Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 09:36, курсовая работа
Нарықтық экономикада кәсіпорынның тұрақты қызметтін қамтамасыз ету үшін қаржыларды тиімді басқару қажет. Кез келген коммерциялық ұйымның мақсаты ақша қаражаттарымен және тәуекелдікпен байланысты. Сонымен қатар, ұлттық экономиканың әлемдік кеңістікке кіруі нарықтарды кеңейтіп, бәсекелестікті күшейтеді, ал отандық кәсіпорындар үшін қаражаттарды тиімді қолдануға талап туғызды. Қаржы менеджментінің үш негізгі міндеттеріне жатады: табыстылықты басқару, ақша каражаттарының бюджетін құрастыру, өтімділікті талдау. Осы міндеттерді атқару үшін арнайы дайындық қажет.
Бюджеттендіру
– қаржылық жоспарлау технологиясы,
ұйымдар тарапынан алынған
Бюджеттендіру мақсаты – ұйым-мекеменің қаржылық әрекеттерінің тиімділігін арттыру.
Бюджеттендіру міндеттері:
- бюджеттің жоспарлы көрсеткіштерінің лайықты есебі;
- деректік және жоспарлы көрсеткіштерді салыстыру мен талдау;
- ұйымның қаржылық жағдайына бақылау;
- әр түрлі құрылымдық бөлімшелердің тиімділігіне талдау, шығындардың тармақтарының лимиттерін анықтау;
- ұйымдарды дамытуды бағдарлау мен инвестиция салымдарының болашағы зор салаларын анағұрлым іріктеу;
қаржылық тәртіпті нығайту.
Негізгі бюджеттендіру – бюджетті жүйелі құрастыру.
Бюджеттендіру – бұл бір жағынан, үдеріс, қаржылық жоспарларды, сметаларды құрастыру (бюджет), басқа жағынан – басқару технологиясы, қабылданған басқару шешімдерінің қаржылық негіздерін көтереді. Басқару шешімдері – бұл талдау нәтижелері, бағдарлау, оңтайландыру, экономикалық негіздеу мен нақты нұсқаларға жол ашу. Бюджеттендіруді ұйымның қаржылық-шаруашылық әрекеттерін басқару технологиясы ретінде қарастыруға болады. Бұл технологияның аясында есеп, талдау, бақылау, және әрекеттердің барлық түрлерін реттеу жалғасады.
Бюджеттендірудің басты міндеті – шығындардың барлық түрлеріне бақылауды қамтамасыз ету, яғни нақты бір басшы жауаптылығы болады. Барлық қажетті шектеулер қадағаланады және атқарушылардың өздерінің тарапынан қамтамасыз етіледі, яғни қажетті жағдайда «ішкі қорлар» ізделіп, тағайындалған лимиттер мен шығындар нормативтерін қадағалау назарда болады.
Бюджеттендіру инвестицияны салу салаларының болашағы зор түрлерінің міндеттерін шешеді, инвесторлар үшін тиімді ахуалдардың шешуіне түрткі болып, тиімсіз активтерді анықтайды. Бюджеттендіру инвесторлар мен несиегерлерге тәжірибелік тұрғыда ұйымның қаржылық-экономикалық жағдайы туралы барлық ақпараттарды алуға жол салады.
Қаржылық жоспарлауда қолданылатын бюджеттің түрлері төрт негізгі топқа бөлінеді:
- негізгі бюджеттер (қаржылық);
- операциялық бюджеттер;
- көмекші бюджеттер;
- арнаулы бюджеттер.
Барлық бұл бюджеттер жиынтық өндірістік немесе негізгі бюджет құрастыруда қолданылады (мастер-бюджет). Осы орайда мастер-бюджет ретінде ұйым немесе жекелеген бизнес үшін дайындалады.
Арнаулы және көмекші бюджеттердің міндеттері қорытынды ақпараттарды өңдеу мен бастапқы түрлерін дайындауда қажет, бұлар негізгі бюджетті құрастыруда қажет.
