Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 20:38, курсовая работа

Описание работы

Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың ның ұсынысынан артық болуымен байланысты.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инфляцияның теориялық негіздері...................................................................5
1.1.Инфляция мәні мен пайда болу себептері....................................................5
1.2.Инфляцияның түрлері мен типтері...............................................................7
1.3.Инфляцияның айқындалу формалары..........................................................9
2. ҚР инфляциялық жағдайын талдау.................................................................12
2.1.ҚР инфляция даму ерекшеліктері...............................................................12
2.2.Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары....................................18
3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар......................................23
3.1. Инфляцияны бәсендету шаралары.............................................................23
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................30

Файлы: 1 файл

инфляяяция.doc

— 657.50 Кб (Скачать файл)

Жылдық  көрсеткіштегі  инфляция  қазан-желтоқсанда жоғарылау үрдісін көрсетіп, желтоқсанның аяғында 8,4%-ға (2005 жылғы желтоқсанда – 7,5%) жетті. Бұл ретте 2006 жылы  азық-түлік тауарлары 7,3%,  азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,1%, ақылы қызмет  көрсету 11,6%  қымбаттады (2-график).  Жылдық  көрсеткіште  жеміс-көкөніс өнімдерінің, бензиннің, қанттың, көлік қызметінің бағасы көбірек өсті. 

 

 

     3-график

 

 

2007  жылы  инфляциялық   үдерістер  əр  түрлі  бағыттағы   сипатта  болды. 1-жартыжылдықта  жылдық инфляция 2006 жылғы желтоқсандағы 8,4%-дан 2007 жылғы мамырда 7,6%-ға  дейін  төмендеді.  Алайда 2007  жылғы  екінші  жартыжылдықта инфляциялық  үдерістер  күшейе  түсті.  Тұтыну нарығындағы  бағаның  ең  жоғары  өсуі  қыркүйек –  желтоқсан  аралығындағы  кезеңде белгіленді.

Нəтижесінде 2007 жылы жылдық  инфляция  соңғы 7 жылдың  ішінде  өзінің  ең жоғары  мəніне  жетті (18,8%).  Бұл  ретте  орташа  жылдық  инфляция  Ақша-кредит саясатының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарында айқындалған болжалды дəлізден 8,2%-9,2% асып, 10,8% деңгейінде қалыптасты. 

2007 жылы инфляциялық  қысымның күшеюіне ықпалы бірнеше  жылға созылған түбегейлі   факторлар  ғана  себепші   болған  жоқ,  сонымен  қатар   күйзеліс  сипатындағы сыртқы  факторлардың да ықпалы күшті  болды. 

2007  жылдың  екінші  жартыжылдығында  Қазақстанда  экономикалық  өсу біршама  бəсеңдеді,  бұл  кен  өндіру  өнеркəсібі,  құрылыс  жəне  қаржы  қызметі  сияқты салалардағы өсу қарқынының бəсеңдеуінен туындады. Экономикалық  белсенділіктің  төмендеуі  қысқа  мерзімді  өтімділіктің жетіспеуі салдарынан банк секторындағы кредиттік қызметтің тұралауы аясында жүрді. 

2008  жылы  Қазақстанның  макроэкономикалық  дамуы   өткен  жылдары жинақталған   тəуекелдерді  іске  асыруды   көрсетті.  Бұл  ретте  тəуекелдер  қаржы секторында да, сондай-ақ нақты секторда да көрінді. 2008 жылы əлемдік экономиканың бəсеңдеуімен,  бағаның  əлемдік  тауар  нарықтарында 1-жартыжылдықта  айтарлықтай өсуімен жəне 2-жартыжылдықта барынша түсуімен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттерде валюталардың  құнсыздануымен  күрделілене  түсті.  Осыған  қарамастан  елдегі экономикалық өсу сақтала тұрса да оның қарқыны айтарлықтай төмендеді.

ЖІӨ-нің  нақты  өсуі  бағалау  бойынша 2,5%-ды  құрады.  Бұл  ретте  құлдырау өңдеу  өнеркəсібі (2008  жылы 2,6%)  ауыл  шаруашылығы (5,6%)  сияқты  салаларда көрінді.  Экономиканың  басқа салалары  бойынша өндіріс көлемінің өсу қарқынының баяулағаны  байқалды.  Мəселен, 2008  жылы  өндіріс тау-кен өнеркəсібінде 5,3%, құрылыста – 1,8%-ға  ұлғайды,  бөлшек  сауда айналымы 3,6%, жүк  айналымы – 5,5% өсті.

Экономиканың нақты  өсуінің бəсеңдеуі, банк секторының кредиттік қызметінің стагнациясы,  əлемдік  тауар  нарықтарында  қалыптасып  отырған  конъюнктураға  байланысты  қазақстандық  экспорттың  негізгі  тауарларына  бағаның  төмендеуі Қазақстандағы  іскерлік  белсенділіктің  төмендеуіне себепші болды.  Кəсіпорынның іскерлік белсенділігінің негізгі көрсеткіштерінің ішінде 2008 жылғы 2-жартыжылдықта белгілі болған  жұмыссыздықтың  өсуін,  халықтың  кірістерінің  азаюын,  Қазақстан кəсіпорындарының  өнеркəсіптік  өніміне бағаның өсу қарқынының  бəсеңдеуін  атап көрсетуге болады.

Қазақстан  экономикасында  осындай  үрдістердің  қалыптасуы  инфляцияның бəсеңдеуіне  себепші  болды. 2008 жылдың қорытындысы бойынша  жылдық инфляция деңгейі 9,5%-ды құрады.

2009  жылы  Қазақстанда   инфляция  қарқынының  тұрақты  төмендеуі  байқалды. 2009  жылдың  қорытындылары  бойынша  инфляция 6,2%  деңгейінде  қалыптасты. Инфляцияның бұл деңгейі 2008 жылғы инфляциямен салыстырғанда 1,5 есе төмен.

Жоғары  емес  іскерлік  белсенділік,  банктердің  кредиттік  белсенділігінің тоқырауы, халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсу қарқыны, шектеулі тұтынушылық сұраныс  экономикадағы  инфляция  аясының  төмендеуінің  негізгі  факторлары  болып табылады.

Осыған қарамастан 2009 жылы Қазақстандағы макроэкономикалық  жағдай 2007-2008  жылдардағы  жағдаймен салыстырғанда жоғары  тұрақтылығымен  сипатталады.

2009  жылы  Ұлттық  Банк  ресми  қайта  қаржыландыру  ставкасын 10,5%-дан тарихи ең  төмен деңгей – 7,0%-ға дейін  бірте-бірте төмендетті. 2009 жылғы  наурызда ішкі  міндеттемелер   бойынша 2%-дан 1,5%-ға  дейін   жəне  басқа  да  міндеттемелер  бойынша 3%-дан 2,5%-ға  дейін банктерге ең  аз  резервтік талаптар  төмендетілді. Борышты қайта құрылымдау үдерісіндегі банктердің ағымдағы өтімділігін қолдау үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде АЕК жеке нормативтері белгіленді.

Қабылданған шаралар  қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.  Банктер  тарапынан  Ұлттық  Банктің  ресурстарына  сұраныс  қысқарды,  ал өтімділікті  алу  бойынша  операциялардың  көлемі  ұлғайды.  Нəтижесінде  банктер Ұлттық Банктің құралдарында өтімділіктің елеулі көлемін жинақтады, ал осы уақытта экономиканы кредиттеудің өсуі болған жоқ.

Осы  жағдайда  Ұлттық  Банк  ақша-кредит  саясатының  құралдарына  кейбір өзгерістер енгізді. Банктерден тартылған депозиттер жəне Ұлттық Банктің шығарылған қысқа мерзімді ноталары бойынша мерзімдер ұлғайтылды жəне ставкалар төмендетілді.

2010 жылғы 4-тоқсанға  жəне тұтастай алғанда 2010 жылға  инфляция болжамын бағаласақ  2010  жылғы 4-тоқсанда  инфляцияның   нақты  қалыптасқан  деңгейі  2,4%.

Бағаның негізі өсімі 2010 жылғы 4-тоқсанда азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі  болды.  Олардың  құрылымында  жеміс-жидек,  сүт  өнімдерінің,  май  жəне  тоң майдың, жұмыртқа,  қанттың  қымбаттауын  атап  көрсетуге  болады. Өткен жылдардың динамикасын талдай  отырып,  жемістің  жəне  көкіністің,  сүт өнімдерінің жəне жұмыртқаның қымбаттауы  осы кезеңге тəн екендігін атап  өткен жөн,  өйткені бұл маусымдылық факторымен байланысты (4-рафик).

 

4-график

 

 

Тұтастай  алғанда, 2010  жылдың  қорытындылары  бойынша  Қазақстанда инфляциялық  үдерістердің  қалыптасуы  ақылы  қызмет  тарапынан  ықпалдың  тұрақты төмендеу  үрдісі  жəне  азық-түлікке  жатпайтын  тауарлар  тарапынан  күшеюі  аясында жүрді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тарапынан əсер 2010 жылы қалыпты болды.

 

       5-график

 

Жылдық  көрсетуде  инфляцияның  нақты  деңгейі 2010  жылдың  қорытындысы бойынша (7,8%) Ұлттық Банк белгілеген 6-8% мақсатты дəліз  шеңберінде қалыптасты (5-график ). 

 

2.2. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары

 

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды  асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын  тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана  бастайды.

Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:

1. бейімделу саясатын  жүргізу инфляцияға бейімделу,  бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды  индекстеу жөнінде шаралар қолданылады,  компаниялар мен фирмалар қысқа  мерзімде жобаларды өткізеді, жеке  тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және тағы сондай сияқты.

2. инфляцияны төмендету  немесе басу жөніндегі инфляцияға  қарсы шараларды кешенін жүргізу.

Инфляцияны жою жөніндегі  шаралардың кешені қоғамның іс- әрекет етуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десек те олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.

Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефяциялық саясат, кірістер саясаты.

Дефляциялық саясат –  мемлекеттің шығындарын азайту, кредит үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-кредит және  салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясаты –  бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін  белгілеу жолымен параллелді бақылау  жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.

Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі  әдістерін қамтиды:

1. Орталық банктің  нақты ақша эмиссиясын қысқарту  арқылы айналыстағы ақша массасының  ауқымын азайту.

2. Барлық кредит ресурстарын  қымбаттату және оларға қол  жететіндігін азайту мақсатында  орталықтандырылған кредиттер үшін  қайта қаржыландырудың есептік  мөлшерлемесін арттыру.

3. Кредит мультипликаторын  қысу және коммерциялық банктердің  кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.

4. Сондай мақсаттарда  Орталық банктің кредиттерін  тікелей қысқарту.

Сұраным инфляциясын  жоюға ақша және фискалдық саясаты  пайдаланудың біршама қатардағы  макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

Инфляцияға қарсы фискалдық  саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің  шығыстарын қысқарту және осының негізінде  мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.

Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс. Біріншіден, мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек. Екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында – өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет.

Инфляцияға қарсы салық  саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың инфляциялық  сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс-әрекетінің екінші аспектісі  өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасында да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілеріне қатысты материалдық  өндіріс сферасында да таратуды қажет  етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған  жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.

Жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары  жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша  қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.

Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а) тура әдістермен –  шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ә) секвестрлеу әдісімен – барлық шығыстарды әр түрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлгеріне сәйкес пропорционалды төмендетумен;

б) қолда бар кірістердің  деңгейін бақылаумен;

в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.

Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының  іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін  әр түрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

Мыналардың нәтижесінде  инфляцияның екінші типін – шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен  туатын инфляцияны жою проблемаларын  шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:

1) жалақыны көбейту;

2) ұйымдық сипаттағы  себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;

3) шикізат және энергетикалық  ресурстар иелерінің инфляциялық  тосулары, осыған қарай олар өндірістің  бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.

Инфляцияны төмендету  проблемаларының бірінші блогі  экономикалық тұрақтандырудың бүкіл  жүйесінің орталық буыны ретіндегі  өндірістің құлдырауын жоюда болып  отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды яғни, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

Информация о работе Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар