Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 14:48, курсовая работа
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...............................................................6
1.2. Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері..................17
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны.................................................25
2. «ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
2.1 «Әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің қызметіне сипаттама..............30
2.2. Мекеме қызметін қаржылық талдау...............................................................35
2.3. Мекемедегі қаржылық тәуекел.......................................................................51
3. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
3.1. Қаржылық тәуекелді басқару жүйесі.............................................................61
3.2. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.....................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................
Орталықты жалпы басқаруды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жүзеге асырады. Орталықтар өз жұмысын еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, iшкi iстер, денсаулық сақтау органдарымен, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен, өзге де ұйымдармен тығыз байланыста жүргiзедi. Яғни, осы Орталыққа деген бақылау өте қатаң түрде жүргізіледі және өз жұмысын Орталық осы салалы органдармен үйлестіріп орындайды. Мекеменің қаржылық жағдайына да аталған органдардың араласуға құқығы бар.
Орталықтардың жұмыс iстеуiнiң тәртібіне тоқталсақ, келесіні атап кетуге болады. Орталық үйiнiң iшiнде:
1) еркектер мен әйелдердi, балалы әйелдердi жеке ұстауға арналған бөлмелер;
2) тамақ дайындауға және iшуге арналған бөлмелер (немесе асхана);
3) әкiмшiлiк, кезекшi, милиция,
медицина қызметкерлерiне
4) жеке заттарын сақтау қоймасы;
5) кiр жуатын орындар, санитарлық бөлмелер;
6) санпропускник, душ қабылдау бөлмелерi, дезакамера;
7) оқшау бөлме болуға тиiс.
Бұл талаптардың орындалмауы
өте қатаң жазаны ескертеді. Әр тексерісте
бөлмелердің қойылатын
Орталық ай сайын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне Орталыққа түскен және одан шығарылған адамдардың тұруы туралы әкiмшiлiк белгілейтiн нысанда есептеме ұсынады.
Орталыққа қабылдаудың және онда ұстаудың шарттарының талаптарын атап өтейік. Бұл Мекеме қызметінің негізгі бастапқы сатысы болып табылады.
Адамдарды қабылдау тәртібі:
1. Орталыққа адамдарды
қабылдау сөтке бойына
2. Орталыққа белгiлi
тұрағы, жұмысы және күнкөрiс қаражаты
жоқ адамдар, соның iшiнде осы
аталған азаматтар санаттары
қатарындағы бас бостандығынан
айыру орындарынан босаған
Қабылдау жеке өтiнiшi немесе еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, iшкi iстер органдарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және белгiлi тұрағы жоқ адамдар iшкi iстер органдарының жолдамасымен қабылданады.
Жеке басын растайтын құжаттарды ресiмдеудi Орталықтың орналасқан жерiндегi аумақтық iшкi iстер органы азаматтардың жазбаша өтiнiшi немесе Әлеуметтiк бейiмдеу орталығы директорының өтiнiмi бойынша жүзеге асырады.
3. Орталыққа түсетiн
әрбiр адам мiндеттi түрде
4. Мынадай ауруларды:
1) туберкулездiң асқынған сатысындағы;
2) жұқпалы ауруларды;
3) түсу сәтiнде тәртiбiнде науқастың өзiне және айналасындағы адамдарға қауiптi көрiнiс байқалатын психикалық ауруларды;
4) алкогольдiк, есiрткiлiк
заттармен мас болған
5. Орталыққа жiберiлетiн
адамдар өзiне өзi қызмет көрсететiндей
болуы керек, қоғамдық пайдалы
еңбекке, өндiрiстiк
Орталықтың негізгі мақсатын келесі суретте көрсетуге болады:
Сурет 4 – Орталықтың негізгі міндеті
Орталық белгiлi тұрағы жоқ адамдарға әлеуметтiк көмектiң мынадай түрлерiн көрсетедi:
1) түнеп шығу үшiн төсек-жабдықтарымен қоса төсек бередi;
2) тұрмыстық қызмет көрсетедi (жеке заттарын жуу мен өтектеу, аяқ киiмiн тазалау және т.б.);
3) зейнетақыларды, жәрдемақыларды
ресiмдеуге, айғақтамасы болған жағдайда
мүгедектiк тобын белгiлеуге,
4) қайырымдылық қорлары,
демеушiлер арқылы материалдық
көмектер алуына, өздерiне бекiтiлген
асханаларда тамақтануға
Орталықта тұратын адамдар қайтыс болған жағдайда оларды жерлеудi жерлеу бюросы жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
Орталық мынадай медициналық көмек көрсетедi:
1) қажеттi алғашқы медициналық-
2) санитарлық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы алдын алу шараларын жүргiзедi;
3) медициналық тексеру, санитарлық өңдеу жүргiзедi;
4) қажет болған жағдайда
денсаулық сақтау ұйымдарында
жедел жәрдем көрсетуге
Орталық еңбек арқылы емдеудi жүргiзедi, ол:
1) Орталық жанынан
еңбек ету мүмкiндiгiн
2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншiк нысанындағы жеке және заңды тұлғалар арқылы қайта оқытуға немесе еңбекке орналастыруға жәрдем көрсетудi қамтиды.
Орталықтың қызметiн
қамтамасыз ету мақсатында олардың
қызметiн бақылау үшiн
Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң "Белгілi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 99 бұйрығына Қосымшасында Орталықтың құрылымы көзделген. Орталықтың директорын Мемлекеттік басқару орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Төменде мен Орталыққа байланысты мәліметтерді, нақтырақ айтатын болсақ, орталықтың ұйымдастырушылық құрылымына, соның ішінде қызметкерлердің санына, Орталықтың тұрғындарына қатысты ақпаратты кестеде ұсынғым келеді. Ұсынылып отырған мәліметтер 2009 жылдың 01 қаңтарына алынған.
Кесте 3 – 2009 жылғы 1 қаңтар күніне желі, штат, контингент туралы жиынтық мәліметтер
КОД |
Мөлшершемелік |
өлш. |
ФАКТ | ||||||||
түр |
топ |
көрсет |
көрсеткіштер атауы |
бір |
Жыл басы |
Жыл соңы |
Орт. жыл. | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 | ||||
1 |
Жалпы көрсеткіштер |
||||||||||
100 |
Ұйымдар саны |
сан |
1 |
1 |
|||||||
110 |
Штаттық бірлік |
бір |
40 |
37 |
37 | ||||||
240 |
дәрігерлер |
1 |
1 |
1 | |||||||
241 |
орташа мед. қызметкер |
4 |
3 |
4 | |||||||
242 |
кіші мед. қызметкерлер |
2 |
2 |
2 | |||||||
280 |
әкімшілік-шаруашылық |
||||||||||
техникалық қызметкерлер |
32 |
30 |
33 | ||||||||
130 |
Еңбекақы қоры |
теңге |
13415 |
||||||||
240 |
дәрігерлер |
520 |
|||||||||
241 |
орташа мед. қызметкер |
1650 |
|||||||||
242 |
кіші мед. қызметкерлер |
785 |
|||||||||
280 |
әкімшілік-шаруашылық |
||||||||||
техникалық қызметкерлер |
10460 |
||||||||||
140 |
Көлік құралдарының саны |
сан |
4 |
4 |
|||||||
120 |
қызметтік автокөлік саны |
4 |
4 |
||||||||
150 |
Баланста орн. аудан |
м2 |
3160 |
3078 |
|||||||
100 |
пайдал. аудан |
м2 |
3160 |
3078 |
|||||||
170 |
Ғимараттардың сыртқы кубатурасы |
м3 |
2028 |
2028 |
|||||||
2 |
Арнайы көрсеткіштер |
||||||||||
510 |
Тұратындардың саны, соның ішінде |
адам |
108 |
181 |
132 | ||||||
312 |
ерлер |
79 |
95 |
87 | |||||||
313 |
әйелдер |
54 |
26 |
45 | |||||||
610 |
Төсек орны саны |
сан |
150 |
150 |
150 | ||||||
611 |
Жылына бір төсек орнын пайдалану күндері |
күн |
365 |
290 |
273 |
Сонымен, жоғарыда мен Орталыққа, оның құрылымына, мақсаты мен қызметіне жалпылама сипаттама бердім. Бейімделу орталығы біздің қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Орталық Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің және әкімдіктің қарамағындағы Қарттар үйі мен Балалар үйі сияқты еліміз, мемлекетіміз үшін қажет мекемелермен қатарлас. Осындай мекемелер арқылы мемлекет халықтың қорғалмаған, жағдайы нашар бөлігін қорғау мәселелерін шешеді.
2.2. Орталық қызметін қаржылық талдау
Орталықты қаржыландыру
жергiлiктi қаражаттың есебiнен және
Қазақстан Республикасының
Жеке және заңды тұлғалардан түскен демеушілік және қайырымдылық көмек түріндегі қаражаттар Орталықтың демеушілік және қайырымдылық көмекке арналған арнайы шотына аударылады және қосымша медициналық көмек көрсету және дәрі-дәрмектерді, ең қажетті заттарды, гигиеналық жабдықтарды, төсек-орын, іш киімдер, киім-кешек және аяқ киімді, тамақ өнімдерін сатып алу, төсек-орын, іш киімдерін, Орталыққа уақытша келгендердің тұратын бұрынғы жеріне жол жүру ақысын сатып алу, Орталыққа келгендер үшін әлеуметтік-еңбекке оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткізу жөніндегі мақсаттарға сай жұмсалады.
Нарықтық қатынастары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз
немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз
не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары
шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым
әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.
Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер)
жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және
оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік
капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак [3] бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Нарықтық экономика
жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық
ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір
көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы
шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі
байланысына және басқару шешімдерін
қабылдауға қажетті анали-тикалық есептердің
ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат
көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Қаржылық жағдайын қарастыру барысында алдымен келесі жалпылама ақпаратты ұсынғым келеді. Орталықтың Астана қаласының жергілікті бюджеті есебінен қаржыландырылатындығын атап айтқан болатынмын.
Орталық қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы
№ 27 бұйрығымен бекітілген Республикалық
және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасын
жасау мен бекіту ережесіне сәйкес жүргізеді.
Шығыстар сметасы (бұдан әрі - смета) республикалық
және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік
мекемелерді ұстауға және нақты бюджеттік
бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды)
орындауға бөлінетін қаражаттың көлемін,
мақсатты бағытталуын және айлар бойынша
бөлінуін анықтайтын негізгі құжат болып
табылады. Смета жиынтық және жеке болуы
мүмкін. Бюджеттік тағайындауларды әкімші
- аумақтық (құрылымдық) бөлімше - түпкі
алушы сызбасы бойынша бөлу кезінде бюджеттік
бағдарламаның әкімшісі ІІ деңгейдің
аумақтық (құрылымдық) бөлімшенің (бұдан
әрі - ІІ деңгейдің бөлушісі) және түпкі
алушылардың жеке сметасының жиынын білдіретін
жиынтық сметасын бекітеді.
ІІ деңгейдің бөлушісі жиынтық сметалар
негізінде әрбір түпкі алушының жеке сметаларын
бекітеді. Жиынтық және жеке сметалар
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген
нысандар бойынша жасалады және бекітіледі.
Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметі бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Осы мақсатта Орталық әкімшілігі мынаны ұйымдастырады: