Курс лекций по "Политологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 09:55, курс лекций

Описание работы

Работа содержит курс лекций по "Политологии".

Файлы: 1 файл

Lektsialar.docx

— 93.83 Кб (Скачать файл)

Билік туралы ұғымдар Ежелгі гректің поэмаларында кездеседі. Мысалы, Гесиод (8-9ғ. б.д.д) «Теогония» атты поэмасында Билік пен Күшті бөліп қарайды. Эсхил (525-456ж б.д.д..) «Буғауланған Прометей»  драмасында Билік белсінді, ал күш  соның айтқаның булжытпай орындаушы  ретінде бөліп қарастырады. Біз  билік деген ұғымды қолданғанда  оның мәні мен түрі көптүрлі екенің көреміз. Мысалы, ата анасының балаларға  билігі және т.б.

Біздің қарастыратынамыз сияси билік. Адамзат тарихында  сияси билікке екіушты мағна  берілген. Біріншісі, билік ққдайдан беріледі,  оны аса құрметтеу  керек деген. Соңдықтан билікке  қарсы турғандарды залымдар ден  айыптаған. Ондай билікке қарсы  шығуға, сынауға жол берілмейтін. Кейіннен билік өзінің көптеген қылықтарамен, істерімен әшекер болған соң, ондай  билікті шайтанмен салыстырып оған қарсы курескендерді дәріптеп отырған. Дегенмен де билік адамдардың мақсатына  жету, іс-әректін уйымдастырушы және реттеүші екені де белгілі. Ең алдымен  билік дегенде мемлекеттік билікті  айтады. Адамзат тарихына көзсалсақ  билік түрі тарихи жағдайларға сай  өзгеріп отырған. Ежелгі дәүірде  кім күшті сол билік жүргүзіші. Кейін билік мурагерлікпен иемделінді. Патша биліктің символы болын  саналып, ол атадан балаға мұрагерлік арқылы беріліп отырды. Осыған орай қазақ елінің Шыңғысхан дәүірінен  кейін хан билігі шынғысханның ұрпақтары- төрелерге ғана беріліп отырылды. Капитализм кезінде капиталдың иесі билік иесі болды. Капитал арқылы өндірісті, оған тәуелді мыңдаған миллиондаған адамдарға билік жүргізіліп отырылды. Корыта келсек дәстүрлі билік көзі – зорлық, күштеу, байлық болып табылады. 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап сол  заманға тән билік көзі білім  деп санала бастады. Білімнің екі құрылымы бар: 1.білім алу  яғни техникалық немесе ғылыми, практикалық біліктілікке қол жеткізу; 2.ақпаратты игеру арқылы адам өзінің сияси және экономикалық функцияларын үнемі қарқынды дамытып отырады. Ақпаратты насихаттау арқылы билік тактикасы есебінде де қолданылады. Саяси билікке жету күшпен (революция, төңкеріс), мурагерлік (династия), сайлау арқылы жүреді.

Неміс социологы Макс Вебер  билікті қатынас деп түсіндірді. Өйткені билеүші мен бағынушыда екі жақта келісімге келүі  қажет.Билік дегеніміз түрлі мотивке  негізделген бағыну: жай әдептен  рационалды мақсатқа дейін. Қазіргі  саясаттану ғылымында биліктің үш қыры айтылады. Директивті (нусқаушы) қыры- билеүшінің (жеке адам немесе институт болсын) нұсқауын орындауды қамтамасыз етуі. Функционалдық қыры- биліктің өзінің қоғамды басқарушы қызметін атқаруға қабілеттілігі мен іс жүзінде  атқаруы. Коммуникативтік қыры- бұл  биліктің өз үкімін атқарту үшін қоғамда  орындаушылармен түсінікті қарым-қатынаста  болуы керектігі. Билікке анықтама берілгенде оны міндетті түрде мәжемүрлеүмен, бұйрықты орындаумен байланыстырады. Кейінгі кезде билікті коммуникативтік  турғыдан түсіндерітін ғалымдар билікті  күшті қолдану және зорлау сияқты сипаттардан тазартуға тырысады. Билік олардың пікірлерінше дәнекерлік ролді атқарады. Билікті тек қана зорлық зомбылық, күшіпенен сипаттау ертедегі  дамымаған қоғамдарға тән. Ал дамыған елдерде, қоғамдарда, мемлекеттерде адамдардың арақатынасы  экономикада, немесе саясатта болмасын тікелей емес күрделі, ұзын жолмен, көптеген ортада іс атқаратын механизмдер  мен институттар арқылы іске асырылады. Биліктің нұсқауы, шешімі ерікті орындалады. Ал күш қолданылатын жағдай тек нұсқауыды  орындамайтындарға қолданылады. Күш  деген де физикалық күш көрсету  ғана емес. Мысалы, экономикалық санкциялар. Экономикада несие-қарыз, саясатта заң мен әкімшілік нұсқауларды  орындау арқылы экономикалық және саяси  жүйелердің функционалдық мүмкіндіктеріне  жол беріледі. Мұндай қатынастарда биліктің сырттай күш көрсету, зорлау түрі жүрмейді. Еркін билікті мойындау, саяси акторлардың өз міндеттерін, келісіміңдерін орындау , жағдайлар  жасау осы коммуникативтік арақатынасы  негізінде туындайды. Билікті іске асаруың тәсілдері: мәжібүрлеу, сендіру, ынталандыру. Билікті іске асыру  жариялық түрінде немесе жарияланбай  жүргізіледі. Билікті шектейтіндер қатарына дін, ар-ождан нормалары; мемлекетке жататын жерлер мен региондар; мүдделі  әлеуметтік топпен әлеуметтік ынтамақтастар (түрлі элиталар, ассоциациялар, партиялар, лобистік топтар), қоғамдық пікір, тәуелсіз сот билігі. Билікті шектейтін  ең тиімді механизм билікті бөлу. Мүндай жағдайда институттар мен саяси  күштер, жеке адамдар жалпылай билікке  емес биліктің нақты қызмет атқаратын  түріне қарайлайды: заң шығарушы, атқарушы, сот. Бұл принциптер Ж.Баласағунның «Құтты бімгінде» (11 ғ.), Ш. Монтескьенің «Заңдар рухы туралы» (18ғ.) атты енбектерінде де көрсетіледі. Биліктік қатынастар ассиметриялы: азғана топ билік жүргізсе көпшілік сол билік жүргізүшелерге тәүелді. Билікті халық қабылдаса ондай  жағдай легетитімдік болады. Егерде басқарушыларға басқарылатындар сенбеүшілік білдірсе, онда билік дағдарысқа ұшырайды. Биліктің легетитімдігіне классификацияны  кезінде М.Вебер жасаған еді. Олар: 1) рационалды-ашық. Себебі рационалды устанымдар мен ережелердің беделді  болғандығын. 2) Дәстүрлі. Бұл түрінде  байырғы әдет-ғұрыптың және байырғы  заңдарың беделінің жоғары болуына  байланысты. 3) Харизматикалық. Билік  беделге негізделген. Нақты өмірде биліктің жәке түрі кездесе бермейді. Негізінен аралас болып келеді. Рационалды – ашық түрі биліктің жегізінде  мақсатты рационалды іс- әрекет жатады, ал басқарылғандар да өз мүддесіне  жетүге мүмкіндіктері болады. Мұндай биліктің легитимілігі қазіргі батыс  қоғамына тән. Өйткені оларда формалды-құқықтық бастау үстемідік егеді. Басқару  жүйесінің шенеүнкіктері маман, білгір болады және де олардың іс-әрекеттері өздерінің түсініттеріне емес қабылдаған заңдар мен ережелерге негізделеді. Ашық билеудің негізі бюрократия. Дәстүрлі билеу болса әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, басқарушыға, оның киелілігіне деген  сенімге негізделеді. Мұндай басқарудын идеалды көрінісі патриархалдық. Жеке адамға берілу, табыну. Заңдар болса  екінші, үшінші қатарға жатқызылады. Харизматикалық биліктің негізінде  аффективтік әлеуметтік іс-әрекет жатады (эмоция,сезім). Тарихта кездескен диктаторлар (А.Гитлер, И.Сталин) харизматикалық тғлғалар. 20 ғасырдың соңы 21 ғасырда билік легитимдеу, рационалды ережелерге негізделген көбіне формалды реттелген түрінде өтеді. Мұндай жағдай қазіргі саяси ұжымдардың конституциялық (тұрақты) және режимдік (өзгеріп отыратын, уақытша) жийларымен байланысты. Конституция және конституцияналдық летитимдік пен делегигимдік процесстеріне тәүелді емес. Олар турақты, ғасырлар бойы негізін өзгертпейтіндей қылып құрастырылды. Міне осыған байланысты басқарушылар сынға ұшырап, аусып отыруы қажет. Осы мақсатқа бәсекелік сайлау институттары қызмет етеді. Бұл солардың атқаратын функциялары. Міне осының негізінде легитимділіктің жасанды дағдарысы болып тұрады. Ал, мұндай дағдарыстар конституцияда кәрсетілгенділіктен олар арнайы ережелер мен процедуралар арқылы билікті бақылаусыз девальвацияға душар етпей шешіліп тұрады. Билік осы арқылы тазарып және турақталып отырады. Биліктің Вебер жасаған топтастыруының таблицасы.

 

 

Дәстүрлі

Харизматикалық

Рационалдық

Билеүдің  инструменті

Дәстүрдің киелілгін құрметтеу 

Киелілікті  мойындау

Заңды сыйлау

Негізгі билеүшінің дәрежесі(аттары)

әмірші (сеньор)

басқарушы

Жоғарғы шенеүнік

Бағынушылардың  дәрежесі (аттары)

Малайлар

Адептер

Азаматтар

Ресурстары

Алым-салық  жинау

Табыс, олжа, сый тарту

Салықтар

Саяси режимнің типті көрінісі

Монархия 

Плебисцитарлық  диктатура

Парламенттік  демократия

Билеу үшін қолданыл қасиет

Құрметтеу

Эмоциялар

Ақыл

Революцияның  типі

Дәстүрлі  революция

Радикалды революциялық төңкеріс

 

  

      4-ші тақырып. Саяси жүйе

Адамзат қоғамы күрделі жүйе. Жүйе дегеніміз бірнеше бөлешектрдің өз арақатынастары негізінде тұтас  бір құбылысты құрайды. Бөлшектің  барлығы тұтастың заңдылығына бағынады. Соған байланысты болған өзгерістер жүйелі құбылысты және оның бөлшектерін  де өзгертіп отырады. Немесе құбылыстың бір бөлшегі өзгеріске ұшыраса  оңда басқалары да сондай өзгерілді. Себебі, олар бір бірімен іштей  байланыста және бір тутас ортанизм есептес. Бұл заңдалықты кезінде  Аристотель де, Ш.Монтескье де саяси  ұжымдарды, мемлекеттерді салыстыра  талдап оларға тән жүйелі өзгерістерді анықтаған. Дегенмен  де жүйе туралы түсініктер практикалық қолданысқа тек Норберт Винердің (1894-1964) «Кибернетика»  атты еңбегімен байланысты. Бұл еңбегінде  ол арапәндік устанымды негізге  ала отырып жүйе теориясын ғылымның барлық салалырында қолдануға болатынын  дәлелдеді. Соңдықтан «жүйе» деген  уғым осы кибернетика ғылымынан алынған. (гр. Cybernetic -басқарудың искусствосы). Француз саясаттанушы Жан-Вильям Лапьер «Саяси жүйелерді талдау» атты еңбегінде жүйенің бес негізгі түрін көрсетеді.

  1. Биосоциальдық. Социалдық негізінде өзін-өзі өмірге келтіру. (отбасы, буындар арақатынасы, туысқандың қатынастар және т.б.);
  2. Экологиялық жүйе Адамдар мен қоршаған орта жүйелі қатынаста;
  3. Экономиялық жүйе;
  4. Мәдени жүйе;
  5. Саяси жүйе. Саяси жүйе қоғамды ерекше үйлестіреді және басқа әлеуметтік жүйелерменен айырықша қатынаста болады;  

Жалпы жүйелік теорияның  негізін қалаған көрнекті теориялық  биологияның өкілі Людвиг ден  Берталанфи. Ол алғашқылырдың бірі болып жүйелі тәсілді психология мен әлеуметтік ғылымдырда қолданды. Ол жалпы жүйе теориясымен стационарлық ашық жүйе теориясын жасады. Жүйе тәсілін  түсіну үшін қоршаған әлемде бір тұтастықты аңықтап алу қажет. Ол үшін оған қарамы қарсы «қоршаған орта» деген  ұғымды қарыстарымыз. Міне бұларды  арнайы бөліп алғанымыз өте маңызды  осыған орай «ашық» және «жабық» жүйе деген ұғым енгізілді. Ашық жүйе қоршаған ортамен әр-түрлі қатынаста болса, жабық қатынассыз келеді. Жүйе теориясы мен жүйе тәсілін саясаттануда 1950-жж. Т.Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд және басқа  американдық ғылымдар қолдана бастады.Олар қоғамды күрделі жүйе реттінде қарастырды. Жүйе міндетті түрде бөлшектерден тұрады яғни күрделі құрылым. Т.Парсонс  қоғамдық жүйен құрайтын сапалар: экономикалық, саяси, рухани және интегративті (мемлекет). Әр саланың өзі атқаратын функциялары  бар, ал барлығы біріге отырып қоғамның өміршектігіпн қамтмасыз етеді. Саясаттың атқаратын ерекше оған тән функциясы мақсатқажету. Міне осы функцияны атқару үшін саясат басқада қоғамдық жүйенің салаларымен  тығыз байланыста болады. Парсонстың идеяларын Д.Истон жалғастырды. Ол жүйе-техникадан «қара әшік» ұғымын саяси-жүйелік талдауға енізді. Қоршаған орта саяси жүйеге «кірерде» демеу  береді, ал саяси жүйе керекті шешемдерін қабылдап, оларды «шыға берісте» іске асырады.

  

 

 

«Қара жәшік»

 


Истонның тужырымынша  саясат құндылықтарды бөліп беретін  билік (соның негізгілері биліктік өкілеттік, байлық, әлеуметтік дәреже).

 

Истондық саяси жүйе

 

                                                     кері қатынастар


Ақпарат шығысы




Ақпарат кірісі






                                                                          кері қатынастар

 

Истоның идеялдрын Алмонд ары дамытты.Алмондтың түсінгінше негізгі ұғым ол роль. Ұжымдар, әлеуметтік топтар, институттардан емес нақты  атқаратын рольдерден формалды және формалды емес қарымқатынастардың мәніне тәуелді болады. Оның ойынша, қоғамды  ынтымақтандыратын саяси мәдениет, яғни жеке адамдар мен топтардын  саяси жүйе туралы көзқарастары мен  өздерінің сол жүйеде атқаратын  рольдеріне деген сенімінде. Олар жалпы  саяси жүйе туралы патриоттық немесе, керісінше жаттану пікірлер устануы  мүмкін. Сонымен қатар жеке адамдар  өздері туралы саяси устанымдарын анықтайды:саяси  жауапкершікілігін, саяси жүйемен  жеке қарымқатынасын. Қазіргі кезде  саяси жүйенің 20-ден астам анықтамалары бар.

    Құрылымдық –  функционалдық тәсіл, институтционалды  тәсіл, элитарлық бағыт. Саяси  жүйінің атқаратын функционалары:  саяси әлеуметтендірү, бейімделү,  жауап қайтару, экстракциондық, дистрибутивтік, реттеу. Егерде жоғарғы көрістілген  функцияларды топтастыратын болсақ  онда олардың шешетін мәселері:

  • Қоғамды саяси басқару;
  • Тұтас әлеуметтік жүйеге қауріп төндеретін жағдайлардың алдын алу, жеке адамдар мен топтаруың мүдделерін ескере отырып мәмліге келу;
  • Қоғам мүшелерін белгілі идеялдар мен құндылықтарға бейімдеу;
  • Ақпараттарды дер кезінде алу және оған сәйкес шешімдер қабылдау;

Саяси жүйенің ішінде белгілі  дәрежеде тәүелсіз кішігірім жүйелер  болады. Олар: институциналды, нормативтік, функционалды, коммуникативтік, мәдине-тарихилар. Булардың әр қайсысы билік пен  саяси қатынастардың үш денгейде құрастырылған: мегадеңгейі, мезадеңгейі, микродеңгейі. Қазіргі замандың нақты  саяси жүйелері әр түрлі. Олардың  қалыптасуына және қызмет атқаруына  көптеген факторлар әсер егеді. Атап айтқанда: тарихи дәстүр, мәдениет, экономикалық дәрежесі, азаматтық қоғамның жетілүі, географиялық жағдайы және т.б..

Саяси жүйенің топтастырылуы  демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық болады.

 

      5-ші тақырып. Демократия

 

Демократияның тарихи формалары: алғашқы қауымдық, антикалық, жаңа дәүірдегі  демократиялық жүйелер, АҚШ-тағы демократия, тоталитарлық жүйеден кейінгі демократия (посттоталитарлық). Олардың ерекшіліктері  мен сабақтастығы. Демократияның  алғышқы түрлерінің іргелі қағидалары: азаматтардың теңдігі, олардың сайлануы, өзін-өзі басқаруы, жалпыхалықтылығы. Табиғаттағы заңдылың – ол күштінің билігінің жүрүі. Демократия болса  бұл қағиданы жоққа шығарын әлсіздердің  де билігінің жүрүін дәлелдейді. Бұл  қағида екі негізде құрылған; көпшіліктің  билік жүргізүі және де аздың оппозиция  қуруға құқығы. Демократияның келісім  бойынша саяси ойыңдардың ережелері: 1) билікті үйымдасып шектеу; 2) өз пікіріңді еркін қалыптастыру және оны жариалау; 3) азаматтарды заңнаң қорғауы. Алғашқы демократияда барлық қоғам мүшелері биліктің басқару  жүйесіне араласады. Бірақта бұл  өте қарапайым басқару жүйенің  түрі. Себебі, табиғы адамдардың жыныстық, жастық, физикалық тағы да басқа  ерекшелері өзін-өзі кімнің басқаруға  қалай қатынасу мүмкіндіктерін анықтап  отырады. Антикалық демократия. Әскери демократия. Ерлер, қарулы азаматтар. Гомер  дәүірінуегі демократиянің түрі – атора, афина кезіндегі –  экклесия, спартандық – апелла. Бұл  биліктің демократиялық түріне көшүінің тарихи кездерінің көрінісі. Егерде агорода  жиналған халық билікте турғанды қолдауменен шектелсе, экклясияда жиналыс  тек қана билікті қолдаушы ғана емес керісінше биліктің үстінен қараушы  дәрежесіне ие болды. Саяси ролдерді атқару сайлану арқалы жребимен ротация  негізінде тағайындалатын болды. Сонымен  азаматтардың теңдегі іске асыралды. Бұл рулық және жолдастық негізінде  қалыптасқан теңдектің жаңа сатыға көтерілген заңдандрылған теңдігі  болатын. Азаматтар халықтың жилылысында  сөйлеүге, әділетті сот жүргізүге, әскердің қатарында болуы және т.б. құқығы болды. Афина демократиясы тікелей  демократияның тарихи моделі дәүірдегі  демократияның саяси модернизациялануының көрнісі саяси жүйенің тәүелсіздігі мен оның жүйесінең құрылымынаң  конституцияға негізделінуі. Тәүелсіздіктің белгілсі территорияның барлығын қамтитын билік қатынасының орынауы. Бұл  кезеңде зорлауды, мұқтаждауды өз құқына алған мемлекет бір жағынан, ал екінші жағынан адамның табиғи құқы мен адам құқының негізінде  келісім қурған өзін басқару жүйесі – азаматтық қоғам өмірге келеді. Егеменділік пен конституциялық демократизациялаудың алғышартарын құрады. Іс жүзінде мұндай тәжірибе алғаш  рет Англияды болды. 1688 жылғы Даңқты революцияда монархияны күшейтпек  болған Яков ІІ Стюарт қуылып оның орнына патшалық билік Вильгельм ІІІ  пен Мария ІІ көшті. 1689 жылы парламент  қуқық декларациясын (Декларация прав. Билль о правах) қабылдап монархтың  билігі заңдастырылған нормалырмен  шектелді. АҚШ-тағы демократияның сипаттары: басқару жүйесі барлық азаматтардың аттарынан жүргізіледі. Таптық, топтық басқаруға жол берілмейді. Осының  формалданған механизмдері анақталып  заңдастарылды. Қандай қарама – қайшылық тудыратын мәселе болмасын жан –  жақты, түбегейлі, асықпастан қарастырылып шешім қабылданады. Көпшіліктің  билігі осылай сауатты түрде іске асыралады. Афина мен Римге қарағанда  билік тікелей халықта емес оның өкілдерінде. Халықтың құқы сайлауға қатысу. Бүл республика. Мемлекетте конституция  мен заңмен бекітілмеген ешқандай әрекетке жол берілмейді. Континенталды Еуропада абсолютизм мен қоғамды полицейлік тәсілмен басқару модернизациялық  процесті деформацияға ұшыратты. Мемлекеттің  роліне тым басымдық  беріліп, азаматтық  қоғамның ассоциациясын серіктесдеп  мойындамады. Сондықтан да тіптен «құқықтың  мемлекет» деп жариялаған елдердің өзінде де құқықтың үстемдігі конституцияға  емес, сауатты монархқа байланыстырылатын. Мұның ақыры революцияларға алып келді. Демократияның түрлері: қорғайтың  демократия, дамып отаратын демократия, марксистік демократия (халықтың демократиясы),барлығына  арналған демократия (партиципаторлық), таңдаулыларға арналған демократия (элитарлық), топтарға арналған демократия (плюралистік).

Полиархия: көпшіліктің басқаруы, бірақ барлығыныке емес. Полиархиалық режимдердің қағидалары: көпшіліктің  басқаруы, және аз топтың құқықтарын сыйлау; азаматтардың құқықтық және саяси теңдегі; билікті легитимизациялау; билктің  өкілеттілігі; биліктің сайлануы; саяси іс - әрекеттің еркіндігі мен плюрализмдігі. Демократияның алғышарттары: 1) ұлттық біртектілік (идентичность) және мемлекеттік бірлік, яғни ұлттың болуы, егеменді тәуелсіз территориялы мемлекет пен азаматтық қоғамның екеүінің бірлігі; 2) экономиканың даумының дәрежесі: 1) едәүір орын алған индустриализация; 2) етек жайған урбанизация; 3) жоғарғы сауаттылық; 4) жетерліктей молшылық; 5) ақпарат құралдарының жүйесінің жекілікті дамуы; Мемлекет неғұрлым бақуатты болса демократияның соғурлым дамуына мүмкіншілік туындайды. Дегенмен де экономикалық даму демократияның гарантиясы емес тек қана алғышарты. Демократия жоқ бірақта экономиканың дамуы жоғары, турғындардың түсімдері жоғары режимдер де бар. Сондықтан демократияның орнауы және оның турақты болып дамуы орта таптың қалыптасуының деңгейіне байланысты. Сонымен қатар демократияның турақты болуына мәдени жағдай да қажет. Демократиялық құндылықтар соның ішінде рационализм, мифологиялық сананың орнына рационалдық, ғылыми жетістіктерге негізделген дүниетаным, дінді ғылыммен дербес алып жүртін қоғам және т.б. ұстанымдар болуы шарт.

 

6-ші тақырып.  Мемлекет және азаматтық қоғам

Мемлекет тақырыбы адамзат  өмірінде өте зор орын алады. Оны  түсіну үшін ғалымдар мыңжылдар бойы іздінуде. Ежелгі грек ойшылдары Платон, Аристотелелерден бастап қазіргі кезеңде  ізденістер жалғасуда. Оның себебі адамзат  қоғамның даму негізінде күрделенуі соған байланысты, мемлекетте өзінің мәнің атқаратын функцияларын өзгертуде. Қосымша мемлекеттің мәнің ұғынуға  байланысты бағыттарды келтірейік: 1) қуқықтық; 2) тарихи; 3) әлеуметтік-антропологиялық; 4) философиялық; 5) саясаттанулық.

Саясаттанулық бағыттың өзі  де бірнеше тарауға бөлінеді. Мысалы, плюралистер (Р.Даль, Д.Трумэн) мемлекеттің  негізгі мәні бәсекелес түрлі  топтардың арықатынасын орнату арқалы үйлесім табуы. Неомарқасистер болса  мемлекет экономикада үстемдік жасап  отырған топтың мүддесін қорғайды дейді. Мемлекеттің анықтамасын бергенде де екі турғыдан қарастырылады: мемлекеттікортақтандырылған  және әлеуметтікортақтандырылған. Мемлекеттік  ішкі және сыртқы атқаратын функциялары  бар. Олар бір-бірімен тығыз байланысты болып қана қоймай бір-бірлеріне  өте қатты ықпал етеді. Ішкі функциялары: құқықтық тәртіпті қорғау; шаруашылық функциясы; идеологиялық функция; әлеуметтік функция. Сыртқы функциялар: басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнату және халықаралық  уйымдардың жұмысына қатысу; сыртқы экономикалық функция; әскери функция: 1) өз мемлекетін қорғау; 2) басқа мемлекетерге экспансия  жүргізү; 3) антитеррорлық күреске  қатысу. Мемлекеттің құралымының  типтері: унитарлық, федеративтік, конфедеративтік. Мемлекетті басқару турлері: монархия және республика. Монархия: абсалютті  және конституционалды. Республика: парламенттік, президенттік және жартылай президенттік. Сайлау институтты. Мажоритарлық және пропорционалдық. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әр сайлау аймағынан бір  кандидат қана жеңіске жетеді. Егерде ол заңға сәйкес көп дауыс алса, онда сайлау бірінші турмен бітеді. Егерде ала алмаса онда екінші тур  болады. Бул турда ең көп дауыс  жинаған кандидат жеңіске жетеді (50% + 1 бюллетень). Пропорцианалдық жүйеде парламентігі орындар партиялық  тізім бойынша дауыс алғандар негізінде бөлінеді. Партиялардың сайлаушылардың даусты жинаудың ең төменгі пайызы заңдастарылып сол негізінде  партиялардың дауысқа ие болғандықтары  анықталады.

Информация о работе Курс лекций по "Политологии"