Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 15:54, курсовая работа
Курстық жұмысының міндеттері:
• Ұлттық инвестициялық қордың қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу;
• Ұлттық инвестициялық қорды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;
• Ұлттық инвестициялық қорды қалыптастыру мен дамытудың теориялық негіздерін ескере отырып, назарға аларлық озық тәжірибелерді іріктеу;
• ұлттық инвестициялық қорды қалыптастыруды және тиімді пайдаланудың экономикалық механизмін жүзеге асыру тетіктерін анықтау және оларды қолдану аясы бойынша ұсыныстар беру.
Кіріспе..........................................................................................................................4
1 Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын құрудың теориялық негіздері.............................................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын қалыптастырудың экономикалық мәні................................................................7
1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық инвестициялық қорының негiзгi мақсаты мен қағидаттары...................................................................................................11
1.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық инвестициялық қорының активтерiн басқару...................................................................................................................14
2 Инвестициялық қызметтің дамуындағы Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмін талдау......................................................21
2.1 Ұлттық қордың активтерін және оның пайдаланылуын талдау......................21
2.2 Ұлттық қор қаражаттарының динамикасын талдау.........................................25
2.3 Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың игерілуіне бақылау жасау және оларды реттеу.......................................................................................................31
3 Қазақстан Республикасының ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары.............................39
Қорытынды..............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар.............................................................................................................67
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы
аймақтық бөлімшелерден тұрады.
Қаржылық бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық және талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары мемлекеттік кәсіпорындарға ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының және көрсетілген қызметтер сферасының ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс кәсіпорындары мен ұйымдарына және құқық тәртібін қорғауға тексеріс жүргізеді.
Мемлекеттік кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды Салық комитеті орындайды.
Салық комитеті органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі,сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.
Қаржы министрлігі жүйесінде ең көбі жергілікті қаржы органдарының ақпараты, ол облыстық, қалалық, аудандық қаржы басқармалары мен бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды.
Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен,ішкі шаруашылық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумен айналысады, шаруашылық органдарды қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап отырады.
Қаржы және салық органдары жергілікті әкімшіліктің бағынышында болады. Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін сақтауды бақылау кіреді.
Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.
Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешелігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілі бір түрде қатысады. Ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады.
Сондықтан Ұлттық банктің басқарушылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-кредит саясатын жүргізген субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп білінеді.
Қаржыны басқаруға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі де қатысады. Олар стратегиялық жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және үйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдайды;
Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін белгілейді; Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін әзірлейді және реттеуге қатысады; Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып мемлекеттің сыртқы берешегін талдап, оның лимитін белгілейді және т.б.
2 Инвестициялық қызметтің дамуындағы Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмін талдау
2.1Ұлттық қордың активтерін және оның пайдаланылуын талдау
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен бюджет кiрiстерiнiң қомақты бөлiгi табиғи ресурстарды экспорттаудан түсетiн түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын басқа елдерге ұқсас Ұлттық қор құрылған болатын. 2005 жылы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған алғашқы тұжырымдамасы қабылданып, онда оның активтерiн басқарудың негiзгi қағидаттары мен тәсiлдерi айқындалған болатын.
2006 жылдың ортасынан берi қолданылған Ұлттық қор қаражат
Қабылданған саясаттың нәтижесiнде экономикалық өсу кезеңiнде валютаның шамадан тыс түсуiн зарарсыздандыру, теңгенi айырбастау бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етiлдi. Дағдарысқа қарсы белсендi саясат жүргiзу үшiн қаржы резервтерi құрылып, оның шеңберiнде Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерiнде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды. 2010 жылдың соңына қаражат 4,5 трлн. теңгенi құрады, оның 750,0 млрд. теңгесi iшкi активтерге («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры» акционерлiк қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлiк қоғамының облигацияларына), 24,4 млрд. АҚШ доллары - шетелдiк активтерге орналастырылды.
Құрылған уақытынан берi, яғни 2001 жылғы маусым - 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында Ұлттық қордың кiрiстiлiгi Қордың базалық валютасында (АҚШ долларымен) 55%-ды құрады, бұл жылдық мәнде 5,2%-ды құрайды.
Осы кезеңде Қордың тұрақтандыру функцияларын жүргiзу үшiн қажеттi көлем қалыптастырылды. Сонымен қатар қалпына келтiрiлмейтiн табиғи ресурстардан алынған қаражатты болашақ ұрпақ үшiн барынша сақтап қалу, республикалық бюджет пен Ұлттық қордың теңгерiмдiлiгi және мұнайлық емес тапшылықты жою туралы мәселе өзектiлiгiн сақтап қалуда.
Осы тұрғыдан Ұлттық қор қаражаты өсуiнiң бәсеңдеуiн ескере отырып, республикалық бюджетке берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферт көлемiн тiркеу жолымен оның құбылмалылығын болдырмау қажет болып отыр, бұл ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қордың қаражатын қарқынды жинақтауды қамтамасыз етедi.
Ұлттық қор портфелінің 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы жалпы нарықтық құны 33 755,82 млн. АҚШ долл. тең болды, оның ішінде валюталық портфель – 31 025,07 млн.АҚШ долл. (91,91%) жəне «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ-ның жəне «ҚазАгро» ҰХ» АҚ 55 облигацияларының портфелі – 2 730,75 млн. АҚШ долл. (8,09%). Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамындағы тұрақтандыру жəне жинақ портфельдерінің нарықтық құны – тиісінше 8 775,13 (28,28%) жəне 22 249,94 (71,72%) млн. АҚШ долл.
Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамына кіретін бағалы қағаздардың жəне басқа қаржы құралдарының нарықтық құны BNY Mellon кастодиан-банкінің деректеріне негізделген.
BNY Mellon кастодиан-банкінің деректері бойынша 2010 жылы инвестициялық кіріс (іске асырылған жəне іске асырылмаған) құралған, ол 916,1 млн. АҚШ долл. Құрайтын базалық валютада - АҚШ долларымен есептелген.
Ұлттық қордың кірістілігі. 2010 жылы Ұлттық қордың кірістілігі 3,02% болды. Ұлттық қордың құрылуынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсан аралығында кірістілігі 59,67% болды, бұл жылдық көрсеткіште 5,00% болды. Кірістілікті есептеу Ұлттық қордың базалық валютасы – АҚШ долларында жүзеге асырылды (3 сурет).
Сурет 3. Ұлттық қордың құрылғанынан бастап кірістілігі, АҚШ долларымен
Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі. 2010 жылы дербес басқарудағы тұрақтандыру портфелінің активтері ақша нарығының құралдарына, АҚШ қазынашылық бағалы қағаздарына, сол сияқты Батыс Еуропа елдерінің МБҚ орналастырылды. 2010 жылы тұрақтандыру портфелінің кірістілігі 0,86% болды (4 сурет).
Сурет 4. Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі
Жинақ портфелінің кірістілігі. 2010 жылы жинақ портфелінің кірістілігі 4,01% болды ( 5 - сурет).
Сурет 5. Жинақ портфелінің кірістілігі
«Ауқымды облигациялар» мандатының түрі. Мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтерін басқаруды Ұлттық Банк дербес те, инвестициялық басқару жөніндегі халықаралық компаниялар да (сыртқы басқарушылар) жүзеге асырады. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша дербес басқарудағы мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтері 79,17% болды, ал қалған активтердің 20,83%-ы сыртқы басқаруда болды.
2010 жылы облигациялардың қосалқы
портфелін немесе «Ауқымды
Сурет 6. Жинақ портфелінің мандат түрі бойынша кірістілігі
«Ауқымды акциялар» мандатының түрі. Мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтерін басқаруды Ұлттық Банк дербес те, сыртқы басқарушылар да жүзеге асырды. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша дербес басқарудағы мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтері 3,93% болды, ал осы қосалқы портфель активтерінің қалған 96,07%-ы сыртқы басқаруда болды. Мандаттың осы түрі бойынша активтерді басқарудың кірістілігі 6,80% болды. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы мандат түрі бойынша активтерді басқаруды 5 сыртқы басқарушы жəне Ұлттық Банк жүзеге асырды.
«Ауқымды тактикалық бөлу» мандатының түрі. Жинақ портфелінің «Активтерді ауқымды тактикалық бөлу» мандатының түрі бойынша активтерін қазіргі кезде басқаруды 2 сыртқы басқарушы жүзеге асырады. Жинақ портфелінің осы мандат түрі бойынша активтерін басқару кірістілігі 6,15% болды.
2.2 Ұлттық қор қаражаттарының динамикасын талдау
2000 жылы еліміздегі мұнай шикізатынан
түсіп жатқан қомақты қаржы
өскелең ұрпақтың лайықты
Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда.
Соның ішінде, соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік.
Мұндай қор дүниежүзілік тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таңда дүние жүзінде мұндай құрылымдардың саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор АҚШ долларымен есептегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.
Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес құрылды. Ұлттық қор материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық Банктегі және Үкіметтің есеп-шотында шоғырландырылған қаржы активтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік түрінде мемлекет активтерінен құрылған.
Ұлттық қордың қалыптасуы сол сияқты бiржолғы сипаттағы (республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату) не түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.
Осылайша, Ұлттық қорды қалыптастырудың негізгi көздерi мыналар болып табылады деп болжанады:
Ұлттық қордың жинақтарын қалыптастыру моделi республикалық бюджет пен Ұлттық қор арасында мұнай түсiмдерiн бөлудiң оңтайлы теңгерiлiмiн қамтамасыз етуi тиiс.
Сондай-ақ қолайсыз әлемдiк баға конъюнктурасы кезiнде мемлекеттiң әлеуметтiк мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн мұнай секторы түсiмдерiнiң көлемiне қарамастан тұрақты деңгейде ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстарды ұстап тұрудың маңызы зор.
Бұл ретте макроэкономикалық деңгейде iшкi баға өсуiн тоқтатуға және теңге бағамын ұстап тұруға арналған Ұлттық қордың тұрақтандырушы функциясы неғұрлым тиiмдi жүзеге асырылуы тиiс.
Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады.
Соған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруға сыртқы басқарушылармен шарттар жасасты. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.
Ұлттық қорды пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қаражатын пайдаланудың түрлі бағыттары бар.
Қазақстанда балама ретінде мұнайдан түсетін қаражатты халық арасында бөлу мүмкіндіктері қарастырылған. Алайда, бірқатар себептер бойынша бұл тетік қазіргі уақытта қолайлы емес.
Біріншіден, елге мұнай долларының шамадан тыс ағыны ақша массасының артуына, инфляцияның өршуіне, ұлттық валютаны нығайтуға әкеп соқтырады.
Бұл отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және арзан шетелдік өнімге деген сұранысты ұлғайтады.
Информация о работе Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмі