Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 17:40, лекция
Банктiк операциялардың барлық түрлерi бойынша клиенттерге коммерциялық принцип негiзiнде қызмет көрсетуге өкiлеттiгi бар түрлi меншiк формасындағы коммерциялық ұйымдар – коммерциялық банктер болып табылады. Олар банк жүйесiнiң екiншi деңгейiне жататындықтан - екiншi деңгейдеi банктер деп те аталады. Коммерциялық банктердiң мақсаты - клиенттерiнiң мүдделерiн ескере отырып банктік қызметтер көрсету және барынша көп пайда табу.
1.1 Қазақстан Республикасында банктердің қызметтерін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
1.2 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылымы.
1.3 Қазақстан Республикасында банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар.
Банктік резервтерге жарналау аудару мен дивидендтер төлеу атқарылғаннан кейін қалатын пайданың бөлігі – бөлінбеген пайда болып табылады және ол несиелік ресурстар есебінде қолданылады.
2.3 Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктер өкілетті орган бекіткен пруденциялық нормативтерді қатаң сақтауға міндетті. Пруденциялық нормативтердің нормативтік мәні мен есептеу методикасын, белгілі бір датаға олардың есебін берудің формасы мен мерзімін өкілетті орган бекітеді. Пруденциялық нормативтердің құрамына келесі нормативтер кіреді:
Меншікті капиталдың жеткіліктілігінің коэф-ті - банктің қаржылық тұрақтылығын, тәуекел ету мүмкіндігін сипаттайды және активтердің құрамындағы меншікті капиталдың үлес салмағын көрсетеді. Бұл норматив 2 коэф-тің көмегімен анықталады.
Мұнда, К-меншікті капитал; К1-бірінші деңгейдегі капитал; ИК – банктің инвестициялық капиталы; А-барлық активтер сомасы; Ар – тәуекелімен есептелген активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы; Пс – провизия сомасы. Банктің меншікті капиталы (К) бірінші және екінші деңгейдегі капиталдан (К1 және К) құралады және оның жалпы сомасы келесі формуланың көмегімен анықталады.
БК = (К1+К2)-ИК;
Базель комитеті III мен ҚР қадағалау Агенттігінің рекомендациясы бойынша бірінші К1 және екінші деңгейдегі К2 капитал келесі компоненттерден құралады:
К1 =төленген жай акциялар мен артықшылығы бар акциялардың үлесі (15% мөлшеріндегі) + қосымша капитал + өткен жылдардың таза табысы есебінен қалыптасқан қорлар мен резервтер және бөлінбеген таза табыс – материалдық емес активтер - өткен жылдардың шығындары – ағымдық жылғы шығындар (шығыстың кірістен артып кетуі жағдайында).
К2 = ағымды жылғы бөлінбеген таза табыс + гнегізгі құралдар мен бағалы қағаздарды қайтадан бағалу + провизиялар*+ субординацияланған мерзімдік борыштар** (К1 –дің 50%-нен аспайтын мөлшердегі).
К2≤К1 болуы шарт және К1 ≥ 6%; К2 ≥ 12% болуы керек.
Сонымен бірге Базель комитеті III жойғанымен ҚР Агенттігі К3 - тің де компоненттерін ұсынады.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері - қарыз алушының міндетемесі мен банктің меншікті капиталының арасалмағын белгілейді.
К3 =
Мұнда, М- бір қарыз алушының міндеттемесінің сомасы; МК – меншікті капитал сомасы;
Ликвидтік коэффициенті - банктің өз міндеттемелері бойынша дер кезінде есептесе алу мүмкіндігін сипаттайды.
К4 =
Мұнда, ЛА - өтімді активтер, М- банктің міндеттемелері. Ашық валюталық позиция лимиті – шетел валютасындағы қалдықтардың айырмасы, банктің меншікті капиталының 30%-нен аспауы керек.
3-тақырып. Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі және депозиттік саясаты
3.1 Банктер өздерінің қызметін атқару барысында өз ақшасын емес, негізінен халықтың жинақ ақшаларын пайдаланады. Банктер халықтың жинақ ақшаларын өздерінде орналастыра отырып, оның сақталуына, табыс алуына, сондай-ақ кез-келген уақытта талап бойынша қайтарылуына міндетті болады.
Халықтың жинақ ақшалары банктер үшін –ең арзан ресурстар көзі және табыс көзі саналады. Банктер оларды рынокта арзан бағамен өздеріне тарта отырып, оларды айналымда қымбат бағамен орналастырып жинақ ақшалар бойынша өтелеуге жататын шығындарын жабады және көп мөлшерде қосымша пайда табады. Сондай-ақ халықтың жинақ ақшалары экономика үшін –инвестиция көзі болып табылады. Олардың есебінен экономиканың түрлі салаларының қосымша қаржы көздеріне деген мұқтаждығы өтеледі, сондай-ақ экономиканың дамуы, өндіріс процесттерінің ұлғаймалы ұдайылығы, шағын бизнестің өркендеуі жүзеге асады.
Сондықтан банктер жинақ ақшалар нарығының қарқынды дамуына және жинақ ақша саясатын тиімді жүргізуге барынша терең мән береді. Енді жинақ ақшалардың экономикалық табиғатын зерттейтін болсақ, жинақ ақшалар –бұлар салымдар (латынша - deposotum). Ал ғылыми анықтамасы бойынша:
Экономикалық оқулықтарда мынадай анықтама беріледі. Жинақ ақшалар/деозиттер - бұл кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ағымдағы есепшотқа салған немесе комерциялық банктерге, жинақ мекемелеріне процент түрінде кіріс алу мақсатында орналастырған уақытша бос ақша қаражаттары.
Депозиттік операциялар – банктердің заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі бір мерзімге немесе талап еткенге дейін сақтаумен байланысты жүргізетін операциялары. Депозит саясатының принциптері бойынша банктің депозиттік операциялары:
3.2 Белгілі бір кезең ішінде банктерде жинақталған депозиттердің жиынтық сомасы - коммерциялық банктің депозиттік портфельі болып саналады. Коммерциялық банктің депозиттік портфельі резидент және резидент емес жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың банктерге сақтауға орналастырған әр түрлі депозиттері мен жинақ салымдары есебінен қалыптасады. Депозиттердің түрлері мен шарттарын әрбір банк дербес белгілейді. Портфельдегі барлық депозиттер:
болып бөлінеді. Талап етілетін депозиттерге: чектік депозит, контокоррент-шот депозит, ағымдық овердрафт, нау-шот, супер нау – шот, ATS шоттар жатады. Чектік депозит – депозит иесіне чек қолдану құқығы берілетін депозит. Контокоррент-шот депозит – сенімді әрі тұрақты клиенттерге ашылатын және клиенттің жүргізген барлық операциялары тіркелетін біртұтас шот түріндегі депозит. Нау-шот - депозит иесіне 3-ші бір тұлғаға беруге болатын тратта қолдану құқығы берілетін депозит. Супер нау – шот - проценттік қойылымы құбылмалы, иесіне қосымша банктік қызметтер кешенін тұтыну құқығы берілетін депозит. ATS шоттар - иесінің өзге жинақ шотынан чектік депозит щотына автоматты түрде ақша аудару құқығын беретін депозит.
Бағалы қағаз түріндегі депозиттерге:
жатады.
3.3 Банктердің депозиттік операцияларды ұйымдастырумен және жүргізумен байланысты атқаратын іс-шаралары мен ұстанатын бағыт-бағдарлары - депозиттік саясат болып табылады. Әрбір банк депозит саясатын дербес, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатымен үйлестіре жүргізеді.
Депозиттер бойынша банктің салымшыға төлейтін үстеме ақысы проценттің көмегімен анықталады. Банкке салынған депозиттердің негізгі сомасының үстіне есептелетін үстеме ақының процентпен белгіленген мөлшері, нормасы – проценттік қойылым болып табылады. Проценттік қойылымның мөлшері депозиттік келісім-шартта бекітіледі.
Проценттік қойылымның тіркелген және қалқымалы түрлері қолданылады. Тіркелген процент белгілі бір мерзім аяқталғанша тұрақты күйде сақталатын болса, қалқымалы процент ақша нарығындағы жағдайға қарай қайта қаралып өзгеріп отырады.
Процент депозиттің қалдығына есептеледі, есептелген және өтелген проценттер банктің шығынына жатқызылады.
Проценттер жай немесе күрделі процентпен есептеледі. Жай процентпен есептеу формуласы мынадай:
S = P (1+ti);
S – депозиттің өскен сомасы;
P - депозиттің бастапқы сомасы;
t - депозиттің мерзімі;
i - процент мөлшері;
Мысалы, банкке салынған депозиттің сомасы 100 000 теңге, мерзімі 3 ай, проценттік қойылым мөлшері 6 % жылдық болғанда, депозит иесі банктен барлығы қанша ақша алады ?
S = P (1+ti) =
100 000 (1+
Кей жағдайда банкке сақтауға салынған депозиттің сақталу мерзімінің ұзақтығы күнмен есептелуі мүмкін. Бірақ процентті есептеу кезінде есепке алынатын бір жылдағы күн саны мен күнмен есептелетін депозиттің мерзімі әр елде әр түрлі қолданылады. Мысалы германияда 1 жыл -365 күнмен, 1 ай -30 күнмен есептеледі. Ал Францияда 1 жыл -360 күнмен, 1 ай -календарь бойынша, Ұлыбританияда 1 жыл -365 күнмен, 1 ай - дәл календарь бойынша саналады. Депозитті қабылдаған және жапқан күн 1 күнге жатқызылып барлық сақталған күннен шегеріліп алынып тасталады.
Процентті күнмен дәл есептеген жағдайда келесі формула қолданылады:
S = P(1+
Мысалы, 5.01. 2005 жылы клиент банкке 100 000 теңге депозит салды. Проценттік қойылым мөлшері – 15% жылдық. 5.01.2006 жылы клиент депозиттік шотын жапты. Клиент банктен барлығы қанша ақша алды ? Герман әдісі бойынша:
S = P(1+
S = P(1+ ) = 100 000 (1+ ) = 114700;
Күрделі процентпен есептеуде есепті жылдың соңында немесе келісім-шартта көрсетілген мерзімде есептелген процент негізгі сомаға қосылып, келесіде процент қосылған сомаға есептеледі. Күрделі процент есептелген сайын негізгі сома өсіп отырады. Күрделі процент келесі формула боынша есептеледі:
S=P(1+i)t;
Мысалы, депозитттің бастапқы сомасы – 20000 теңге, күрделі проценттік қойылым – 10% жылдық, депозиттің мерзімі – 3 жыл. Күрделі процент жыл сайын есептелетін болса, онда:
S = 20000(1+0,10)3 = 26620;
әр тоқсан сайын есептелетін болса :
1S = P(1+
S = P(1+
n - бір жылдың ішінде процент есептелетін кезеңдердің саны (1 жылда әр
тоқсан сайын 4 рет);
N - депозиттің барлық мерзімі ішінде процент есептелетін кезеңдердің жалпы саны (процент
әр тоқсан сайын есептелген
жағдайда 3 жылдың ішінде
процент есептелетін
жапы саны 12 рет);
Қазақстан Республикасында депозиттік операцияларды дамытуға ықпал етуші факторлар қатары мынадай:
Қазақстанда депозиттерді индексациялау механизмінің жетілмеуі депозиттік нарықтың дамуын тежеуші басты факторлардың бірі болып отыр.Айналысқа теңге енгізілгеннен кейінгі ақша-қаржы жүйесінде орын алған күйзелістер мен келеңсіздіктерден Қазақстандық тұрғындардың банктердегі салымдары қайтарылмай немесе қайта-қайта құнсызданып, халықтың қаржы жинақтайтын барлық механизмдерге деген сенімі төмендей бастады. Мұндай жағдайлар халықтың жинақ ақшаларын мемлекет тарапынан қорғау шараларын қарастыруды талап етті. Осы орайда Қазақстанда салымшылардың депозиттерін қорғау, сақтандыру заңдарын жетілдіру, ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қолға алынып, біршама жұмыстар іске асырыла бастады. Соның бірі - депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесі.