Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 20:30, курсовая работа
Елдің тұрақтылығын және экономикалық өсуін анықтайтын басты фактор жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады.
Қазақстанда жүзеге асырылатын экономикалық реформалар халық шаруашылығының негізгі звеносы – кәсіпорынның құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның шаруашылық айналым жүйесіндегі мәртебесін өзгертті.
Кіріспе
1Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы
1.1 Инвестициялардың мәні, типтері.
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың құрылымы
1.3 Шетел инвестицияларының тәжірибесі, мәні
2 Кәсіпорын қызметіндегі шетел инвестицияларын тарту процесіне талдау
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларының тиімділігін
талдау
2.3 Шетел капиталын тарту принциптері және критериялары
3 Инвестициялық қызметті қаржыландыру барысындағы тартымды қаржыларды тарту мәселелері және шешу жолдары
3.1 Тартымды қаражаттарды тарту мәселелері
3.2 Инвестициялық қызметтің Қазақстан Республикасындағы даму тенденциясы
Қорытынды
Мазмұны
Кіріспе |
|
1Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың құрылымы 1.3 Шетел инвестицияларының тәжірибесі, мәні |
5 5
7 9 |
2 Кәсіпорын қызметіндегі шетел инвестицияларын тарту процесіне талдау 2.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару 2.2 Қазақстан Республикасындағы
шетел инвестицияларының талдау 2.3
Шетел капиталын тарту |
13 13
14 16 |
3 Инвестициялық қызметті қаржыландыру барысындағы тартымды қаржыларды тарту мәселелері және шешу жолдары
|
19 19
21 |
Қорытынды |
23 |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі |
25 |
Кіріспе
Елдің тұрақтылығын және экономикалық өсуін анықтайтын басты фактор жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады.
Қазақстанда жүзеге асырылатын экономикалық реформалар халық шаруашылығының негізгі звеносы – кәсіпорынның құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның шаруашылық айналым жүйесіндегі мәртебесін өзгертті. Кезінде мемлекеттік меншікке негізделген экономиканың барлық салаларында әрекет еткен кәсіпорындардың орнына жеке, аралас, акционерлік меншікке негізделген миллиондаған кәсіпорындар пайда болып және осы күнге дейін әрекет етуде. Осының барлығы басқару механизмінің өзгеруіне және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін инвестициялық қызметті ұйымдастыру, кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігінің артуына және тұтас алғанда елдің экономикасына ықпалын тигізді.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарының дамуымен қатар кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің тәжірибесінде қаржылық инвестициялар кең тарады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі оның шаруашылық қызметінің ажырамас, маңызды бөлігі. Кәсіпорын экономикасында инвестициялар баға жетпес орын алады. Қазіргі заманғы өндіріске тұрақты өсіп отыратын капиталсыйымдылығы мен ұзақ мерзімді факторларының рөлінің үнемі артуы тән. Кәсіпорын табысты жұмыс істеу үшін, өнімнің сапасын арттыру үшін шығындарды төмендетіп, өз өнімінің бәсекеқебілеттілігін арттырып, нарықтағы өз беделін күшейту үшін өндіріске капитал жұмсауы қажет.
Инвестициялардың барлық типтері кәсіпорынның өміршеңдігін сақтау және оның дамуы үшін маңызды мәнге ие.
Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорныдардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Шетел инвестицияларды тартудың маңызды принципі олардың елде өткізілетін құрылымдық және инвестициялық саясатына сәйкес маңызды салаларға бағытталуын білдіреді.
Бірінші жағдайда инвестор өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады.
Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд (пайда) алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Ақша қаражаттарының жаңа өндірістер құруға жұмсалымын өзінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін қаржы қаражатты тарту мақсатында акциялар шығарған басқа кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асырады.
Сонымен қатар инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен гранқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар , басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктіктік бағалы заттар. Мысалы, инвестор әртүрлі фирмалармен шығарылған бағалы қағаздардың диверсификацияланған жиынтығы болып табылатын өзара қорының (взаимный фонд) акциясын сатып ала алады. Бұдан кейін инвестор бөлек алынған компанияның активтерінің талаптарына емес, бағалы қағаздар қоржынындағы үлесіне ие болады.
Инвестициялық қызметтің
Инвестициялық қызметінің
объектілері жеке, мемлекеттік, жергілікті
меншік формасындағы қайта
Кәсіпорындардағы
1 Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы
1.1 Инвестициялардың мәні, типтері.
Инвестициялар – бұл капиталды сақтау және арттыру мақсатында оның экономиканың әртүрлі салаларына ұзақмерзімді салымдары.
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экнономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы [10;44]
Жалпы түрде инвестициялар ақша қаражаттары, банктік салымдар, үлес (пай), акциялар және тағы басқа да бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар, лиценциялар, соның ішінде тауар белгілеріне берілетін лицензиялар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар, интеллектуалды құқықтар ретінде анықталады.
Қаржылық жағынан түсінігі бойынша инвестициялар – бұл табыс (пайда) алу мақсатында шаруашылық қызметке жұмсалатын активтердің (қаражаттардың) барлық түрлері.
Сөйтіп, инвестициялар – бұл шығындау (жұмсау) арқасында белгілі нәтижеге қол жеткізуге болатын ресурс.
Инвестициялар нақты және қаржылық инвестициялар болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, жаңа кәсіпорындар құру, әрекет етіп тұрған кәсіпорныдарды қайта қаруландыруға, қайта құруға жұмсалымы.
Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банктердің инвестициялық қоржында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвесторларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестициялардың басқа формасы жер учаскелерін, мүліктік құқықтарды (ақшалай эквивалентпен бағаланатын), өндіріс меншігінің құқықтарына лицензияларды, өндіріс құпияларын (ноу-хау), жаңа технологияларға куәліктер, өндірістік үлгілерді, тауарлық маркаларды, фирмалық атауларды, өндіріс технологиясы мен өнім сертификаттарын, жерді пайдалану құқығын сатып алу болып табылады.
Әрбір кәсіпорынның (фирманың) қызметінің бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни бір жылдан асатын кезеңінде фирманың табысқа жетуін қамтамасыз ететін жобаларды іске асырудағы ақша қаражаттарын жұмсаумен байланысты операциялар.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың келесі түрлері бар:
Табиғи активтерге өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар, өндіріс процесінде қолданылатын немесе жойылу қасиеті бар кез келген мүлік жатады.
Ақша активтеріне басқа да және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Бұл банктегі депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдіктер.
Материалдық емес активтерге
фирманың персоналын жеке
Инвестициялардың осындай
1 Тип: өндірісті кеңейтуге жұмсалатын инвестициялар
2 Тип: жаңа өндірісті құруға жұмсалатын инвестициялар
3 Тип: Мемлекеттік басқару
органдарының талаптарын
4 Тип: тиімділікті жоғарылатуға жұмсалатын инвестициялар
Инвестициялауға толық ғылыми-техникалық және өндірістік циклмен қатар оның элементтерін:ғылыми зерттеулері, жобалық – конструкторлық жұмыстар, өндірісті кеңейту және қайта құру, жаңа өндірісті ұйымдастыру немесе жаңа өнімді шығару, тағы сол сияқты жұмыстарды инвестициялауға болады.
Инвестициялардың объектілерін келесі белгілер бойынша ажыратады:
Өзінің
өндірістік-экономикалық
Инвестициялық
қызмет – инвестицияларды
Инвестициялық қызметтің субъектілері инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызметінің объектілерін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар (банктік, сақтандыру және делдалдық ұйымдар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процесінің басқа да қатысушылары болып саналады.
Инвесторлар – жеке, қарыз және тартылған қаражаттарды инвестициялар формасындағы салымдарды жүзеге асыратын және олардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ететін инвестициялық қызметтің субъектілері. Инвесторлар ретінде:
1.2 Қазақстан
Республикасындағы инвестицияла
Қазақстан республикасындағы әрекет ететін заңнамаға сәйкес инвестициялық қызметтің келесі негізгі қаржыландыру көздері бар:
Кәсіпорынның
меншікті қаржылық
Кәсіпорын
иеленушілерінің үлестерінің ақ
Кәсіпорындардағы
инвестицияларды