Лекции по "Финансовому менеджменту"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 19:16, курс лекций

Описание работы

Тақырып 1. Қаржы менеджментінің мазмұны

Дәріс сұрақтары:
Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты және міндеттемелері
Қаржылық менеджменттің негізгі қағидалары
Қаржыландыру көздері
Қаржылық менеджменттің қызметі және механизмі

Файлы: 1 файл

Дәрістер конспектілері.docx

— 186.66 Кб (Скачать файл)

  Таңдау еркіндігі. Оның кепілдігі ретінде жеке меншік танылады. Бұл өзінің қызметі үшін ең жарамды деген ресурстарды алу және тауарларды нарықта сату, қандайда болмасын тауарларды алу.

   Бәсекелестік.

Еркін баға белгілеу жүйесі. Бағаларда фирмалардың және жекелеген тұлғалардың таңдауы тіркеледі.

Шектелген мемлекеттік араласу.

Нарықтық шаруашылықтың  субъектілері:

1. Үй шаруашылықтары- адамзат  капиталының өндірісін, қайта  өндірісін қамтамасыз ететін, қандай  да бір фактордың меншік иесі  болып табылатын, шешімді жеке  дара қабылдайтын құрамында бір  немесе бірнеше тұлғалар бар  экономикалық бірлік, яғни мұның  бәрі тұтынушылар.

2. Фирма- өнімдерді сату  мақсатында дайындау үшін өндіріс  факторларын қолданатын, пайданы  максималдандыруға талпынатын, шешімді  жеке дара қабылдайтын бірлік.

3. Мемлекет- бұл үкіметтік  және мемлекеттік мекемелер.

3.  Несиелеу саясаты пайда болу жағдайы: қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушінің дербестігі,өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы.

Нарық функциялары: ақпараттық, делдалдық, баға белгілеу, реииеуші, сауықтыру.

Нарық құрылымының жіктелуі:1. Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша. Ол тауар мен қызмет нарығы,өндіріс факторларының нарығы, қаржы нарығы, ақпарат нарығы болып бөлінеді.

2. Географиялық орналасуы  бойынша. Ол жергілікті нарық,  аумақтық нарық, ұлттық нарық,  дүниежүзілік нарық болып бөлінеді.

3. Бәсекенің шектелу деңгейі  бойынша. Ол монополиялық нарық,  олигополиялық нарық, жетілдірілген  бәсеке нарығы болып бөлінеді.

4. Сала бойынша. Ол автомобиль  нарығы,компьютерлік нарық және  т.б.

5. Сатылу сипаттамасы  бойынша. Ол көтерме сауда нарығы, бөлшек сауда нарығы, фьючерстік  сауда нарығы.

6. Заң нормаларына сәйкестігі  бойынша. Ресми нарық,қара базар.

Несиелеу саясаты:

1. Тауар биржалары, көтерме  және бөлшек сауда кәсіпорындары,  аукциондар, жәрмеңкелер, делдал  фирмалар

2. Банкілер, сақтандыру компаниялары, қор биржалары(қаржы рыногы: ақшалық,валюталық,  бағалы қағаздар рыногы)

3. Еңбек биржалары (еңбек  нарығы)

4. Ақпарат орталықтары,  жарнамалық агенттуктер, заң мекемелері (ақпараттық нарық)

Несиелеу саясаты:

Артықшылықтары:

1. ресурстарды тиімді  орналастыру

2. өзгеретін жағдайға  икемділікпен бейімделу

3. нарықтық процеске қатысушылардың  таңдау және әрекет еркіндігі

4. бағаны төмендету мақсатындағы  бәәсекенің дамуы және т.б.

Кемшіліктері:

1. өндірістің үйлесімсіз  дамуының мүмкін болуы

2. қоғамдық проблемаларды  шешпейді

3. жұмыспен қамтамасыз  етпейді

4. қоғамның бай және  кедей топтарына бөлінуінің күшеюі  және т.б.

4. Банк (итальян тілінде-орындық)- уақытша бос тұрған еркін ақшаны пайыздық өсіммен төлеуге қарызға беру үшін жинақтайтын ерекше экономикалық институт.

Банктердің қызметтері:

-несие беруде және  төлемдерде делдалдық ету;

-ақшалай табыс пен  жинақ ақша бөліктерін капиталға  айналдыру;

-айналымның несиелік  қаржысын (вексельдер,чектер, банкноттар) жасау.

Банктердің экономикалық ролі- ақшалай капитал жинақталып жатқан экономика саласынан оны  алып, пайдаланып жатқан экономика  саласына беруді қамтамасыз ету.

Банктердің қызметтері және операциялар сипаты бойынша жіктелуі:

-Орталық эмиссиляқ;

-Коммерциялық депозиттік;

-Инвестициялық;

-Жинақтық;

-арнайы мақсатқа арналған.

Банктердің негізгі операциялары:

1.Ақша ресурстарын жұмылдыру.Енжар-депозиттер  қабылдау,акциялар мен басқа банктерден  алынған басқа бағалы қағаздарды,несиелерді  сату.

