Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 14:48, курсовая работа
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...............................................................6
1.2. Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері..................17
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны.................................................25
2. «ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
2.1 «Әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің қызметіне сипаттама..............30
2.2. Мекеме қызметін қаржылық талдау...............................................................35
2.3. Мекемедегі қаржылық тәуекел.......................................................................51
3. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
3.1. Қаржылық тәуекелді басқару жүйесі.............................................................61
3.2. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.....................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................
№5 Кестенің жалғасы
Халықаралық ұйымдарға және шетелдердің үкіметтеріне |
471 |
||||||
Шетелге өзге күрделі трансферттер |
479 |
||||||
Мем басқарудың басқа деңгейлеріне несиелер |
511 |
||||||
Заңды тқлғаларға несиелер |
512 |
||||||
Жеке тұлғаларға несиелер |
514 |
||||||
Өзге ішкі несиелер |
519 |
||||||
Әр түрлі сыртқы несиелер |
521 |
||||||
Халықаралық ұйымдар акцияларын сатып алу |
531 |
||||||
Өзге шетелдер ұйымдарының акцияларын сатып алу |
539 |
||||||
Мемлекеттік басқарудың өзге деңгейлеріне қарызды өтеу |
611 |
||||||
Ішкі нарықта орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша қарызды өтеу |
612 |
||||||
Өзге де ішкі қарыздарды өтеу |
619 |
||||||
Сыртқы қарызды өтеу |
621 |
||||||
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу |
711 |
||||||
Барлығы |
80558000 |
80558000 |
80558000 |
80558000 |
80444578 |
80754816 |
Жалпы төлемқабілетсіздік жағдайы және барлық кәсіпорындардың банкроттық іс әрекеттері және нақты қаржылық жағдайды бағалау қазіргі кезде маңызды орын алады. Мұндай бағалаудың басты критериі кәсіпорынның төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.
Кәсіпорын өтімділігін талдауға көшуден бұрын, актив, баланс, кәсіпорын өтімділігі не екенін анықтау қажет. Өтімділіктің екі концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік – бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік.
Ағымдағы өтімділік кәсіпорынның қарастырылатын уақыт ішінде төлемқабілеттілігі және төлемқабілетсіздігі туралы куәландырады және келесі формуламен есептелінеді:
ТЛ = ( А1 + А2 ) – ( П1 + П2 ), (1.1)
мұндағы ТЛ – ағымдағы өтімділік, А1 және П1 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.
Перспективалық өтімділік – бұл болашақтағы түсімдер мен төлемдер негізінде болжау. Ол келесі формуламен есептелінеді:
ПЛ = А3 – П3, (1.2)
мұндағы ПЛ – перспективалық өтімділік, А3 және П3 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары/10,134б./.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек ала-ды, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүм-кіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке же-туі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.
Орталықтың 2008 жылғы есебіне түсініктеме хатқа сәйкес келесі мәліметтерді ұсынғым келеді.
Активтер. «Активтер» 010 жол бойынша 2008 жылдың 01 қаңтары күніне 33666671 теңге, 2009 жылдың 01 қаңтары күніне 39769283 қалдық бар. Активтердің 6333550 теңге сомасына ұлғаюы жергілікті бюджет қаражаттары есебінен туындады:
Төмендегі активтер сатып алынды: акводистилятор, 4 лампалы жылжымалы кварц, кеңселік жиһаз, кептіргіш машина, асханалық ыдыс аяққа арналған стеллаж, шайқауға және араластыруға арналған машина, қамырды араластыратын машина, желдеткіш зонт, электрикке арналған жиынтық, өрт сөндіретін қалқанға арналған жиынтық-инвентарь, сыйымдылық, краскопульт, қауіпсіздік техникасы бойынша қалқан, стендтер, мемлекеттік рәміздер, жалюзи, айналар, тұрмыс техникасы, шкаф.
Активтер 230938 теңге сомасына төмендеді: «Астана қ. Қаржы департаменті» ММ 11.02.08 жылғы №34 бұйрығы негізінде Орталық балансынан «№ 2 Қалалық емхана» МҚКК балансына 47684 теңге сомасына әкімшілік корпуста орналасқан ғимарат тапсырылды, «Астана қ. қаржы басқармасы» МҚКК 03.10.2008 жылғы шешімі негізінде тозуы мен ескіргендігіне байланысты 183254 теңге сомасына монитор, принтер, процессор есептен шығарылды.
«Материалдық емес активтер» 011 жол бойынша 114000 теңге сомасына қалдық бар.
Материалдық қорлар. «Материалдар және тағам өнімдері» 070 жол бойынша 2008 жылдың 01 қаңтары күніне қалдық 759038 теңгені, 2009 жылдың 01 қаңтары күніне қалдық 715565 теңгені құрайды.
Кесте 6 – Материалдар және тағам өнімдері
№ п/п |
аталымы |
специфика |
01.01.2008г. күніне қалдық |
01.01.2009г. күніне қалдық |
1 |
тағам өнімдері |
131 |
240666 |
600658 |
2 |
медикаменттер |
132 |
31802 |
15057 |
3 |
шаруашылық тауарлар |
139 |
41755 |
7010 |
4 |
кеңсе тауарлары |
139 |
13890 |
4860 |
5 |
дезжабдықтары |
139 |
408054 |
66940 |
6 |
жуу жабдықтары |
139 |
22871 |
21040 |
7 |
жалпы |
759038 |
715565 |
Құны аз және тез тозатын заттар. «Құны аз және тез тозатын заттар» 080 жол 070-073 субшот бойынша қалдық 23617651 теңгені құрайды. Ұлғаю МБП сатып алу есебінен туындады. 2912647 теңге сомасына жұмсақ инвентарь, телефон, стенддер, үстел ойындары, асханалық ыдыс-аяқ, үстел жиынтығы, спорттық инвентарь, асханалық инвентарь, тұрмыстық техника сатып алынды және 632460 теңге сомасына мбп есептен шығарылды.
Ақша қаражаттары. «Ақша қаражаттары» 231 жол бойынша бензин 2009 жылдың қаңтарына мемлекеттік сатып алуларды жүргізуге дейін қалдырғанын ескере отырып, бензинге талон қалдығы 122054 теңгені құрайды.
Пассивтер. Қаржыландыру. «Мемлекеттік
мекемелер бюджетінен және өзге шараларды
қаржыландыру» 450 жол бойынша 837629 теңге
есептелген.
«Қорлар және мақсатты міндеті бар құралдар». «Активтердегі қорлар» 530 жол бойынша 20996976 теңге қалдық бар – Орталық билігіндегі актив қорына бөлінген қаржы сомасы. Жылдың басына қалдық 19527403 теңге, ұлғаюы 5866166 теңге сомасына негізгі құралдарды «негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу» 411 спецификасы бойынша, «Ғимараттарды, бөлмелерді ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, жабдықты және өзге де негізгі құралдарды жөндеу» 146 специфика бойынша, «Өзге тауарларды сатып алу» 139 специфика бойынша сатып алу нәтижесінде пайда болды. Келесі активтер сатып алынды: акводистилятор, 4 лампалы жылжымалы кварц, кеңселік жиһаз, кептіргіш машина, асханалық ыдыс аяққа арналған стеллаж, шайқауға және араластыруға арналған машина, қамырды араластыратын машина, желдеткіш зонт, электрикке арналған жиынтық, өрт сөндіретін қалқанға арналған жиынтық-инвентарь, сыйымдылық, краскопульт, қауіпсіздік техникасы бойынша қалқан, стендтер, мемлекеттік рәміздер, жалюзи, айналар, тұрмыс техникасы, шкаф. Активтер 230938 теңге сомасын төмендеді.
«Активтердің тозуы»
540 жол бойынша Орталықта
«Материалдық емес активтердің тозуы» 541 жол бойынша Орталықта орналасқан материалдық емес активтердің тозуы 021 субшот бойынша 85500 теңге сомасына есептелінеді.
«Құны аз және тез тозатын заттардан құралған қор» 550 жол бойынша Орталық балансында орналасқан МБП сомасына тең 23617651 теңге есептелінеді. Жыл басына қалдық – 21337464 теңге, МБП сатып алуға байланысты ұлғаюы 2912647 теңге, төмендеуі 632460 теңге есептен шығару сомасына.
Шығындар сметасын орындау. Орталықты қаржыландыру жергілікті бюджеттен бір бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. 2008 жылдың 12 айына 80558000 лимиттер бөлінді.
111 спецификасы бойынша мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне еңбекақысын төлеу 11959000 теңге қаржыландырылды, кассалық және нақтылы шығындар 11934014 теңгені құрады, айырмашылық жоқ.
111 спецификасы бойынша
1008000 теңге қаржыландырылды,
113 спецификасы бойынша
474000 теңге қаржыландырылды,
121 спецификасы бойынша
1300000 теңге қаржыландырылды,
122 спецификасы бойынша
304000 теңге қаржыландырылды,
125 спецификасы бойынша
көлік құралдарының иелерінің
азаматтық-құқықтық
131 спецификасы бойынша
1288000000 теңге қаржыландырылды,
132 спецификасы бойынша
683000 теңге қаржыландырылды,
139 спецификасы бойынша
6647000 теңге қаржыландырылды.
141 специфика бойынша 281000 теңге қаржыландырылды. Нақты шығындар 240000 теңге, кассалық шығындар 240000 теңге. Төлем су өлшегіштің көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, сумен қамтамасыздандыру және канализация бойынша коммуналдық төемдер жүргізілді. Астана қ. әкімдігінің «Астана Су Арнасы» МКК НПХВ 240000 теңге сомасына жылдық шарт жасалды.