуметтік
факторлерінен басқа әлеуметтіктен
тыс жағдайларын (географиялық, климаттық,
демографиялық) келтірді. Саясаттың
негізгі формаларының табиғаты
оның территориясына тікелей
байланысты дейді ол. Кішігірім
территория республикаға, монархияға
орташа ал үлкен империяға
тән.
18-19ғ. басында кейбір
Еуропа мемлекеттерінде алғашқы
профсоюздар мен саяси партиялар,
сайлау және партиялық жүйелер
қалыптасып саяси өмірдің мемлекеттік
емес қырларын көрсетті. Міне
бұлардың барлығы саясатқа деген
жаңа сападағы әлеуметтік орталықтарылған
көзқарастың қалыптасуының негізін
құрады. Бұл кезеңде саясатты
таптық немесе әлеуметтік қатынастар
негізінен қарастырған.
Енді кезіндегі
саясатқа берілген маркстік көзқарасқа
тән негіздерге тоқталайық: 1) саясаттын
негізі және оның механизмдері
экономикаға тәулді; 2) саясат дегеніміз
ол таптаруың күресі; 3) антагонистік
таптық қоғамда саясаттың негізі-ұйымдасқан
қысым жасау мен таптық билеу
болады.
Бұл тұжырымдардың
кезінде атқарған міндеті зор
екенін жоққа шығаруға болмайды.
Келе келе адамдардың саяси
белсенділігін тудыратын факторлар
әлеүметі-психологиялық, әлеуметтік-мәдени,
демографиялық және биологиялық
факторлар екені дәледенді. Адамзат
қарымы дамыған сайын заттық,
материялдық қажеттіліктің орнына
рухани, мәдени факторлердің рөлі
артып келеді. Саясатқа маркстік
көзқарастың негізінде жан-жалдың
көзқарыс қалыптасты. Осы бағытты
дамытушы Ральф Дарендорфтың
ойынша әлеуметтік жан-жалдың
негізінде меншіктік емес, билеүші
мен бағанушы арысандағы қатынас
жатады. Карл Шмиттің ойынша саясат
дегеніміз «жау-дос» деген арақатынастан
туындайды. Мұндай арақатмынас
экономиканы, рухани мәдени салалардың
барлығының негізінде жатады.
Американдық белгілі ғалым
Т.Парсонс (1902-1979) қурылымдық-функционалдық
көзқарастың авторы. Оның тужырымынша
қоғам күрделі тірі организм. Ол
кішігірім жүйелерден құрылып
өз-ара жүйелі қатынастарға бағынады.
Саясат болса осындай үлкен саланы
қамтиды және оның атқаратып қызметі
мақсатқа жетү. Саясат билікке сүйене
отырып өз қызметін атқарады. Сондықтан
саясат біржағынан әлеуметтік механизмдерден
іске асыратын институттық құрылымдардан
тұрады. Бұл құрылым үш бөліктен
құрылады: қолбасшы институты, билік
органдары, осыған сәйкестелінген белсенділіктің
нормасы мен ережесі. Саяси өмір
дегеніміз қолбасшының адамдарға
билік арқылы жүргізілетін белгілі
юридикалық нормалар шеңберіндегі ықпалы.
Саясатты микроәлеуметтік
механизмдер арқалы тануда бихевиористік
бағыт қарастырды. Саяси акторлардың
іс-әрекеті мен қатынастарын саяси
нарық (Питер Блау), саяси ойындар(Стивен
Брамес), рационалық таңдау(Моррис
Фиорини) қырларынан қарастырады.
Саясат туралы ой тұжарымдар,
идеялар, теориялар нақты саяси
әлемнің дамуымен тікелей байланысты
және де нақты тарихи кезеңдегі
адам мен мемлекеттің арақатынасын
бейнелейді. Тарих жағдайларға мерги
қарай бұл кезендерді былайша
топтастыруға болады. Бірінші кезең
– мемлекеттікорталықтандырылған
– мұнда адамға мемлекет үстемдік
құрады. Екінші кезеңде саясаттың
мәні өзгереді. Саясат пен саяси
ойындардын ережесі этикалық
ықпалдан босатылады. Біржақты мемлекеттік
үстемектің орнына екі жақты
жауапкершілік орынатылады. Мемлекет
пен азаматтың қоғам арасында
қоғамдық келісім мойындалады.
Азаматтық қоғам әртүрлі іс-әрекеттер
негізінде өзінің орнын, дәрежесін
мемлекетке мойындатады. Үшінші
кезеңде (20ғасыр) жеке дара
мемлекеттің үстемділігінің орнына
әр түрлі әлеуметтік таптың
мүделерін ескере отырып келісімге
келетін плюралистік саясат идеясы
өмірге келеді. Билік тек қана
мемлекеттің меншітінде емес
билікке қоғамдағы барлық әлеуметтік
топтың қатысыуы ескеріледі. Қорыта
келгенде, қоғамдық өмірдің тізгіні
қоғамның өзімен оны құрайтын
адамдардың қолына тиеді. Мемлекет
пен оның мекелері солардың
аықпалына кіреді.
Қазіргі кездерде
саясат турлы ой-толғаулардың, теориялардың төртінші кезеңі
өмірге келе бастады. Бұның негізінде
кешегі өткен 20 ғасырдағы ұлтық-мемлекет
моделі дағдарысқа душар болуда. Оның
себебі осы моделдің өзінің дамуының ішкі
потенциялы таусылу жағдайында болуында.
Қазіргі кезде «әлем – азаматы» қозғалыстыры
мемлекеттік шеңбер ауқымында емес трансұлттық
кеңістікте іс-әрекет жасауды. Соған байланысты
саясаттқа да ұлттық мемлекеттік шеңбер
аз болып, ол трансұлттық,яғни ұлтық мемлекеттік
шекарамен шектелмей, бүкіл әлемді қамтитын
саясат қалыптасатаны сөзсіз.
Қазақ даласындағы
саяси ой-толғаулар, идеяларға
келер болсақ кезінде Әбу Насыр
Мухамед әл Фараби (870-950ж.) «Рахымды
қала тұрғындарының көзқарастары
туралы», «Саясат туралы» атты
еңбек жазған. Оның ойынша бақыты
өмір сүрү үшін лайықты саяси
жүйе, мемлекетті тимді басқару,
басқарушының ар ожданды қасиетері
болуы шарт. Саясат ілімінің зерттейтіні
1) түрлі әлеуметтік топтың саналы
іс - әрекеттерімен өмір сүрү тәсілдерін;
2) іс-ірекеттің мақсатын; 3) қоғамдық
өмір және мемлекетті басқару
тәсілдерін. Саяси ілім адамдардың
ар- ождандық іс-әрекеттеріне негіз
болатын әмбебапты заңдар мен
ережелерді зертейді және құрастырады.
Саяси ғылым моралдық нормалар
мен әдеттерді, бақытқа жетүдің
және жақсарудың себептерін зертей
отыра оларға кедергі болатын
себептерді де ашады. Шын бақыт
пен жалған бақытты ажыратады.
Жүсіп Баласағұни (1021-1079) «Құтадғу
білік» еңбегінде мемлекеттік
саяси жүйесін, ондағы мемлекет
қызметкерері мен бұқара қалық
арақатынасын, биліктің бөлшектенүі,
елбасының қасиеттерін және т.б.
энциклопедиялық мағлұмат беретін
мәселерді жазады. «Жеті жарғы».
Құқықтың мемлекет пен биліктің
бөлшектенүі, мемлекет пен азаматтық
қоғамның ара қатынасы. Саяси
жүйедегі билердің атқаратың
ролін, сот процесінің жүрү
қағидалары және т.б. мәселелерді
заңдық деңгейде шешімін табады.
Абай (1845-1904). Егеменді ел, мемлекеттің
саяси жүйесін салыстыра отырып
жалпы қазақ халқының мінез-ққлқының,
іс-әрекетінің өзгергенін бейнелеп,
одан шығу жолдарын іздейді.Алаш
қозғылысы, партиясы. Қазақтардың
егеменді ел мемлекеттінің Конституциясы,
саяси жүйесі, билік пен бухара
халық арақатынасы. Қазақстанның
мемлекеттінің түрі туралы көзқарастар.
20 ғасырдағы саяси ілім. Солидаризм
Л.Дюги (1859-1928) Элитаризм. Парето(1848-1923)
Г.Моска (1856-1941) М.Вебер (1864-1920) Либералдың
және консервативтік идеялар.
3-ші тақырып.
Саяси билік