Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 20:38, курсовая работа

Описание работы

Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың ның ұсынысынан артық болуымен байланысты.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инфляцияның теориялық негіздері...................................................................5
1.1.Инфляция мәні мен пайда болу себептері....................................................5
1.2.Инфляцияның түрлері мен типтері...............................................................7
1.3.Инфляцияның айқындалу формалары..........................................................9
2. ҚР инфляциялық жағдайын талдау.................................................................12
2.1.ҚР инфляция даму ерекшеліктері...............................................................12
2.2.Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары....................................18
3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар......................................23
3.1. Инфляцияны бәсендету шаралары.............................................................23
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................30

Файлы: 1 файл

инфляяяция.doc

— 657.50 Кб (Скачать файл)

Сауда-делдалдық сфераға  қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, кредитті кедергісіз алумен және кредиттер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшермелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды.

Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі  қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмі жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі – өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.

Бәсеке механизмін жасау  монополияға қарсы шараларды  жүргізумен, меншіктің  тұрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық-қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде  қамтамасыз етумен байланысты болады.

Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл  пирамидасының негізіне қойылады.

Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің  нақтылы артуына байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалықы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсіммі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы  тарапынан инфляцияны төмендету  шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық-импорттық  операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.

Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын  тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды  отандық тауарлар мен қызметтерге  ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.

Сөйтіп инфляциямен  күрестің негізгі нысандары ақша реформалары және инфляцияға қарсы  саясат болып табылады.

Ақша реформасы –  ақша айналысын ретке келтіру  және нығайту мақсатымен мемлекет жүргізіп отырған ақша жүйесін толықтай немесе ішінара өзгерту. Ақша реформасы елдің экономикалық жағдайына, ақшаның құнсыздану дәрежесіне, мемлекет саясатына қарай түрлі әдістермен (нөлдендіру, қалпына келтіру, девальвациялау мен деноминациялау) жүзеге асырылады.

Өршімелі инфляция кезінде  бірқатар елдер пайдаланған инфляциямен  күрестің айрықша нысаны – естен  тандыру терапиясы. Оның мәні – нарықтық қатынастарды дамытуды көтермелеуде, еркін бағаларды белгілеуде, бағаларды  реттеуден бас тартуда және осылардың нәтижесі ретінде – халықтың тұрмыс дәрежесінің төмендеуінде болады.

Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер  шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты мәселесіне айналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

    

 

     3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар

 

3.1. Инфляцияны бәсендету шаралары.

 

Инфляция зардаптарын  бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен  жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Инфляция экономикалық «аурудың» ерекше түрі. Ол бір мезгілде материалдық-қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі себептері ретінде көрінеді. Оны бүкіл шаруашылық механизмімен емдемей жеңуге болмайды, яғни, егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асуын қиындататын болса, экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы мүмкін. Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы сәйкессіздіктерді біртіндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкін емес.

Инфляцияға  саясаттың маңызды элементтерінің бірі қаржыны сауықтыру және халық  шаруашылығын тұрақтандыру, шығыны көп  және табыстылығы (рентабальділігі) төмен шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны өсіру арқылы емес, өндірістің тиімділігін арттыру негізінде жетуге болады. Сондай-ақ шетелдік несиелерді пайдалану да маңызды. Бірсыпыра шетел мамандарының пікірінше Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп және туризмді дамытуда инфляция салдарын баяулатады. Сондықтан, бұл салалардың дамуына айрықша көңіл бөлінуі керек. Сыртқы саудамен айналысатын кәсіпорындарды толық өзін-өзі валюталық ақтауға көшіру қажет. Бір сөзбен, инфляция халықтың әл-ауқатының деңгейіне теріс әсер ететін нәтижелерін азайту керек.

Батыс елдерінде  инфляцияны жиынтық сұранымның жыл  сайынғы өсу қарқынынан асып кетпеуімен түсіндіреді. Оны толық жұмыспен қамтумен байланыстырады, себебі ол ақшаның көп болуы экономикалық өсуді шектейді (басқаша айтқанда жалақы мөлшерінің көп болуы материалдық мүдделікті төмендетеді, ол өңдірістің даму қарқынын баяулатады). Американ ғалымы Мильтон Фридмен (1912 жылы туған), инфляцияны «өнімді шығаруға қарағанда ақшаның артықшылығымен шақырылатын ақша феномені» болып табылады деп көрсетеді.

Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен  бір мезгілде болады. Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның барынша айқын себебі – жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының инфляциясы. Бірсыпыра ғалым-экономистер стагфляцияның себебін нарықтың құрылымдық жетілмегендігімен, ең алдымен бәсекенің тиісті деңгейінің болмауымен түсіндіреді. Шындығында жоғары бәсеке жағдайында бір тауарлардың қымбаттауы басқа тауарлардың арзандауына әкеліп соқтырады. Жалпы бұл тұрақты макроэкономикалық баға деңгейін қамтамасыз етеді. Ал егер бәсеке жеткілікті дәрежеде болмаса, онда бағаның, оның  төмендеуіне деген «қаттылығын» көреміз, яғни бір тауарларға бағаның өсуі басқа тауарларға барабар бағаның төмендеуіне әкеліп  соқтырмайды. Нәтижесінде тауарларға және өндіріс факторларына қойылған бағалардың жалпы деңгейі ұдайы көтеріле бастайды.

Инфляциямен  күресу  және  инфляцияға  қарсы  арнайы  бағдарламаны  жетілдіру  экономиканы  тұрақтандырудың  қажетті  элементі  болып  табылады.

Осындай  бағдарламаның  негізіне  инфляцияны  анықтайтын  себептер  мен  факторларды  талдау,  оны  ойдағы  деңгейге  дейін  азайтуға  немесе  жоюға  себепкер  болатын  экономикалық  саясаттың  шараларының  жиынтығы  жату  керек.

Инфляцияға  қарсы  саясат  инфляцияны  қысқартуға  бағытталған,  экономиканы  мемлекеттік  реттеудің  шаралар  жиынтығы  болып  ұсынылады.  Осы  шараларды  ұзақ  мерзімді  сипатта  мақсаттар  мен  әдістерді  енгізетін  стратегиялық  және  қысқа  мерзімді  нәтижелер  алуға  бағытталған  тактикалық  деп  бөлуге  болады.

Инфляцияға  қарсы  стратегия  ақша – несие,  бюджеттік,  радикалды  ақша  реформаларын  өткізгенге  дейін  салықтық  шаралардың  кең  жиынтығын  көрсетеді.

Инфляцияға  қарсы  тактика   ағымдағы  инфляцияның  қысым  жасауын  азайтатын  қысқа  мерзімді  әрекет  шараларын  білдіреді.  Оның  әдістері   сұранысты  бірге  өсірмей ұсынысты  кенет көбейтуге мүмкіндік береді.  Мысалы,  бағалар мен жалақы  қатынастарына қатаң бақылау (бағалар мен жалақының өсуін уақытша тоқтату),  кәсіпкерлікті салықтық  ынталандыру,  өмірлік маңызы  бар салалар мен өндірістерді  мемлекеттік  шаруашылық  шығындарды  қолдау.

Инфляцияға  қарсы  саясатты  әзірлеудің  шарты  негізгі  қайта  өндіру  механизмінде  жатқан  инфляция  теориясының  дамуы  болып  табылады.  Ол  деген  – ұзақ  инфляция  факторын  тежейтін   шаралар  анықталып  және  инфляцияға  қарсы  ұзақ  мерзімді  стратегияның  әзірленуі  керек.

Бұл  жалпы  шараларға  төмендегілер  жатады:

-   Экономиканы   сауықтыру,  Қазақстан 2003 – 2015  жж.   индустриалды – инновациялық  даму  стратегиясын  (ИИДС)  қабылдаумен және  оны жүзеге  асырумен  экономиканың  шикізаттық  бағытынан  жоғары  технологиялы,  бәсеке  қабілетті  экономикаға  өтуге  тырысады;

-  Саналы  инвестициялық   саясатқа  көшу. Қазақстан    инвестициясының бір жақтылығынан  зардап  шегіп келеді,  барлық  шетел инвестицияларының 90%-ы шикізатқа,  кен өндіру  салаларына  салынады.  Осыған  байланысты    ИИДС-сы  республикамыздың  шетелдік  және  ішкі  инвестициялардың  маңызды бөлігін өңдеуші өнеркәсіпке бағыттауға  ниет  етіп  отыр;

-  Дәстүрлі  емес  тауарларды  (тұрғын  ұй,  жер,  бағалы  қағаздар  және  т.б.)  нарықтық  айналымға  белсенді  тарту.  Қазақстан  тұрғын  ұй  бағдарламасын,  ипотекалық  бағдарламаны,  жаңа  Жер  кодексін  әзірлеумен  тұрғын  үй  құрылысын,  ипотека  жүйесін  дамытуға  және  тұрғын  үй  мен  жерді  нарықтық  айналымға  белсенді  қосуға  көңіл  бөліп  отыр;

-  Қызмет  көрсету   нарығындамыту.  Республикада  бұл бағытта белсенді  жұмыс жүріп жатыр.  Инфрақұрылым,  қызмет  көрсету аясы  (оның  үлесі ЖІӨ-нің 50%-нан астамын  құрайды)  даму  үстінде;

-  Экономика  мен   қоғам  тұрақтылығының  кепілі  болып  табылатын  кіші  және  орта  бизнесті  дамыту.  Бұл бизнес  негізінен халық тұтынатын тауарлар  өндірісінде және  саудада,  қызмет  көрсету аясында болады.  Ол  мықты  бәсекені  қалыптастырады;

-  Саналы  қаржы  – несие  жүйесін  құру.  Бұл қатыста Қазақстанның  белгілі бір жетістігі бар.  Үнемі салық салуды,  сақтандыруды,  зейнетақымен  қамтамасыз  етуді жүзеге  асырып  отыратын,  қазіргі заман талабына  сай  оның  банк  жүйесі  бар.

Инфляцияға  қарсы  саясаттың   формалары  мен  әдістері  қайта  өндірудің  механизмдерімен  қоса  ақша – несие,  бюджеттік,  салықтық  шаралардың  кең  көлемін  көрсетеді.  Ұлттық  банк  инфляцияға  қарсы  шаралар  сияқты  ақша  айналымын реттеуде  ашық  нарықтағы операцияларды,  қайта қаржыландарудың   мөлшерлемелерін,  міндетті  резервтер нормаларын,  пруденциалды  нормативтердің  бекітілуін  өзіне қосатын ақша – несие саясатынқолданады.  Ұлттық  банк  ақша  массасының өзгерісіне  қатаң бақылау жасап отырады,  оның  тауар жиыны мен қызмет  көрсетудің  сәйкестігіне  тікелей және  жанама  әдістермен  әсер  етеді.

Ақша  айналымының  тұрақтылығы  экономиканың  тұрақты  дамуын  нақты  білдіреді.  Сондықтан  неоклассикалық  және  экономиканың  тұрақтылығы  үшін  ақша – несие  және  қаржылық  шараларды  қолдануға  бағыттайды.

Ақша айналысын тұрақтандырудың  басты элементі ғылып – қаржыны  сауықтыру мен халық шаруашылығы  экономикасын тұрақтандыру, залалды  және шамалы рентабельді шаруашылық субъектілерін қысқартуды белгілесек. Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізу мүмкін. Бұл жерде шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тез уақытта иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайыдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға – түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтан да, осы салалар басымдылықпен дамуы қажет. Сыртқы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек .

Ақша айналысын тұрақтандыру шараларын сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Ендеше, бұл жерде инфляция құны жоғары болмас үшін шығындарды қысқартып, салықтарды салу барысында өндірістің өсуі ескерілсе, яғни алдын-ала күрделі жоспар құрылып, нақты есеп жүргізілсе, жоғарыда аталған дағдарыс жағдайын бәсеңдетуге болар еді.

Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады.

Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер  ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие  арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде  икемді ықпал жасайды. Бұл саясаттты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталык банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

Информация о работе Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар