11 тақырып. Саяси
идеология
Саяси идеологияға анықтама.
Идеология деп адамдардың үлкен
әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне, сана
сезіміне ықпал етіп, бағдар беретін,
олардың масқат-мүДделерін айқындап,
жүйелеп іске асыруға негіз болатын идеалар
мен көзқарастар жүйесін айтамыз. Идеология
салаға байланысты бөлінүі мүмкін. Идеология
саясаттың негізіне жатады және саясат
арқылы іске асып, немесе өзінің өмірін
тоқтатады. Мысалы, маркстік-лениндік
идеология социалистік жүйе құрды және
оның күйреУмен өзінің болашағының жоқтығын
тӘжірибе арқылы көрсетті. Саяси идеологияның
өмірге келуі буржуазияның қатынастарымен
байланысты. Саяси ойдың тарихында идеологияның
концепциясына зор әсер жасаған К.Маркс
пен К.Мангейм. К.Маркс үшін идеология
(жалған сана), реалды болмысты қисық түсіну.
Иделогияны түсіндірУге таптық көзқарас,
әлеуметтік себеп ұғымдары негізгі болып
саналды К.Маркстың идеалырын жалғастырушы
В.Ленин болды. Ол идеология мен ғылымды
қауыштыруға тырысты. Ғылыми болып тек
қана пролетариаттың идеологиясы деген
тұжырым жасады. К.Мангейм болса идеология
қоғамда қалыптасқан статус квоны дәлелдейді,
ал утопия болса керісінше сол жағдайды
сыни қарап өзгертуге тырысады. Қазіргі
кезде идеологияның ассиметриялығы белгілі
болып отыр, яғни белгілі бір идеалар қарама
– қарсы күштер қолданып олардын мүддесін
қорғауға жұмысалуда. Идеология ғылыми
көзқарасқа қарама-қарсы деген пікірлер
басымдық көрсетуде. Идеологияның атқаратын
қызметтері: танымдық, бағдарламалық,
легитимдік (ақтаушы), интеграциялық, нормативтік,
мобилизациялаушылық. Идеологияның спектры:
солшыл-оңшыл, немесе либерализм – консерватизм.
Радикалдар сол флангтің шетін, либералдар
болса дамудың ақырындап реформалар арқылы
өзгеруін, ал реакционерлер болса (оң флангтің
шеті) саяси тарихтын өткен кезенің орнына
келтруді мақсат етеді. Қазіргі идеологияның
негізгі түрлері. Либерализм. Оның негізін
салушылар қаратына Дж.Локк, Ш.Л.Монтескье,
И.Кант, Т.Джефферсон, Дж.Миль жатады. Оның
әлеуметтік экономикасы негізін буржуазиялық
экономикалық қатнастар құрайды. Либерализмнің
қағидалары: еркіндік, әлемді рационалды
ұғыну және өзгерту, жеке адамның еркендігі,
қоғамдық құрылымға Әр адамның сыни қарауға
құқы; мемлекеттің жеке адамды құрметтеп
оны тең қарауы. Қазіргі кезде мемлекеттің
әлеуметтік мазмұның дамыту мен керісінше
ондай бағытты жоққа шыгарушыларда
кездеседі. Франклин Рузвельдтен бастау
алатын неолиберализм экономиканы реттеуге
мемлекетінің міндетті араласуын және
оның әлеуметтік жауапкершілігінің артуын
дамытады. Консерватизм. Оның негізін
Жозеф де Местр, Эдмунд Берк қалады. Негізгі
қағидалар дәстүрді дәріптеу, адамның
табиғатының әлсіздігіне және ақылдың
шектілігін, қоғамның дамуының ешқандай
экспериментке жатпайтнын адамдар арасындағы
тенсіздіктің мәңгіліктігін, еркіндік
деген ұғымға өте мұқиятты қарауды алға
тартады. Социалзм. Томас Мор, Р. Оуэн, Ш.Фурье,
К.Маркс, Ф. Энгельс, В.Ленин. Әлеуметтік
теңсіздікті жою, барлық адамдар мен әлеуметтік
топтарды әлеуметті тең ету, жекеменшікті,
мемлекетті, таптарды жою, пролетариат
диктатурасын орнату, кейіннен тап сонан
соң, мемлекеттсіз коғам орнату. Социал-демократия
идеологиясы. Оның басты құнылықтары-еркіндік,
теңдік, әдлеттілік және ынтымақтастық.
Демократиялық социализм құру. Фашизм.
