Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 17:40, лекция
Банктiк операциялардың барлық түрлерi бойынша клиенттерге коммерциялық принцип негiзiнде қызмет көрсетуге өкiлеттiгi бар түрлi меншiк формасындағы коммерциялық ұйымдар – коммерциялық банктер болып табылады. Олар банк жүйесiнiң екiншi деңгейiне жататындықтан - екiншi деңгейдеi банктер деп те аталады. Коммерциялық банктердiң мақсаты - клиенттерiнiң мүдделерiн ескере отырып банктік қызметтер көрсету және барынша көп пайда табу.
1.1 Қазақстан Республикасында банктердің қызметтерін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
1.2 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылымы.
1.3 Қазақстан Республикасында банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар.
Халықтың отандық банк жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ депозиттер нарығының дамуын күшейту мақсатында 1999 жылы Қазақстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесі енгізілді. Бұл жүйені ұйымдастыру барысында 1999 жылдың қараша айында “Қазақстанда жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесіне енгізу туралы” Ереже қабылданып, сол жылдың желтоқсан айында жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін (сақтандыру) Қазақстандық Қор құрылды. Бұл Қор – коммерцилық емес ұйым, құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Қордың қызметінің мақсаты – салымшылардың депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесіне қатысқан екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің толық қайтарылуын қамтамасыз ету, атап айтқанда банк-қатысушыны мәжбүрлеп таратқан жағдайда салымдар бойынша өтемді төлеу. Қазақстандық Қорлың қаражаттары депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жарналы есебінен құрылады. Жарналар : теңгемен, АҚШ долларымен, Евромен төленеді.
Қазақстандағы барлық банктер депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесіне енуге мүдделі. Өйткені тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесіне енген банктердің депозиттік операциялары бойынша шектеулер қойылмайды. Ал бұл жүйеге қатыспаған банктерге депозиттер қабылдауда шектеулер қойылады. Қазақстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесіне қатысқан барлық банктер депозите иелерінің мұддесін қорғауға және тиімді саясат жүргізуге міндетті.
Депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесіне қатысу үшін банктерге мынадай талаптар қойылады:
Қазіргі таңда депозиттерге кепілдік беру жүйесіне Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі 35 банкі қатысуда.
Банк-қатысушы банкротқа ұшыратған жағдайда қатысушы - банкті ықтиярсыз жабу туралы соттың шешімі күшіне енгеннен кейін Кепілдік беру Қоры тендер жариялап, соның негізінде салымдар бойынша қайтарымды өтейтін агент - банкті тағайындайды. Агент – банк жөнінде ақпараттар республикалық басылымдарда жарияланады. Осыдан кейін жабылған банктің салымшысы өтінішімен бірге депозит жөнінде тиісті құжаттарын агент-банкке өткізеді.
“Қазақстанда жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесіне енгізу туралы” Ереже бойынша қайтарым сомасы депозиттің көлеміне байланысты анықталады.
Салымшы қайтарым өтеу нәтижесінде де өзінің жабылған банкке салған барлық ақшасын түгел қайтара алмаса, оның қалғанын қатысушы -банктің жабу комиссиясынан талап ете алады. Салымшы депозит бойынша қайтарымды өтеу мерзімінен кешіккен жағдайда Кепілдік беру Қорына барып кешігу себебін түсіндіріп, содан кейін агент-банкке өтініш беруі керек.
4-тақырып.
Банктік операцияларды
4.1 РЕПО мәмілелері, банктік акцептерді сату.
4.2
Коммерциялық қағаздарды
4.3 Банкаралық несиелер және олардың ресурстық база қалыптастырудағы ролі.
4.4 Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
4.1 Қаржы көздерінің тапшылығы жағдайында банктер депозитке жатпайтын басқа қаражаттар тартуға мәжбүр болады. Олар - банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері деп аталады. Оларға: банкаралық несиелер, Орталық Банктің несиелері, РЕПО операциялары, коммерциялық борыштық бағалы қағаздарды шығару, евродоллар нарығынан қарыздар алу, субординациялық қарыздар, халықаралық қаржы-несие ұйымдарының қарыздары тағы басқалар жатады. Депозиттік емес қаржы көздері көбінесе депозиттермен салыстырғанда қымбаттау немесе шығынды әрі тәуекелді болады. Коммерциялық банктердің депозитке жатпайтын қаражаттарды тартудағы мақсаты – қосымша қаржы көздерін тарту және банктің өтімділігін қаматамасыз ету.
<p class="dash041e_0431_044b_