Ақша массасының экономикалық мәні мен жылдамдығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:09, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысымның мақсаты ақша массаның құрылымын толығырақ қарастыру және оның проблеммалары мен перспективаларын, Қазақстандық тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Ал осы курстық жұмыстың объектісіне ақша массасы мен ақша агрегеттары жатады.Қазіргі кезде өзекті мәселе әрине осы ақша массасы болып табылады,елдің экономикасың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша айналысы болса,осы ақша айналсының ең негізігі құралдарынң бірі –ақша массасы болып табылады.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс анара.doc

— 252.00 Кб (Скачать файл)

ә)толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтандыру.

Құралдары: 
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер  нормасының өзгеруі;

б) есептеу мөлшерлемесінің  өзгерісі;

в) ашық нарықтағы операциялар.

      Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құраддары арқылы жүзеге асырылады.    Ақша-несие саясаты елден макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттіК ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы. 
Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.     Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі: 
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

-ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

- мемлекеттің бағалы  қағаздарын сатып алу және  сату бойынша ақша нарығындағы  операцияларды жүргізу;

- анктерге және үкіметке  несие беру;

- валюталық нарықтағы басқыншылық;

- кейбір жағдайларда  несиелік операциялардың жекелеген  түрлерінің деңгейі мен көлеміне  тікелей сандық шектеулер енгізу;

- ресми есепке алу  (дисконттық) мөлшерлемесі.

 

3.2Ақша массасын реттеуді  жетілдіру жолдары

   

      Ақша массасын реттеу жолының бірі ретінде экономиканы мемлекеттік реттеуді қолдану қажеттлігі туындайды.Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы:Динамикалық теңгермешілікті қолдаудағы мемлекеттің экономикалық саясатының рөлі орасан зор және оның кейбір экономикалық процестерді реттеу қабілеттілігі экономика және саясат қатынастарымен байланысты. Мемлекет қоғамдық жүйенің өзегі, ол билікті бақылайды және барлық басқа мемлекеттік емес институттарды бақылайды. Мемлекет қоғамдық өмір қағидаларын қалыптастырады және нысандарын ұйымдастырады. Мемлекет жалпы мүддені жекеден бөліп, адам мінез-құлқының жаңа нысанын тудырады.

Сондықтан мемлекеттің  пайда болуы және өмір cүpyi тарихи қажеттілік қана емес, сонымен бipгe экономикалық дамудың қоғамдық прогресивті  және маңызды факторы болып табылады.

Экономиканы реттеудің  мемлекеттік саясаты кез келген үкімет үшін, нарықтың немесе әміршіл  – бөлу экономикасы екендігіне қарамастан объективті қажеттілік болып табылады.

Бөлу экономикасында мемлекет тауар мен қызметтің  өндіру және бөлудің барлық құқығы мен міндеттерін өзіне алады. Бұл жерде, дегенмен, реттейтін еш нәрсе жоқ, мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін және дәрменсіздігін көрсетті.

Нарықтық шаруашылықта үкімет алдында тауарларды өндіруді ұйымдастыру және ресурстарды бөлу міндеттері тұрмайды. Мемлекеттің мұндай жүйеде ресурстарға, капитал және өндірілген тауарларға билік ету құқы болмайды.

Нарықтық жүйе — бұл  ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы айрықша құзыреті болып табылады. Сонда да мемлекеттің  реттеушілік функциясының маңызы ерекше болып қала береді. Epкін бәсеке кезінде нарықтық тетік экономикалық өсудің барлық мәселелерін шешуге дәрменсіздік танытып өндіргіш күштердің басым бөлігі жеке меншікке көшеді, мемлекет экономиканың үлкен құрылымын өзі ұстауға мәжбүр болады: темір жолдар, пошталар, телеграф т.с.с. Еңбек бөлінісі негізінде мемлекет аралық интеграцияның күшеюі, жалпы экономикалық процестердің ұлттық шекарадан шығуына, қорғаныс, ғылым, ғарыш, сондай-ақ жұмыс күшін ұдайы өндіру, экологиямен байланысты және т.с.с жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі. Экономикалық және саяси шешімдерді реттеу тетігіне араласу қажеттілігі пайда болады.Мемлекеттік экономикалық саясаттан басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) мақсаттарды бөлуге болады. Басты мақсаттар- басым түрдегі экономикалық және әлеуметтік теңгермешілікке жету, ұлттық бәсеке артықшылығын, экономикалық қауіпсіздікті, нарық тетігінің әртүрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады.

Заң шығару, атқару және сот мемлекеттік билігі күшті жерде ЭМР тиімді болып саналады.

     Мемлекеттің экономикалық саясаты әсерінен кез келген ұлттық, нарықтық экономика белгілі функциялық экономикалық жүйе (ФЭЖ) ретінде дамиды. Оларды қолдау немесе сәйкестікке келтірумен белгілі функциялар арқылы, мемлекет (үкімет) шұғылданады. Мәселен, ФЭЖ атынан динамикалық түрде өздігінен реттелуші жүйе, ұлттық нарықта макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдауға бағытталған, олардың жүйелік элементтері құрылады. Ол ақпарат, тауар, қызмет көрсету, технология, ноу-хау, капиталдың әртүрлі нысандарымен, жұмыс күшімен т.б. айырбас жасауға жағдайлар жасайды.

Мәселен, мемлекеттік  бюджет тапшылығының деңгейі ЖІӨ-нің 5%-нан аспауы тиіс. Алтын-валюта қорының  көлемі, тауарлар импорты шығындарын, кемінде үш ай ішінде жабуға жеткілікті болуы қажет; жұмыссыздықтың шекті деңгейі еңбекке қабілетті халықтың жалпы санының 15-20% аспауы тиіс т.с.с. Мемлекеттік реттеу көмегімен, белгілі деңгейде, осындай салыстырмалы параметрлерді ұстап тұруы ішкі нарықтағы тепе-теңдікті сақтайды және экономикалық өсудің тұрақтылығы мен динамикасын қамтамасыз етеді.

ФЭЖ-ге тән мысал: бәсекелестік жүйе құру; айналымдағы ақша массасын реттеу жүйесі; ішкі баға деңгейін қолдау жүйесі; жиынтық сұранысты ынталандыру  жүйесі; төлем.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Осы курстық жұмысты қорытындылайық.Ақша массасы және оның құрылымы елдің тұрақтылығына экономикасына қатты әсер етеді.Ақша массасын ел үкіметі әрқашан реттеп отыру керек.

Ақша айналымын жеделдету  үшін электрондық төлем жүйесі қолданылады. Ол сонымен бірге айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, айналыстағы қолма – қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.Сол себепті де электронды ақшаларға назар аударуға тиіспіз.

Қолма – қол емес ақша айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметтің атқарылуы. Қолма – қол емес ақшаның төлем айналымын екі тобқа бөлуге болады: тауарлы операциялар бойынша және қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы. Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір – біріне тәуелді.

Ақша массасы –  бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Оның құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.

Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы  сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс - шаралар  жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.

    Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қолма – қол ақша айналымын реттеудегі басты қызметтерінің бірі - экономика субъектілерінің қажеттілігін ұлттық валюта ақша белгілерімен дер кезінде және тұтас қанағаттандыруы. Осы жұмыстарға байланысты Ұлттық Банкінің филиалдарының эмиссия – кассалық реттеуімен екінші деңгейдегі банктердің кассалық жұмысы, купюралық құрылымды жақсарту, ұлттық валютаның ақшалай белгілерінің саудасын қолдау, айналымнан ескі үлгілерді алып тастау жүргізіледі.

Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатының шарттарына байланысты Республикада экономикалық жағдай жағымды қалыптасуда, өнеркәсіптер мен халықтың мемлекет саясатына сенімнің артуы мемлекеттегі ақша ұсынымына оң әсер тигізеді.Сол себепті ақша-несие саясатын арттыру керек.

    Ақша массасын  жетілдіру жолдары  бойынша менің  ұсынатын ұсыныстарым:

-Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясатындағы ақша массасын реттеуге  байланысты нормаларды жетілдіру;

-ақша массасын көбейтпеу  барысында ұлтық валютаның тұрақтылығн  ұстап тұру керек;

-ақшаны заңсыз шығаруға  қарсы шараларды күшейтуге қарсы шараларды күшейту керек,электрондық ақшаларды көбейту керек.

                                 Пайдаланған әдебиеттер

 

1.С.Б.Мақыш.«Банк ісі».Алматы,«Издатмаркет»2007ж

2. Б. А. Көшенова. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.  Алматы «Экономика» 2000 ж.

3. www.nationalbank.kz

4. С. Б. Мақыш, А.  Ә. Ілияс “ Банк ісі”. Алматы  «Қазақ университеті» 2004 ж.

5 Баймұратов О. «Қазақстан қаржы нарығы», Алматы, 2007ж

6.Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Алматы, 2001ж

7.Лаврушин О.М. «Деньги. Кредит. Банки.» – Москва, 1999. –

8.Баймуратов У. Б. «Национальная экономическая система.».Алматы.

Ғылым,2000ж.

9.Дробат  Ю.Л. Экономическая  система».Москва.Асафа 2004ж.

10.Есипова Р.Р. «Денежный оборот Республики.»Алматы,2000ж

11.Саниев М.С. Ақша, Несие. Банктер – Алматы: Алматы экономика және статистика институты. 2001.

12. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, 2003.

13.М. С. Биханұлы «Банк ісі»  2007 жыл

14.Ғ.С. Сейітқасымов «Банк ісі» 2003 жыл

15.М. С. Биханұлы «Ақша, несие, банк»

16. «Егемен Қазақстан» газеті

17. «Банк және банк қызметі туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 31 наурыздағы Заңы

18.Ілиясов Қ. Қ. Құлпыбаев  С. Қаржы: Оқулық.-Алматы:2005.

19.Міржақыпова С. Т.  Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық.-Алматы: 
Экономика.-2004.

20.Кеулімжаев Қ, Әжібаева  З, Құдайбергенов Н, Жантаева А. Қаржылық есеп.-Алматы, Экономика, 2001.




Информация о работе Ақша массасының экономикалық мәні мен жылдамдығы