Қаржының мәні және атқаратын қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 17:26, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан да оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Осы орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарынг көре білудің маңызы зор. Қазіргі біздің экономикада қаржы инфляциялық процеске үлкен әсерін тигізеді. Өйткені қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді.

Содержание работы

Кірісп………............……………………………………………………....................2
1 Қаржы категориясының теориялық негіздері………………..........................5
1.1 Қаржы ұғымы, мәні мен қажеттілігі………………………….............................5
1.2 Қаржының атқаратын қызметтері…………………………………...................13
2 Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы қаржылардың
рөлі.………………………….................................................................................19
2.1 Қаржылық қорлар………………………………............…...............................19
2.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары……………………...…..........................25
3 Қаржылардың инфляциялық процессті тежеудегі рөлі.................................26
Қорытынды.............………………………………………………….......................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі…...................………………………..

Файлы: 1 файл

«Қаржының мәні және атқаратын қызметі».doc

— 159.50 Кб (Скачать файл)

    Орталық Азиядағы макроэкономикалық көрсеткіштер жоғары болып тұр. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы экономикалық өсім орта есеппен 8 пайызды құрайды. Бұл елдердің экономикасы 2007 жылы да жоғары болады. Ал инфляция сәл де болса төмендеуі мүмкін. Әйтсе де, мұндай болжамның жүзеге асуына кедергі жасайтын мәселелердің де проблема туындатуы әбден мүмкін. Атап айтқанда, бұл аймақтағы елдер әлі де бұрынғыдай мұнай мен басқа да шикізат тауарларының тұрақсыз бағаларына аса байланып отыр. Сонымен бірге өсім көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал жасау әлемдік экономиканы бәсеңдетуге немесе әлемдік қаржы рыноктарындағы талаптарды қатайтуға апарып соқтырып, нәтижесінде аймақтарға ағылып келіп жатқан сыртқы капитал кәдімгідей қысқарады. Резервтерді өсірудегі прогресс және қарызды төмендету осы елдердің позициясын өзгерткенімен, ХВҚ сарапшыларының пікірі бойынша бұлардың саясаты бәрібір жоғарыда айтылған болуы мүмкін жағдайларға орайластырыла жүргізілуі тиіс. Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің билігі инфляциялық қысымды ақша-несие саясатын қатаңдату арқылы қайтара алады. Сөйтіп, ағылып келіп жатқан шетелдік валюта капиталына жауап ретінде күшті валюта бағамына мүмкіндіктер беруі тиіс. Яғни долларды “еркін жүзуге” жіберген дұрыс. Екінші шара – мемлекеттің немесе жеке меншіктің сырттан шамадан тыс көп қарыз алуына байланысты тәуекелділікті жіті бақылау болып табылады. Әсіресе, Қазақстанда банктердің сырттан қарыз алуын шектеу үшін қатаң пруденциалдық шараларды қолданған дұрыс. Себебі сырттан қарыз алудың арқасында несие беруді қаржыландыру жедел өсу үстінде. Ал Қырғызстан мен Тәжікстанға инфрақұрылымдарын жақсартуға капитал салу кезінде сырттан қарыз ала беруге әуес болмаған дұрыс. Мұнай бағасының тым жоғары болуына үйрену де қиындау жағдай. Мұнайды өндірушілер мен тұтынушыларға әлеуметтік жағынан төмен қорғалған тұрғындарға арналған өтемақыны бір мезгілде жүзеге асыра отырып, мұнайдың әлемдік бағасындағы өзгерістердің ішкі бағаға ықпалының берілуін жедел қамтамасыз етуге тура келеді. Сонымен бірге ХВҚ сарапшылары жекеменшіктік секторды дамытуға, елдің дағдарыстық жағдайларға тұрақтылығын жетілдіруге, өнім өндіруді ұлғайтуға бағытталған құрылымдық және институционалдық реформаларды жалғастыра беруді жөн деп санайды. Сонымен бірге аймақтық ынтымақтастықты кеңейту сауда-саттық пен инвестицияға ықпал жасап, ұзақ мерзімді өсу перспективаларын жақсартатын еді. Әлемдік экономиканың соңғы жылдарғы өсуі соңғы 30 жылды есептегенде ең жоғары қарқынмен өсіп отырғанын көрсетеді. Мұндай ағым алдағы жылдарда да жалғасын таппақ. Өйткені оған инфляция қолайлы әсер тудырды деуге болады, әйтсе де соңғы жылдары мұнай бағасының өсуіне тікелей байланысты болуда. Қазіргі кездегі мұнай бағасының төмендей бастауына қарамастан, экономика өсуін жалғастыруда. Біздің болжамымызша, мұнайдың бір баррелі биыл да, келесі жылы да орта есеппен 60-65 долларды құрайды. Мұнайдың бағасының өте жоғары болуы энергия өндірушілерге жағымды болғанымен, Қырғызстан мен Тәжікстанның экономикасына кері әсерін тигізуде. Әйтсе де, бұл аймақтар мұнай бағасының өсуінен ұтылған жоқ, өйткені шикізат бағасы өсті. Аталған аймақтардың экономикасына Қытай мен Ресейдің жедел дамуы әсер етуде. Тәжікстан мен Өзбекстан, Қырғызстан үшін, негізінен, Ресейден ағылған ақшалай аударылымдар үлкен рөл атқаруда. ХВҚ болжамы бойынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 8-9 пайыз деңгейін сақтауда. Сонымен бірге инфляция деңгейі де жоғары. Сондықтан да Үкіметтің басты мақсаты – бағаның өсуін және банк секторының сырттан қарыз алу есебінен несие беруін шектеу болуы тиіс. Мұндай жағдайда сырттан қарыз алу лимиттерін одан ары қарай қатаңдату немесе көтеру валюта өтімділігі нормативтерімен қатар сырттан қаржыландыру күрт қысқартылған жағдайларда осалдық танытуын төмендетуге ықпал етеді. ХВҚ сарапшыларының ойынша, бақылаушы органдардың банктердің несиелеу бойынша жұмыстарын бақылауын күшейткен дұрыс. Оның ішінде, әсіресе, несие беру, шет елден инвестиция тарту және банк тәуекелін басқару практикасын жетілдіруге баса назар аудару қажет. Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру үшін құрылымдық реформаларды жеделдету шараларын қабылдау да тиімді болар еді.

     Ақшаның сандық теориясының оппоненттері дәлелдегендей, егер ұлттық экономиканың стационарлық шеңберінен шығып кетіп, экономикалық процестерді динамикада қарастыру негізсіз болып табылмақ. Сондай-ақ нақты біздің жағдайымызда экономикалық агенттердің рыноктарға шығып, олардың рынок туралы толық ақпарат алуына кедергілер қойып тастау да қате іс болар еді. Сондықтан экономикалық саясат моделін таңдауда идеалдық экономика үшін жасалған экономикалық өсімнің абстракты модельдеріне емес, әр елдің экономикалық ерекшелігіне сүйену тиіс дер едім. Инфляция деңгейінің төмен болуы, шындығында да, жайлы кәсіпкерлік климатты орнықтыруы мүмкін. Бірақ ағымдағы инфляция деңгейі мен экономикалық өсім қарқыны арасындағы өзара қатынас бірдей емес. Бұған көптеген елдерден мысал келтіруге болады. Мысалы, Бразилия, Израиль, Оңтүстік Шығыс Азия елдері көптеген жылдар бойы инфляциясының деңгейі жоғары бола тұра табысты дамып келді. Оларда макроэкономикалық саясат инфляцияны басуға емес, саналы түрде экономикалық өсімге қарай бағытталды. Табысты дамыған көптеген елдер тәжірибесі экономикалық саясат ортақ мақсаттарға құрылып, экономикалық өсімді қаматамасыз ету, тұрғындар өмір сүруінің деңгейін көтеруден туындауы мүмкіндігін көрсетеді. Ал ағымдағы инфляция деңгейін де маңызды мәселе ретінде қарастыру керек, бірақ экономикалық саясаттың басты бағыты жасамаған жөн. Нобель сыйлығының лауреаты Дж.Акерлофтың зерттеулері инфляция деңгейін өте қатты басу экономикалық өсуді тоқтатуға әсер ететінін көрсетеді. Сонымен бірге француз экономисі Ж.Сапир әрбір экономикаға нақты уақыт кезеңдерінде өзіне тән инфляцияның орын алуы заңды екендігін айтады. Инфляция деңгейі және мемлекеттік бюджет тапшылығы бойынша абстрактілі стандарттарға қол жеткізуге бағытталған инфляцияға қарсы саясаттың стандартты бағыттарын жүзеге асыру тек әлеуметтік шығындарға ғана емес, сонымен қатар экономиканы ұзақ уақытқа стаганациялауға алып баруы мүмкін. Сапир сонымен қатар, “бейтарап” бюджеттік және ақша саясатын жүргізу жолымен жасалатын мұндай әрекеттің ұлттық экономикадағы дисбаланстарды күрделілендіріп, соңында инфляцияның деңгейін бұрынғыдан да көтеріп жіберуі кәдік екендігін баса көрсетеді. Ондай оқиғамен Қазақстан бетпе-бет кездескен де болатын. “Бейтарап” бюджеттік және ақша – несие саясатын жүргізгеніне қарамастан, инфляцияның ресми деңгейі белгіленген табалдырықтан асып кеткен болатын. Нақты инфляция деңгейінің мәнін екі белгілік санмен бағалауға болады. 2007 жылы да осындай жағдай орын алуы мүмкін. Өйткені жергілікті монополистердің өнім бағасы мен тарифтерді көтеруі деңгейі жоғары болуы мүмкін. Осыған байланысты әрбір экономика үшін инфляцияның екі деңгейі болады деп түйіндеуге болады. Оның біреуі – “тиісті” инфляция деңгейі, мұнда экономикалық өсу қарқыны нөлге тең болады, екіншісі – “қалыпты” инфляция деңгейі, ол әр түрлі тең жағдайларда жоғары экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Инфляцияның бұл шектік мәндері есептеледі, ал оны есептеу параметрлері үшін экономика және бюджет, ақша-несие саясатының негізгі жағдайы алынады.

 

 

 

 

 

 

                                                    

 

                                                        Қорытынды

    Қаржы саясатының қырсыздығынан инфляция орын алып отыр деуге аузымыз бармайды. Өйткені инфляцияның бір ғана әкімшілік шешіммен тоқтауға көне бермейтін көптеген себептері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бұл себептер – бюджет шығыстары, инвестиция, соның ішінде шетелдік борыштар, ағымдағы операциялар шотының теріс көрсеткіші, сыртқы сауда балансы, ұлттық валютаның бағамдық өзгерістері – ақшалай несие саясаты, экономиканың негізгі даму бағыттары, оның құрамдастық өсу баланстары, өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі жатады. Инфляция деңгейі осы мақсаттарда жүргізілетін іс-шаралардың жиынтық көрсеткіші іспетті. Аталған инфляциялық әсер көздері, әрине, бірімен-бірі тығыз байланыста өрбиді, сондықтан оның бірді-екілі түрінде оң шешім тапсақ, экономиканы толық сауықтырамыз деу жақсы нәтижеге жеткізбейді, негізінде, қоздырғыш көздерімен кешенді түрде күресу қажет.

Курстық жұмыстың тақырыбына байланысты қаржы мен  инфляция өзара байланысын анықтай  отырып, аталған жұмысты үш бөлімге  бөлдік.

Алғашқы бөлімде  жалпы қаржының мәніне, оның атқаратын  қызметіне түсінік беріп кеттік.  Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.

Қаржының пайда  болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.

Екінші бөлімде  инфляция табиғатын талдап, оған қарсы  жүргізілетін шараларға кеңінен  түсінік бердім. Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен  мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды. Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенмен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды.            Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептелінеді.

Үшінші бөлімде  тақырыпқы байланысты қаржы мен  инфляцияның өзара байланысына көңіл аударды. Нарықтық экономикада қаржы инфляциялық процеске әсер ететін факторлерге мыналар жатады:

- мемлекет шығыстарының  өсуі;

- табысқа салынатын  салықтың көбеюі;

    • бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

       1.Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие.-Петербург: 2000.

2. Құлпыбаев  С. Және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Мерей,2001.

3. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаева С. Оқулық. – Алматы: 2003.

4. Финансы. Учебное пособие  (под ред. Проф. А.М. Ковалевой). 4-изд.-М.:2000

5. Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под редО.В.Соколовой.  –М.:ЮРИСТ,2001.

6. Балабанов И.Т Основы  финансового  менеджмента. Учебное пособие. –М.: 1999

7. Дробозина  Л.А   Финансы. Учебник  для  вузов.  – М.: ЮНИТИ, 2000

8. Смағұлова  Р.О   және  т.б  Оқу  құралы. - Алматы:Экономика,  2008

2


Информация о работе Қаржының мәні және атқаратын қызметі