Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 15:54, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысының міндеттері:
• Ұлттық инвестициялық қордың қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу;
• Ұлттық инвестициялық қорды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;
• Ұлттық инвестициялық қорды қалыптастыру мен дамытудың теориялық негіздерін ескере отырып, назарға аларлық озық тәжірибелерді іріктеу;
• ұлттық инвестициялық қорды қалыптастыруды және тиімді пайдаланудың экономикалық механизмін жүзеге асыру тетіктерін анықтау және оларды қолдану аясы бойынша ұсыныстар беру.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................4
1 Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын құрудың теориялық негіздері.............................................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын қалыптастырудың экономикалық мәні................................................................7
1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық инвестициялық қорының негiзгi мақсаты мен қағидаттары...................................................................................................11
1.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық инвестициялық қорының активтерiн басқару...................................................................................................................14
2 Инвестициялық қызметтің дамуындағы Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмін талдау......................................................21
2.1 Ұлттық қордың активтерін және оның пайдаланылуын талдау......................21
2.2 Ұлттық қор қаражаттарының динамикасын талдау.........................................25
2.3 Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың игерілуіне бақылау жасау және оларды реттеу.......................................................................................................31
3 Қазақстан Республикасының ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары.............................39
Қорытынды..............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64
Қосымшалар.............................................................................................................67

Файлы: 1 файл

КР.doc

— 871.50 Кб (Скачать файл)

Екіншіден, мұнай бағасы күрт төмендеген жағдайда мемлекет ақша қаражатының тапшылығын тартады және әлеуметтік төлемдер бойынша тиісті деңгейде төлем жасау қабілеті әлсірейді.

Ұлттық қордың құрылуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына ықпал етеді және Қорда қаражатты жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықтарды біртекті бөлу қағидатына сәйкес келеді.

Әлемдiк тәжiрибенi талдау жинақтаулар үшiн қандай да бiр белгiленген шек болмайтынын және көптеген елдер қол жеткiзiлген жинақ көлемiне қарамастан жинақтау саясатын жалғастырып отырғанын көрсетедi.

Әртүрлi уақытта Норвегияда Қор активтерiнiң деңгейi ел IЖӨ-iнiң жартысынан асты, ал Аляскада штаттың бүкiл IЖӨ-iн, Кувейтте ІЖӨ-нiң үш жарым бөлігін, Оманда IЖӨ-нiң бестен бiр бөлiгiн құрайды.

11 жыл iшiнде Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры IЖӨ-нiң 30,8 %-н құрады (Сурет 7).

 

Cурет 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаттарының динамикасы және ІЖӨ- гі үлестік салмағы,  %

 

Қабылданған саясаттың нәтижесінде экономикалық өсу кезеңінде валютаның шамадан тыс түсуін зарарсыздандыру, теңгені айырбастау бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етілді.

Дағдарысқа қарсы белсенді саясат жүргізу үшін қаржы резервтері құрылып, оның шеңберінде Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды.

2010 жылдың соңына қаражат 4,5 трлн. теңгені құрады, оның 750,0 млрд. теңгесі ішкі активтерге («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры» акционерлік қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының облигацияларына), 24,4 млрд. АҚШ доллары – шетелдік активтерге орналастырылды.

Экономикадағы өзгерістерді ескере отырып, Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Президенттің 2010 жылғы 2 сәуірдегі Жарлығымен мақұлданған Ұлттық қорды қалыптастыру және қаражатын пайдалану тұжырымдамасы әзірленді.

Орта мерзімді келешекте Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес 8 млрд. АҚШ доллары көлемінде кепілденген трансфертті шектеу арқылы Ұлттық қорда қаржы қаражаттарын жинақтау саясаты жалғасатын болады.

Ұлттық қордың активтері 2015 жылға дейін 72,6 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр.

Бұл ЖІӨ-нің 30,5 пайызынан кем болмайтын бөлігін құрайды. Осыған байланысты 2012-2014 жылдары Ұлттық қордан бөлінетін трансферт 1 трлн. 200 млрд. теңге көлемінде жоспарланған.

Ұлттық қордан бөлінетін кепілденген трансфертті шектеу Қорда мұнайдан түскен табыстардың таза жинақталуына мүмкіндік береді.

Тұжырымдамада жиынтықталған бюджет әдісіне көшу ұсынылды, онда мұнай секторынан түсетін кірістердің Ұлттық қорға бағытталуы қарастырылған.

