Қаржының мәні және атқаратын қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 17:26, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан да оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осы орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарынг көре білудің маңызы зор. Қазіргі біздің экономикада қаржы инфляциялық процеске үлкен әсерін тигізеді. Өйткені қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді.

Содержание работы

Кірісп………............……………………………………………………....................2
1 Қаржы категориясының теориялық негіздері………………..........................5
1.1 Қаржы ұғымы, мәні мен қажеттілігі………………………….............................5
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері…………………………………...................13
2 Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы қаржылардың
рөлі.………………………….................................................................................19
2.1 Қаржылық қорлар………………………………............…...............................19
2.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары……………………...…..........................25
3 Қаржылардың инфляциялық процессті тежеудегі рөлі.................................26
Қорытынды.............………………………………………………….......................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі…...................………………………..

Файлы: 1 файл

«Қаржының мәні және атқаратын қызметі».doc

— 159.50 Кб (Скачать файл)

  Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің  бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда,  фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюжжеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге  беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас операцияларда ақша қатынастырының қозғалысы болып жатады.

«Қаржы» ұғымы  ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастырының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Экономикалық  жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша- қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.

Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу мен қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материадық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы  қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.

Алайда қаржы  ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек  олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа қаржы қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарынң жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы  тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кетен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тең өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілжәнеердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Ұдайы өндіріс  процесінің түрлі стадияларында  жеке экономикалық категориялардың  қатысу дәрежесі бірдей емес.

Ақшаның нақты  қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады.

Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы  тауарлардың қозғалысынан оқшауланады  және оның шеттелуімен  (бір иеленушіден  басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзі шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнныі ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.

Ұдай өндіріс  процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу–сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында  тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық категорияның механизмі – баға жұмыс істейді.

Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы және қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс пароцесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтергүе – c, v, және т-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс құралдары құнының орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы төленеді және қосымша өнім алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі  бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Сөйтіп, өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді «с», «v» және «m»-ге сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері қалыптаса жіне оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрә бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады.

     Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайланысуын, олардың  басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдық-әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.

        Қаржы  қатынастары  өзінің  негізінде  бөлгіштік  қатынастар  болып  табылады. Қаржының  арқасында  экономиканың   барлық  құрылымдық  бөліктерінде(материалдық  өндіріс   пен  өндірістік  емес  салаларда) және  шаруашылық жүргізудің  түрлі  деңгейлерінде  қоғамдық  өнім  құнын қайта   бөлудің  сан  алуан   процестері  жүзеге  асады. Бөлу  процесі  натуралдық-заттай  нысанда  да – өндіріс  құралдары  мен   тұтыну  предметтерінің қорларын  жасаумен  де,  сондай-ақ  ақша  нысанында  да  -  еңбектің  аталған  өнімдерін  сатып  алуға   арналған  ақша  қорларының қозғалысы  арқылы  да  болып  жатады. Қаржы  қатынастарының  бөлгіштік  сипаты  экономикалық  категория  ретінде  олардың  айрықша   белгісі  болып  табылады.   

Қаржының  нақтылы  жұмсауға  арналған  түрлі  мақсатты ақша   қорларының  қозғалысында  көрінуі  оның  маңызды ерекше  белгісі болып табылады.Ақша қорлары,   істің шын мәнінде,  қаржы қатынастарының   объектілері болып табылады.

Қаржының  жұмыс  істеуінің  шарты- ақшаның  болуы,  ал   қаржының  пайда  болуының   себебі  шаруашылық  жүргізуші  субъектілер мен мемлекеттің қызметін  қамтамасыз  ететін  олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.

Қаржының  қажеттігі  объектівті  мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының  болуынын  және   қоғамдық  дамудың  қажеттіліктерінен  туындайды.Мемелекет  қаржы  ресурстарның  объектівті   қажеттігін  ескере  отырып,  оларды пайдаланудың  әр түрлі  нысандарын  жасай  алады: төлемдердің  әр  түрлі  түрлерін   енгізеді  немесе  күшін  жояды,  қаржы  ресурстарының   нысандарын   өзгертеді  және  т.б. 

Мемелекет,  дәстүрлі  фукциялардан  басқа,  шаруашылық  процестерді  реттеу  жөнінде  едәуір  экономикалық  функцияларды  орындайды,  сондықтан   мемлекеттің  қарамағына  қаражаттарды  орталықтандырудың  дәрежесі  айтарлықтай  жоғары -  мемлекеттік  бюджет  арқылы  қазір  жалпы  ішкі  өнімнің  20 пайыздан  астамы  және  жиынтық  қоғамдық  өнімнің  10пайыздайы бөлінеді.Мемелекет  қаржысының  көмегімен  салалық  және  аумақтық  аспектілерде  қоғамдық  өндірістің  ауқымы  реттелінеді, басқа  қоғамдық  қажеттіліктер  қанағаттандырылады.

Қаржысыз  кеңейтілген  негізде  өндірістік  капиталдардың  жеке  және  қоғамдық  толық  айналымын  қамтамасыз  ету, экономиканың  салалық  және  аумақтық  құрылымын  реттеу, ғылыми- техникалық                 

    

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           1.2 Қаржының атқаратын қызметтері

 

 

 

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы  мен қажеттігін емес, сонымен бірге  қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Қаржы басқа  тым жалпы категориядан – ақшадан  туындайтын айрықшалықты экономикалық категория болып табылатындықтан  ж»не бұл экономикалық категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына  терең дендеп енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірталас тудыруда.

Қазіргі уақытта  қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде  пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.

Бөлгіштік қатынастардың  ерекше сферасы ретінде қаржының міне ең алдымен бөлгіштік функциясының көмегі арқылы көрінеді. Тап осы  функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша нысанында  тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.

Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы  өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді.

Қаржының көмегімен  бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің  барлық сфераларында – материалдық  өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін: жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлінудің әр түрлі түрлерін – ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық, аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның маңызды бөлігі – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды( бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.

Қаржының бөлгіштік  функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты  және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларынжасаудан туындайды.

Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта  бөлу болып ажыратылады.

Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу( қоры (материалдық шығындар менамортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланыста дамиды.

Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдаға шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық – заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады.Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, «леуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.

Информация о работе Қаржының мәні және атқаратын қызметі