Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 08:15, курсовая работа
Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.
беттер
Кіріспе
3
1
Маркетингті жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері
және көрсеткіштері
5
1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
7
1.3 Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары
9
2
Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.«Қант»АҚ-ның жалпы сипаттамасы
13
2.2.«Қант» АҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерін
талдау
18
3
Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
3.1 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
26
3.2 Фирма өсу жолының стратегиялары
27
Қорытынды
30
Қолданылған әдебиеттер тізімі
32
Стратегиялық жоспарлау үдерісі фирманың мақсаты мен әлуетті мүмкіндері арасындағы стратегиялық сәйкестікті келтіруді және оны қолдауды басқару үшін жүргізіледі. Стратегиялық жоспарлау:
Стратегиялық жоспарлау үдерісі келесі өзара тығыз байланысты тараулардан турады:
1.3 Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары
Нысанды маркетингті жоспарлау - табысқа жеткен көптеген компаниялар пайдаланатын әйгілі амал-тәсіл. Маркетингті жоспарлау стратегия жасауға, ресурстарды ұқсатып пайдалануға, компанияға төніп тұрған қауіп-қатерді анықтауға және келешек үшін қажет болжау мағлұматтарын алуға мүмкіндік береді.
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шүғылданбайды. Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді. Қазақстандық компаниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді, сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста. Мұндай тұжырым қате, жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек, жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады. Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мәнінде жоспарлау барысын қиындатады. Алайда фирма басшылығына өзгерістерді болжауға, оларға барабар қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді.
Америкалық төрт жүз жетекші компанияны зерттеу мәліметтері жоспарлауды жүйелі жүргізетін компаниялардың сату көлемдері мен пайдасы жоғары қарқынмен өсіп тұратынын көрсеткен .
Маркетингтік жоспарлар оны құрастыратын менеджерлердің міндеттері бөлінбегендіктен, жүзеге асырудың бағдарламасы мен жұмсалатын шығындары анықталмағандықтан, тәжірибе жүзінде іске аспайды.
Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап, оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар), ұйымдастыру жүйесі, сауатты әдістеме, жазбаша жоспардың болуы қажет.
Маркетингтік жоспар айқын көрсетіліп, ұжымда талқылануы керек. Жоспарлауға қатысушы менеджерлер маркетинг жоспарын әзірлеудің мәнін, рөлін, мақсаттарын, талдау мен жасау тәсілдерін білгені жөн. Жоспардың табысты орындалуы үшін менеджерлер арасында міндеттерді дұрыс бөліп, оның жасау мерзімін, бюджетін белгілеу қажет.
Маркетинг жоспары — бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы нысандандырылған құжат.
Ол - маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы. Көптеген ұйымдарда маркетингтік жоспарлар жетекші бөлімдердің қызметкерлерінің бірлескен тобымен жасалып, басқарудың сәйкес деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Маркетингтік жоспарлар корпорация және оның бөлімтелері, стратегиялық шаруалық бөлімшелер /СШБ/, компания, өнім түрлері және жеке өнім, жеке нарықтар және маркетинг кешенінің әрбір элементі бойынша жасалынады.
Маркетинг жоспарлары мынадай белгілер бойынша бөлінеді:
Қамту ауқымы бойынша жоспарлар үш топқа бөлінеді: жалпы, біріккен (интегрированные) және ерекшелікті. Жалпы жоспарлар маркетингтің барлық бөлімшелерінің мақсаттарын анықтайды, біріккен жоспарлар өнімнің барлық түрлерін қамтыса, ал ерекше жоспарлар маркетинггің әрбір бөлімдері бойынша жасалады. Мысалы, маркетинг жоспары жарнама, өткізу, жаңа өнімдер бөлімшелері үшін жасалуы мүмкін. Жалпы жоспарларды әдетте, өндіріске арналған тауарларды өндірушілер жасайды, ал бірыңғай біріккен маркетинг жоспарын көбіне қызмет көрсететін фирмалар қолданады. Маркетингтік қызметі өнім түрі бойынша ұйымдастырылған кәсіпорындарда маркетинг жоспарлары әрбір өнім үшін, ал географиялық принципі тұрғысынан ұйымдастырылғанда -әр аймаққа арналып жасалады.
Іс-әрекет ету мерзіміне байланысты маркетинг жоспары ұзақ, орта, қысқа мерзімдік және жобаларды жоспарлау болып бөлінеді. Маркетингтің ұзақ мерзімді жоспарлары 5 жылдан 20 жылға дейінгі, орта мерзімді жоспарлар -2 жылдан 5 жылға дейінгі уақытқа, қысқа мерзімді жоспарлар - бір жылға немесе тоқсанға арналып жасалынады.
Мәнділігі бойынша маркетинг жоспарлары стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді. Стратегиялық маркетингтік жоспар басты мақсаттарды анықтайды, ал тактикалық жоспар оларды егжей-тегжейлі қарастырады.
Нарықтық жағдай мен мүмкіндіктерге негізделген стратегиялық маркетингтік жоспар ғаламдық мақсаттар қойып, компанияның даму келешегін белгілейді. Тактшалық жоспар ағымдық міндеттерді шешуге бейімделген және бағаны, жарнаманы, өткізу арналарын, қызмет көрсетуді жоспарлау үшін пайдаланатын әдістер мен құралдардан тұрады.
Стратегиялық жоспар жылдық маркетингтік жоспарға ықпалын тигізеді. Мысалы, жылдық маркетинг жоспарының мақсаттары бесжылдық стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттар арқылы анықталады.
Маркетинг жоспарын жасау кезінде әр түрлі тәсілдер қолданылады. Кейбір кәсіпорындарда өнімнің белгілі бір түрлеріне арналған маркетинг жоспарлары жасалуы мүмкін, ал басқаларында олар белгІлі бір нарыққа ену хмақсатымен және оның жағдайын жақсарту үшін құрастырылады немесе жоспарлар өнім түрлерімен әрбір нарық үшін жасалуы мүмкін. Сондықтан маркетинг жоспарлары бірыңғай болуы, сонымен қатар оған жеке ішкі жоспарлар кіруі мүмкін. Әзірлеу әдістері бойынша маркетинг жоспарлары былай бөлінеді: жоғарыдан төмен жоспарлау, төменнен жоғары жоспарлау, қарсы жоспарлау.
Жоғарыдан төмен жоспарлау әдісінде басшылық маркетинг мақсаттарын анықтап, жоспарды әзірлейді, тиісінше оларды әзірлеу бойынша жауапты болады.
Төменнен жоғары жоспарлау әдісі бойынша маркетинг бөлімі өз мақсаттарын айқындап, маркетингтік жоспар әзірлейді оны жоғары басшылық бекітеді. Мұндай жағдайда қызметкерлер жоспарлау мен басқару барысына шығармашылық түрде қатысып, белгілі бір жауапкершілікті көтереді.
Қарсы жоспарлау әдісінде жоғарыдан төмен мақсаттар анықталып, төменнен жоғары жоспарлау жүзеге асырылады. Жоғары басшылық фирманың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтап, бір жылға арналған жалпы мақсаттарды белгілейді. Олардың негізінде жоғары басшылық бекітетін маркетинг жоспары әзірленеді.
Ең ақырында кәсіпорынның тұтас жоспары жасалынады.
Іс жүзінде жоспарлау барысы былайша жүзеге асады: маркетинг менеджері нарық, сату, жүргізілетін маркетинг саясаты туралы қажетті мәліметтерді жинайды және талдайды. Осы мәліметтер негізінде өндірістік, қаржы және персоналдық жоспарлар құрылады. Жоспар әзірленіп, бекітілген соң маркетинг бөлімі маркетиштің қорытынды жоспарын жасайды.
Тәжірибеде көбінесе жоспарлаудың үшінші әдісі жиі қолданылады.
Маркетинг жоспарын құрастыру, талдау, жоспарлау, жоспарды жүзеге асыру, бақылау кезеңдерінен тұрады.
Маркетингтің
дайындалған жоспары осы
Стратегиялық жоспарлау- ұйым мақсаттарын, мүмкіндіктерін, ресурстарын және жаңа нарықтық мүмкіндіктерді сәйкесінше үйлестіру және оларды бір қалыпта ұстап тұруды басқару процесі. Оның мақсаты - компанияның табысты дамуына бағытталған өнімді және бизнесті құру мен реформалау. 1970 жылдары энергетикалық дағдарыс, гиперинфляция, экономикалық тоқырау, бәсекелестіктің күшеюіне байланысты АҚШ-та стратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері жасалды. Дәстүрлі ұзақ мерзімді жоспарлау орнына стратегиялық жоспарлау келді. Бүгінгі стратегиялық жоспарлаудың негізгі міндеті - бизнеске кері әсер ететін жағдай туса да, компанияның алдына қойылған мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беретін бағыттарды таңдау.
Стратегиялық
жоспарлау процесін ұйымдастыру
үшін жауапты штабпәтер болыи
табылады. Ол компанияның миссиясын,
саясатын, стратегиясы мен міндеттерін
анықтай отырып, бөлімшелерді жоспарлау
межелерін бекітеді. Кейбір корпорацияларда
бизнес-бірліктерге өткізу және пайда
бойынша міндеттер мен
2 Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.«Қант»АҚ-ның жалпы сипаттамасы
"Қант" акционерлік қоғамы Жамбыл облысының Тараз қаласының шығыс өңірінде орналасқан. Қант өндірісі жалпы тамақ индустриясында ең алғы саласы болып табылады. "Қант" акционерлік қоғамы шаруашылык объекі ретінде. Кәсіпорынның 1993 жылы 17 желтоқсанда тіркелінді. Куәлік N 10508. жарғы облыстық әділет басқармасымен бекіттілді. "Қант" акционерлік қоғамы заңды тұлға және өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңы және жарғысы негізінде жұмысын жүргізуде. "Қант" акционерлік қоғамы өз алдына балансы, банктік есеп шоты және өзінің аты көрсетілген мөрі бар. "Қант" акционерлік қоғамы қызметінің мақсаты болып өндірістік қызметтен табыс алу. "Қант" акционерлік қоғамының негізгі өндірісіне - ком, патока, эк шығару өнімдері жатады. Қосымша өндірісіне - жылу, электро энергияларын, су қамтамасыз ету және су коймаларын, химиялық тазартылған су, қысылған ауа, қаптарды шығару және жөндеу, теміржолдық көлікке кызмет көрсету, жөндеу - механикалык шеберхананың қызметі, электроцехтың қызметі, КИПиА цехының қызметі, жөндеу - қүрылыс учаскісі жатады.
"Қант"
акционерлік қоғамы өзінің
1932 жылдың
қаңтарынан ССРО құрылыс
1935 жылдың
қаңтарынан Қаз ССР Оңтүстік
Қазақстан облысынын Алматы
1938 жылдың қаңтарынан Қаз ССР Оңтүстік Қазақстан облысының жамбыл қант қызылша зауыты.
1939
жылдың қаңтарынан - "Жамбыл
қант комбинаты" 1993
жылдың қазанынан "Қант" акционерлік
қоғамы. "Қант орталығы" ЖШС-тің
мерзімі 5 жылға созылған сенімділік
басқармасының қол астында.
Бизнес - жоспары өнеркэсіптің
өзінде жасалынады
шикізатпен фирманың
президенті қамтамасыз етеді
(шетелдік қант - сырец).
Одан баскакузде зауыт
жеке тұлғалармен, шаруа