Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 20:38, курсовая работа

Описание работы

Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың ның ұсынысынан артық болуымен байланысты.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инфляцияның теориялық негіздері...................................................................5
1.1.Инфляция мәні мен пайда болу себептері....................................................5
1.2.Инфляцияның түрлері мен типтері...............................................................7
1.3.Инфляцияның айқындалу формалары..........................................................9
2. ҚР инфляциялық жағдайын талдау.................................................................12
2.1.ҚР инфляция даму ерекшеліктері...............................................................12
2.2.Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары....................................18
3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар......................................23
3.1. Инфляцияны бәсендету шаралары.............................................................23
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................30

Файлы: 1 файл

инфляяяция.doc

— 657.50 Кб (Скачать файл)

Сұраныс және шығын инфляция экономиканың дамуына, әсіресе оның макро- және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцияны келесі үш негізгі түрге  жіктеуге құқық береді :

- Баяу инфляция- оған  тұтыну бағасының орташа жылдық  өсімі 8-10%-ға дейінгі инфляция  жатады.Мұндай инфляция нарық экономикасы дамыған елдердің көбіне тән. Баяу инфляция ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп келе жатқан экономиканың дамуына игі әсер тигізеді деп есептелінеді. Экономикадағы артық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді қаржыландырады, қосымша жұмыс орындарын ашуға жағдай туғызатын және банктердің кредиттік пайыздық ставкаларын төмендетеді деген тұжырымдар бар. Бірақ инфляция төменгі деңгейге жеткенде (1%-дан төмен) экономикада ақша тапшылығы туады, шаруашылықтың даму қарқыны бәсендейді және ондағы тиісті құрылымдық өзгерістер тоқтайды.

Сондықтан коптеген дамыған  елдерде баяу инфляцияның деңгейін 1-2,5%-дан төмен түсірмейді.

-Қарқынды инфляция- бұл  жағдайда бағаның орташа жылдық  өсу қарқыны 10-нан 100%-ға дейін  шектеледі. Инфляцияның бұл түріне  бағаның қарқындап, бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып, инфляцияны тізгінде ұстеп, басқарып отыру өте қиынға түседі. Сауда-саттық келісімшарттары бағамы сенімді шетел валюталарымен жүргізіледі немесе тауардың бағасында болашақта инфляцияның өсу деңгейі ескеріледі.

-Ұшқыр инфляция (гиперинфляция). Әр елде ұшқыр инфляцияның  критерийі әр түрлі. Нарық экономикасы  дамыған елдерде гиперинфляция  деп бағаның жылына 1000%-дан аса  жоғарылауын атайды. Ал экономикасы  тұрақсыз, даму үстіндегі немесе  өтпелі кезеңдегі елдер үшін гиперинфляцияның бастау деңгейі бұдан да жоғары. Мысалға, Ресейде 1992 жылы инфляция қарқыны бір жылда 1353%-ға жетті, бірақ ресми түрде гиперинфляцияға жақын деп қана танылды. Дегенмен көптеген экономистер гиперинфляцияға жылына бағаның 1000% өскенің қабылдайды. ХВҚ айына бағаның өсу қарқыны 50%-дан асса гиперинфляция деп есептейді. Бұл инфляция қарқының жылға есептегенде 13000%ды құрайды. Егер гиперинфляция қарқыны есепке ала отырған айдан бастап алдағы 12 айда 50%-дан аспаса, онда бұл инфляцияның ұшқырлығы жойылды, қарқыны инфляцияның төменгі сатыларына түсті деп есептелінеді.

Гиперинфляция- экономикадағы  терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның  құнсыздануы сонша тез болатындығынан, бағалар күн сайын ғана емес, кейде  тіпті күніне бірнеше рет қайта есептелуі мүмкін. Гиперинфляция өндірісті баяулатады, тоқтатуы да мүмкін, банк жүйесін, нарық механизмдерін бұзады. Экономикада үрей туғызатын ахуал қалыптасады, ал сауда-саттықта бірінші орынға «бартер» айырбасы, есеп айырысу жұмыстарында бағамы тұрақты шетел валютасы негізгі ақшаға айналады.

