Банктік қызметті ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 17:40, лекция

Описание работы

Банктiк операциялардың барлық түрлерi бойынша клиенттерге коммерциялық принцип негiзiнде қызмет көрсетуге өкiлеттiгi бар түрлi меншiк формасындағы коммерциялық ұйымдар – коммерциялық банктер болып табылады. Олар банк жүйесiнiң екiншi деңгейiне жататындықтан - екiншi деңгейдеi банктер деп те аталады. Коммерциялық банктердiң мақсаты - клиенттерiнiң мүдделерiн ескере отырып банктік қызметтер көрсету және барынша көп пайда табу.

Содержание работы

1.1 Қазақстан Республикасында банктердің қызметтерін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
1.2 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылымы.
1.3 Қазақстан Республикасында банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар.

Файлы: 1 файл

Банк ісі лекциялар.doc

— 506.50 Кб (Скачать файл)

Өкілетті  орган  банктердің  қаржылық  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету,  олардың  депозиторларының  мүддесін  қорғау,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  ақша-несие  жүйесінің  тұрақты  болуын   қамтамасыз  ету  мақсатында  банктердің  қызметін:

  1. банктер  сақтауға  міндетті  пруденциялық  нормативтер мен  өзге  де   нормалар  мен  лимиттер,  күмәнді  және  үмітсіз  активтерге  қарсы  провизиялар  бекіту  арқылы;
  2. банктер  орындауға  міндетті  нормативтік  актілерді  жариялау  арқылы;
  3. банктің  қаржылық  жағдайын  сауықтыру  жөнінде  ұсыныс  беру  арқылы;
  4. банктерге  ықпал етудің  шектеулі  шараларын  қолдану  арқылы;
  5. банктерге  және  олардың  лауазымды  тұлғаларына  санкциялар  салу  арқылы;

реттеп  отырады.   Банктердің  қызметін  реттеу  жеке  банкке  немесе  бірнеше  банкке  немесе  банктік  конгломератқа  қатысты  жүргізілуі  мүмкін.  Өкілетті  орган  банктердің  қызметін  тексеруді  өзінің  күшімен  немесе  өзге  мекемені   жалдау  арқылы  жүзеге  асырады.

Банктің  қаржылық  жағдайы  қиындаған  жағдайда  өкілетті  орган  банкті  қаржылық  сауықтырудың   немесе  банктің  басшылығын  ауыстырудың  немесе  банкті  қайта  құрудың  қажеттігі  жөнінде  банктің  акционерлерді  алдында  мәселе  қояды.  Сонымен  бірге  қаржылық  сауықтырудың   өзге  де  жолдары жөнінде ұсыныстар беруі мүмкін.

Өкілетті  орган  банктің  жұмысында  заң  бұзушылық,  пруденциялық  нормативтер  мен  нормалардың  сақталмауы,  банктің  клиенттерінің  мүдделеріне  қарсы  әрекеттердің  орын  алуы,  банк  басшылығының  әрекетсіздігі секілді банктің қаржылық  жағдайына қауіп келтіретін  фактілерді  әшкерелеген жағдайда   оған  ықпал етудің  келесі  шектеулі  шараларын қолдануы  мүмкін:

  1. орын  алған  кемшіліктерді  белгілі  бір  мерзімнің  ішінде  жөндеу  немесе  жою  жүргізілетін  іс-шаралардың  жоспары  көрсетілген  жазбаша  міндеттеме  талап  ету;
  2. орын  алған  кемшіліктерді  жөндеу  жөнінде  банкпен  келісім  жасау;
  3. ескерту  беру;
  4. орын  алған  кемшіліктерді   жоюға  нақты  нұсқау   беру;

Қолданылған  ықпал  ету шараларына  қарамастан өкілетті  орган  банкке  немесе  оның  лауазымды  тұлғаларына  келесі  санкцияларды  қолданады:

  1. айыппұл  салып  өндіріп  алу;
  2. барлық  немесе  жекелеген  банктік  операцияларды  жүргізуге  берілген  лицензияны  тоқтату немесе  қайтарып  алу;
  3. банкті  консервациялау;
  4. банкті  ашуға  берген  рұқсатты  қайтарып  алу;
  5. Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  келісімімен    өкілетті  орган  белгілеген  бағамен  жаңа  инвесторға  тез  арада  қайтадан  сату  шартымен  банктің  акцияларын  мәжбүрлеп  сатып  алу  жөнінде  шешім  қабылдау;
  6. банктің  лауазымды  тұлғасын  фактілер  толық  дәлелденгенге  дейін  қызметтен  уақытша  аластата  тұру;
  7. банкті  несиелік  серіктестік  етіп  қайта  құру;  

Заңда  белгіленген  банктің  басшылығына  заңда  белгіленген  талаптардың  орындалмауы,  заңсыз  операциялардың  жүргізілуі,   пруденциялық  нормативтер  мен  нормалардың  жиі   сақталмауы,  лицензия  берілген  операциялардың  жүргізілмеуі, банктің  қызметін  тоқтату  туралы  соттың  шешім  қабылдауы,  жалған мәліметтердің жиі орын  алуы  секілді   заңда белгіленген негіздер  банктік операцияларды жүргізуге арналған  лицензияларды қайтарып  алуға негіз болады.

Банктік  операцияларды  жүргізуге  берілген  лицензияны  қайтарып  алу  жөніндегі  шешім  қабылданған  күннен  бастап  шешім  заңды  күшіне  енеді.  Өкілетті  орган лицензияны  қайтарып  алғаннан  кейін банктің  жаңа  әкімшілігін  тағайындайды  және   өкілеттігін  белгілейді. 

Өкілетті  орган  банктің  банктің  операцияларды  жүргізуге  арналған  лицензиясын  қайтарып  алғаннан  кейін  10 күн  ішінде  банктің  қызметін  мәжбүрлеп  тоқтату  жөнінде  арыз  береді.  Банктің  акционерлері  шешімге  қарсы  болған  жағдайда 10  күн  ішінде сотқа  арыз-шағым  түсіруі  мүмкін.

Банкті  консервациялау - өкілетті  органның  шешімі  бойынша  банктің  қаржы жағдайын  сауықтыру   және  жұмыс  сапасын  жақсарту  мақсатында  банкте  әкімшілік,  заңдық,  қаржылық,  ұйымдық-техникалық  шаралар  кешенін  мәжбүрлеп  жүргізу.  Банкті  консервациялау  банктің  өзінің қаражаты  есебінен   жүргізіледі.  Өкілетті  орган:

  1. банк  өз  еркімен  банкті  қайта  құру  немесе  тарату  жолымен  өзінің  қызметін  тоқтату  туралы  шешім  қабылдаған  болса;
  2. соттың  шешімімен  банктің  қызметі  тоқтаған  болса;
  3. заң  бұзушылық, жалған мәліметтер  орын  алған болса;

банкті  ашуға  берілген рұқсатты  қайтарып  алады.  Өкілетті  органның  банк  ашуға берілген рұқсатты  қайтару  жөнінде  шешім  қабылдауы  банктің  қайтадан  тіркелуіне  немесе  қызметін  тоқтатуына  негіз  болады.

Банкті  өз  еркімен   қайта  құру  өкілетті  орган  келісім  берген  жағдайда  акционерлердің  жалпы  жиналысының  шешімі   бойынша  жүзеге  асырылады.  Өкілетті  орган  банкті қайта  құруға  депозиторлар  қарсы болған  жағдайда  немесе  құжаттар  дұрыс  рәсімделмеген  жағдайда  банкті  қайта  құруға   келісім  бермеуі   мүмкін.

Банк  банкрот  болып  танылған  жағдайда,  банктік  операцияларды  жүргізуге  арналған  лицензиялар  қайтарылып  алынғанда,  банктің  қызметін  тоқтату  туралы мемлекеттік  өкілетті  органдардың  немесе  заңды  және  жеке  тұлғалардың    арыз/талабы  болған  жағдайда   банк  мәжбүрлеп  таратылады.  Өкілетті органның    банкті  банкрот  деп  жариялау  туралы   айғақты  қорытындысына  сәйкес  соттың  шешімі  болған  жағдайда  ғана   банк   банкрот  болып  саналады.

Банкті  мәжбүрлеп  тарату  жөнінде  шешім  қабылданғаннан  кейін  сот  өкілетті  органға   банкті таратумен  айналысатын  арнайы  комиссия құруды міндеттейді.  Тарату  комиссиясы   банкті  таратуды  және  оның  кредиторларының  талаптарын  қанағаттандыруды  Қазақстан   Республикасының   заңдарына  сай  жүзеге  асырады.  

 

2-тақырып.   Банк ресурстарын  қалыптастыру  және басқару

 

2.1  Пассивті операциялар.

2.2  Банктің меншікті капиталы

2.3  Банктерді пруденциялық реттеу

 

2.1 Банктік ресурстарды қалыптастырумен  байланысты  банктің  жүргізетін   операциялары – пассивтік операциялар  деп аталады. Пассивтік операцияларға депозитік, РЕПО. Орталық Банктің  және х/а қаржы-несие   ұйымдары мен  өзге банктердің  несиелері,  пайда  есебінен  меншікті   капитал мен қорлар  құру, банктің  меншікті  бағалы  қағаздар  эмиссиясы жатады. . Пассивтік операциялар айналыстан  тыс уақытша бос ақшалай қаражаттарды  банктерге тартуға, меншікті қаражаттарды  қалыптастуға, арзан қаржы көздерін тартуға  мүмкіндік береді  және  нәтижесінде  банкік  ресурстар  қалыптасады. Пассивтік  операциялардың  басым  бөлігін  депозиттік  операциялар  құрайды.

Банктік ресурстар активтік   операцияларды жүргізуге, банктің  стратегиялық  даму  саясатында көзделген  іс-шараларды жүзеге асыруға жұмсалады. Банктің активтік операцияларының көлемі мен табыс әкелуі банктік ресурстардың көлемі мен құрылымымен байланысты болады. Банктің ресурстарының құрамында қарыз қаражааттардың құнының төмен болуы және меншікті қаражаттармен салыстырғанда азаю  тенденциясының тұрақты болуы активті операциялардың тиімді болуын қамтамасыз етеді

Банктiк  ресурстар - банктiк қызметті  ұйымдастыру және  банктік операцияларды жүзеге асыру мақсатында  қолданылатын  банктiң қоллда  бар қаражаттарының  жиынтығын білдіреді.   Банктік   ресурстардың  құрамы  келесі қаражаттардан тұрады:

    1. сырттан  тартылған  қаражаттар/міндеттемелер;
    2. меншікті  капитал. 

Қазақстанда коммерциялық  банктердің банктік  ресурстарының  басым  бөлігі  сырттан  тартылған қарыз қаражаттар  есебінен құралады.  Бұл қаражаттар  банктік термин   бойынша “міндеттемелер” болып табылады.  Олардың құрамы келесі  қаражаттардан тұрады: 

  • заңды  және  жеке  тұлғалардың  депозиттері;
  • Орталық  Банктің  және  өзге  банктер  мен  халықаралық  қаржы  ұйымдарының  несиелері;
  • банктің  меншікті  бағалы  қағаздар  эмиссиясы.

2.2 Меншiктi  капитал/  қаражаттар– банктiң барлық ресурстарынан   банктiң барлық  мiндеттемелерiн  шегерiп  тастағаннан  кейiнгi   банкке тиесiлi  өзіндік  қаражаттарды  білдіреді.  Меншікті капитал  банктің  қызметінің  жүзеге  асуына  негіз болады  және  банктің  қызметінің  қаржылық  тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді. Банктің  меншікті  капиталының    маңызы  оның   атқаратын  5  қызметінен  көрінеді.

  1. Қорғаушы  қызметі – банк зиян  шеккенде немесе  борыштық  тұрақсыздыққа ұшырағанда  салым иелері мен кредиторлардың  мүддесін  қорғайды,  банктің төлем қабілеттілігі мен қаржылық   тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді;
  2. Реттеуші   қызметі  - мемлекеттік  орган  заңнамалық  және  нормативтік актілердің  көмегімен банктің меншікті  капиталының мөлшері мен құрылымын қадағалау арқылы  банктердің  қызметі реттеп  отырады;
  3. Оперативтік  қызметі – бастапқы капитал  ретінде  қызмет  ете  отырып,  банктің активтік  операцияларының  өсуінің  негізін  қалайды;
  4. Айналымдық  қызметі – банктің  құрылтайшылары  банктің  акционерлік капиталына  қаржы  салу/жұмсау  арқылы   активтердің  банктік  айналымын  жүзеге асырады;
  5. Резервтік  қызметі – банк  күтпеген  шығындардың  алдын  алу  мақсатында  меншікті  капиталдың  резервін  құрады; 

Егер  банктің міндеттемелерінің  сомасы  оның активтерінің  құнынан  асып  түсетін  болса  онда, банктің  меншікті  капиталы  -  теріс  капитал  болып  саналады.   Банктің  меншікті капиталы  3  ай  бойы  қатарынан  теріс  күйде  болған  жағдайда  өкілетті  орган  ҚР  Үкіметінің  келісімімен   банктің  акцияларын  мәжбүрлеп  сатып  алу  және  оларды  тез арада  жаңа  инвсторға  сату  жөнінде  шешім  қабылдауға  құқылы болады. 

Банктiң меншiктi капиталының  құрамы :  жарғылық/акционерлік капиталдан;  банктік резервтер/арнайы қорлардан;  қосымша капиталдан;  бөлiнбеген пайдадан;  тұрады.

Банктің  меншікті  капиталының  басым  бөлігін    банктің  жарғылық  капиталы  құрайды.  Жарғылық  капитал  жарияланған   және   шығарылған  капитал  болып  бөлінеді.  Жарияланған  капитал  -  банктің  жарғысында   көзделген  капитал,  ал  шығарылған  капитал  -  акциялар  шығару  және  оларды  орналастыру  есебінен  қалыптасқан  капитал.  Жарғылық  капитал акциялар  шығару  және  оларды  сату  есебінен  қалыптасады  және  соған  орай  акционерлік  капитал  деп  аталады.  Акционерлік  капиталдың  мөлшері   банк  акцияларын  ұстаушы – акционерлердің   барлық  акцияларының  номинал   құнынан  құралады.       

Жаңадан  ашылға банктің  акционерлері  жарғылық капиталдың  жарияланған  мөлшерінің  50%-тін  банк  мемлекттік  тіркеуден  өткенге  дейін  төлеуге тиісті.  Ал  банк  мемлекеттік     тіркеуден  өткен  кезден  бастап  1  жылдың ішінде  жарияланған  жарғылық  капитал  толық  төленуі  тиіс.

Банк  акциялардың  кезекті  эмиссиясын  шығару  үшін  Ұлттық  Банктен  экспертизадан  өтуі тиіс.  Ол  үшін банк  Ұлттық  Банкке  келесі  құжаттарды  тапсырады:

  • арыз-өтініш;
  • акциялар  шығару  жөніндегі  шешім  қабылданған  акциоерлердің  жалпы  жиналысының  протоколының  көшірмесі;
  • бағалы  қағаздардың  өткен  эмиссиясы  туралы  құжаттар  мен  эмиссия  қорытындысы  туралы  есеп;
  • акция  эмиссиясы  жөнінде  мәліметтер  проспектісі;
  • ең  соңғы  есепті  датаға баланстық есеп  және  пайда  мен  шығын  туралы  есеп;
  • банк  қызметінің  қорытындысы  жөнінде  аудиторлық  мекемелердің  тексеру  қорытындысы;

Ұлттық  Банк  тапсырылған  құжаттарды  1  айдың  ішінде  тексеріп,  олар  дұрыс  болса   экспертизадан  өткені  жөнінде  эмиссиялық  проспектінің  екі  данасына  белгі қояды   және  банктің эмиссиялық проспектісі жөнінде жазбаша қорытынды береді. Бұл құжаттар  банкке  қайтарылады.  Ал эмиссиялық  проспектінің  3-данасы  Ұлттық  Банкте  қалады.

Банк  Ұлттық  Банктің  экспертизалық  қорытындысын  Бағалы  қағаздар  жөніндегі  Ұлттық  Комиссияға  тапсырады.  Бағалы  қағаздар  жөніндегі  Ұлттық  Комиссия  Ұлттық  Банктің  экспертизасы  негізінде  эмиссиялық  проспектіні  тіркейді. Банк  эмиссия  тіркелгеннен  кейін  акцияларды  шығарып  орналастырады  және  эмиссияның  қорытындысы  жөнінде  әрбір  6  ай  сайын  Бағалы  қағаздар  жөніндегі  Ұлттық  Комиссияға  есеп  беріп  отырады.

Қосымша  капитал - айналымнан  тыс  активтерді  қайта  бағалау  нәтижесінде  түскен  қосымша  қаражаттардың,   эмиссиялық  табыстың,  өзге  мекемелерден  қайтарусыз  алынған  мүліктердің,  негізгі  құралдарға  есептелген  тозу сомасының  (износ)  есебінен  құралады.

Банк өзінің  міндеттемелерін  өтеп,  салықтарды  төлегеннен  кейінгі  қалатын  таза  пайданың  есебінен  банктік  резервтер құра  алады.  Банктік резервтер – резервтік капитал тағы  да  басқа мақсаттағы  арнайы  қорлар  түрінде құрылып, банктің келешек дамуы мен банктің қызметкелерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын  жақсартуға  немесе   төтенше шығындарды  жабуға  жұмсалуы   мүмкін.  Оларды  құрудың тәртібі мен жұмсалуы  заңдар  мен құрылтай құжаттарының  негізінде анықталады.

Информация о работе Банктік қызметті ұйымдастыру негіздері