Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...............................................................6
1.2. Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері..................17
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны.................................................25

2. «ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
2.1 «Әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің қызметіне сипаттама..............30
2.2. Мекеме қызметін қаржылық талдау...............................................................35
2.3. Мекемедегі қаржылық тәуекел.......................................................................51

3. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
3.1. Қаржылық тәуекелді басқару жүйесі.............................................................61
3.2. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.....................................................67

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................76

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................

Файлы: 1 файл

Риски по финансам каз.doc

— 859.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

 1. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ

1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...............................................................6

1.2. Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері..................17

1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны.................................................25

 

2. «ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ

2.1 «Әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің қызметіне сипаттама..............30

2.2. Мекеме қызметін қаржылық талдау...............................................................35

2.3. Мекемедегі қаржылық тәуекел.......................................................................51

 

3. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ

3.1. Қаржылық тәуекелді басқару жүйесі.............................................................61

3.2. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.....................................................67

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................76

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................79

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі уақытта болып  жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше  тез және дұрыс бағдар тауып, оны  ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.                                          

Нарықтық экономика  жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың  пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

Тәуекелсіз кәсіпкерлік  болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс. Нарықта көбінесе жоғары табысты тек тәуекелі жоғары қызметтер арқылы табуға болатыны белгілі. Тәуекел – бұл «сәті түсер – не сәті түспес» қағидасына сәйкес табыс алу мақсатына бағытталған қызмет. Әрине, тәуекелге ұшырамауға болады. Бірақ бұл кәсіпкерге белгілі бір табыстан айырады. Тәуекел қабылданған шешімнің  жағымсыз нәтижесі ғана емес, сонымен бірге күтілетін пайдадан табыс алу ықтималдығын білдіреді.

Нарықтық экономика  жағдайында  өндірушілер, сатушылар  және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе  аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.

Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, осы дипломдық жұмыстың өзектілігін қарастырайық. Екі жылдай созылып, түбі  көрінбейтін қазіргі  бүкіләлемдік аса қиын қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде кез-келген компания, кәсіпорын аса қиын жағдайларда жұмысын шығынсыздықпен әрі қарай жалғастырудың жолдарын іздестіруде. Компаниялардың өз алдына қойған мақсаттарының ең негізгісі – залалдықтың ең минималды мөлшерін ұстап тұру. Осындай кездерде пайда табудан гөрі жұмыссыз қалмау - шығындарды төмендету – әлдеқалай маңызды болып келеді. Сондықтан да осы дипломдық жұмыста қарастыратын мәселелер – тәуекел жағдайларын төмендету, тәуекелді басқару аса өзекті сұрақ болып табылады. Бұндай мәселелерді ғылыми тұрғыдан қарастыруға, өкінішке орай тек соңғы жылдарда ғана  көңіл бөліне басталды, сол себепті   де шығар, біздің Тұран Әлем Банкі сияқты экономикамыздың ірі қатысушылары, болып жатқан дағдарыста аса көп зиян шегіп, бұрынғыдай жұмысын жалғастырмайтын сияқты. Менің өзімнің субъективті ойым бойынша, дефолт сияқты ең негативті жағдайға ұшырағанның себебі – алғашқыдан бері менеджменттің, басқарудың, соның ішінде нақтырақ айтатын болсақ – қаржыларды тартудың алдын ала дұрыс емес саясаты, өкінішке орай топ-менеджерлер басынан бастап тәуекел-менеджментін есепке алған жоқ, немесе дұрыс бағалаған жоқ, тура сондай ойымды мен қазіргі Астанамызда көбейіп кеткен құрылыс компаниялары туралы да айта аламын. Әрине, бір дипломдық жұмысымда мен тәуекелдіктің барлық жағдайларын қамти алмаймын, бірақ бәрібір тәуекелге осындай түрде де көңіл бөлу маңызды болып келеді.

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру. Көбінесе, қаржылық тәуекел ұғымын біз тек бизнес процестерде болатын, яғни толығымен бәсекелестікте, нарықтық жағдайда қызмет көрсететін, жұмыстарды орындайтын жеке кәсіпорындармен байланыстырамыз. Біріншіден, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты тәуекел. Әрине, бұл көзқарастың да негізі түсінікті. Сұранысқа, нарықтағы басқа өзгерістерге байланысты коммерциялық ұйымдардың тәуекелі жөнінде көп сөз қозғалған еді. Тәуекел менеджментінің жоғарыда аталған жағдайларға байланысты шешім жолдары көптен бері айқындалған, әрі әр қаржы менеджеріне белгілі. Әр қаржылық менеджер өз компаниясында қаржылық тәуекелді төмендету әдістерін алдын ала қарастырған, әсіресе қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс кезеңінде тәуекелдің қай жақтан туындайтыны мәлім болды. Бірақ мен өзімнің дипломдық жұмысымда өз алдыма басқа мақсатты қойдым. Нақты кәсіпорын ретінде мен тауар шығармайтын, қызмет көрсетпейтін, яғни қызметі пайданы көздемейтін мемлекеттік мекемені алдым. Өйткені мен осы дипломдық жұмысымда толығымен мемлекет тарапынан қаржыландыратын ұйымдардың да тәуекелі бар екендігін, олардың туындау себептерін, және де тәуекелді шешу жолдарын ашып, талдау жасағым келеді.

Осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты:

  • қаржылық тәуекел және оны алдын алу туралы экономикалық мәнін зерттеу;
  • түрлі қаржылық тәуекелдерден сақтанудағы тәуекел – менеджменттің мүмкін әдіс-тәсілдерін қарастыру;
  • қаржылық менеджмент құралдарын қолдану практикалық аспектілерін зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей  міндеттерді анықтадым:

- қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;

- өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;

- қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;

- жүргізілген талдау нәтижелері бойынша  жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Осы дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі уақыт бойы жиналған теориялық негіздер жиналған. Осы бөлімде қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.

Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын  мысалы ретінде «Әлеуметтік бейімделу орталығы» мемлекеттік мекемесі алынып, қаржылық жағдайы, қаржылық тәуекелді басқару жүйесі талданады. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады. Мекемеде туындайтын тәуекелге сипаттама берілген.

Үшінші бөлімінде қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады.

 

1. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ

 

1.1 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері

 

Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.

 Тәуекел – белгілі бір қызметтегі зиян шегу (табысты толығымен ала алмауы, шығындардың тыс мөлшерде көп болуы, т.б.) ықтималдылығын білдіреді.

Тәуекел – кез-келген бизнес түріне тән құбылыс, ал пайда  кәсіпкердің тәуекелге барғаны үшін алатын сыйақысы ретінде қарастырылады. Адамдар әртүрлі қызмет ауқымында барлық уакытта тәуекелмен кездеседі. Бірақ, «шаруашылық тәуекел», «кәсіпкерлік тәуекел» экономикапық категорияларының мәнін және мазмұнын ашатын жұмыстың негізі әлі жоқ.

Тәуекел бір жағынан бір нәрсенің мүмкін қауіптілігі ретінде, екінші жағынан жаңа нәтижеге үміттегі өжеттікті, табандылықты, тапқырлықты талап ететін табысқа әрекет ретінде анықталады.

Кәсіпкерлік қызмет - бұл инновациялық тәуекелдік қызмет. Кәсіпкер жаңа технология, жаңа техника, еңбекті ұйымдастырудың, өндірістің, инновациялық маркетингтің, менеджменттің жаңа әдістерін қолдана отырып, шығын алуға ресурстардың бір бөлігін немесе толығымен жоғалтуға тәуекелге барады. Ол бірақ жоғалтуларға емес, алдымен кәсіпкерлік табыс алуға сенеді. Және тәжірибеде көрсеткендей, көптеген жағдайларда оны алады.

Міне сондықтан инновациялык, кәсіпкерлік түрдегі фирмалар дәстүрлі технология мен техниканы, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың әдістерін қолданып, ұдайы өндіріс процесін жүзеге асыратындармен салыстырғанда бәсекелестік кабілетінің деңгейі өте жоғары және жоғары рентабельдік алады.

АҚШ-та жүргізілетін 50 қаржы фирмасын іріктеп зерттеуі көрсеткендей тәуекел капиталының рентабельдігінің орташа көрсеткіші акцияларға жай капитал салудан 3 рет жоғары. Бүл фирмалардың 70 % - ның рентабельдігі 20 % - дан жоғары, қалғаны 30 % жоғары.

Экономикалық әдебиетте «шаруашылық тәуекел» және «кәсіпкерлік тәуекел» түсініктері қолданылады. Көбінесе бұл түсініктерді ұқсас ретінде түсінеді. Шынында да бұл түсініктер өте жақын кәсіпкерлік қызметтегі шаруашылық тәуекелді басты кұраушы.

Тәуекел - бұл мүмкін қауіптілік. Экономикалық теорияда тәуекел дегеніміз кәсіпорынның белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстың бір бөлігін жоғалту ықтималдығы.

Осылайша кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және каржы операциялармен,   коммерциямен   байланысты   кез   келген   қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар.

Қарастырылған қызмет түрлерінде материалдық, еңбектік, қаржы, тәуекел осы ресурстарды толық немесе жекелей жоғалту каупімен байланысты.

«Тәуекел» түсінігін  анықтағанда «жоғалтулар», «залалдар», «зиян» сияқты жалпы колданылатын сөздер пайдаланылады.

Бұл сөздерді экономикаға  қолданғанда олар нені меңзейтіндігін анықтау керек. Жоғалтулар дегеніміз бізде болған, бізден кеткеңдер. Бірақ экономикада «шығындар» деген сөз бар, ол да қолда бар, қолдан кеткен дегенді білдіреді.

Мысалы, тігінші костюм тігеді және оған мата жұмсайды. Алдын-ала қарасгырылган шығындар жоғалтулар болып саналмайды. Бірақ егер сол тігінші матаны кездейсоқ кесіп алса, костюмды дұрыс пішпесе, костюмды тігуге қажет үш метр матадан артық 3,5 метр кетеді, яғни 3 метр - бұл шығын, ал 0,5 метр - бұл жоғалтулар.

Басқа мысал, кәсіпкер кітаптарды басып шығаруды және әрбір данасын 500 теңге бағамен сатуды ойлайды. Бірақ сату нарығында колайсыз жағдайлар қалыптасты, кітапқа сұраным күтілген деңгейден төмен болады. Бір данасын 400 теңге бағамен сатуға тура келеді. Нәтижесінде кәсіпкер әрбір кітапқа табыстың 100 теңгесін жоғалтады.

Кәсіпкерлік тәуекел ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады. Басқаша айтқанда кәсіпкер өз әрекетінің болжамында, жобасында, жоспарында, бағдарламасында карастырылғаннан жоғары косымша шығындар түріндегі жоғалтулар немесе ол есептелгеннен төмен табыстар алады деген кауіп тәуекелі.

Сонымен кәсіпкерлік тәуекелді белгілегенде «шығьш» және «залал», «жоғалтулар» түсінігін білу керек. Кез келген кәсіпкерлік кызмет шығындармен байланысты, залалдар қолайсыз жағдайлар тоғысқанда, жаңылысқанда болады және ойлағаннан жоғары қосымша шығындарды керсетеді. Залалға мақсатқа сай нәтиже тиім әкелмеген кез келген шығындарды жатқызады.

Экономикалық категория  ретінде тәуекел өзімен бірге  болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың  туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).

Тәуекелді басқаруға  болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын  белгілі бір шекте болжамдау  және тәуекел  дәрежесін төмендету  үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.

Көбінесе тәуекелді  басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.

Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен  топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.

Информация о работе Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері