Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 15:54, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысының міндеттері:
• Ұлттық инвестициялық қордың қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу;
• Ұлттық инвестициялық қорды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;
• Ұлттық инвестициялық қорды қалыптастыру мен дамытудың теориялық негіздерін ескере отырып, назарға аларлық озық тәжірибелерді іріктеу;
• ұлттық инвестициялық қорды қалыптастыруды және тиімді пайдаланудың экономикалық механизмін жүзеге асыру тетіктерін анықтау және оларды қолдану аясы бойынша ұсыныстар беру.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................4
1 Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын құрудың теориялық негіздері.............................................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын қалыптастырудың экономикалық мәні................................................................7
1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық инвестициялық қорының негiзгi мақсаты мен қағидаттары...................................................................................................11
1.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық инвестициялық қорының активтерiн басқару...................................................................................................................14
2 Инвестициялық қызметтің дамуындағы Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмін талдау......................................................21
2.1 Ұлттық қордың активтерін және оның пайдаланылуын талдау......................21
2.2 Ұлттық қор қаражаттарының динамикасын талдау.........................................25
2.3 Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың игерілуіне бақылау жасау және оларды реттеу.......................................................................................................31
3 Қазақстан Республикасының ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары.............................39
Қорытынды..............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар.............................................................................................................67

Файлы: 1 файл

КР.doc

— 871.50 Кб (Скачать файл)

3) шағын  жəне орта бизнесті қолдау  бойынша екінші деңгейдегі банктер мен «Даму» КДҚ» көрсетілген мақсаттарға бөлінген 120 млрд. теңге толық көлемде игерілді (Кесте 4).

Шағын жəне орта бизнес субъектілерін заемдардың өтелуінен босаған қаражат есебінен (ЕДБ деректері бойынша) қаржыландыру (Кесте 5).

4) экономиканың нақты секторын кредиттеу бойынша (144 млрд. теңге, кесте 6).

 

ЕДБ атауы

Заем соммасы, млн. теңге

Қаражатты мерзімінен бұрын қайтару, млн. теңге

1.

«Казкоммерцбанк» АҚ

84 000

46 500

2.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

60 000

60 000


 

5) инновациялық, индустриалдық жəне инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша (190 млрд. теңге):

дағдарысқа қарсы бағдарламаның осы бағытындағы іс-шаралар аясында «Қазақстан Даму Банкі» АҚ 167 млрд. теңге мөлшерінде қосымша капиталдандыру жүзеге асырылды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 115 млрд. теңгені құрайды (кесте 7). Жобаларды тікелей қаржыландыруға бөлінген 70 млрд. теңге жылжымайтын мүлік нарығында проблемаларды шешуге арналған қаражатты қайта бөлу арқылы алынды. Бұл бағыттағы (жобаларды қаржыландыру) қаражатты игеру қорытындысы:

 

Заемшының/объектінің атауы

Жобалар бөлігінде қаржыландыру сомасы, млн. теңге

ҚР Үкіметінің 25.11.10 ж. №1085 қаулысына сәйкес игерудің жиынтық сомасы, млн. теңге

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ арқылы қаржыландыру

(115 млрд. теңге шеңберінде)

1.

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ арқылы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты

9 069,7

 

 

115 000,0

2.

Тараз қ. Ферроқорытпалар зауыты

4 502,6

3.

Атырау қ. НПЗ

26 401,0

Жобаларды тікелей қаржыландыру ( 70 млрд. теңге шеңберінде)

4.

«КТЖ» АҚ арқылы «Хоргос –Жетіген» және «Узень-Түркіменстан шекарасы» теміржолдарын салу

 

30 000,0

 

30 000,0

 

Жиынтығы

69 973,3

145 000,0


 

«ҚазАгро» ҰХ» АҚ-ның ақпаратына сəйкес, агроөнеркəсіптік секторды қолдауға бөлінген 120 млрд. теңге аясында 15.12.10 ж. жағдай бойынша айналым - сальдо жиынтығы 159 611,2 млн. теңгені құрады. Атап айтқанда, 68 777,2 млн. теңге ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу үшін айналым капиталын толықтыруға бағытталды. 33 377 млн. теңге инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталды. 57 457 млн. теңге АПК3 субъектілерінен бидайды сатып алуға бағытталды (айналым қаражатының инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатынын ескере отырып, игеру қорытындысы бөлінген соманың 100 % құрайды.)

15.12.10 ж. жағдай  бойынша Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкіндегі «Самұрық - Қазына»  ҰƏҚ» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі»  АҚ жəне «ҚазАгро» ҰХ» АҚ-ның  арнайы шоттарында (Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорының қаражаты есебінен  дағдарысқа қарсы бағдарламаның  мақсаттары үшін ашылған) дағдарысқа қарсы бағдарламаға қатысушылардың қаражатты қайтаратынын /өтейтінін ескере отырып, тиісінше 264,2 млрд. теңге, 51,1 млрд. теңге жəне 75 млрд. теңге қалады.

Оның ішінде дағдарысқа қарсы бағдарламаға қатысушылар қайтарған негізгі борыш сомасының 4 мөлшері (екінші деңгейдегі банктер жəне ұлттық басқарушы холдингтердің еншілес ұйымдары) 137,2 млрд. теңгені құрады.

Сонымен, 15.12.10 ж. экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға бөлінген, 6 бағыт бойынша ақшаны игеру пайызы:

1. қаржы секторын тұрақтандыруға – 100%;

2. жылжымайтын  мүлік нарығында проблемаларды  шешуге, оның ішінде:

– ипотекалық зайемдарды қайта қаржыландыруға – 100%;

– жылжымайтын объектілердің құрылысын аяқтауға – 80%;

3. шағын  жəне орта бизнесті қолдауға, оның ішінде:

– ЕДБ арқылы кредиттеу (117 млрд. теңге) – 100%;

– «Даму - Қолдау» бағдарламасы (3 млрд. теңге) – 100%;

4. экономиканың  нақты секторын кредиттеуге – 100%;

5. агроөнеркəсіптік  кешенді қолдауға – 100%;

6. инновациялық, индустриалдық жəне  инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша – 76,3%.

Бұл қиындықтардан шығуға Қазақстанның банк жүйесін орнықты ету жөніндегі уақтылы және шешімді шаралар көмектесуі мүмкін.

Мемлекет орынды бірқатар шешімдер қабылдады: үмітсіз несиелерді есептен шығаруға кедергі келтірген салық ережелерінің күші жойылды; шетел валютасында кредиттеуге қарсы және капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды ұлғайтуға бағытталған шаралар есебінен нормативтік-құқықтық база нығайтылды; проблемалық активтерді реттеудің жаңа тұжырымдамасы қабылданды. Соған қарамастан қосымша байыпты күш салу қажет.

Бірінші кезекте, барлық банктердің кредиттерді дұрыс бағалауына және резервтер қалыптастыруына (олар қайтарылмаған жағдайда) пәрменді түрде қол жеткізу қажет.

Одан басқа тиісті жағдайларда үмітсіз несиелер көлемін төмендету және банктердің капиталын акционерлер немесе мемлекет тарапынан толықтыру үшін нақты іс-қимылдар жасау қажет. Көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайдағы төтенше іс-қимылдардың жоспарларын дайындау қажет.    

3 Қазақстан Республикасының ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары

Дағдарыс кезінде Ұлттық қордың қаржысы елдегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін пайдаланылғанын атап өткен жөн. Ұлттық қорды қалыптастыру және бюджетке қаражат аудару тәртібі мәселелері бойынша тиісті ереже белгіленіп, құқықтық шешімдер қабылданған болатын.

Үкімет Ұлттық қорды пайдаланбай-ақ бюджеттің қажетті шығыстарын толық қамтамасыз етуге қол жеткізе алмады. Оған мемлекеттің елеулі әлеуметтік міндеттемелері мен төлемдері себеп болды.

Елімізде индустрияландыру, шикізаттық емес экономиканы дамыту жөніндегі жұмыс шикізаттық ресурстар экспортынан келіп түсетін ақшаны және Ұлттық қорды пайдаланбастан, бюджетті өзге тәсілмен жабу үшін қаражат алуға бағытталған.

Ұлттық қорды еліміздің дамуы үшін, соның ішінде қордан кредит ала отырып, біздің елден тысқары емес, ішімізде ақша табу үшін пайдалану қажет. Елбасының халыққа Жолдауында мемлекетті одан әрі дамыту және әлеуметтік жаңарту жөнінде алға қойылған міндеттерді орындау нақты шығынды талап ететіндігі айтылған болатын.

Осы үшін Ұлттық қор құрылды. Қордың белгілі бір бөлігі келешек ұрпақ үшін, белгілі бір бөлігі – трансферт үшін, бүгінгі экономиканы дамытуға арналған. Келешекте Қазақстан үшін қажетті темір жол сияқты ірі нысандар, ел орталығындағы газ құбыры, қолжетімді тұрғын үй мәселесі, жұмыспен қамту бағдарламасы – осылардың бәрін жүзеге асыру үшін бюджеттік қаражаттан басқа қосымша қаржыландыруды талап етеді.

Сонымен қатар Қазақстанда 2012-2013 жылдарға арналған республикалық бюджеттегі кепілдендірілген трансфертті 15 пайызға (180 млрд. теңге) арттыру бөлігіндегі Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізу туралы мәселе қарастырылуда.

Ұлттық қордан трансфертті ұлғайту және дағдарысқа қарсы қаржыны қайта пайдалану туралы шешім Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында айтылған инвестициялық жобаларды қосымша қаржыландыру қажеттілігіне байланысты қабылданған болатын. Сондай-ақ, дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру үшін бөлінген қаржыны қайта пайдалану және Ұлттық қордан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ үшін облигациялық займ беру мәселесі көтерілуі қажет.

Ұлттық қордан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ үшін жалпы сомасы 4 млрд. АҚШ доллары көлемінде облигациялық займ беру туралы шешім Қашаған жобасын қолдау аясында қабылданды. «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржыландыруды екі транш бойынша 2013 және 2015 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

Осыдан біраз жыл бұрын еліміздегі мұнай шикізатынан түсіп жатқан қомақты қаржы өскелең ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қорға жинақтала бастады. Бұл сындарлы шешім сондай-ақ, отандық экономиканың тек қана көмірсутегі шикізатына иек артып қалмай, ұлттық өңдеуші саланы дамыту үшін де қажет деп табылған болатын.

Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда. Соның ішінде соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таңда дүние жүзінде мұндай құрылымдардың саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор АҚШ долларымен есептегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.

Мағлұмат үшін айтсақ, Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес 2001 жылғы мамырда шаңырақ көтерді.

Ұлттық қор материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық Банктегі және Үкіметтің есеп-шотында шоғырландырылған қаржы активтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік түрінде мемлекет активтерінен құралған.

Жалпы, Ұлттық қорды құрудың мақсаты еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақ үшін қаражат жинақтауды қамтамасыз ету және экономиканың сыртқы қолайсыз факторлар ықпалына деген тәуелділігін азайту екені белгілі.

2010 жылы экономиканы тұрақтандыру  және дағдарыстың салдарларын  еңсеру қызметіне қатысты қол  жеткізетін табыс Үкіметтің, ҚҚА-ның  және Ұлттық Банктің жолға қойылған іс-қимылдарына байланысты болады. Қазіргі кезде аса көңіл бөлуді талап ететін негізгі бағыттар барынша айқын белгіленді. 
Біріншіден, бұл — Ұлттық Банктің негізгі міндеті болып табылатын теңгенің бағамдық тұрақтылығын және баға нарығы өтімділігінің қажетті деңгейін ұстап тұру болып табылады. Екіншіден, банктердің баланстарын сауықтыру үдерісін қарқынды ету және оларды сапасыз активтерден “тазарту” қажет. Үшіншіден, дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңінде банктердің кредиттік белсенділігін ынталаңдыратын шаралар жиынтығын әзірлеу қажет. Төртіншіден, контрциклдік реттеуге көшуді және қаржы институттарында тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру қажет. Және, ең соңында, бесіншіден, экономикалық дисбаланстар мен жүйелік тәуекелдер деңгейін төмендететін шаралар жиынтығын әзірлеу қажет.

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында атап айтылғандай, банктердің өтімділігін жақсарту және қайта қаржыландыру тәуекелін азайту бойынша шаралардың шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету көзделген. Ал мұның өзі түптеп келгенде банктердің сыртқы борыштың жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ақпаратына сәйкес (”Агенттіктің 2009 жылғы жұмысы туралы алдын ала қорытындысы” (№196 баспасөз релизі), сыртқы қаржыландыруды банктердің жиынтық міндеттемелерінің 30%-дан астам деңгейіне дейін шектеу жұмыстары жалғастырылатын болады. Сонымен қатар, банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуіне Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерін төмендету немесе ең төменгі резервтік талаптар тетігі арқылы ықпал ете алады.

Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысының ел экономикасына және қаржы жүйесіне теріс әсер етуіне байланысты сынақтан сүрінбей өтті және қазіргі уақытта өзінің дамуының жаңа, дағдарыстан кейінгі сатысына кіруде. Дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне кіру елге әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші бойынша, оның ішінде қаржы жүйесінің даму деңгейі және оған қызмет көрсету сапасы бойынша сапалы секіріс мүмкіндігін береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға ынталы Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық қорын қалыптастырып, оны тиімді пайдалануда. Сондықтан да, аталған қордың ұлттық экономика үшін тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмді дайындау бүгінгі күннің талабы.

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады.

Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.

Информация о работе Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмі