Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...............................................................6
1.2. Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері..................17
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны.................................................25

2. «ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
2.1 «Әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің қызметіне сипаттама..............30
2.2. Мекеме қызметін қаржылық талдау...............................................................35
2.3. Мекемедегі қаржылық тәуекел.......................................................................51

3. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
3.1. Қаржылық тәуекелді басқару жүйесі.............................................................61
3.2. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.....................................................67

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................76

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................

Файлы: 1 файл

Риски по финансам каз.doc

— 859.50 Кб (Скачать файл)

28. Бюджеттік бағдарламалардың  әкімшісі республикалық және  жергілікті бюджеттер шығыстарының  тізімдемесін өзгерту туралы  бекітілген анықтаманың негізінде  осы анықтаманы алған күннен бастап 3 күн мерзімде жиынтық сметаны өзгерту туралы анықтаманы бекіту жолымен жиынтық сметаға тиісті өзгерістер енгізеді. Бұл анықтамаға бағдарламалар әкімшісінің қаржы қызметінің басшысы қол қояды және оны бюджеттік бағдарламалар  
әкімшісінің басшысы бекітеді.

29. Бюджеттік тағайындауларды  бөлудің екі звенолы сызбасы  кезінде шығыстардың жеке сметаларына  өзгерістер енгізу мынадай тәртіппен  жүргізіледі.Жиынтық сметаны өзгерту  туралы анықтаманың негізінде  бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің  басшысы 3 күн мерзімде 3 данада жеке сметаны өзгерту туралы анықтаманы бекітеді. Жеке сметаны өзгерту туралы бекітілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінде қалады, екі данасы мемлекеттік мекемеге жіберіледі. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме анықтаманың 1 данасын алған күнінен бастап 3 күннен кешіктірмей Қазынашылықтың аумақтық органына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме - алған күнінен бастап 3 күннен кешіктірмей жергілікті қаржы органына ұсынады.  
        30. Бюджеттік тағайындауларды бөлудің үш звенолы сызбасы кезінде ІІ деңгейдің жиынтық сметасына және ІІ деңгейдің бөлушісінің және түпкі алушылардың шығыстарының жиынтық және жеке сметаларына өзгерістер енгізу мынадай тәртіппен жүргізіледі. Жиынтық сметаны өзгерту туралы анықтаманың негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы 3 күн мерзімде 2 данада ІІ деңгейдің жиынтық сметасын өзгерту туралы анықтаманы бекітеді. ІІ деңгейдің жиынтық сметасын өзгерту туралы бекітілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінде қалады, бір данасы - ІІ деңгейдің бөлушісіне жіберіледі. ІІ деңгейдің бөлушісі ІІ деңгейдің жиынтық сметасын өзгерту туралы анықтаманы алған күнінен бастап 3 күн мерзімде ІІ деңгейдің бөлушісі қаржы қызметінің басшысы қол қоятын және 3 данада ІІ деңгейдің бөлушісінің басшысы бекітетін жеке сметаны өзгерту туралы анықтаманы бекіту жолымен ІІ деңгейдің бөлушісінің және түпкі алушының шығыстарының жеке сметасына тиісті өзгерістер енгізеді. Шығыстардың жеке сметасын өзгерту туралы бекітілген анықтаманың бір данасы ІІ деңгейдің бөлушісінде қалады, екі данасы мемлекеттік мекемеге жіберіледі. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме анықтаманың 1 данасын Қазынашылықтың аумақтық органына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме - жергілікті қаржы органына ұсынады. Сонымен, мемлекеттік сатып алуға байланысты Орталықтың қаржылық тәуекелдері айтарлықтай. Көрсетілгендей, олардың зияндылық деңгейі тәуекелдердің салдарын жоюға байланысты қиыншылықтар деңгейімен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

 

3.1 Қаржылық тәуекелді басқару жүйесі

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы – кәсіпорын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.

Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын жетілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы  қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттары-ның кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағда-рыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық деңгейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады [24].

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағымдағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін ал-дағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты  ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытталуы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттарын қарастырайық.

 

Сурет 4 – Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары

 

Кәсіпорын меншікті айналым  қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақ-сатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акция-ларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сон-дықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.

Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол –  акциялар бойынша дивидендтер көлемін  азайту немесе төлеуден уақытша бас  тарту. Бі-рақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауық-тыру бағдарламасының  нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет [24, 145].

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды  көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.

Кәсіпорынның материалдық  техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жол-дарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Ли-зингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құрал-дарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынға үлкен табыс  әкелетін тиімді жобаларды іске асыру  мақсатымен кредиттер тарту да кәсіпорынды  сауықтырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады [25, 69б].

Меншікті капиталдың жетіспеушілігін азайтудың  бір  жолы ол – оның айна-лымдылық жылдамдығын арттыру болып табылады.                                  

Меншікті қаржы ресурстарынының  көлемін арттыру жолдары:

-тұрақты шығындар сомасын азайту

-айнымалы шығындар сомасын азайту

-жедел амортизацияны пайдалану

-пайдаланылмайтын мүліктерді сату

-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын  ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өнді-ріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурста-рын үнемді пайдалану жатады [24, 201б].

Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі  үш про-блема кездеседі:

-Төлемқабілеттіліктің төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның кредиторлар, жұмысшылар және бюджет алдындағы мін-деттемелерін өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.

-Меншік иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын табыстарының олардың салған салымдарына қарағанда әлдеқайда төмен болуы дәлел бола алады.

-Қаржылық тәуелсіздігінің немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төмен болуы болашақта міндеттемелер-ді өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде кәсіпо-рынның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді. Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің кәсіпорында алғашқы екі проблеманың (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мер-зімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты. Талдау барысында анықталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлсіз жақтары негізінен төлемқабілеттілік пен рен-табельділіктің төмен болуынан туындап отыр. Осыған байланысты біз кәсіпо-рынның қаржылық тұрақтандыру үшін төлемқабілеттік пен рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу керек деген қорытындыға келеміз.

Кәсіпорынның төменгі  төлемқабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезін-де ұзақ мерзімді міндеттемелерді алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жа-ғынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұ-рақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді мін-деттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға кө-мектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқ-талып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қа-ражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер кәсіпорын өз пайдасын өзін-дік құнды төмендету негізінді арттырса.

Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолда-рын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет [13, 125б].

Негізгі көзі меншікті капитал  болып табылатын капитал салымдарын азайту не боламса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.

Капитал салымдарын белгілі  бір уақытқа дейін қысқарту пайда  алуға мүм-кіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мәңгі-бақиға бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгі-зу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыс-тар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.

Жоғарыда айтылғандарға  қосымша кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын  қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспар-лардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн [25, 59б].

Тәуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар  жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.

Тәуекелдерді талдаудан  кейін осы тәуекелдерді басқару  әдістерін талдау қажет. Әрине бұл  процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.

Тәуекелді төмендету – тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.

Тәуекелді басқару жүйесінің  қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды  басқару жүйесінде құрылымдық бөлімше  – тәуекелді басқару бөлімшесін құруды қарастырады. Бұл бөлімше  міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.

Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

Кәсіпорынның тәуекелді  басқару бөлімшесі бірнеше топтардан  тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен - антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.

Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді басқару мәселелерін  шешуде басты орын алады, өйткені  ол тәуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.

Тәуекелді басқару бойынша  шараларды тікелей өткізу кәсіпорынның негізгі өндірісітік  және басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтін шығыстарды талап етеді.

Сондықтан тәуекелді  басқару бойнша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.

Қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

<span class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_043e_0439_0020_0442_0435_043a_0441_0442_0020_0441_0020_043e_0442_0441_0442_0443_043f_043e_043c_00202__Char" style=" font-size: 14pt;

Информация о работе Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері