Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 11:09, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты ақша массаның құрылымын толығырақ қарастыру және оның проблеммалары мен перспективаларын, Қазақстандық тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Ал осы курстық жұмыстың объектісіне ақша массасы мен ақша агрегеттары жатады.Қазіргі кезде өзекті мәселе әрине осы ақша массасы болып табылады,елдің экономикасың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша айналысы болса,осы ақша айналсының ең негізігі құралдарынң бірі –ақша массасы болып табылады.
Негізінде, М1 агрегата айналыстағы ақша массасының « тар » көрсеткіші болып табылады. Бірақ, соған қарамастан, ол өте маңызды, себебі ол ақшаның төлем құралы функциясымен тығыз байланысты. Ол жеке сектордың барлық өтімді қорларлануын қамтиды. Осы уақытқы дейін М1 агрегаты пайыз ставкасының және халықтың өтімділікті таңдауының арақатынасы деп саналды. Себебі М1 агрегатына жататын активтер ешқандай пайыздық табыс әкелмейтін. Өкінішке орай қазіргі кезде бұл заңдылық пайыздық табысы бар ағымдық шоттардың пайда болуына байланысты бұзылған.
М2 және М3 агрегаттарын анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар.
Францияда М2 агрегатына
М1 агрегатымен қоса, төрт жылға дейінгі
мерзімсіз депозиттер; АҚШ - та жинақ
шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы
қорларының акцияларын, АҚШ – ғы
банктерде және шетелдегі банктердегі
АҚШ резиденттерінің
М3 агрегаты М2 агрегатынан басқа: Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады. Яғни М3 агрегаты ақша массасының « кең » көрсеткіші болып табылады.
М3 агрегаты мемлекеттегі халықтың сатып алу қабілетінің толық соммалы көрсеткіші деп санауға болады. Сондықтан мемлекет көп жағдайда осы агрегатты пайдаланады және айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қолданады.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта бола бермейді. Оларға бірден – бір әсер етуші фактор - ақша нарығы құралдары дамуының өзгеруі.Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша - несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін - төрт, Швецария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда- бес, Францияда - екі ақша агрегаттары қолданылады.
Өнеркәсібі дамыған елдердің қаржылық статистикасында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:
М1 – айналыстағы нақты ақшаларды және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;
М2 – М1 + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақ салымдары ( 4 жылға дейінгі );
М3 – М2 + арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдары;
М4 – М3 + ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттар;
Сонымен, барлық ақша агрегаттары иерархиялық жүйеге тізбектеледі: әрбір келесі агрегат өзінің алдындағы агрегатты қосып алады.[2]
Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Оның құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.
Еліміздегі ақша агрегаттарына келетін болсақ бізде М0,М1,М2,М3 агрегаттары қолданылады.Ақша агрегаттары Қазақстан Республикасынң Ұлттық банк арқылы реттеліп отырады.Себебі ақша агрегаттары ақша массасының ең негізгі компоненттерінің бірі.Ақша агрегаттарын қолданғанда шетел тәжірибесін қолдана отырып ел үкіметі еліміздің экономикасына сай ақша агрегаттарын қалыптастырып отыр.Ал енді Қазақстан Республикасындағы ақша агрегаттарын көрсетейік:
ҚР-ның ақша агрегаттары
Ескерту:Автор тарапынан
Мұндағы,
Аудармалы депозиттер —
Басқа депозиттер — негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ тетігіне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
Ақша массасының көлемі және оның өсу темптері маңызды экономикалық айнымалыларға әсер ететіндіктен, ұлттық экономика дамуының негізгі мақсаттарына да әсер етуі мүмкін.
Ақша массасын өлшеудің екі түрі бар: трансакциондық және өтімділік бойынша өлшеу.
Ақша массасын трансакциондық
өлшеу ақшаның айналым құралы
ретіндегі функциясына
Ақша массасын трансакцонды
өлшеу айналыс құралдары
Өтімділік бойынша ақшаның массааын өлшеу ақшаның мәні оның өтімді актив болу қасиетімен байланыстырылады. Өтімділік сатушының берілген берілген тауарды кез келген уақытта аз шығындармен және жеңіл өткізуін білдіреді. Бұл ой бойынша ақшалар басқа активтерден сапа жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Біз активтерді тек оның өтімділік дәрежесі бойынша ғана ажырата аламыз. Әрбір актив құнды сақтау қызметін атқарады, бірақ олардың өзгешелігі тек олардың өтімділігінде.
Ақшалар – ең өтімді активтер; ақшаның иесі тауарды немесе қызметті сатып алудың алдында оларды басқа еш нәрсеге айырбастамау керек. Ал, мысалға үйді алатын болсақ, оның өтімділігі өте төмен. Өтімділігі төмен тауарларды сату көп уақытты алады.
Ақша массасының негізгі
компоненті – ол ақша базасы. Ақша базасы
міндеттемелерге жататын резерв
МВ = СІС + RR + DCB
Мұндағы:
CIC – айналыстағы нақты ақшалар;
RR – міндетті резервтер;
DCB – екінші деңгейдегі банктердің ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттарындағы қаражаттары;
ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланыстыақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:
-ҚҰБ-нің айналымға
шығарған қолма-қол
-ЕДБ-дің аудармалы
және басқа депозиттерінен;
-ҚҰБ-гі мемлекеттік
және мемлекеттік емес,
Ақшаның төлем құрамы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті ақшаның жалпы көлемін қысқарады. Бұл, қарыз міндеттемелерінің көп бөлігін қарыз талаптары мен міндеттемелерінің көп бөлігі қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу арқылы табу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді неғұрлым тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет етіледі. Оған қоса, мынаны ұмытпаған жөн, айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервін қалыптастырады. Осының нәтижесінде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі формалар мен беріледі.
А – төлем құралы және айнасы ретінде қажетті ақша саны,
Т – тауар бағасының сомасы;
Н – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы;
Т - қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Ө - өзара есептескен талаптар мен міндеттемелер сомасы;
АР – ақша резервтері;
А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретіндегі айналымының орташа саны.
Теңдікте көрсетілгендей экономикадағы ақша массасының айналды мүмкін себептердің бірі ретіндегі тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі болып табылады. Бұл жағдайда Т шамасы кері таңбаға ие. Алайда бұны нарықтық экономикаға өтуші Қазақстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады деуге болмайды, мұның себептері көп әлсіз төлем тәртібі, төлемсіздік тізбесінде потенциалды банкроттардың болды, банкроттықтың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының әлсіз дамуы және т.б.Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анқытайды.
Ақша базасының ақша
массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы
көмегімен мынадай формула
Егер, мысалға ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттігін көрсетеді. 2008 жылы ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәнін, өткен жылмен салыстырғанда 3,15-дан 4,36-ге дейін өсіріп отыр.
Ақша массаның жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы арқылы экономиканың монетизациялану коэффициентін (Км) анықтауға болады.
Км = (МЗ (ақша массасы) / ЖІӨ) x 100
Ақша массасының құрылымы мен динамикасының анализі ақша айналымының реттеу механизімін жасауда маңызы зор. Айналымдағы ақша көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несие эмиссиясының көмегімен болжамдалады. Несиелеу процесі кезінде, алтынвалюталық қорлардың өсуі және шетел волютасын сатып алу нәтижесінде оның активтері көбейеді. Бұл, сонымен бірге, пассивтердің өсуіне, яғни ақша агрегаттарының ( қолма – қол ақша, міндетті резервтер ) пайда болуына әкеледі. [6]
Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы»
ҚР заңына сәйкес реттеледі.Яғни ақша
массасын да Ұлттық банктің ақша-несие
саясатымен реттеледі. Ұлттық банк тұтынылатын
банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін
анықтайды,олардың дайындалуын қамтамасыз
етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін
және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын
белгілейді.Қазақстан Республикасы ақшалай
банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі
банктердің инкассациясына лицензия беру
бойынша өз кушімен енгізген жаңалығына
байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға
дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда
түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Коммерциялық
банктер корреспонденттік шоттардағы
қаражат қалдығының шегінде қолма-қол
ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасын
шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік
шотындағы екінші денгейдегі банктердің
қаражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни
банктердің өтімділігін реттеу арқылы
реттеп отырады.
Бұл ақша – несие саясатының
аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл
аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін
көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына
қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының
шамасына өз әсерін тигізеді.Ақшалай мультипликатордың
шамасы міндетті резервтеудің нормаларына
тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие
ресурстарының көзі ретінде, сондай-ақ
айналымдағы қолма – қол ақшаның үлес
салмағынан пайдаланылмайды. Бұны банктерден
тысқары болатын айналымдағы қолма –қол
ақшаның мультипликацияланбайтындығымен
байланыстырып түсіндіруге болады. Ақшаның
мультипликация қарқындылығы олардың
экономикадағы айналыс жылдамдылығына
әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті
неғұрлым жоғары болса ақша массасы соғұрлым
көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР
Ұлттық банкі ақша айналысын және инфляция
деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер
нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық
мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы
операция, валюта
2.ҚР-НЫҢ АҚША МАССАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ
2.1.Ақша агрегаттарын талдау
Ақша агрегаттары — ақша массасы құрылымының көрсеткіштері, бір-бірінен өтімділік дәрежесімен ерекшеленетін ақша түрлері.Агрегаттар (латын. aggregatus - қосылған) - 1) макроэкономикалық агрегаттар — экономикалық агенттердің жекелеген операцияларының жалпылама қорытындысы, экономика жай-күйінің жиынтық статистикалық сипаттамалары. Агрегаттар, әдетте, ұлттық шоттар жүйесінде көрсетілетін теңгерімдік қорытындыларды қосу жолымен шығарылады (мысалы, жалпы ұлттық өнім (ЖҮӨ), ұлттық табыс); Елімізде М0,М1, М2,М3 агрегаттары қолданылатынын айтып өткен болатынбыз.Ақша агрегаттарын Ұлттық банк реттеп отырады.Енді осы ақша агрегаттарын талдайтын болсақ:
Ақша агрегаттары (млрд,теңге)
Ақша агрегаттары |
01.01.10 |
01.01.11 |
01.01.12 |
1. МО (айналыстағы қолма-қол ақша) |
874 577 |
1 094 781 |
1 301 396 |
айдағы өзгеріс, % |
- 4,3 |
- 4,7 |
- 4,7 |
жылдың басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, % |
- 4,3 |
- 4,7 |
- 4,7 |
2. М1 |
2 536 665 |
3 112 623 |
3 614 004 |
айдағы өзгеріс, % |
3,2 |
- 0,1 |
- 6,0 |
жылдың басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, % |
3,2 |
- 0,1 |
- 6,0 |
3. М2 |
5 394 164 |
6 649 830 |
7 783 105 |
айдағы өзгеріс, % |
1,1 |
1,2 |
- 2,3 |
жылдың басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, % |
1,1 |
1,2 |
- 2,3 |
4. М3 (ақша массасы) |
7 496 070 |
8 608 602 |
9 622 127 |
айдағы өзгеріс, % |
0,1 |
1,5 |
- 1,3 |
жылдың басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, % |
0,1 |
1,5 |
- 1,3 |
Информация о работе Ақша массасының экономикалық мәні мен жылдамдығы