Ф.Лист, Б. Муссолини, А.Гитлер. Бұл идеология
жүйелі теория деңгейіне көтерілген жоқ.
Эклектикалық мазмұнды. Ұлт идеясын негізгі
ұғым деп қарастыру. Ұлтшылдықты тек тоталды
(жалпылай) мемлекет арқылы жариялаП, насихаттаП
экономиканы дамыту. Италиялық фашизм
осы ұғымдар арқылы Италия мемлекетін,
ұлтын дамытамыз деп ұран тастады. Ұлт
деген ұғым органикалық бірлік және де
оның мүддесі көсем арқылы, егеменділігі
мемлекеттен көрініс табады. Анархизм
болса мемлекетке қарама карсы көзқараста.
Ол мемлекетті құртуды, оны жоққа Шығаруды
көздейді. Ресейде М.Бакунин, П.Кропоткин.
Бакуниннің ойынша адамзат дамуында үш
кезеңнен өтеді: 1. адамның жануарлық
кезеңі. Табиғатпен біртутас өмір 2. адамзат
табиғаттан бөлініп шығып өзінің абсолютті
екенін дәлелеуге тырысады. Осы кекзеңде
мемлекетті институциалау орыналады.
Бүл екі кезеңде де еркіндік жоқ. 3. Бұл
осы екі кезеңге қарсы курес. Бұның мақсаты
еркіндік.
12 тақырып. Саяси
мәдиниет және саяси әлеметтену
Саяси қатынастардың, қүрылымдарының
негізінде саяси мәдиниет жатады.
Басқа саяси қурылымдар өзгереді.
Оның себебі ол тарихи тәжірибенің
жиынтығы, нәтижесі. Екінші дүниежүзілік
соғыс аяқталғаннан соң әлеуметтік
топтардың түрлі психикалық құрылымдарын
зерттеу қарқынды дамыды. Саяси болмыстың
жалпылай субъективтік моделдерін зерттеу
жаңа тың бағыттың басталғанының
дәлелі болды. Г.Алмонд, С.Верба, Л.Пай
және т.б. ғалымдар саяси мәдиниетті
арнайы зерттеу объектісіне айналдырып
ғылыми айналысқа ендірді. Қазіргі
кезде саяси мәдениетті түсіндірүдің
үш бағытты бар 1. саяси мәдиниетті
барлық рухани өмірмен теңестіру; 2.
Саяси мәдениетті саясаттағы адамдардың
қалыптасқан іс-әрекеттердің үлгісіне
жатқызу; 3. Саяси мәдиниет адамдардың
негізгі сенімдерінің, идеалдарының,
қағидаларының және тағы да басқа
негізгі ұстанымдарының саяси іс-әрекеттегі
тәсілі мен стилі арқылы көрініУ
деп тұжырымдалады. Сонымен, саяси
мәдиниет дегеніміз адамдардың
саясат әлемінің даму мақсаты мен
мәнін және де оны қолдайтын мемлекет
пен қоғам арақатынасының тұрақты
нормалар мен дәстүрінің нақты елдгеі
қалыптасқан іс-әрекеттерінің қоғамдық
саладағы үлгісі. Бұл анықтамада негізгі
рөль тұлғаның қундылықтық бағдарлауы
екенін көрсетіп тұр. Құндылықтық бағдарлау
адамның саяси іс-әрекетінің идеалды
типі, ол іс-әрекеттің кодексі, ойлаудың
коды. Саяси құндылықтар жеке тұлғаның
саясат әлемін игерудегі нәтижесі бола
тура қоғамдық талаппен міндетті түрде
санасады. Сондықтан бұрынғы тәжірибе,
дәстүр, әдет ғұрып, ритуалдар мен
стереотиптер саяси мәдениеттің
ішкі негізіне кіреді. «Жақсы» немесе
«жаман» мәдениет болмайды. Әр елдің,
халықтың өзінің өмір сүру тарихына сай
ерекше мәдениеті қалыптасады. Дегенменде,
осы ерекше мәдениеттерді ортақтастыратын
гуманистік құндылықтар, бағыттар. Саяси
мәдениет көпқырлы, көпқабатты өте
күрДелі құрылым. Онда рационалды және
иррационалды компоненттер орын алады.
Егер де рационалды элементтер адамдардың
мүддесі, дәрижесі, ролі негізінде мақсаттар
қойып оған жету жолдарын анықтаса,
иррационалды элемент адамдардың сыни
емес ойлау архетиптеріне, оның сезімдік
қасиеттеріне негізделеді. Саяси мәдениеттің
қалыптасуына және өз қызметін атқаруына
осы иррационалдық элементтің ықпалы
зор. Оның басым болған жағдайында саяси
мәдениетте иррационалды элементтердің
мүлде болмауы керек елас деген
ұғым тұдырмауы керек. Мәселе оның рационалды,
ақылдық элементің аясында болуы.
Иррационалды элементсіз саяси мәдениет
өзінің адами қасиеттерінен айырылары
да сөзсіз. Мәселе осы рационалды мен
иррационалдықдың шегінде. Шектен шықпау.
Саяси мәдениеттің құрылымының
негізінде саяси жүйеге және оны
құрайтын бөлшектеріне бағыт алу
жатады. Саяси мәдениеттің дүниегекөзқарастық,
азаматтық және саяси бағыттары
болады. Адамдардың әлеуметтік, этникалық,
демографиялық, территориалдық, конфессионалдық,
ролдік және де басқа негізінде саяси
мәдениет ерекшеленеді. Яғни өнер субмәдениеттерді
құрастырады. Саяси мәдениет саяси
процестердің өтеүіне, мемлекеттік биліктің
динамикалық өзгерүіне, акторлардың сапасы
мен жайына әсері мол. Саяси мәдениеттің
саяси өмірдегі функциялары: идентификациялау,
бағдарлау, бағдарламалау, беймделү, әллеуметтенү,
интеграциялану, коммуникациялық. Саяси
мәдениеттің типологиясы: парокиалдық,
азаматтық(подданическая), партиципаторлық.
Парокладықта саясатқа немкарайтын, саяси
жүіені білмеу және одан еш нәрсе күтпестік;
Азаматтықта-саясаттқа бағдарлық күшті
болғанымененде азаматтардың саясатқа
араласу белсенділігі төмен; партиципаторлықта
азаматтардың саяси процеске белсенді
араласуы жоғары. Соныменен қаптар саяси
мәдениеттің типін басқа да негізде қарастыруға
болады: нарықтық немесе этатистік (мемлекеттің
ролі жоғары), дәстүрлік, модернисті және
постмодернистік. Тағы да бір көзқарасқа
– ол Шығыстық және Батыстық саяси мәдениеттің
негізінде гуманизм күндылықтары, адам
еркіндігі, пікірлер плюрализмі, жеке
адамның автономдылығы, мемлекеттің адамның
тіршілігіне қол сұқпауы және т.б. Шығыс
саяси мәдениетіне ұжымдылық, мемлекеттің
рөлі жоғарлығы, дини доктриналардың жатпай
басымдылығы. Саяси әлеуметтену. Алғашқы
және қайтадан әлеуметтену. Кері қарай
әлеуметтену (ресоциализация).
13 тақырып. Саяси
шиеленіс пен саяси процесс
Саяси субъектлердің арақатынасында
саяси жанжал туғызатын жағдайларда
да ішкі элемент ретінде саяси
прцесте жүреді. Көптеген саясаттанушылар
жанжалды билікке тән феномен
ден қарастырады. Себебі билік қарсыластықпен,
зорлау, санкциялармен және тағы да
сол сияқты негативті мәселелерді
өзінің қызметін атқару кезінде жүргізіп
отырады. Жанжал тудырдың екі қабаты
болады: жоғарғы яғни әлеуметтік-экономикалық,
саяси параметрмен байланысты, төменгі
– құндылықтар мен дәстүрлердің
келіспеушілігінен туындайды. Нақты
өмірде бұл екі қабаттағы себептер
бір бірімен іштей араласта болады.
Мысалы, этникалық дау жан-жалдар
міндетті түрде әлеуметтік-экономикалық
факторлармен қосылып саяси жан-жолға
ұлысады. Әрине мәдениеттінің де
этикалық тарихи элементтері де жан-жол
тұғызуы мүмкін. Ұлттардың этникалық
сана сезімдерінің өсүі тарихта кезінде
болған зорлық пен зомбалықтың салдарын
шешүге бағытталса, оған қарсы сол
саясатты жүргізген нәтижелері ондай
өзгеріске қарсы турады. Мысалы кезіндегі
патшалық Ресей, онан кейін кеңестік
қызыл империяның қазақ мәдениетсіз
деп айқындауы егеменділік алғаннан
соң қазақ ұлтының фактілерге
негіздеген дәлелі арқылы (археологияның
көне жазбалық, зергерлік жіне т.б.)
өз дәрежесіне қайтару процес жүрүіне
бұрынғы отарлық саясат жүргезген
этностардың қарсылықтарын тудырды.
Этникалық жан-жалдар қоғамды модернизациялау
кезінде де туындауы мүмкін. Бұндай
кезде жаңа процестер бұрынғы
қалыптасқан дәстүрлер, мәдениет, әлеуметтік
құралымдармен санаспаған жағдай жан-жалға
алып келеді. Осының дәлелі қазіргі
кездегі кейбір дамыған елдердегі
жетістіктерді жергілікті ерекшеліктермен
санаспай енгізу кезінде туындауы мүмкін.
Саяси дау-жанжалдың типологиясы
түрлі негіздерге қарай бөлінеүі:
аумағына қарай-ішкі және сыртқы; нормативтік
реттеудің сипатына сай-институционалдырылған;
уақытына байланысты – тез, орта-көпке
созылған; көпшіліктікке байланысты
– көрінетін және латентті (жасырын).
Латент дау-жанжал арқылы осы прцестің
өтетін фазыларын айқындауға болады:
Бірінші кезеңде әлеуметтік шиеленістің
белгілері көріне бастайды: эмоционалдық
белгілер, агресивті іс-әрекеттер
және т.б. Екінші кезеңде, саяси текетұрыс
институционалды дәрежеге кәтеріледі.
Бұл кезеңде жан-жал субъектілері өз жағдайын
талдауға кіріседі, айқындайды. Бұл кезде
оппоненттердің бірітуі негізінде қарама
қарсылық айқындалып, пікірлер нақты күш
дережесіне көтеріледі. Үшінші кезеңде
ашық қарама-қарсылық басталады. Мұндай
жағдайда олардың субъектілері саяси
партиялер, қозғаластар болады. Міне осы
кезеңде билік еш әрекет жасамаса дау
жан-жал саяси деңгейіге жетеді. Алдыңға
қатарға күшпен мәселені шешу қойылады.
Саяси дау жанжалдарды шешу жолдары. Бұндай
технологиялер мақсатқа жетудің тездеп,
локалды, уақытша, терең, көп уақытқа созылу
сценарияларын қарастырады.
Дау жанжалдық жағдайды шешудің
екі түрі: 1) рационалдық; 2) деструктивтік.
Рационалдық шешу міндетті түрде
келісіммен айақталады. Деструктивті
дау жан-жал келесі фазалардан өтеді:
бастылуы, өсүі, екі жақтың бір-біріне
жау ретінде қарауы, күш қолдану.
Дау жан-жалды шешудің төрт нұсқалары
болуы мүмкін: 1) күш қолдану; 2) қарсыласты
ыңғайсыз жағдайға қою; 3) жағдайдың
қолайлы болуын күтү; 4) серіктестік
стратегиясы. Дау жан-жалды демократиялық
бақылау келесі іс-әрекетті қажет
етеді: 1) нақты жағдай туралы мәсіметпен
алмасу: мүдделері, істемек ойлары;
2) күш қолданудан сақтану, оны болдармау;
3) дау жан-жалды шиеленістіретін
іс-әрекетке моратория жариялау; 4) объективті,
сенімді арбитрлер тарту; 5) екі
жақта жақындастыратын заңдар, әкімшілік
немесе басқа да ресурстарды іске
қосу; 6) сенімді келісімдікке жағдай
жасау.
14 тақырып. Саяси
процесс және саяси бейімделу
15 тақырып. Әлемдік
саясат
Әлемдік саясат қазіргі
саясаттану ғылымының манызды
бөлігі. Қазіргі халықаралық қатынастар
теориясында түрлі бағыттар қалыптасты.
Алғашқы бағыт саяси идеализм
мен саяси реализм төңерегінде
болды. Саяси идеализм бағытын
ұстанышулар мемлекеттік дау
жан-жалды күш қолданбай бейбіт
түрде құқықтық және моралдік
қағидаларға сүйене шешуді ұсынды.
Соның ішінде халықаралық ұжымдар,
қоғамдық пікір, ұжымдық қаупсіздікке
аса қатты мен берді. Бұл
бағыттың нәтижесі АҚШ президенті
В.Вильсонның белсенділігі арқасында
құралған Ұллтар Лигасы болды.
Саяси реализм бағыстарын Н.Макиавелли
мен Т.Гоббстан алады. Халықаралық
аренада мемлекеттердің таласы
ылғи жүріп отырды, сол арқылы
әр мемлекет өз ықпалын күшейтуге
тырысты. Американдық саясаттанушы
Г.Моргентаудың пікірінше, сыртқы
саясат күшке сүйенген ұлттық
мүдде болуы қажет. Саяси реализмге
оппонент ретінде 1950 жылдары модернизм
бағыты қалыптасты. Американдық
саясаттанушы Дж.Розенау сыртқы
саясатқа әсер еттетін бес
факторді келтіреді: 1) жеке адамдар
факторы (жеке адамның қасиеттері);
2) рөлдік факторлар (жеке адамдардың
қасиеті емес. Олардың ресми дәжересіне
қарай атқаратын ролдері); 3) өкіметтік
факторлер; 4) қоғам құндылықтары, экономиканың
даму деңгейі; 5) «жүйелі өзгергіштер»,
яғни сыртқы жағдай мен халықаралық
жүйенің ықпалымен мемлекет лидерлерінің
таңдауларының өзгеріп тұратандағы.
1970-ж. аяғында транснационализм
концепциясы өмірге келді. Мемлекет
экономикалық, саяси, әлеуметтік
қатынастардың қарқынды даму
кезеңінде өзінің саясаттағы
монополді жағдайынан айырылады.
Оның орнына транционалды компаниялар,
өкіметтік емес ұжымдар, жеке
қалалар, өндірістік, саудалық басқа
да мекемелер, жеке индивидтер
келеді. Мемлекеттер арасындағы
дәстүрлі саяси, экономикалық, әскери
қатынастарға түрлі қатынастар қосылады.
Олар діни, кәсіби, профсоюздар, іскер
қатынастары. Кейбір жағдайда бұлардың
рөлдері мемлекеттікемен теңеледі. Транснационализмді
қолдаушылар әлемдік саясаттың өзгеруін
талап етеді. Олардың ұсыныстары бойынша
жеке мемлекеттердің іс-әрекеттерінің
орнына жаһандық және регионалдық мекемелер,
ресми және бейресми келісім-шарттар жүйесі,
халықаралық пікірлердің рөлі артуы тиіс.
Халықаралық қатынастағы күшпен мәселені
шешудің рөллінің төмендеүіне және керісінше
қайсібір мемлекет болмасын оның басқа
мемлекеттер мен елменен өзара байланыстарының
артуы. Осындай жағдайда кішітірім мемлекеттердің
де мүмкіншіліктерінің өсүі қанат жаяды.
Осыған байланысты тенденциялар. Бірінші
тенденция, транспорт пен көпшілік коммуникациясының
дамуымен байланысты. Екінші тенденция
дамып келе жатқан елдердегі модернизация,
урбанизация және коммуникацияның дамуымен
байланысты. Үшінші тенденция биліктің
бөлінүі және де оның кішігірім мемлекеттердің
пайдасына шешілүі. Төртінші тенденция
дамыған жетекші мемлекеттердің қоршаған
ортаны бақылай алмайтындығы. 1970 жылдарда
дәстүрі реализм неореализм болып өзгерді.
Бұл К.Уолтцтың «Халықаралық саясат теориясы»
еңбегінің шығуымен байланысты. Бұл бағыт
бойынша мемлекеттердің іс-әрекеттері
халықаралық қатынастардың құралымына
байланысты. Бұл ұжымдарда халықаралық
ұйымдар мен мемлекеттік емес акторлердің
рөлі басым. Халақаралық саясаттың теориялары
негізінен әлемдің биполярлық кезеңінде
жасалған. Қазіргі кезеңде жаңа теориялар
қажет болуда. Осыған байланысты американдық
Ф.Фукуяманың «Тарихтың соны» атты еңбегінде,
енді дау жан-жалдар құрдымға кетті,
мүлдем болмайды деген тұжырым жасайды.
С.Хандингтон «Өркениеттер қақтығысы»
атты еңбегінде ендігі жердегі қақтығыстар
өркениеттер негізінде болады дейді. Бұл
жерде діннің рөлінің артуы, өркениеттегі
айырмашылықтардың тұрақтылығы, экономикалық
регионализмнің күшеюін келтіреді. Осыған
байланысты С.Хантингтон Батыс пен Батыс
емес өркениеттің арасындағы дау жан-жалдың
болатын айтады. Оның болжауынша Батысқа
қауіп Қытай мен Иран және тағы да басқа
араб және ислам мемлекеттерінен төнеді.
Зб.Бзежинский «Бақылаусыз ХХ ғасыр табалдырығы
алдындағы глобалды тәртіпсіздік» атты
еңбегінде, негізгі қауіп Ресейдің империялық
саясатты қайтадан жалғастыруынан туындайды
деген тұжырым жасайды.