Бұл мемлекет келешекте мұнайдан алынатын кірістерсіз әрекет етуі тиіс дегенді білдіреді. Өз кезегінде ұлттық экономика үшін өңдеуші саланың рөлі мен мәні артып отыр. Өйткені онсыз мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуі ұлғаймақ емес.

Шикізат нарықтарындағы бағалардың қолайлы деңгейінің жеткіліктілігіне жəне экономиканың оң өсу динамикасына қарамастан мемлекеттік бюджеттің «мұнайға жатпайтын» тапшылығы дағдарысқа дейінгі кезеңдегі деңгейге дейін төмендеген жоқ.

Экономиканың өсуі жəне əлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы ахуал жағдайында 2011 жылғы 1-3-ші тоқсандарда мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсуі байқалды, олар көбіне салық түсімдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қор трансферттері есебінен 2010 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 33%-ға ұлғайды.

Кеден одағының жұмыс істеуінің мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіне оң əсерін атап өткен жөн: 2011 жылғы 9 айдың нəтижелері бойынша халықаралық саудаға салынатын салықтар мен сыртқы операциялар 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,9 есе дерлік өсті.

Сонымен қатар мемлекеттік шығыстарды ұлғайтудың қалыпты саясаты жалғасуда. Мəселен, шығындардың өсуі 2011 жылғы 9 айда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 17% құрады.

Бұл ретте ағымдағы шығындар күрделі шығындарға қарағанда едəуір жылдам қарқынмен өсуде, бұл мемлекеттік бюджеттің əлеуметтік бағытына байланысты.

Мемлекеттік бюджеттің салыстырмалы түрдегі өлшемдері мұнай түсімдеріне дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғаннан да тəуелді екенін көрсетуде.

2011 жылғы 3-тоқсанның соңындағы ЖІӨ-нің - 6,2% деңгейінде қалыптасқан (2006 жылғы 3-тоқ. соңында 0,3%) мұнайға жатпайтын тапшылық Қазақстан Республикасы Ұлттық қор трансферттерінің ұлғаюы есебінен қаржыландырылды, бұл нəтижесінде бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің - 0,2%-на дейін төмендетуге мүмкіндік берді (Сурет 8).

Сурет 8. Мемлекеттік бюджеттің өлшемдері

 

2011 жылы əлеуметтік шығыстардың  өсуімен жəне мемлекеттің қатысуымен  ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты болған мемлекеттік борыштың ұлғаюы байқалды.

Бұл ретте мақсатты жобаларды қаржыландыру көбіне халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған сыртқы қарыздар есебінен жүзеге асырылуда. Мəселен, 2009 жылдан бастап Үкіметтің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дəлізін құру жөніндегі халықаралық жобаны іске асыру мақсатында халықаралық қаржы ұйымдарынан тартқан сыртқы қарыздары көлемінің айтарлықтай өсуі байқалады, қазақстандық учаскенің болжамды құны 825,2 млрд. теңгені құрайды.

Осы жобаны іске асыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылатын сыртқы қарыздардың болжамды көлемі 3,4 млрд. АҚШ долларын құрайды. Осылайша, Үкімет борышының ұлғайғанына қарамастан, борыштың салыстырмалы өлшемдері нашарлап жатқан жоқ (Сурет 9).

 

Сурет 9. Үкімет борышы

2008-2011 жылдардағы мұнай бағасының  жоғары болуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорға мұнай түсімдерінің ұлғаюына ықпал етті. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Қоры пайдаланылатын қаражатының жоғары деңгейі, бір жағынан, мұнайға жатпайтын тапшылықты қамтамасыз етеді, екінші жағынан, мемлекет бюджетінің ұзақ мерзімді кезеңде мұнай бағасының құбылмалылығымен байланысты тəуекелдерге ұшырағыштығын сақтайды. Мəселен, ЭДСМ болжамдарына сəйкес мұнайдың əлемдік бағаларының 2012-2013 жылдары төмендеуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорға түсімдерді қысқартады (Сурет 10).

Сурет 10. ҚРҰҚ қаражат түсуі жəне пайдалану

Сонымен қатар фискальды орнықтылықты көтеру мақсатында 2012-2014 жылдары бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорын теңгеру саясатын жүргізу көзделіп отыр, ол саясат салық түсімдерін ұлғайту жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Қоры қаражатын белгілеп пайдалану есебінен бюджеттің кірісін ұлғайтуға бағытталатын болады, бұл мұнайға жатпайтын тапшылықтың қысқаруына ықпал етуі тиіс.

Сонымен, Ұлттық қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.

 

 

2.3 Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың  игерілуіне бақылау жасау және оларды реттеу

Қазақстан экономикасының 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін жылдам көтерілуі сенім ұялатады. Алайда қалыпқа келу сыртқы экономикалық жағдайдың жылдам нашарлауы аясында жүріп жатыр.

Әлемде экономикалық белсенділік төмендеп, әлсірей бастады, сенімділік азаяуда, ал теріс тәуекелдер күшейе түсуде.  Дағдарыс нәтижесінде зардап шеккен дамыған елдер бастан кешірген құрылымдық проблемалар күткендегіден күрделірек болды, ал реформалар әзірлеу мен іске асыру үдерісінің сипаты азая бастады.

Осындай қиындықтарға байланысты «еуроаймақтағы» дағдарысты реттеудегі және АҚШ-тағы мемлекеттік емес сұранысты қалпына келтірудегі түрлі кідірістердің себебінен ғаламдық өсу үшін анық теріс тәуекелдер туындауда. Бұл тәуекелдер орын ала бастаған жағдайда шикізат бағасы түсіп, әлемдік сауда мен капиталдың қозғалысының көлемдері қысқарады, бұл экономикасы қалыптасу үстіндегі елдердегі және дамушы елдердегі өсуді тоқтатады. Оның шикізат экспортына тәуелділігін және халықаралық нарықтармен тығыз байланысын ескере отырып, Қазақстан басқа да көптеген елдер сияқты осындай күйзелістер нәтижесінде зардап шегуі мүмкін.  

Қалыптасқан жағдайда Қазақстанның банк жүйесінде сақталып отырған әлсіз тұстар алаңдаушылық туындатады.

Сыртқы берешектің қайта құрылымдауына және мемлекет тарапынан қаржылай көмекке қарамастан банк активтерінің сапасы нашарлай берді, ал жұмыс істемейтін несиелер көлемі өте жоғары деңгейде (халықаралық есеппен алғанда) қалып отыр. Есептелген, бірақ алынбаған пайыздық кіріс көлемінің жоғары болуы, қайта құрылымдалған несиелер үлесінің жоғары болуы және кірістіліктің төмен болуы капитал жеткіліктілігінің нормативтері үшін тәуекелдер туындатады.

Банктердің бұрынғысынша тәуекелге барғысы келмеуін, ал ірі заңды тұлғалардың заем қаражатының үлесін төмендетуді жалғастыруын ескерсек, мақсатты қаржы бөлінген кредиттер, мемлекет тарапынан адрестік көмек және бейімделген ақша-кредит саясаты кредиттеудің жақын болашақта өсуіне ықпал етуі екіталай.

Айтарлықтай күйзелістер болмаған кезде банктердің жағдайы біртіндеп жақсаруы мүмкін. Алайда, әлемдік экономикадағы белгісіз ахуалды ескерсек, банк жүйесінің толық сауығуын және оның әлеуетті күйзелістерге қарсы тұруын және жинақталған қаражатты өндірістік қызметке бағыттауын қамтамасыз ету үшін бастамашыл тәсіл қолданған жөн. Әлемдік экономикалық жағдайдың айтарлықтай нашарлауы, атап айтқанда, ірі көршілес мемлекеттер тарапынан болатын ықтимал теріс әсерлер, Қазақстанның экономикасына және оның банк жүйесіне теріс әсер етеді. Ықпалдар қол жетімді ресурстар көлемінің қысқаруы және қарыз құнының ұлғаюы (банктер, заңды тұлғалар және квазимемлекеттік құрылымдар үшін), сондай-ақ сенімнің әлсіреуі түрінде болады, бұл, өз кезегінде, банктер үшін қосымша қиындықтарға әкеп соғады. Экономикадағы қаржы ресурстарының көптігіне қарамастан, мұндай ахуал басқару органдары үшін көптеген қиындықтар туындатады, сондай-ақ «2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарында» көзделген мемлекеттік емес секторды дамыту және экономикалық әртараптандыру есебінен өсуді қамтамасыз етудің міндеттерін іске асыру үшін кедергі болады.    

Дағдарысқа қарсы жоспардың іс-шараларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі «Самұрық - Қазына» ҰƏҚ» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ жəне «ҚазАгро» ҰХ» АҚ-ның арнайы шоттарына аударылған қаражатты былай игеру көзделіп отыр:

1) банктерді  капиталдандыруға – 332,1 млрд. теңге;

1) жылжымайтын  мүлік нарығында проблемаларды шешуге – 290 млрд. теңге;

2) шағын  жəне орта бизнесті қолдауға  – 117 млрд. теңге банктерге, 3 млрд. теңге «Даму» КДҚ» АҚ-ға бөлінді;

3) экономиканың  нақты секторының жобаларын кредиттеуге  – 144 млрд. теңге;

4) инновациялық, индустриалдық жəне инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға – 1902 млрд. теңге;

5) агроөнеркəсіптік  кешенді қолдауға – 120 млрд. теңге.

15.12.10 ж. жылғы  жағдай бойынша алынған ақпаратқа  сəйкес іс жүзінде игерілгендері  мыналар:

212,1 млрд. теңге – Үкіметтің «БТА Банкі» АҚ-ның жай атаулы акцияларын 25 246 343 дана мөлшерінде сатып алуы;

27 млрд. теңге – «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ-ның «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жай атаулы акцияларын 259 064 909 дана мөлшерінде жəне артықшылықты акцияларын 33 млрд. теңгеге 196 232 499 дана мөлшерінде сатып алуы.

36 млрд. теңге – «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ-ның «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның жай атаулы акцияларын 165 517 241 дана мөлшерінде сатып алуы.

1) қаржы  секторын тұрақтандыру бойынша:

212,1 млрд. теңге – Үкіметтің «БТА Банкі» АҚ-ның жай атаулы акцияларын 25 246 343 дана мөлшерінде сатып алуы;

36 млрд. теңге – «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ-ның «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның жай атаулы акцияларын 165 517 241 дана мөлшерінде сатып алуы.

24 млрд. теңге – қайта шығарылған жай атаулы акциялардың 4 000 000 дана мөлшерінде сатып алу жолымен «Альянс Банк» АҚ қосымша капиталдандыру.

2) жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша:

120 млрд. теңге  мөлшеріндегі ипотекалық заемдарды  қайта қаржыландыру толық көлемде  жүзеге асырылды.

Кесте 1

2011 жылғы ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру көлемі, млн теңге

Заемдардың өтелуінен босаған қаражат есебінен ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру (ЕДБ деректері бойынша, кесте 2).

Кесте 2.

Заемдардың өтелуінен босаған қаражат есебінен ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру, млн тенге

 

Астана жəне Алматы қалаларындағы жылжымайтын объектілердің құрылысын аяқтауға (290 млрд. теңгеден тағайындалғаны 170 млрд. теңге).

Кесте 3.

Жасалынған шарттардың соммасы, млн. теңге

Кредитордың атауы

Жасалынған шарттардың соммасы, млн. теңге

1.

«Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жарғылық капиталына ақы төлеу

15 000, 0

2.

Құрылыс объектілерінде қалыптасқан пул бойынша «Цеснабанк» АҚ на алдын ала аванстық салым

305,9

3.

Құрылыс объектілерінде қалыптасқан пул бойынша «Еуразиялық банк» АҚ на банктік салым

919,9

4.

Құрылыс объектілерінде қалыптасқан пул бойынша Алматы қаласы «БТА Банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ филиалына банктік салым

247,39

5.

Құрылыс объектілерінде қалыптасқан пул бойынша «АТФ Банк» АҚ на банктік салым

199,9

6.

8 объектінің құрылысын аяқтау үшін «Казкоммерцбанк» АҚ на банктік салым

23 431,0

7.

ҚУАТ объектілерінің құрылысын аяқтау үшін «Казкоммерцбанк» АҚна банктік салым

14 700,0

8.

Алматы қаласындағы «Ахселькент» ТК құрылысын аяқтау («Альянс банк» АҚ арқылы қаржыландыру)

16 500,0

9.

Мемлекеттік комиссия бекіткен тізбеге сәйкес құрылыс объектілерін «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы қаржыландыру

64 800 (оның 56100 игерілді)

 

Құрылыстағы аяқтау бойынша жиынтығы

 

Информация о работе Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмі