Банктік қызметті ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 17:40, лекция

Описание работы

Банктiк операциялардың барлық түрлерi бойынша клиенттерге коммерциялық принцип негiзiнде қызмет көрсетуге өкiлеттiгi бар түрлi меншiк формасындағы коммерциялық ұйымдар – коммерциялық банктер болып табылады. Олар банк жүйесiнiң екiншi деңгейiне жататындықтан - екiншi деңгейдеi банктер деп те аталады. Коммерциялық банктердiң мақсаты - клиенттерiнiң мүдделерiн ескере отырып банктік қызметтер көрсету және барынша көп пайда табу.

Содержание работы

1.1 Қазақстан Республикасында банктердің қызметтерін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
1.2 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылымы.
1.3 Қазақстан Республикасында банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар.

Файлы: 1 файл

Банк ісі лекциялар.doc

— 506.50 Кб (Скачать файл)

1-тақырып.    Банктік  қызметті  ұйымдастыру  негіздері 

 

1.1  Қазақстан Республикасында  банктердің  қызметтерін ұйымдастырудың  құқықтық  негіздері  

1.2  Банк жүйесі. Қазақстан  Республикасы  банк жүйесінің құрылымы.

1.3  Қазақстан Республикасында банк  қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар.

 

1.1 Банктiк  операциялардың барлық түрлерi бойынша  клиенттерге  коммерциялық принцип  негiзiнде қызмет көрсетуге өкiлеттiгi бар түрлi меншiк формасындағы  коммерциялық ұйымдар – коммерциялық банктер болып табылады.   Олар банк жүйесiнiң екiншi  деңгейiне  жататындықтан - екiншi деңгейдеi банктер   деп  те  аталады.

Коммерциялық банктердiң  мақсаты - клиенттерiнiң  мүдделерiн  ескере отырып  банктік  қызметтер  көрсету  және  барынша көп  пайда табу. 

Коммерциялық банктердің қызметiн ұйымдастыру Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң “Банк және банктік қызмет туралы“  Заң күшi бар Жарлығына,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен  Қазақстан  Республикасының заң актілеріне,  сол  заңдар  мен  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Заң  күші  бар Жарлықтарын  орындау  мақсатында  шығарылған  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  нормативтік-құқықтық  актілеріне сәйкес  келесі принциптерді  сактай  отырып  жүргізіледі. Олардың қатары мынадай:

  • Пайдамен  жұмыс  істеу;
  • Алыпсатарлық  принцип  негізінде  жұмыс  істеу – ресурстарды  арзан  бағамен  сатып  алып  қымбат  бағамен  сату; 
  • Қолда  бар  ресурстар  шегінде  қызмет  көрсету  және  оларды  тиімді  әрі  максимальды  пайдалану;
  • Келешекте   пайда табу  үшін   тәуекелге   бару;
  • “Барлығы  клиент  үшін”   мақсатындағы  позицияны ұстау және  клиенттерді барынша көптеп  тарту стратегиясын  ұстану;
  • Өзара  әріптестік  қатынастар  талаптарын  қатаң  сақтау;
  • Жанама экономикалық тәсiлдердi (заңдардың, нормативтiк актiлердiң, экономикалық нормативтердiң негiзiнде) қолдану арқылы банктердiң қызметiн реттеу.

1.2 Қазақстан Республикасында  екі  деңгейлі  банк жүйесі қызмет  етеді.  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі -  мемлекеттің Орталық банкі және  бірінші  деңгейдегі  банк  болып  табылады. Клиенттерге банктік заңдылықтарда белгілеген  банктік операциялардың барлық түрлері бойынша ақылы негізде қызмет көрсететін коммерциялық банктер - екінші деңгейдегі банктер болып табылады.

ҚР Ұлттық Банкінің  мәліметтері  бойынша  2011  жылдың 1-қаңтарына Қазақстанда тіркелген екінші  деңгейдегі   банктердің жалпы саны – 39. Оның  ішінде 1 банк- мемлекетік. Екінші  деңгейдегі банктердің Қазақстандағы филиалдарының жалпы саны -365.  Екінші  деңгейдегі банктердің шетелдегі өкілдіктерінің  саны-17,  шетелдік  банк- резидент  еместердің   Қазақстан  Республикасындағы  өкілдіктерінің  саны – 29.  Жеке  тұлғалардың салымдарына міндетті  кепілдік  ету/сақтандыру  жүйесіне мүше  банктердің  саны – 36, кастодиандық қызметпен  айналысуға  лицензиясы  бар  банктердің  саны -11.

Қызылода  облысы  бойынша  2010  жылдың 1-қаңтарына банк  филиалдарының  жалпы  саны -10 ( 2011 жылдың 1-қаңтарыбойынша қанша жэәне қандай  банктердің  филиалы  екендігін  студент  өзі  зерттеуі  керек). Бұл  филиалдардың  айырбастау  пункттерінің  саны - 36    

Меншік  түрінің  ең  кең  таралған  формасы - акционерлiк  банктер.  Акциялардың иелерi банктiң  акционерлерi болып саналады және олар акцияларының үлесiне сай банктен  дивидендтер алып отырады. Банк капиталын құрастыруға жеке кәсiпорындар мен жеке тұлғалар қатысуға болатын меншiктiң бұл түрiн шетелдерде жекеменшiк банктер деп атайды. Меншікті  капиталының  мөлшері  бюджет  туралы  заңда  белгіленген айлық  есе,птік  көрсеткіштің  1000 000  еселенген мөлшеріндей болатын және  акционерлерінің саны  500  немесе  одан  да  көп қоғам - халықтық  акционерлік қоғам   болып саналады. Егер банк жауапкершiлiгi шектелген қоғам түрiнде құрылатын болса, онда оның жарғылық қоры құрылтай шартында белгiленген сомаға сәйкес қатысушылардың  қосқан үлестерiнiң  есебiнен қалыптасады.

1.3 Банктің  қызметі  Қазақстан Республикасының  Конституциясы,  Қазақстан  Республикасында  банктердің  қызметін  реттейтін  Қазақстан Республикасының  1995  жыл  31-тамыздағы   “Банк және банктiк қызмет туралы“ заңы   мен   өзге  де  нормативтік құжаттар,   өкілетті орган мен Ұлттық  Банктің нормативтік құжаттары мен ережелері,  бірдейлестірілген халықаралық нормалар  мен шарттар   арқылы жүзеге   асырылады.  Банктің  қызметіне  қатысты  заңдардың  қатары  мынадай:

  1. Өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілген   “Қазақстан   Республикасының  Ұлттық  Банкі   туралы”   заңы.  30 – наурыз  1995  жыл.
  2. Өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілген Қазақстан Республикасының “Банк және банктiк қызмет туралы“  заңы.  31-тамыз   1995  жыл ,  №  2444
  3. Қазақстан  Республикасы  Президентінің “Қазақстан  Республикасы қаржы   нарығы  мен  қаржылық  мекемелерді  реттеу  және  қадағалау  Агенттігі  туралы” Жарлығы.  31-желтоқсан  2003  жыл.  №  1270      
  4. Қазақстан  Республикасының   “Ақша  төлемдері  мен  аударымдары  туралы”   заңы.  29  - маусым   1998  жыл
  5. Қазақстан  Республикасының   “Құнды қағаздар нарығы туралы” заңы.  2-шілде  2003  жыл.
  6. Өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілген Қазақстан  Республикасының  “Валюталық  реттеу  туралы ”  заңы. 24-желтоқсан 1996  жыл
  7. тағы  басқалары

Қазақстан Республикасының өзгертулер  мен толықтырулар  енгізілген “Банк және банктiк   қызмет туралы“ заңы  Қазақстандағы екінші  деңгейдегі  банктердің  құқықтық мәртебесін,  түрлерін,  олардың  құрылу,  жұмыс  істеу  және  қызметін  тоқтату  тәртібін  айқындайды.  Заң   3  бөлімнен  тұрады:

    1. Банктердің  құрылуы  мен  жұмыс  істеуінің  негіздері  мен  шарттары;
    2. Банктердің  құқықтық  мәртебесін  өзгерту мен банктердің  қызметін тоқтату  ерекшеліктері;
    3. Қорытынды  бөлім;

Бұл  заң  бойынша  Қазақстанда  қызмет  ететін банктер:

Шетелдік  капиталдың  қатысуымен  ашылған  банктер  -  рналастырылған акцияларының  үштен  бір  бөлігінен  астамы: 

  1. Қазақстан  Республикасының резиденттері  еместердің;
  2. орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының; 
  3. Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы заңның 6-бабында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк. 

Мемлекетаралық  банк – халықаралық  шарт  негізінде  құрылған,  құрылтайшылары  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  немесе  оның  өкілетті  мемлекеттік  органы  және  сол  шартқа  қол  қойған  өзге  мемлекеттердің  үкіметтері  болып  табылатын  банк болып саналады

Өзінің   қызметін   үйлестіру,  ортақ  мүдделерді  қорғау,  бірлескен  жобаларды   және   өзге  де  ортақ  міндеттерді  бірлесіп   шешу  үшін   банктер  ассоциациялар  мен  одақтар  құруға  құқылы.   Ассоциациялар/одақтар коммерциялық  емес  ұйым  болып   табылады.   Ассоциацияларды/одақтарды бәсекені   шектеу,  проценттік  ставкалармен,  несиелік  шарттармен  және өзге  де  банктік  қызметтермен әдейі  айла-шарғы  жасау  мақсатында   пайдалануға   тиым  салынады.

Ірі  несиелік  жобаларды  және  өзге  де  күрделі  міндеттерді  бірлесіп  атқару  мақсатында  банктер  консорциум  құра алады  немесе  өзге  консорциумдарға  қатыса  алады.  Бұл  бірлесіп  қызмет  ету  жөнінде  келісім-жасау  арқылы  жүзеге  асады.

Рейтингтік  агенттіктердің   бірінің   талап  етілген  деңгейдегі  рейтингі  бар  Қазақстан  Республикасының  резиденттері емес – заңды тұлғалар  банктік холдинг немесе  банктің ірі қатысушысы   мәртебесін   иеленуге  өкілетті  органның  келісімін ала алады.  Банктік  холдинг  -  өкілетті  органның  жазбаша келісіміне  сәйкес  банктің үлестірген  акцияларының  25%  немесе  одан  да  көп  бөлігіне  тікелей   не  жанама  түрде иелік  ете алатын,  банктің акцияларының  25%-ті  не  одан  көп  бөлігі  бойынша  дауыс  беруге  құқылы,   банк  қабылдайтын  шешімге  ықпал  ете  алатын  заңды  тұлға.    Банктің  ірі  қатысушысы - өкілетті  органның  жазбаша келісіміне  сәйкес  банктің акцияларының  10%-тін не  одан  көп бөлігін тікелей немесе  жанама  иеленетін,  банктің акцияларының  10%-ті  не  одан  көп бөлігі  бойынша дауыс беруге  құқылы,   банк  қабылдайтын шешімге  ықпал  ете  алатын  заңды  немесе  жеке  тұлға.    Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банк холдингі, банктің ірі қатысушысы бола алмайды.              

Банкті  ашу үшін  банктің  құрылтайшылары  құрылтай  жиналысын  жасап,  онда  банкті  ашу  туралы  шешім  қабылдайды  және  банкті  ашуға  қатысты   қызмет  тәртібін  белгілейтін  құрылтай  шартын  жасайды. Құрылтай  шарты  әрбір  құрылтайшының  шартқа  қол  қоюы  арқылы ресми  рәсімделеді. Құрылтай  шартынан  соң  банктің жарғысын  бекітеді. Банктің  жарғысы - банктің  заңды  тұлға  ретіндегі  құқықтық  мәртебесін  айқындайтын  құжат  болып  табылады. 

Өкілетті  орган   банк  ашуға  рұқсат  беруге  тапсырылған  арыз  бен  құжаттарды    құжаттар  толық  тапсырылған  күннен  бастап  есептегенде  3  айдан  аспайтын  мерзім  ішінде  қарауға  міндетті.  Банк  ашуға  рұқсат  беруден  бас  тартуға  кез-келген  келесі  фактілер  негіз  болуы  мүмкін:

  1. Құрылтай  құжаттарының  қолданыста  жүрген заңдарға  сәйкес  келмеуі;
  2. Банктің  жарғылық  капиталының  мөлшерінің,  құрамы  мен  құрылымының  талаптарға  сәйкес  келмеуі;
  3. Банктің  құрылтайшыларының  қаржылық жағдайларының  тұрақсыздығы;
  4. Бизнес-жоспардың  жарамсыздығы;

Өкілетті  орган  қабылданған  шешім туралы  арыз  берушіні  жазбаша хабардар  етеді.

Банкті  мемлекеттік  тіркеуді  өкілетті  органның  банкті  ашуға  берген  рұқсаты  негізінде   әділет  органы  жүзеге  асырады.  Құрылтайшылар  өкілетті  органнан  банк ашуға  рұқсатты  алған  күннен бастап  1  айдың  ішінде  банкті  мемлекеттік  тіркеу  үшін  әділет  органына  өтініш  беруге  міндетті.   Банк  мемлекеттік   тіркеуден  өткеннен  кейін  14  календарлық  күн  ішінде  өкілетті   органға  әділет  органының   мөрі  басылған  және  нотариальды  куәландырылған  құрылтай шарты  мен  жарғының  көшірмесін  және  банктің   мемлекеттік  тіркеу  куәлігін  тапсыруға  міндетті.     

Банктік  операцияларды  сондай-ақ  заңда  көзделген  өзге  де  операцияларды  жүргізуге  арналған  лицензияны  өкілетті  орган  немесе  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  өздерінің  өкілеттігі  шеңберінде  және  заңда  белгіленген  тәртіп  бойынша  береді.  Лицензиялар  үшін    алым  алынады  және  огның  мөлшері  мен  оны төлеу  тәртібі   заңмен  бекітіледі.  Банктік  операцияларды  жүргізуге  арналған  лицензияларды  алу  үшін  банк  мемлекеттік  тіркеуден  өткеннен  кейін  1

Банк  лицензияны  алу  үшін  қойылатын  талаптардың  бірін  орындамаған  жағдайда  немесе  құжаттарды  тапсыру  мерзімінен   кешіккен  жағдайда  өкілетті  орган  немесе  ҚР  Ұлттық  Банкі  банктік  операцияларды  жүргіуге  арналған  лицензияны  беруден  бас  тартуы  мүмкін.

Қазақстан Республикасының  банк-резиденті  өкілетті  органның  келісімінсіз  банктің директорлар  кеңесінің  шешімі  негізінде  Қазақстанның  аумағында  және  одан  тыс  жерлерде  өзінің  бөлімшелерін-филиалдарын,  өкілдіктерін,  еншілес  банктерін  аша  алады.  Қазақстан Республикасында резидент емес-банктің филиалдарын ашуға тыйым салынады.

Банктің филиалы - заңды  тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады. Банк филиалы бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.

Банктің өкілдігі - заңды  тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.

Қазақстан  Республикасында  өкілеті  органның  келісімінсіз  банк-резидент  еместер    өздерінің  өкілдіктерін  аша  алады.

Заңда  көзделген  талаптардың  орындалмауы  орын  алған  жағдайыда  өкілеті орган  банк-резидентердің  филиалдары  мен өкілдіктерін,  банк-резидент  еместердің  өкілдіктерін  жабуды  талап етуге құқылы.

Банк    заңмен  бекітілген  өзінің  өкілеттігін   жүзеге  асыру  үшін  өкілетті  органның  келісімімен   өзіне  еншілес  мекеме  құра  алады  немесе  иелене  алады. Еншілес мекеме – акциялары енші  беруші  банктің (родительский  банк)  бақылауындағы дербес  заңды тұлға.  Еншілес мекеме заңды тұлға ретінде өзінің  дербестігін сақтайды,  ол  банкроттыққа  ұшыраған  жағдайда  енші  беруші  банк  ол  үшін  жауап бермйді.

Информация о работе Банктік қызметті ұйымдастыру негіздері