8 Корпоративтік қайта құрылымдау
Сыртқы ортаның белгісіздігі мен кәсіпорынның өмірлік жағдайларының қарқындылығы жағдайларында қаржылық диагностиканы жүргізуді жолға қоюдың қажеттілігі – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл ең алдымен тұрақсыз өқаржылық жағдай қалыптасқан кәсіпорын үшін өзекті, сол сияқты шынайы уақыт аясында бақылау-сауықтыру стратегияларын жүзеге асырып отырған өндірістерге де қолайлы, бұнымен қоса нарықтық экономика жағдайларында тұрақты түрде қызмет атқаратын кәсіпорындар үшін превентивті диагностика жүргізу мақсатында жалғасын табады.
Қазақстанда институционалды өзгерістер нәтижесінде нарықтық қатынастарға бағдарланған ұлттық шаруашылық жүйелері қатынастары қалыптасуда. Соның өзінде, ол көбінесе шетелдік экономикалық жүйелерден дамудың тұрақтылығы мен өзінің сенімділік деңгейіне қатысты қалуда, бұның барлығы жоғары тәуекелдік деңгейлеріменг байланысты, үнемі ықпал ететін деструктивті сыртқы және ішкі факторлардың орын алуымен қатысты, сол сияқты әр түрлі нарық субъектілерінің іскерлік белсенділігінің кезеңдеріндегі ерекшеліктермен, оларды қаржылық сауықтырудағы бағдарламаларды таңдаудағы аналитикалық негіздеудің тәжірибелік және методологиялық әдіс-амалдарының жеткіліксіздігі салдарынан да болады.
Нарықтық экономика үшін тән жағдай - өткеннен бүгінгі күнге экстраполяцияның шектеулілігі мен стационарлылығның болмауы, іріктеу, жүйелілік пен кәсіпорынның қаржылық жағдайларының кілтті көрсеткіштерін бағалау өз мәнінде іске аспауы. Осылайша, менеджменттің бірден-бір маңызды құралы – кәсіпорынның қаржылық банкроттығын диагностикалау. Оның үстіне, қаржылық диагностика тәжірибесі мен теориясы қалыптасу кезеңінде тұр. Аталмыш салада методологиялық, қызметтік, ұйымдастырушылық және басқа да көптеген сұрақтар бойынша көзқарастардың алшақтығы сақталу үстінде.
Қазіргі уақытта кәсіпорынды диагностикалау көбінесе өндірістік-қаржылық есептер жиынтығын талдауға байланысты, яғни кәсіпорынның банкроттық тәуекелдігін бағалаумен аяқталады, жеке ғалымдар бұл ахуалды сауатты басқару шешімдерін қабылдау үшін жеткіліксіз деп санайды. Олардың есептеуі бойынша, кәсіпорынның диагностикасы қаржылық және басқарушылық талдау жүйелерінің орталық элементі болып есептеледі, оның басты міндеті мәселе туындатып отырған үлескілерді және даму нүктелерін анықтау ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынның тұтастай даму жүйесін назарға алу. Басқару шешімдерін тиімді қабылдау өзара тығыз байланысты үш факторды бағалаумен және соның негізінде талдау жасаумен ұштастырылады: қаржылық тұрақтылық, банкроттық тәуекелдігі және кәсіпорындағы дағдарыстар.
Қаржы менеджмент теориясында кәсіпорынның банкроттық тәуекелдіктерін диагностикалаудың кешенді механизмдері көптеген ғалымдармен қарастырылады. Олардың арасында кең тараған кәсіпорынның банкроттық тәуекелдіктерін үш қырлы кеңістікте анықтау В. Ю. Ждановтың (Х,У,Z) әдістемесі, мұндағы Х –кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, У – банкроттықтың тәуекелдік ықтималдығы, Z –дағдарыстың кезеңі [8].
Көптеген авторлар банкроттықты диагностикалауды кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің маңызды бағыты ретінде қарастырады [10,11]. Банкроттықты диагностикалау Бланк И. А. пікірі бойынша [9], өз алдына қаржылық талдаудың мақсатты жүйесін құрайды, кәсіпорынның дағдарыстық даму параметрлерін анықтауға бағытталып, алдағы уақытта оны банкроттықтың қауіп-қатерлерінен сақтандыру мақсатын көздейді. Осылайша, кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау деп кәсіпорынның тұрақсыздық пен банкроттыққа жақындық деңгейін анықтау шаралары жалғасын табады.
В. Ю. Ждановтың қарым-қатынасы жоғарыда айтып өткендерден мына жайлар бойынша ерекшеленеді: банкроттық тәуекелдігі кәсіпорынның дағдарысының дамуымен және қаржылық тұрақтылығының қатар өрбуімен қатысты, яғни міндетті түрде кәсіпорынның банкроттық немесе белгсіздік ахуалына жақындығын ғана анықтап қоймай, сонымен бірге кәсіпорынның дағдарысының даму кезеңдерін анықтап, кәсіпорынның өзінің қаржылық тұрақталығына баса назар аудару қажет.
Банкроттықтың тәуекелдігін диагностикалау деп В. Ю. Жданов мына тұжырымдарды алға тартады «кешенді талдау, яғни кәсіпорынның қаржылық әрекеттеріндегі мәселе туындатып отырған жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді, сол сияқты қаржылық тұрақтылықты және банроттық тәуекелдігінің ықтималдығын бағалап, қарастыруға жол салады, кәсіпорындағы дағдарыстың даму сатысын айқындауға жол салып, солардың негізінде қаржылық жағдайды жақсарту үшін лайықты да ұтымды басқару шешімдерін қабылдауға ықпал етеді».
4-ші суретте
кәсіпорындағы банкроттық
Кәсіпорынның банкроттық тәуекелдігін диагностикалаудың антидағдарысты алғышарты – логистикалық регрессионды моделі болып саналады (logit-модель) кәсіпорынның банкроттық деңгейін бағдарлау. Logit-модель кәсіпорындағы банкроттық тәуекелдігінің ықтималдығын есептеп (R), нәтижесінде 0-ден 1-ге дейінгі мәндерді қабылдайды ( 0 % дан 100 %). Банкроттық ықтималдығы туралы тұжырым 0-ден 1-ге дейінгі ықтималдық есептік мәндерінің «жақындығына» байланысты іске асырылады. Нөл банкроттықтың минималды тәуекелдігін байқатады, бірлік – соған сай максимальды шаманы. Аталмыш ерекшелік logit-моделдерде кәсіпорынның менеджментінің нәтижелерін талдауды қысқартады.
4-сурет –
Кәсіпорынның банкроттық
Отандық дайындамалар
logit-моделдерде банкроттық тәуекелдіктерін
бағалау үшін тәжірибелік тұрғыда
орын алмайды, сол үшін диагностика
механизмінің тұғыры ретінде Минусси
Дж., Супрамайнена Д., Д. Уорсинктонның
logit-модельдерін (2007) қолданылады [8]. Модель құру үшін эмпирикалық
база ретінде Бразилия кәсіпорындарының
қаржылық есептерінің деректері қызмет
етеді, яғни экономикасы, бірқатар аналитикалық
шолулар байқатқандай, Қазақстан экономикасына
ұқсас қасиеттерге ие. Минусси-Супрамайнена-
, (8.1)
мұндағы R –кәсіпорынның банкроттығының тәуекелдігінің ықтималдығы;
Х1 – қаржылық жұмыс капиталының түсімге
қатынасы;
Х2 – қаржылық леверидж;
Х3 – жабу коэффициенті;
Х4 – өзіндік жұмыс капиталының түсімге қатынасы;
Х5 – жұмыс капиталына деген қажеттіліктің түсімге
қатынасы.
Қаржылық тұрақтылықты талдау мен бағалау (Strength) кәсіпорында қаржылық жағдайды кіріктіре бағалау көмегімен жүзеге асады, нәтижесінде Донцова Л. В. мен Никифоровалардың Н. А. скорингті талдау әдістемелері қолданысқа енеді [10], яғни қаржылық тұрақтылықтың 5 класы бөле-жара нұсқалады:
1-ші класс
– абсолюттік қаржылық
2-ші класс – қалыпты қаржылық жағдайларды ұйымдастыру. Олардың қаржылық коэффициенттері тұтастай алғанда оңтайлыға өте жақын, бірақ кейбір коэффициенттері бойынша артта қалу бар. Көбінесе бұл – рентабелді ұйымдар;
3-ші класс
– бұл ұйымдар, қаржылық
4-ші класс
– бұл тұрақсыз қаржылық
5-ші класс
– бұл дағдарысты қаржылық
жағдайдағы кәсіпорындар. Олар төлем
қабілеттілігі жоқ және
Кәсіпорынның дағдарысын бағалау мен талдау кезеңі блогында (Crisis) сандық қаржылық коэффициенттер көмегімен әр кезең жағдайы анықталады, бұдан басқа әр кезең өзінің банкроттық тәуекелдігінің ықтималдығының аясымен ерекшеленеді. 1-ші кестеде банкроттық тәуекелдігінің ықтималдығы мен кәсіпорынның дағдарысының даму кезеңдерінің байланысы көрсетілген, сол сияқты әр кезеңді анықтау үшін қажетті деп саналатын коэффициенттердің мәндері нақтыланады.
Стратегиялық дағдарыс кәсіпорынның құнының азаюынан басталады – ∆BV=ВVt-BVt-1<0, мұндағы BVt – есептік мерзімдегі кәсіпорынның құны, ал BVt-1 – өткен есептік мерзімдегі кәсіпорынның құн шамасы. Аталмыш кезеңде банкроттық тәуекелдігінің ықтималдығы өте төмен көрсеткіштерді аңғартады.
Құрылымдық (тактикалық) дағдарыс экономикалық үстеме құнның көрініс алатын көрсеткіштерінің төмендеуінен басталады - EVA (Economic Value Added). Аталмыш кезең басталуы – ∆EVA<0.
Шұғыл дағдарыс өзіндік капиталдың рентабелділік көрсеткіштерінің азаюынан басталады – (∆ROE<0). Аталмыш кезеңде банкроттық тәуекелдігінің ықтималдығы кезеңі logit-моделі бойынша мынадай диапазонда – 30 % дан 45 %-ға дейін.
Кәсіпорынның өтімділік дағдарысының кезеңі кәсіпорынның өтімділік жағдайын байқататын коэффициенттермен ерекшеленеді, яғни кәсіпорынның өзнің қысқа мерзімді міндеттемелерімен есеп айырысу қабілттілігі көрініс алады ( 1 жылға дейін). Аталмыш кезеңде кәсіпорынның банкроттық тәуекелдігінің ықтималдық кезеңінде logit-моделі бойынша мына интервалда орын алады – 45 % дан 60 %-ға дейін. Аталмыш кезең келесі коэффициенттермен сипатталады:
- абсолюттік өтімділік коэффициенті (Кал). Коэффициенттің ұсынылатын шамасы мынадай 0,1-0,7 диапазонда жатады. Коэффициенттің экономикалық мағынасы келесіде қысқа мерзімдік міндеттемелердің қандай бөлімі ең өтімді активтермен өтеледі.
- ағымдағы өтімділік коэффициенті (Ктл). Ұсынылатын коэффициенттердің мәндері 2-ден жоғары болуы тиіс. Бірақ егер мән 3-тен жоғары болса, онда бұл капитал құрылымының оңтайлы еместігінен хабардар етеді. Аталмыш коэффициент кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындай алатын қабілеттілігін байқатады. Төлем қабілеттілігі дағдарысының кезеңі басталуы мынадай жағдайда сипат алады, егер банроттық тәуекелдігінің ықтималдығы 60–80 % шектік мәнінде орын алатын болса және төлем қабілеттілігінің коэффициенттері нормативтік мәннен аз болса, уақыт өте келе нашарлайды. Төлем қабілеттілігінің коэффициенттері кәсіпорынның өзінің барлық міндеттемелер бойынша есептеулерді орындай алатын деңгейін аңғартады (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Аталмыш кезең келесі коэффициенттермен сипатталады: