Курс лекций по "Менеджменту"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 15:32, курс лекций

Описание работы

Работа содержит курс лекций по "Менеджменту" на казахском языке.

Файлы: 1 файл

МЕНЕДЖМЕНТ лек.doc

— 799.00 Кб (Скачать файл)

Ұйымның өмір сүруінің мәні оның пайда болуының себебін және оның бәсекелестерінен ерекшелігін ашып көрсету. Ұйым миссиясында  оның бірегейлігі және рыноктың әр түрлі субъектілеріне маңыздылығы көрсетіледі. Ұйымның барлық мақсаттары оынң миссиясын іске асыру үшін анықталады және жасалады.

Ұйым миссиясын  анықтаған кезде мүдделері фирма қызметіне әсер ететін негізгі субъектілері ескерілуі керек:

-фирманың  иегерлері  мен қожайындары;

-фирма қызметкерлері;

-фирма  тауарын (қызметін) сатып алушы клиенттер;

-фирманың іскерлік  серіктестері;

-фирма қызметінің мүмкіндіктері  мен шектерін анықтаушы макроқоршамын құрушы саяси, құқықтық және қоғамдық институттар түріндегі жалпы қоғам.

Миссияны анықтау мақсатты қоюдың ең алғашқы шығу нүктесі болып  табылыды. Ары қарай:

    • стратегиялық бағыты анықталады- жоспарланған кезеңдегі фирма қызметінің басты бағыты;
    • жалпы кәсіпорын бойынша және оның бөлімшелеріне мақсаттар жүйесі жасалады;
    • ұйым мақсаттарынның келіспеушілігі болмас үшін барлық бөлімдер мақсаттарын келісіледі.

1. Бағытты  (бағдар) анықтау. Бағдар-таңдап алынған  кезеңде кәсіпорынның немесе  оның жекелеген бөлімшесінің жалпы бағыты. Бағдар компетентті қызметкерлердің фирманың ішкі мүмкіншіліктері мен потенциалы туралы сапалы  пікірлерінен тұрады. Бағдарды белгілеу кәсіпорын басшысының функционалды міндеті болып табылады..

2. Мақсаттар  жүйесі.  Кәсіпорын дамуының басты мақсаттарына сәйкес әр бөлімше үшін мақсаттар жүйесі құрастырылады. Басқарудың әр деңгеіндегі мақсаттарды бір кешенді жүйеге реттеу «мақсаттар ағашы» деген атқа ие болды (6.1-сур.).

Мақсаттар ағашын құру процедурасы  бірнеше тізбекті қадамдардан  тұрады:

-ағаштар төбесін  анықтау- ұйымның жалпы мақсаттарын   анықтау.  Белгілі уақыт кезеңінде  бірнеше жалпы мақсаттар болуы  мүмкін емес. Осы мақсатқа байланысты  әрекеттің соңғы нәтижесі және  осы нәтиженің тиімділігі анықталады.

- әрекет бағыты  бойынша келесі деңгейлеріді құру немесе мақсаттарды декомпозициялау. Әрбір келесі деңгей мақсаттың жоғарғы деңгейін жетуді қаматамасыз ететіндей болып құрылуы керек.

-ағаштың әрбір  «бұтағы» мақсаттарға жету әдісін  емес, қандай да бір көрсеткішпен  көрсетілетін нақты соңғы нәтижесін көрсетеді.

-декомпозицияның  бір деңгейдегі кіші мақсаты  өзара тәуелсіз (паралельді).

Мақсаттар иерархиясы тікелей кәсіпорын құрылымымен  және оның ерекшеліктерімен байланысты. Кәсіпорын құрылымының ұйымдық  құрылымы күрделі болған сайын , қызмет түрі әр түрлі болған сайын соғұрлым мақсаттар ағашы күрделірек болады.

     Мақсаттар иерархиясы деңгейін  анықтау басқарудың функционалдық  принципі негізінде , сондай-ақ  тауарлы-нарықтық принцип бойынша  да жүргізіледі. Функционалдық  шектеулер өндіріс, кадрлар, маркетинг, қаржы мазмұндары бойынша топтастырумен байланысты.

Функционалдық бөлу негізінде құрылған ұйымдар  үшін мақсаттар ағашы келесідей  принцип бойынша құрылады: кәсіпорын  мақсаты-функционалдық (бөлімшелер бойынша) мақсаттар- оралымды (оперативті) мақсаттар. Тауарлы-нарықтық принцип бойынша құрылған ұйым үшін: кәсіпорын мақсаты- бизнестер мақсаты оралымды мақсаттар. Практикада көбінесе бұл екі принцип  бірігіп кездеседі де мақсаттар ағашының құрылымы келесідей болады: кәсіпорын мақсаттары- бинес мақсаты- бөлімшелердің функционалдық мақсаттары-оралымды мақсаттар.

3. Мақсаттар  қарама-қайшылығын бағалау.  Мақсаттар  жүйесін құрған барысында оларды  іске асыруда «мақсаттар ағашының  » барлық композициясының бұзылуына  әкелетін қайшылықтар кездесуі  мүмкін екенін ескеру керек. Қайшылықтар үш  деңгейде пайда болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.1-сурет. Иерархиялық  үлгі

 

Сыртқы қайшылық—бұл фирма мақсатының сыртқы  орта даму тенденциясына қайшы келуі. Бұл  қайшылықтардың табиғаты әр түрлі болып  келеді. Мысалы, тұтынушылар қалаулары мен фирма мақсаттарының  қайшылығы. Бұл жағдайда негізгі ережелердің бірі – мақсатқа жету бұзылады. Сонымен қатар мақсаттардың сыртқы қайшылығы фирма мүддесімен нарықтың клиенттер, іскерлік серіктестер, инвесторлар, қоғамдық және мемоекеттік институттар сияқты субъектілерінің қайшылығы. Мақсаттардың сыртқы қайшылығын шешу не фирманың нарықтағы іс-құлығының нормасы мен ережісін қатаң реттеу (жарнама туралы, бәсекелестер туралы  заңдар т.б.), немесе әр тарап алатын пайда түрінде барлығының мүдделерінің келісілуі.   

Мақсаттардың  ішкі қайшылығы фирма персоналдарының, менеджерлерініңі және иелерінің мүдделерінің қарама-қарсы келуі нәтижесінде  туады. Ол не басқару деңгейлері бойынша  мақсаттардың келіспеуі немесе оны  нақты орындаушылардың біліктілік деңгейіне мақсаттардың күрделігі мен қолайлылығының болмауынан пайда болады.

Мұндай қайшылықты жою не топ-менеджерлерді жеке меншік иелерінің құрамына кірзізу, ал басқа  жағынан иелерді фирманы басқару  процессініе белсенді түрде тарту  арқылы жүргізіледі.

Топ менеджерлер  мен персоналдардың мүдделерінің қайшылықта болуы функционалды деңгейдегі фирма  мақсаттарының қызметкерлердің  жеке мақсаттарына ауысуына әкеледі, бұл  әрине олардың жұмыс нәтижелерінен  көрінеді. Мұндай қайшылықты жоюдың бірден-бір  әдісі болып олардың материалдық мүдделерін көтеру және мақсаттарды орнату процесінен бастап қатыстыру табылады.

Уақытша қайшылық-  бұл стратегиялық, тактикалық және оралымды мақсаттардың келісілуінің бұзылуы. Бұл көбінесе басқаруда ағымды проблемеларды  шешуге көп көңіл аударылғанда пайда болады. Стратегиялық мақсаттар пайда болған сыртқы және ішкі өзгерістерге оралымды жауап қайтаруға ауысқан кезде пайда болады. Нәтижесінде кәсіпорын өз дамуының негізгі бағдарын жоғалтып алады. Мақсатар жұмысшылардың көпшілігіне түсініксіз болып қалады. Уақытша қайшылықты жою- ағымды стратегиялық мақсаттарға жетуде бақылау деңгейлерін бөлу жолымен іске асады. Осылайша, мақсаттарды орнатудың дұрыс ұйымдастырылған процесі келесілерден тұруы керек:

-фирма қоршамында  бақыланатын тенденцияларды анықтау және талдау;

-ұйым үшін  жалпы мақсаттарды орнату («стратегиялық  үшбұрыш» мақсаттары);

-мақсаттар  ағашын құру;

-фирма мақсаттарының  жеке мақсаттармен келісілуі.

Кәсіпорын мақсаты бұл  берілген уақыт аралығында барлық қызметкерлер күштерін жұмылдыру нәтижесінде жетуге болатын қалаулы жай-күй.

Стратегиялық басқаруда  жоспарлау процессі ауқымында өзара  келісілуі тиіс мақсаттардың  үш типті қарастырылады. Басқару теориясында  оларды «стратегиялық үшбұрыш» деп  атау қабылданған. Бұлар:

-корпоративті мақсатар. Бұл мақсаттар ең алдымен барлық шаруашылық бөлімшелерін қанағаттандыруы тиіс талаптармен, қаржылық мақсаттармен, әрекетті қалаулы жағрапиялық бөлумен, әлеуметтік жауапкершілікке қатысты компанияның алып отырған позициясымен байланысты. Корпоративті мақсаттар- бұл миссияның салдары және нақты іске асуы.

  • Кәсіпкершілік қызмет мақсаттары.  Бұл қалаулы пайда табуға (пайда шамасы, рентабелділік т.б.) және бесеке қабілеттілігіне (нарық үлесі, саладағы жағдайы) қатысты нәрсе.
  • Функционалды мақсаттар. Бұл функционалдық бөлімшелердің корпоративті мақсаттарды сондай-ақ кәсіпкершілік мақсаттарды көздей отырып орнатылатын туынды мақсаттар. Бұған көбінесе өнімділік (бір өнімге келетін шығын, материал сыйымдылығы т.б.), қаржылық ресурсар (мысалы, капитал құрылымы, ақша қлзғалысы, айналым капиталының мөлшері) НИО және ОКР

(оның ішінде: жаңа техногогиялары, қондырғыларды,  өнімді енгізу мерзімі, НИР-ге  кеткен шығын) адамдық ресурстар  (біліктіліктері, ұйымдастырушылық  білімдері) аумағындағы мақсаттар  жатады.

«стратегиялық үшбұрыш» мақсаттары- бұл фирма бөлімшелері бойынша мақсаттардың иерархиялық жүйесі құрылатын жоғарғы деңгейдегі мақсаттар.

Мақсаттарды анықтау кезінде келесі негізгі  талаптарды ескеру қажет:

-объект туралы  қажетті дұрыс ақпаратсыз мақсаттар  орнатуға болмайды;

-мақсаттарды  анықтаудың тек  бір әдісін  қолдану мақсатқа лайықсыз;

- мақсат айқын  жазылуы тиіс және оны орындау  барысында түсінікті болуы керек;

-мақсат нақты  және өлшемді болуы қажет, яғни  сандық көрсеткіштермен көрсетілуі  тиіс (мысалы, сату көлемі, жаңа клиенттердің саны, ақпараттың берілуінің кезеңділігі);

-мақсат берліген  кезеңде қол жетерлік болуы  тиіс;

  -мақсаттар  уақытқа сәйкес болуы қажет.  Ұзақ мерзімдік мақсаттар миссияға , ал қысқа мерзімдік- ұзақ мерзімдікке  сәйкес болуы керек.

-мақсаттар  қарама-қайшылықты болмауы тиіс;

-мақсаттар  бейімді болуы керек, яғни оларға  өзгерістерге сай түзетулер енгізе  алатындай болуы қажет.

       Мақсаттардың  жіктелінуі және түрлері. Мақсаттарды  анықтау кезінде , мақсат- бұл  оған қол жетуі берілген мерзімге, орындаушы деңгейіне, соңғы нәтиже типіне байланысты интегралды көрсеткіш екенін естен шығармауымыз керек. Осыоайша, барлық мақсаттарды мерзімі , орындаушысы және соңғы нәтижесі бойынша үш негізгі белгілері бойынша жіктеуге болады. Схема түрінде бұл жіктелу 6.2-суреттегідей болады.

Шаруашылықтандыру практикасында кәсіпорын басшылығы  әрқашан бірінші кезекте пайда  табу мақсатын қояды. Пайданы келесідей  түрде қарастыруға болады:

-қызмет нәтижесі  мен оған кеткен шығындар айырмасы  ретінде;

-инвестициялаған  капиталды өтемі ретінде;

-айналымнан (жалпы сатудан) процент ретінде.

Егер кәсіпкершілік  қызметтің стратегиялық мақсатына  келер болсақ, онда ол пайданы максималдауды  көрсетеді.

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.2-сурет. Кәсіпорын  мақсаттарын жіктеу.

Бірақ пайда әрқашан  басты мақсат бола бермейді , мысалы кәсіпорынның өсуі, қызметтің үздіксіздігі т.б. болуы мүмкін.

Ұсынылатын  әдебиеттер:

Нег.: 2, 3, 4, 6. 

Қос.: 2, 3, 4.

Бақылау сұрақтары:

1.Ұйым миссиясы дегеніміз  не?

2.Ұйым миссиясы негізінде  қандай мақсаттар өңделеді?

3.Бағдар дегеніміз  не?

4.Жоспарлау процесінде  жүйені құрудың қандай әдістері  бар?

5.Мақсаттардың келіспеушілігін  бағалау қалай жүреді?

6.Стратегиялық басқаруда  мақсаттардың қандай үш  түрі бар?

 

6-Тақырып : Менеджменттегі жоспарлау

Басқарудың басты функциясы  ретінде жоспарлау:

  • ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
  • алға қоылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
  • міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.

Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының  әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды  жүзеге асыруда  тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу табылады.

Жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап береді:

  1. біздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай?
  2. болашақта біз қандай болуымыз қажет?
  3. осы жолда нендей кедергілер орын алған?
  4. мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?

Осыдан барып жоспарлау  барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төменгідей міндеттерді атап өтуге болады:

  1. нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;
  2. қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;
  3. басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу;
  4. еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал –жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
  5. сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.

Жоспарлауды  ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырп, бірқатар бастапқы кезеңдерді атап өтуге болады.

  1. алғашқы кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы алар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау  ортасын зерттеу орындалады.
  2. бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалынып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді.
  3. анықталған м<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 11pt; text-decoration:

Информация о работе Курс лекций по "Менеджменту"