Ақша массасының экономикалық мәні мен жылдамдығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:09, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысымның мақсаты ақша массаның құрылымын толығырақ қарастыру және оның проблеммалары мен перспективаларын, Қазақстандық тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Ал осы курстық жұмыстың объектісіне ақша массасы мен ақша агрегеттары жатады.Қазіргі кезде өзекті мәселе әрине осы ақша массасы болып табылады,елдің экономикасың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша айналысы болса,осы ақша айналсының ең негізігі құралдарынң бірі –ақша массасы болып табылады.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс анара.doc

— 252.00 Кб (Скачать файл)

Дерек көзі:ҚР Ұлттық Банк мәліметтері

  

    Бұл кестеде еліміздің соңғы үш жылдағы ақша агрегаттары талданған.2011 жылы айналыстағы қолма-қол ақша 2010жылға қарағанда 25,1%-ға өсіп 1094 781 теңгені құрады,ал 2012жылы 18,8 %-ға өсіп  1 301 396теңгені құрады. М1 агрегаты  2011жылы   2010жылға қарағанда 22,7%-ға өсіп 3112623 теңгені құраса,ал 2012жылы 2011жылға қарағанда 16,1%-ға өсіп 3614004 теңгені құрап отыр.М2 агрегаты 2011жылы 2010жылға қарағанда 23,2%-ға өсіп 6649830теңгені құраса,2012жылы 2011жылға қарағанда 17%-ға 7783105теңгені құрады. М3 2011жылы 2010жылға қарағанда 14,8%-ға өсіп 8608602теңгені құраса,ал 2012жылы 2011жылға қарағанда 11,7%-ға өсіп 9622127теңгені құрады,демек барлық агрегаттарда өсу байқалады.                             

Осы кестедегі мәліметтерді   диаграмма түрінде келтірсек:

 Ақша агрегаттары  (млрд,теңге)                                                       2-сурет.

Дерек көзі:ҚР Ұлттық Банк мәліметтері

 

Ақша агрегаттарының құрылымы (млрд,теңге)                                     2-кесте

Ақша агрегаттарының құрылымы

 01.01.10

 01.01.11

01.01.12 

М1

     

1.халықтың теңгедегi аудармалы депозиттерi

161 717

204 599

262 837

2.банктік емес заңды тұлғалардың

 

 

 

 

 

 

теңгедегi аудармалы депозиттерi

1 500 371

1 813 243

2 049 771

М2

 

 

 

 

 

 

1.шетел валютасындағы аудармалы депозиттері

725 149 

1 068 366 

1 351 834 

2.банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі

 

 

 

 

 

 

басқа депозиттерi және шетел валютасындағы

 

 

 

 

 

 

аудармалы депозиттері

2 132349 

2 468 841 

2 817 267 

М3

 

 

 

 

 

 

1.халықтың шетел валютасындағы

 

 

 

 

 

 

басқа депозиттерi

1 004 418

935 916

1 121 549

2.банктік емес заңды тұлғалардың шетел

 

 

 

 

 

 

Валютасындағы басқа депозиттері

1 097489 

1 022 856 

717 473


Дерек көзі:ҚР Ұлттық Банк мәліметтері

       Бұл кестеде ақша агрегаттарының құрылымы талданған.М1 агрегатының ішіндегі халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері 2011жылы 2010жылға қарағанда 26,5%-ға өсіп 204599теңгені құрады,2012жылы 2011жылға қарағанда 28,4%-ға өсіп  262837теңгені құрады.М2 агрегатының ішіндегі шетел валютасындағы аудармалы депозиттері 2011жылы 2010жылға қарағанда 47,3%-ға өсіп 1068366теңгені құраса,ал 2012жылы 2011жылға қарағанда 26,5%-ға өсіп 1351834теңгенң құрады.М3 агрегатының ішінде халықтың шетел валютасындағы басқа депозиттері 2011жылы 2010жылға қарағанда 7,3%-ға кеміп 935916теңгені құраса,ал 2012жылы 2011жылға қарағанда 19,8%-ға өсіп 1121549теңгені құраған.

 

 

2.2.Ақша базасы мен  массасын талдау

      

     Қазақстанда 2012 жылы мамыр айында ақша массасы 0,6 пайызға қысқарды, ал қаңтар-мамыр айларында 6 пайызға артып, 10 трлн 334,946 млн теңгені құрады.Айналымдағы қолма-қол ақша айналымы есепті кезеңде 0,6 пайызға, (қаңтар-мамырда 1,1%-ға қысқарды) 1 трлн 350,136 млрд теңгеге дейін артты, банк жүйесіндегі депозиттер 0,7%-ға (қаңтар-мамыр айларында 7,1%-ға ұлғайды) 8 трлн 984,811 млрд теңгеге дейін төмендеді.

2012 жылы мамыр ішінде  ақша базасы 5,3%-ға, 3 трлн 304,523 млрд  теңгеге дейін қысқарды (қаңтар-мамырда  16,5%-ға кеңейді, ал осал ақша  базасы (Ұлттық банктегі коммерциялық банктің мерзімдік депозиттерін қоспағанда) 2,3%-ға қысқарып (қаңтар-мамырда 13,1%-ға кеңейді), 3 трлн 97,798 млрд теңгені құрады.

      Қазақстанда қаңтар-қыркүйекте ақша массасы  7,8%-ға 10,515 триллион теңгеге дейін өскенін Қазақстан Ұлттық банкі хабарлаған.. Бұл ретте мамырда ақша массасының көлемі 1,8% өскен.Өз кезегінде ақша қоры (қордағы ақша) жыл басынан бері 4,1% - ға  2,953 триллион теңгеге дейін артқан.  Қыркүйекте ақша қоры 5,1%  азайған. Ақша базасы — орталық банктің  бақылауында болатын елдегі ақша ұсынысының бір бөлігі.Ақша базасы ақша массасының ең маңызды компоненті болғандықтан ақша базасын талдау маңызды болып табылады,қазіргі кездегі еліміздің ақша базасын талдайтын  болсақ:

Ақша базасы  (млрд,теңге)                                                                      3-кесте.

 

Ақша базасы 

01.01.10

01.01.11

01.01.12

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Ақша базасы (резервтiк  ақша)

2 584 606

2 641 507

3 384 140

айдағы өзгеріс, %

5,5

2,7

19,3

жылдың басынан  бергі кезеңдегі өзгеріс, %

5,5

2,7

19,3

оның iшiнде:

 

 

 

 

 

 

1.1 ҚҰБ-нен тыс қолма-қол  ақша 

1 005 845

1 252 898

1 483 816

1.2 ЕДБ-дiң және басқа  ұйымдардың 

 

 

 

 

 

 

ҚҰБ-дегі депозиттерi

1 578 760

1 388 608

1 900 324

Ақша базасы (тар мағынада)

2 045 882

2 196 323

3 167 658

айдағы өзгеріс, %

4,3

2,5

15,6

жылдың басынан  бергі кезеңдегі өзгеріс, %

4,3

2,5

15,6

оның iшiнде:

 

 

 

 

 

 

ЕДБ-дiң ҚҰБ-дегі резервтiк  депозиттерi

498 421

387 193

1 091 545


Дерек көзі:ҚР Ұлттық Банк мәліметтері

 

       Бұл кестеде ақша базасының құрылымы мен өзгерісі талданған.Ақша базасы резервтік ақша ретінде 2011жылы 2010жылға қарағнда 2,2%-ға өсіп 2641507 теңгені құраса,ал 2012жылы 2011жылға қарағанда 28,1 %-ға өскен.ҚҰБ-нен тыс қолма-қол ақша 2011жылы 2010жылға қарағанда 24,5%-ға өссе,ал 2012жылы 2011жылға қарағанда  18,4%-ға өскен.ЕДБ-дің және басқа ұйымдардың ҚҰБ-дегі депозиттері 2011жылы 2010жылға қарағанда 12,04%-ға кемісе,ал 2012жылы 2011жылға қарағанда 36,8%-ға өскен.Ақша базасы тар мағынада қарастырсақ  2011жылы 2010жылға қарағанда 7,3%-ға өссе,ал 2012жылы 2011жылыға қарағанда 44,2%-ға өскен.Ал ЕДБ-дің ҚҰБ-дегі резервтік депозиттері 2011жылы 2010жылға қарағанда 22,31%-ға кемісе,181,9%-ға күр өскен. 2012 жылы ақша базасында тұрақты өсу қалыптасқанын көріп отырмыз. Бұл кестедегі мәліметтерді диаграммада көрсетсек:

 

Ақша базасы  (млрд,теңге)                                                                          3-сурет.

Дерек көзі:ҚР Ұлттық Банк мәліметтері

 

   Ақша базасы резервтік ақша ретінде және ақша базасы тар мағынадағы соңғы үш жылдың динамикасы бойынша ақша базасының өсуі байқалады.

Ақшы массасының динамикасын  анықтау үшін бір жыл ішіндегі өзгерісін талдасақ:

Ақша массасының өзгерісі,(млрд,теңге)                                              4-кесте.

Ақша массасы 

01.01.10

01.01.11

01.01.12.

 М3 (ақша массасы) 

7 496 070

8 608 602

9 622 127

оның iшiнде:

 

 

 

 

 

 

5.1 халықтың шетел валютасындағы 

 

 

 

 

 

 

басқа депозиттерi

1 004 418

935 916

1 121 549

5.2 банктік емес заңды тұлғалардың

 

 

 

 

 

 

шетел валютасындағы 

 

 

 

 

 

 

басқа депозиттерi

1 097 489

1 022 856

717 473


 

Дерек көзі:ҚР Ұлттық Банк мәліметтері

Ақша массасының соңғы  үш жылғы өзгерісін талдасақ  ақша массасы 2011жылы 14,8%-ға өсіп 8608602 болса,2012жылы  2011жылға қарағанда  11,7%-ға өсіп 9622127 болып өсіп отырған,яғни ақша массасы жылдан жылға өсіп отыр.Осы мәліметтерді келесі диаграмма арқылы көрсетсек:

 

Ақша массасының өзгерісі                                                                       4-сурет

Дерек көзі:ҚР Ұлттық Банк мәліметтері 

Ақша массасының өсуін  қадағалау қажет.Себебі ақша массасы  өсе берітін болса инфляцияға әкелуі мүмкін.

 

 

 

3.ҚР АҚША МАССАСЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын  жетілдіру

 

       Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.  
Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.  
Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі – Орталық банк (Ұлттық Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын орындайды. Алайда Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім қабылдауға толық құқы бар.

      Қазақстан экономикасының нарықтық принциптерге өтуінен бастап ақша саясатының мақсаты  инфляциялық процестерге және осы негізге сүйенетін сұранысты реттеу үшін ақша эмиссиясын шектеу болып табылады. Бұл ақша айналымының реттеуші құралдарын қолдану арқылы жүзеге асады: яғни, ақша массасын реттеу, валюталық реттеу.

Екі деңгейлі банк жүйесін  қалыптастырғаннан кейін,ақша ретеушілері жиынтық сұранысты реттеуге  және ақша қаражаттарының әр алуан түрлерімен формаларын  бір уақытта қолдану мүмкіндігін қамтамассыз ету үшін  бағытталған болатын.

Ақша массасының  құрылымы  мен  динамикасының  анализі  ақша айналымының  реттеу  механизімін  жасауда  маңызы  зор. Айналымдағы ақша көлемі  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несие эмиссиясының  көмегімен  болжамдалады.  Несиелеу процесі  кезінде,  алтынволюталық  қорлардың  өсуі  және  шетел  волютасын  сатып  алу  нәтижесінде  оның  активтері  көбейеді.  Бұл,  сонымен  бірге,  пассивтердің  өсуіне,  яғни  ақша  агрегаттарының ( қолма – қол  ақша,  міндетті  резервтер )  пайда болуына  әкеледі.    

Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкінің қолма  – қол ақша айналымын реттеудегі басты қызметтерінің бірі - экономика субъектілерінің қажеттілігін ұлттық валюта ақша белгілерімен дер кезінде және тұтас қанағаттандыруы.

Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатының шарттарына байланысты Республикада экономикалық жағдай жағымды қалыптасуда, өнеркәсіптер мен халықтың мемлекет саясатына сенімнің артуы мемлекеттегі ақша ұсынымына оң әсер тигізеді.

Жиынтық Ұлттық табыс  пен ақша массасы көрсеткіштерінің өсуі, ақша массасының өсуі қолма –  қол ақшамен емес, банк депозиттерінің өзімен байланысты. Қазіргі кезде қолма – қол ақша эмиссиясының көлемі және ұлттық валюта белгілерінің көлемі тек шаруашылық субъектілердің сұранысына байланысты.

       Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері  
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесі реформалаудың ұзақ та қиын жолынан өтті. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдарындағы қолайсыз макроэкономикалық жағдай (инфляцияның жоғары деңгейі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, жоғары пайыз мөлшерлемесі, т.б.) тиімді ақша-несие саясатын құруға айтарлықтай кедергі жасады. Алайда уақыт өте келе бұл қиыншылықтарды жеңе отырып еліміздің қаржы жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізілді. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, «Қазір шетелдік мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанда ТМД елдерінің арасындағы ең үздік, бүгінгі заман талаптарына сай, жаңа банктік жүйе қалыптасты. Бұл реформалаудың маңызды жетістігі, өйткені рыноктық экономикаға өту кезеңінде Қазақстанның өзіндік дәстүрлі банктік мектебі болған жоқ».  
Бүгінгі күні ақша-несие жүйесін одан әрі жетілдіру үрдісі жалғасуда және мемлекет алдында жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер тұр:  
- Ақша-несие саясатының инфляциялық аргеттеу принципіне өту арқылы инфляция деңгейін төмен деңгейде (жылына 3-4 пайыз деңгейінде) ұстап тұру.  
- Теңгенің шетел валютасына қатысты нақты бағамының өсуін тежеу арқылы әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.

- Нақты секторды несиелеуді  өсіру және оның ресурстық  базасын кеңейту арқылы банктік  жүйе мен сақтандыру рыногының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

- Қаржы рыногына қатысушылардың  бақылау қызметтерін Ұлттық Банкке  жұмылдыру арқылы олардың мемлекеттік  реттеудегі қызметін жетілдіру.  
- Қазақстанның төлемдік жүйесін Еврокеңес стандарттарына жақындату арқылы ТМД елдері арасындағы жалпы төлемдік жүйені қалыптастыру.

   Ақша саясатының  құралдарын төмендегідей топтастыруға  болады. Ақырғы мақсат: 
а)экономиканың өсуі;

Информация о работе Ақша массасының экономикалық мәні мен жылдамдығы