2. Ақша ресурстарын тарату. Белсенді-несиелер беру, акциялар, облигациялар  сатып алу, лизинг, факторинг,  банк инвестициялары, вексельдермен  операциялар.

Коммерциялық банктер  белсенді және енжар болып бөлінеді:

Белсенді-қолда бар ақша, өз меншігі, резервтер,несиелер,т.б.

Енжар-акциялар, чек түріндегі  салым ақшалар, қысқа мерзімді және жинақ салым ақшалар,т.б.

Банк кірісі (маржа)-несиелер мен салым ақшалар бойынша  пайыз мөлшері арасындағы айырма.

Міндетті резервтер (RR)-әр коммерциялық банк елдің орталық  банкінде ұстауы тиіс салым ақша соммасының бөлігі. Банктің міндетті резерв көлемі заң бойынша белгіленген резерв сақтау нормасына байланысты. Бұл  резервтер коммерциялық банктердің несие беріп, қарыздарын қайтару  қабілеттілігіне бақылау жасауға  арналған.

Артық резервтер-банктің  несиеге беруге арналған, міндетті резервтен артық барлық басқа  қаржысы. Банк несие бере отырып, жаңа депозитті ақшалар жасайды.

Коммерциялық банктер  белсенді және енжар болып бөлінеді:

Белсенді-қолда бар ақша, өз меншігі, резервтер,несиелер,т.б.

Енжар-акциялар, чек түріндегі  салым ақшалар, қысқа мерзімді және жинақ салым ақшалар,т.б.

Банк кірісі (маржа)-несиелер мен салым ақшалар бойынша  пайыз мөлшері арасындағы айырма.

Міндетті резервтер (RR)-әр коммерциялық банк елдің орталық  банкінде ұстауы тиіс салым ақша соммасының бөлігі. Банктің міндетті резерв көлемі заң бойынша белгіленген резерв сақтау нормасына байланысты. Бұл  резервтер коммерциялық банктердің несие беріп, қарыздарын қайтару  қабілеттілігіне бақылау жасауға  арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 10. Инвестициялық жобаларды талдау әдістері. Жоба тәуекелін талдау әдістері

Дәріс сұрақтары:

    1. Капитал салым сметасын құру мақсаты және кезеңдері
    2. Дисконттық емес әдіспен инвестицияны бағалау
    3. Дисконттық әдіспен инвестицияны бағалау
  1. Капитал салымы туралы шешім – инвестициялық жобаға қатысты ұзақ мерзімдік шешім. Бұл шешім капитал салымының сметасын құру процесіне және оның рентабельділігі мен өзін өзі ақтауын бағалауға байланысты болады. Бұл мәселе келесі бағыттарда қолданылады:
  • қандай инвестициялық жобаны таңдау қажет;
  • жобаны жүзеге асыруға кететін жалпы капитал салымының сомасын анықтау;
  • жоба портфелін қаржыландырлуын анықтау.

Осы айтылған шешімдер пайдаға  салынған салым негізінде бағаланады. Кәсіпорынның әр түрлі мақсаты болуы  мүмкін. Мысалы: жоғарғы табыс табу, сату көлемін ұлғайту, өмір сүруін қамтамасыз ету, нарықта жоғарғы үлеске қол  жеткізу. Бизнестің екі мақсаты  бар: рентабельділік және өмір сүру. Тәуекелділігі  жоғары жобаны инвестициялаудың нәтижесі сәтсіз болуы мүмкін. Сондықтан тәуелді  жоба компанияның болашақта өмір сүру ықтималдылығын төмендетеді. Ұзақ мерзімдік капитал салымын талап  ететін инвестициялық жобаларды  екі топқа бөлуге болады:

  1. қосымша пайда табу мақсатында бұрынғы өндіріс көлемін ұлғайту немесе жаңа өнім өндіру үшін айналым капиталын арттыру және ұзақ мерзімдік активтерді сатып алу.
  2. Операциялық шығынды азайту үшін қолданыстағы активтерді айырбастау.
  3. Еңбек шығынын азайту үшін өндірісті автоматтандыру қажет пе? Компанияның коммерциялық мақсатының негізгі көздері: клиент, бәсекелестік.

Өнім мен қызмет туралы клиенттің пікірі - өндірісті жетілдіруді  немесе алмастыруды қажет етеді.Ірі  компанияларда жаңа технологияны таңдаумен  айналысатын арнайы зерттеу бөлімдері  болады. Бәсекелестік жағдайында компания өз бәсекелестерінен технологиялық, сапа және қызмет көрсету бойынша қалыс  қалмауға тырысады. Технологияны жаңарту  және өндіріс шығынын азайту көбінесе компаняиның инженерлеріне немесе басшыларына байланысты болады. Қызметкерлерінің ұсынған жаңа жобаларын қолдайтын  компанияларда жаңа идея жөнінде  мәселе болмайды.

Капитал салымы бойынша шешім  қабылдау үлгісі төменде көрсетілген:

 

2. Инвестициялық  мүмкіндіктерді қарастыру

1. Мақсатты анықтау

4. Мүмкін бастамаларды тізімдеу

5. Сыйақыларды өлшеу

6. Инвестициялық жобаларды таңдау

7. Жобаға рұқсат алу және жүзеге  асыру

8. Капитал салымы бойынша қайта  талдау

3. Сыртқы жағдайды анықтау

  1. Дисконттық емес әдіспен инвестицияны бағалаудың мынандай екі әдісі бар: ақтау мерзімін анықтау және табыстылықтың есептік коэффициенті

1. Ақтау мерзімін анықтау.  Ақтау мерзімі – капитал салымына  жіберілген ақша қаражатын қайтарып  алу мерзімін айтамыз. Егер  капитал салымынан келіп түсетін  ақша ағымы әрбір жылы бірдей  соманы құраса, онда ақтау мерзімі  бастапқы инвестиция сомасын  жыл сайынғы күтілген түсім  сомасына бөлу арқылы табуға  болады. Мысалы: Жоба бойынша бастапқы  инвестиция – 100 000тг. Жыл сайынғы таза ақша түсімі – 20 000тг. О.б ақтау мерзімі мынаған тең: 100 000/20 000=5 жыл.

Егер капитал салымынан  келіп түсетін ақша ағымы әрбір  жылы әр түрлі соманы құраса, онда ақтау  мерзімі бастапқы инвестицияны өтегенге дейін жинақталады. Ол келесі формуламен анықталады:

Ақтау мерзімі=толық ақталу мерзімі+жыл басындағы өтелмеген  инвестиция бөлігі/осы жылғы таза ақша түсімі

Мысалы: Төменде мәліметтер берілген:

 

Бастапқы инвестиция

1 жылы

2 жылы

3 жылы

4 жылы

5 жылы

Таза ақша түсімі

100 000тг

40 000

40 000

30 000

35 000

45 000


 

Мәлімет бойынша 3 жылы инвестицияны өтеу үшін 20 000тг жетпейді. О.б. ақтау мерзімі мынаған тең:

t=2+20000/30000=2.666  жыл

 

Егер альтернативтік жобалар  болса, онда қайсысының ақтау мерзімі  аз болса, сол жоба қабылданады. Мысалы:

 

 

 

 

Таза ақша түсімі:

Жоба

Бастапқы инвестиция

1 жылы

2 жылы

3 жылы

4 жылы

А

100 000

60 000

40 000

10 000

 

Б

100 000

40 000

40 000

20 000

50 000


А жобасы бойынша ақтау  мерзімі: 1+20000/40000=1.5 жыл

Б жобасы бойынша ақтау  мерзімі: 2+20000/20000=3 жыл

Сонымен А жобасы таңдап алынады. Бұл әдістің кемшілігі  ақтау мерзімінен кейінгі ақша түсіміне назар аударылмайды.

  1. Табыстылықтың есептік коэффициенті. Бұл әдіс есептік табысқа негізделген. Есептік немесе бухгалтерлік табыс жоба бойынша жылдық орташа табыстың бастапқы инвестициялық салымның орташа жылдық сомасына қатынасы арқылы анықталады.

ARR=жылдық орташа пайда/[.б.  инвестиция+ж.с. инв]/2

Мысалы: Жоба бойынша бастапқы инвестиция 100 000тг. Жүзеге асырылған жобадан 5 жылда 75 000тг табыс түседі. Табыстың жылдық орташа сомасы 15 000тг Мерзімнің соңыда жойылу құны қарастырылмаған. Есептік табыс коэффициенті мынаған тең:

ARR=15000/[100 000+0]/2=30%

Бұл коэффициенттің мазмұны  активтердің рентабельділігіне  ұқсас.

  1. Инвестицияны бағалаудың дисконттық әдісінің үш түрі бар: Ақша ағымын дисконттеу, таза келтірілген құн әдісі, ішкі табыстылық мөлшерлемесі.
  2. Ақша ағымын дисконттеу әдісі бойынша белгілі бір кезеңде жобадан түсетін болашақ ақша түсімі өлшенеді. Бұл әдіс ақшаның уақытша құнын пайдаланады. Болашақ құнды келесі формуламен анықтаймыз:

FV=V0(1+k)n

Мұндағы, V0 – бастапқы инвестиция; k – капитал салымынан түсетін табыстың нормасы; n – капитал салымының мерзімі.

Мысалы: 1 000 тг жылына 10 пайызбен 3 жылға қайта инвестициялауға салдық. Инвестициялық салымның болашақ құны мынаған тең: FV=1000(1+0,1)3=1331тг немесе 1000*1,331=1331 тг

Болашақ ақша бірлігігінің бүгінгі құнын дисконттық құн  немесе ағымдық құн д.а. Ағымдық  құн келесі формуламен анықталады:

Информация о работе Лекции по "Финансовому менеджменту"