Қаржының мәні және атқаратын қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 17:26, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан да оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осы орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарынг көре білудің маңызы зор. Қазіргі біздің экономикада қаржы инфляциялық процеске үлкен әсерін тигізеді. Өйткені қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді.

Содержание работы

Кірісп………............……………………………………………………....................2
1 Қаржы категориясының теориялық негіздері………………..........................5
1.1 Қаржы ұғымы, мәні мен қажеттілігі………………………….............................5
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері…………………………………...................13
2 Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы қаржылардың
рөлі.………………………….................................................................................19
2.1 Қаржылық қорлар………………………………............…...............................19
2.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары……………………...…..........................25
3 Қаржылардың инфляциялық процессті тежеудегі рөлі.................................26
Қорытынды.............………………………………………………….......................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі…...................………………………..

Файлы: 1 файл

«Қаржының мәні және атқаратын қызметі».doc

— 159.50 Кб (Скачать файл)

           ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ                                  

                                                 МИНИСТІРЛІГІ

                        ҚАРАҒАНДЫ «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ 

 

                                                 Қаржы  кафедрасы     

                                               

 

 

 

         

        

                                                    ҚУРСТЫҚ  ЖҰМЫС

                          Пән: „Қаржы„

                          Тақырып: «Қаржының  мәні  және атқаратын қызметі»                                                                                                                                    

                          Мамандық: 050509-„Қаржы„

 

     

 

 

 

 

 

 

        Тексерген: аға оқытушы                                        Усувалиева Заира Казгуловна

        Орындаған: студент                                                Тыныштыкбаева  Сауле                                                            

                                                                                          Альмамбаевна Ф-08-2каз

 

 

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Қарағанды  2009

Мазмұны

 

 

Кірісп………............……………………………………………………....................2

          1 Қаржы категориясының  теориялық негіздері………………..........................5

      1.1 Қаржы ұғымы, мәні мен қажеттілігі………………………….............................5

      1.2 Қаржының атқаратын қызметтері…………………………………...................13

          2 Қазақстан Республикасының экономикасын  дамытудағы  қаржылардың           

            рөлі.………………………….................................................................................19

       2.1 Қаржылық  қорлар………………………………............…...............................19

        2.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары……………………...…..........................25

          3 Қаржылардың инфляциялық процессті тежеудегі рөлі.................................26

Қорытынды.............………………………………………………….......................30

        Қолданылған әдебиеттер тізімі…...................……………………….....................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                               

 

 

                                                         

                                                        

                                                         Кіріспе

           Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан да оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осы орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарынг көре білудің маңызы зор. Қазіргі біздің экономикада қаржы инфляциялық процеске үлкен әсерін тигізеді. Өйткені қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығына күшеюіне, салық ауыртпалығының күшеюіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады,  өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі.

Қоғамдық  өнімді   бөлумен  және  осының   негізінде   ақшалай  қорланымдарды,  табыстарды   және   қорларды  жасаумен,  оларды  ұлғаймалы  қдай  өндірістің  мақсаттарына   және  қоғамдық дамудың  қажеттіліктерін   қанағаттандыруға  пайдаланумен  байланысты  болатын   экономикалық  қатынастар   қаржы  туралу  ғылымның  мән-мағынасыболып  табылады. Қаржы  ресурстары  мен  мақсатты  ақша  қорлары,  оларды  қалыптастыру, қозғалысы  және  пайдаланылуы қаржының  объектісі,  ал  қоғамдық  өмірдің  ұйымдастырушысы  ретіндегі  мемлекетті  қоса  алғанда  қызметтің  өндірістік  емес сфераларының  сан   алуан  шаруашылық, қоғамдық  және  басқа  ұйымдары   оның  субъектілнрі  болып  табылады.

Қаржытуралы  ғылымда  және  қаржыны  зерделеу кезінде  танып  білудің  негізгі   әдісі- материалистік  диалектикалық-тарихи  әдіс  қолданылады,  ол  нақты  тарихи  жағдайларды ескере  отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын  олардың  дамуы  мен  өзара  байланыстылығы  негізінде   зерттеуді  болжайды.

Сыртқы сауда көрсеткіші көңілде күй ойнатып, еліміздің  байлығын бар әлемге паш етіп тұр. Экспортқа шығаратын тауардың дені ішкі мұнай мен газ конденсанты  оның үлесі 2000 жылы - 48,2 пайыздан 2005 жылы 62,5 пайызға, ішкі жалпы өнімдегі салмағы 23,2 пайыздан 31,0 пайызға дейін өсіп отыр. Бұл көрсеткіштер ел экономикасының өсімі минералдық өнімдерге, соның ішінде, мұнай мен газ өндіруге тікелей тәуелді екендігін және осы тәуелділік жылдан-жылға азаймай, ұдайы өсу жолында екендігі көрініп тұр. 
Теңге тұңғыш айналымға түскен жылдары Ұлттық банкте де, Үкіметте де инфляцияны ауыздықтаудың тетіктері бар еді. 
Елдегі инфляциялық процесс, оның себеп-салдары, оған қарсы күрес нәтижелері, алдағы мақсат-міндеттемелер.

Инфляция дегеніміз  – айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп, құнсыздануы, осының салдарынан өндірістік (тауар-қызмет) және тұтыныс тауарларының, қызмет бағасының жылдам қарқынмен қымбаттауы. Әрине, инфляциялық процестер – кез келген елдің экономикасына тән құбылыс.

Қаржы мен инфляцияның  өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар (өндірушілер инфляциясы).

Бірінші жағдайда, ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.

Екінші жағдайда, кәсіпорындардың  еңбекке ақы төлеуге, кредиттер  бойынша пайыздық мөлшемелердің  көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға  бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т) тарифтердің  өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады.

Бірақ қайсыбір елдерде  оның даму үрдістері экономиканың даму талаптарына сай жүргізілетін мемлекеттік  қаржы саясатының арқасында ырықтандырылған. Қайсыбір елдерде қаржы саясатының әлсіздігінен қажетті деңгейде ырықтандыруға шамасы жетпейді. Ал біздің еліміз инфляцияны толық тұншықтырмағанымен, оны белгілі бір стратегиялық көрсеткіштер шеңберінде ұстау саясатын жүргізетін елдердің тобына қосылады.

Нарықтық экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өнгдірістің жеке салларында ол тжоқ болғанда  инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

                    1-тарау.Қаржы катнгориясының  теориялық негіздері.

    1. Қаржы ұғымы,  мәні мен қажеттілігі

 

 

 

Қаржы («қолма-қол  ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен  пайда болған француздың financе сөзінен  шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау мен және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Бүгінде қаржы  терминін күнделікті қолданысқа енгізген  авторды атау қиын. Бұл терминнің  авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері  туралы») алғашқы авторы Кенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы  өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:

әр түрлі  қоғамдық формацияға қоғамның өзіне  меншікті таптық құрылымына сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;

кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші  таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің  мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;

өндірістің  жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;

егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан  өндірістік қатынастардың ұдайы  өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге  қаржы да қызмет етеді.

Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі  өзгешелік рөлімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс  істейтін басқа экономикалық категориялардан  – кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.

Қаржының пайда  болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып  есептеледі.

Тауар өндірісінің  негізі тауар өндірушілерінің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және заттыланған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздік салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.

Ұдайы өндіріс  процесінің үздіксіз жалғасын жататын белгілі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге  материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материлдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы – қоғамдық өнімнің – натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.  

Қоғамдық өнімнің  нақтылы іске асырылуының екі  нысанының болу қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкәләктә тұтынуға жеткізуге  мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар – ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан  нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоцицияланады және міндетті түрде  ақша қатынастарының қозғалысымен қоасарлана жүреді.

Информация о работе Қаржының мәні және атқаратын қызметі