Ақша массасының экономикалық мәні мен жылдамдығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:09, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысымның мақсаты ақша массаның құрылымын толығырақ қарастыру және оның проблеммалары мен перспективаларын, Қазақстандық тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Ал осы курстық жұмыстың объектісіне ақша массасы мен ақша агрегеттары жатады.Қазіргі кезде өзекті мәселе әрине осы ақша массасы болып табылады,елдің экономикасың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша айналысы болса,осы ақша айналсының ең негізігі құралдарынң бірі –ақша массасы болып табылады.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс анара.doc

— 252.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

     Осы курстық жұмысымның өзектілігі – нарықтық заманда ақша массасы үлкен ролді алып отырғандығы белгілі,сол себепті де еліміздегі ақша массасың жағдайы қандай екендігін білу маңызды,сонымен қатар ақша массасы экономикаға үлкен әсер ететіндігі белгілі сондықтан да елдің жүргізетін саясатына қатты әсер етеді.

Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады.  Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.Ақша массасының жиынтығы ақшалардың барлық түрлерін құрайды (қолма-қол ақша,қолма-қолсыз ақша,несиелік).Ақша массасы көлемі мен оның өсу қарқынының өзгеруі маңызды экономикалық өзгерістерге ,сондай-ақ ұлттық экономиканың дамуының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге әсер етеді. Халықты еңбекпен қамтудың жоғарлылығы , бағаның тұрақтылығы,экономикалық өсу,төлем балансының теңгерілімдігі – бұл мәселелердің барлығы ақшаның жиынтық  ұсынымы мен ақша массасының өсу қарқынының өзгеруімен тікелей немесе жанама түрда байланысты.Ақша айналымын ұйымдастыру ақша массасының бірлігі бір құрылымын ұсынады. Шаруашылық айналыстарға қызмет көрсететін қолма-қол ақша және қолма -қолсыз ақша қаражатын білдіретін ақша массасының элементтері арасындағы айырмашылықтар олардың дәрежесімен және сипатымен байланысты.

 Курстық жұмысымның мақсаты ақша массаның құрылымын толығырақ қарастыру және оның проблеммалары мен перспективаларын, Қазақстандық тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру.   Ал осы курстық жұмыстың объектісіне  ақша массасы мен ақша агрегеттары жатады.Қазіргі кезде өзекті мәселе әрине осы ақша массасы болып табылады,елдің экономикасың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша айналысы болса,осы ақша айналсының ең негізігі құралдарынң бірі –ақша массасы болып табылады.

 Курстық жұмыстың  міндеті – еліміздегі ақша массасының жетілу жолдарын және реттелуін, олардың даму мәселелерін анықтау болып табылады.

 Бірінші бөлімде-ақша массаның мәні мен жылдамдығы,сонымен қатар ақаша массасынң қазіргі кездегі ақша массасының ақша айналымдағы ролі,ақша  массасының маңыздылығы қарастырылады.

 Екінші бөлімде-қазіргі  кездегі Ұлттық Банктің жүргізіп  отырған ақша –несие саясатын  талдау,елдегі соңғы жылдардағы  ақша массасы  мен бақша базасының өзгерістерін талдау қарастырылған.

  Үшінші бөлімде –ақша массасын  мен ақша айналысын реттеу жолдарын дамыту,жетілдіру,елдегі ақша массасын жетілдіруде өз ұсыныстарым қарастырылған.

Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады.Сонымен қатар соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер пайдаланылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.АҚША  МАССАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1Ақша массасының экономикалық мәні мен жылдамдығы

     Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады.Ақша массасы  ақша айналысының    құрылымына жатады.

     Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал аума айналымы ұғымы бұған кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындарын ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса қолма-қаолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлуінің қарастырады.Ақша белгілері әртүрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтері жиынттығымен қамтамасыз етілсе қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жүйе мен қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтық қолында қанша ақша, қанша тауардың болатынын және олардың қандай бағада атылатыны белгілі болған.Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылуы. Тауар айналымы процесіндегідегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақының жүзеге асыру негізінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасу-ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар  айналысы болып табылады. Тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып  алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалысты, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Тауар сатып алынғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналысты әрқашан жүреді.

       Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады.  Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.

Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Бірінші концепция бойынша ақша массасы айналыстағы қолма – қол ақша мен қолма – қол ақша айналысынан немесе қолма – қол емес ақшалардан тұрады. Төлем айналысындағы ақшалардан басқа әр түрлі бағалы қағаздар қолданылуы мүмкін – вексельдер, чектер депозиттік сертификаттар, тағы басқалары.

Екінші концепцияны  қолдаушылар вексельдерді, чектерді және кей кезде басқа да бағалы қағаздарды қолма – қол емес ақша айналымына жатқызады.

Үшінші концепцияны  қолдаушы экономистер қолма –  қол ақшаның барлығына қарсы  шығады да, ақша деп тек қолма  – қол ақшаларды санайды.Тауарлы айналымды реттеу үшін қажетті ақшаның көлемін білу қажет. 

Ақша айналымының жылдамдығы әрбір ақша бірлігі бір жыл көлемінде кез келген келісім шарт  жасау үшін жасаған айналыс санымен өлшенеді.Тауар бағасының қажетті сомасын және ақшаның айналымын ескере отырып, айырбастың теңдігі алынған болатын. Оны Фишер теңдігі деп атайды, ол келесідей:

                           MV = PQ, немесе   M = PQ / V

Мұндағы:

M – ақша айналымына  қажетті ақша массасы;

PQ – тауар бағасының  сомасы;

V – ақша айналымының  жылдамдығы;

Бұл теңдікті Фишер атымен байланыстырса да, ол бұдан ертерек  те мәлім болған. К.Маркс өзінің « Капиталының » І томында бұл теңдікті былай көрсеткен болатын:

Ақша массасы = тауарлар сомасы / ақша бірліктерінің айналым  саны

Сондай – ақ К.Маркс  қажетті ақша көлемін толығырақ  сипаттады:

                        М = ( Ц*Т – Кц + П – Вп ) / n

Мұндағы:

Ц*Т – тауар бағасының  сомасы;

Кц – несиеге сатылған тауарлар сомасы;

П – ертерек сатылған тауарлар сомасы, бірақ олар бойынша  төлемдер ағымдағы периодта жүзеге асады;

n – ақша бірлігінің  айналым саны; [1]

Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады, қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соншалықты банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтілігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэфицентімен анықталады. Яғни, ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша – несие саясатымен тығыз байланысты деп айтуға болады. Мұндағы ең басты мақсат ақша масссасының өсуін сақтау екенін көруге болады. Мақсатты белгілеуде Орталық Банк келесі көрсеткіштерді ескереді:

    1. нақты бейнелеудегі ЖҰӨ -нің болжанатын өсімі;
    2. жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін жылдамдығы;
    3. жоспарланған кезеңдегі инфляцияның максималды рұқсат етілген деңгейі;

Ақша массасы өсуінің  бақылау көрсеткіштері елдің  экономикалық потенциалының болашақтағы  ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін  ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.

Ақша массасы көлемінің өзгеруіне  айналыстағы ақша массасының өзгермелілігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді.

Ақша массасының жылдамдығы – ақша қозғалысының интенсификациялы көрсеткіші. Яғни, Самуэльсонның ойы бойынша, ақша айналымының жылдамдығы табыс айналымының жылдамдығын көрсетеді″.

Ақша  массасының айналым  жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға, экономиканың циклы мен өркендеуіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара  есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және тағы басқаларға байланысты өзгереді.

Ақша массасы айналымының  баяулауы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэфицентінің төмен  екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, онда жоғары конъюктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айнаысының жылдамдығы айналыстығы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша санына кері пропорционалды әсер етеді. Ендеше қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды деп санауға болады.

Ақша массасы айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша массасының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.

       Айта кететін нәрсе – «ақша айналысының жылдамдығы» және «төлемдердің өту жылдамдығы» деген ұғымдардың бір – бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға:

өзара есеп айырысу жүйесін  дамыту, банк ісіне электронды есептегіш  техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ақша массасы айналымының екі көрсеткіші болады:

    1. Табыс айналысы аясындағы айналымның жылдамдық көрсеткіші – жиынтық ұлттық өнімнің немесе ұлттық табыстың ақша массасына, дәлірек айтқанда М1 не М2 агрегатына қатынасы. Бұл көрсеткіш ақша айналымы мен экономикалық даму процестерінің арасындағы байланысты көрсетеді.
    2. Төлем айналысындағы ақша айналымының көрсеткіші – банктік ағымдық шоттар бойынша аударылған қаражаттар сомасы мен ақша массасының орташа көлеміне қатынасы.[6]

 

 

 

1.2Ақша массасының құрылымы және оны реттеу

 

Ақша массасының құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен  анықталады.

Ақша айналымының екі  жағының  ( қолма –қол ақша мен  банктік айналымдағы ақшаның ) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы - ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс - шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты, қалыпты болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына  байланысты өзгереді.

Ақша агрегаттары бір  – бірінен өтімділігі бойынша ажыратылады. Ең өтімділігі жоғары агрегат болып  М0 ( қолма – қол ақша ) саналады. М1 – дің өтімділігі М0 – ге қарағанда азырақ, бірақ М2 – ден жоғары.

М2 ақша агрегаты қолма  қол ақша  және қолма – қол  емес құралдар арқылы анықталады, өз кезегінде олар халықтың жинақ жасауымен және заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтармен тікелей байланысты. Яғни, бұдан мынадай ойға келуге болады: халықтың жинақ жасау үрдісі интенсивті түрде жүрсе, халық банктерге сенеді және өз ақшаларын солардың шоттарында ұстаса, онда Орталық банк ақша массасын көбейте алады.  Ендеше халықтың жинақтар жасауы жаңа ақшалардың пайда болуын қамтамасыз ету функциясын атқарады деп айтуға болады.

Әр елдегі ақша агрегаттарының құрамы бірдей емес. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін төрт ақша агрегаты қолданылады, сондай – ақ М2 –нің құрамына  бір күндік операциялар бойынша бағалы қағаздар, ақша нарығының депозиттік шоттары, Ал М3 –ке М2 –ге қосымша ретінде қазынаның қысқа мерзімді вексельдері, коммерциялық банктермен жасалатын сатып алу туралы жедел келісімшарттар кіреді. Ал Жапония мен Германияда үш ақша агрегаты қолданылады. Англияны айтатын болсақ, онда бес ақша агрегаты қызмет етеді.

Енді осы ақша агрегаттарының әр қайсысына бөлек – бөлек  тоқталып өтейік.

М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады.

Кейбір елдерде бұған  барлық ағымдағы салымдарды, мысалы, Ұлыбританияда  тек олар бойынша пайызбен есептелмейтін  депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ –  та сондай – ақ М1 агрегатына банктік емес мекемелермен шығарылғанаккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді де жатқызады.

Информация о работе Ақша массасының экономикалық мәні мен жылдамдығы