Қазақстанда бағаның  ең көп шарықтауы 1992 жылы 3060%, 1993 жылдың қарашасында бір айлық инфляция деңгейі 56% болды. Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 1992-1993жж. Экономикадағы  жағдай гиперинфляцияға жақын.Ал батыс экономистерінің сипаттауы бойынша Қазақстанда 1992-1994жж. Гиперинфляция болды.

        

         1.3. Инфляцияның айқындалу формалары

 

Бүгінгі танда инфляция негізінен көп факторлы құбылыс  ретінде анықталады. Инфляцияның  монетарлық және монетарлық емес факторларының әсерінен бағаның жалпы өсуін біртұтас инфляциялық процесс деп қарастырады. Бұл орайда инфляцияның шығу себептері күрделі шиеленіс үстінде болып, шешуші фактор ретінде алға біреуі немесе бірнешеуі алмасып шығып отырады. Нарықтық экономикада инфляция айқындалу формасы бойынша бөлінеді. Қазіргі уақытта инфляцияның мынадай түрлері қалыптасқан: ашық, тұқыртылған (подавленная), сырттан әкелінген, күтілетін, баға біркелкі өсетін және біркелкі өспейтін, стагфляциялық. Инфляцияның аталған айқындалу формаларын қарастырайық.

Ашық инфляция жинақталған  ұсыныс пен жинақталған сұраныс  арасындағы теңсіздіктен туатын және бағаның жалпы деңгейінің өсуімен  айқындалатын инфляция. Бағаның өсу  қарқынына байланысты бұл инфляция: баяу, қарқынды немесе ұшқыр инфляцияға айналуы мүмкін.

Тұқыртылған (байланған) инфляция баяу немесе қарқынды инфляция формаларымен айқындалады. Нарық экономикасы  жағдайында үкімет инфляцияны теңгеру  үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту, еңбекақы және басқа төлемдерді уақытынан кешіктіру, бюджеттік ұйымдарды шектеу сияқты шаралар жүргізеді. Бұл жағдайда айтып отырған инфляция үлкен төлемдік борыштармен, шаруашылық жүргізу барысында «бартердің» кең дамуымен, өндірістің құлдырауымен сипатталады. Орталықтандырылған экономикада тұқыртылған инфляция тауар тапшылығымен, қажетті тауарларға бағаның өсуімен, алып-сатар нарықтардың пайда болуымен айқындалады. Осынын бәрі ақшаның құнсыздануына, тұқыртылған инфляцияның дамуына әкеледі.

Сырттан әкелінген немесе импортталған инфляция елдегі шектен тыс тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел валютасының көп құйылуына байланысты. Жергілікті тауарлардың тапшылығына байланысты шетелдің тауар өндірушілері өз тауарларына бағаны жоғарылатады да, импортталған тауарлармен нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді. Сонымен қатар импорттық тауарларды «шоп-туристтер» де әкеледі. Бұл да ішкі нарықтағы тауарлардың бағасының өсуіне ықпалын тигізеді. Шетел валютасының экономикаға көп  құйылуы ақша айналымын долларға түсіріп, оны тұрақсыздандырып бағаның өсуіне әкеледі. Банкілер мен айырбас орындарынан сатып алынатын шетелдік валюта тауарлардың және көрсетілетін қызметтер бағасының сомасын арттырады. Ал оның ақшалай баламасы ішкі нарықта сұраныс инфляциясын күшейтеді.

Күтілетін инфляция- болашақ  шығындардың өсуін күту нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің ағымдағы бағасын өсіріп сату. Күтілетін инфляция тауар өндірушілерге болашақта сатып алынатын шикізаттар, материалдар, жабдықтаушы құралдардың өсім бағасын ағымдағы сатылатын тауар мен қызметтердің бағасына қосып сатуға мәжбүр етеді. Осылайша болашақта бағаның өсуін күту тауардың, қызметтердің ағымдағы инфляциясының көзі болуы мүмкін, әсіресе қарқынды және гиперинфляция жағдайларында. Бұл инфляцияға негізінен адам баласына тән психологиялық фактор әсер етеді.

Стагфляцияда тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы  деңгейінің жоғарылауымен қатар, өндіріс  өнімдерінің, көрсетілген қызметтердің көлемі төмендейді, яғни олар қарама қарсы  бағытта өзгереді. Экономистер стагфляция себептерін әр түрлі түсіндіреді. Осыған қатысты мынадай пікірлер бар:

  1. Экономиканың құрылымдық жағынан жетілмеуі. Экономикада нарық механизмін жақсы жолға қою үшін нарықтық тепе-теңдік сақталуы қажет деп есептеледі. Бәсекелестік қажетті деңгейде болмағандықтан жоғарылаған тауар бағасы белгілінеді, осының нәтижесінде өндіріс көлемі төмендейді.
  2. Фирмалардың монополизмі және олардың нарықтың үстінен қарауы. Нарықта сатылатын тауарлар мен қызметтер көлемі олардың бағасы төмендегенде көбейетіндігі белгілі. Бірақ көбінесе монополистер пайда табу үшін тауарларды аз шығарып, қымбат сатуды қалайды. Бұл өндіріс көлемі төмендеп, тауарлар бағасының жоғарылауына әкеледі.
  3. Тауар өндірушілердің болашақта инфляцияның әсерінен табыс азаятындықтан бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетуі. Бұл саясат стагфляцияға алып келеді.
  4. Баға біркелкі өсетін және біркелкі өспейтін инфляция. Біркелкі өсетін инфляцияда тауарлар мен қызметтерге жалпы бағалар бір уақытта бір деңгейде өседі. Бірақ бұл тек теориялық түрде болуы ғана мүмкін. Іс жүзінде ақша массасының өсуіне байланысты тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі әр түрлі деңгейде болады. Кейбір бағалар тұрақты түрінде қалса, кейбіреулері көп өзгеріске ұшырайды. Кейде тіпті алдын ала болжанбаған өзгерістерге ұшырап отыруы мүмкін. Бағаның осындай өсуі әсіресе өтпелі кезеңде, экономика тұрақтанбаған жағдайда байқалады. Мұндай инфляцияны бағалары біркелкі өспейтін немесе баланстанбаған инфляция деп атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         2. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау

 

         2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері

 

Инфляция –  қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның  өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның  басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі  қазіргі инфляцияның себептеріне: 30-жылдардан басталған өндіріс  құралдары мен тұтыну заттары  өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателік пен бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастар өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуі инфляцияға жол берілді.

1991-1993 жылдары Ресейден  тауарлар алу үшін  алынған  несие  көлемі бір жарым  млрд. доллардан артып кеткен  болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы  бағалардың өсуі мен ақшаның  құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция  қалыптасты, тек  өзіміздің ұлттық  валютаны  (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен  тегін келген жоқ, оның нәтижесінде  ұлттық өндіріс  күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %  - ке, ауыл   шаруашылық  пен азық – түлік шаруашылықпен азық – түлік өндірісі – 50-60% -қысқарды.

1993 жылы бұрынғы   кеңестік    республикалардың  “егемендіктер  парадының “   басталуы   және   эканомикалық    жағдайларға  ешқандай  дайындықтардың    болмауы      Қазақстанда    өте ауыр  әлеуметті-эканомикалық  жағдайларға әкеп    соқтырды. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың  барлық  сферасында  құлдырады.  Мұның бәрі  шоқырақтау    инфляциясымен қатарласа   жүріп 1994  жылдың  жазында гиперинфляцияға   өсіп   жетті. Саяси    және   экономикаллық   себептер  1993  жылдың     қараша  айында  республиканы  жедел  түрде   ұлттық  валюта – теңгені      ендіруге   мәжбүр   етті,    оның   өзі   алғашқы    тоғыз  ай  ішінде  аса тездікпен  салмағын  “ жоғалтып “ жатты.    Осындай     қиын   жағдай   бір   мезгілде    эканомиканы    ырықтандырумен  қоса  қатаң монетарлық  саясатты  жүргізуге бағыт берді.

Қазақстан  Республикасында  1992-ші  жылға дейін  жасырын  инфляция  басым   болып,  ол   кейінірек ашық  қарқынды  инфляциялық сипатқа   ие болып, сосын   ұшқыр   инфляцияға   айналды.  Республикада  1993-ші жылы инфляция  2260  %   құраса ,1994 -те  -  1258,    ал  1 995-тің аяғында “ теңге” тұрақтана   бастап ,  инфляция   төмендеді     және 60,3 % - ға қысқарды. Инфляция  1996-шы  жылы 28,7% -тың   маңында болса, 1997-ші жылы – 11,2 %, 1998-ші    жылы- 1,9 %, 1999-шы  жылы - 17 ,8 %,  2000- ші жылы – 9,8 құраса,  ал 2003-ші  жылыдың   аяғында 5,9-ға  тұрақтады (1-график)

 

     1-график

     Инфляция көрсеткіштері 1993-2003жж.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Ескерту: ҚР Статистика жөнінде агенттігі

 

Тұтастай  алғанда 2004  жыл  Қазақстан  экономикасында  елеулі  инфляциялық аяның  сақталуымен  сипатталды,  ал  соңғы  бірнеше  жылда  жекелеген  салаларда  баға өзгерістері  барынша  жоғары  болды.  Осы  кезеңде (2003  жылдың  желтоқсанымен салыстырғанда 2004 жылғы желтоқсанда) тұтыну бағалары 6,7% ұлғайды (соңғы 4 жыл ішінде  олардың  өсуі 6,4-6,8%  аралығында  қалыптасты).  Өндіруші  кəсіпорындардың өнеркəсіп өнімдері бағаларының өсуі соңғы 5 жылда ең жоғары деңгейде қалыптасып, 23,8% жетті. Жүк тасымалдары тарифтерінің өсуі 11,4% (соңғы 4 жылдағы ең жоғары деңгей)  болды. Ауыл шаруашылығы  өнімінің  бағалары 4,0%,  құрылыста – 5,6%  өсті. Бағалар 6,3%  төмендеген  бір ғана  сала  заңды тұлғаларға  байланыс  қызметін  көрсету болды (2-график).

2004  жылғы 4-тоқсанда  тұтыну  тауарлары  секторында,  өнеркəсіптік  өндірісте (өсу   тиісінше 2,8% жəне 2,6%) жəне  заңды   тұлғаларға  байланыс  қызметін  көрсетуде (төмендеуі 6,6%)  бағалардың  айтарлықтай  қозғалысы  байқалды,  басқа  секторларда бағалардың өзгеруі 1,0%-дан аспады.

 

 

 

 

 

   2-график

 

 

2005  жылғы 4-тоқсанда  өткен  тоқсанмен  салыстырғанда   тұтыну   нарығында бағаның   маусымдық   өсуі  байқалды,  алайда   өткен  жылдың  тиісті  кезеңімен салыстырғанда  инфляция  деңгейі  шамалы  төмендеді.    Мəселен,  2005  жылғы 4-тоқсанның  қорытындылары бойынша тұтыну бағаларының өсуі 2,4% деңгейіне жетті.Тұтастай  алғанда 2005  жылғы  инфляция   жылдық  көрсетуде (2004  жылғы желтоқсанға 2005 жылғы желтоқсан) 7,5% деңгейінде қалыптасты (2004 жылы – 6,7%). Тұтыну  бағаларының өсуі,  негізінен,   азық-түлік тауарларының жəне  халыққа ақылы қызмет  көрсетудің  тиісінше 8,1%  жəне 8,0%   қымбаттауына  байланысты  болды,  ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,9% қымбаттады .  2005 жылы ең жоғары бағаның  өсуі  жеміс  пен  көкөніске (23,1%),  газбен жабдықтау  қызметтеріне (34,5%), білім  беру  қызметтеріне (19,5%),  күрішке (18,3%),  ет  өнімдеріне (12,5%),  қантқа (11,9%) тіркелді.

2006 жылғы 4-тоқсанда  өткен  тоқсанмен  салыстырғанда   азық-түлік  тауарлары бағасының   маусымдық  жоғарылағаны  байқалды,  бұл  ретте  инфляция  деңгейі  2,4% деңгейінде қалыптасып, 2005 жылдың  тиісті кезеңімен салыстырғанда  өзгерген жоқ. Тұтыну  бағаларының  құрылымында  бағалардың  негізгі  өсуі  азық-түлік тауарларына жəне ақылы қызметтерге тиесілі - тиісінше 2,7% жəне 2,5%. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 4-тоқсанда 1,7% қымбаттады (3-график).

Информация о работе Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар