Малеметтер жане бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:59, реферат

Описание работы

Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды [2] – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді.

Файлы: 1 файл

акша.docx

— 36.40 Кб (Скачать файл)

Өндірісті дамыту мақсатында пайдаланылатын ақшаның яғни қаржының бастапқы түріне ақша капиталы жатады. Ол орта ғасырда сауда және өсімқорлық капиталдар түрінде пайда болды. Өнеркәсіп капиталының ауыспалы айналымның бірінші сатысында ақша капиталы өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалады. Өндіріс процесінде тауар өндіріліп, ол өткізілгеннен кейін өнеркәсіп капиталы тағы да ақша капиталына айналады. Сөйтіп, өндіріс процесінде капиталдың бір түрі оның екінші түріне тұрақты айналып отырады, осының көмегімен қосымша құнның мөлшері де өсіп отырады. Капиталдың ауыспалы айналымы процесінде босаған ақша капиталы қарыз капиталына айналуы мүмкін. Дәлірек айтқанда, ақша — қосымша құн әкелетін ақша түріндегі капитал. Ол өнеркәсіптік капиталдың бір түрі болып табылады. Ақшаны пайдалану процесінде ақшаға табыну — ақша фетишизмі (французша fetіche — сиқыр) пайда болады. Ақша фетишизмі — тауарлы шаруашылықтың табиғатынан туатын обьективтік құбылыс. Алтынның жалпыға бірдей балама рөлін атқаратыны сияқты, ақшаның өз жаратылысында кез-келген затқа айырбасталатын сиқырлы қасиеті бар деп есептелінеді. Ақша фетишизмі нарықтық экономика жағдайында, әсіресе, ақша тапшылығы орын алып отырған кезде, өзінің шарықтау шегіне жетеді. Ақшаның кез-келген тауар түріне айналу мүмкіндігі ақшалық материалдың — алтынның табиғи қасиеті деп түсіндіріледі. Тауардың барлық түрі ғана емес, адамдар арасындағы қатынас, тіпті моралдық қатынастар да ақшаға сатылады да, оған табыну процесі одан әрі күшейе түседі.[6]

[өңдеу]

Пайдаланған әдебиет

↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

↑ 3,0 3,1 3,2 3,3 3,4 3,5 3,6 Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. ISBN 978-601-288-026-7

↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Информация о работе Малеметтер жане бизнес