Инвестициялық қызметті қаржыландыру барысындағы тартымды қаржыларды тарту мәселелері және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 20:30, курсовая работа

Описание работы

Елдің тұрақтылығын және экономикалық өсуін анықтайтын басты фактор жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады.
Қазақстанда жүзеге асырылатын экономикалық реформалар халық шаруашылығының негізгі звеносы – кәсіпорынның құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның шаруашылық айналым жүйесіндегі мәртебесін өзгертті.

Содержание работы

Кіріспе
1Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы
1.1 Инвестициялардың мәні, типтері.
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың құрылымы
1.3 Шетел инвестицияларының тәжірибесі, мәні
2 Кәсіпорын қызметіндегі шетел инвестицияларын тарту процесіне талдау
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларының тиімділігін
талдау
2.3 Шетел капиталын тарту принциптері және критериялары
3 Инвестициялық қызметті қаржыландыру барысындағы тартымды қаржыларды тарту мәселелері және шешу жолдары
3.1 Тартымды қаражаттарды тарту мәселелері
3.2 Инвестициялық қызметтің Қазақстан Республикасындағы даму тенденциясы
Қорытынды

Файлы: 1 файл

инвестиция 12.doc

— 162.50 Кб (Скачать файл)

         Табиғи активтерге өндірістік  ғимараттар мен құрылымдар, қызмет  ету уақыты бір жылдан асатын  әртүрлі машиналар мен жабдықтар, өндіріс процесінде қолданылатын  немесе жойылу қасиеті бар  кез келген мүлік жатады.

           Ақша активтеріне басқа да  және заңды тұлғалардан ақша  қаражатын алуға болатын құқық  жатады. Бұл банктегі депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдіктер.

            Материалдық емес активтерге  фирманың персоналын жеке оқыту немесе біліктілігін жоғарылату мақсатында арнайы бағдарламалар өткізу, тауарлық белгілерді жетілдіру, тапқыштық  патенттер және лизензиялар алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу, өнімге және технологияға сертификат алу, сонымен қатар жерді пайдалану құқығын сатып алу нәтижесінде пайда болатын құндылықтар жатады.

Инвестициялардың барлық типтері кәсіпорынның өміршеңдігін сақтау және оның дамуы үшін маңызды мәнге ие.

Нақты активтерге инвестициялардың сыныптамасы (классификациясы). Нақты активтерге инвестицияларды дайындау және зерттеу –бұл инвестициялардың көмегімен кәсіпорын алдында тұрған қандай мақсатты шешумен байланысты инвсетициялардың түрлерін келесі топтарға жатқызуға болады:

  1. Тиімділікті жоғарылатуға жұмсалатын инвестициялар.  Олардың мақсаты ең алдымен кәсіпорын шығындарын төмендеуін құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндіріс қуаттарын неғұрлым қолайлы аймақтарға көшіру арқылы қамтамасыз ету.
  2. Өндірісті кеңейтуге жұмсалатыен инвестициялар. Мұндай инвестициялаудың мақсаты жұмыс істеп тұрған өндірістер шегінде бұрыннан қалыптасқан нарықтар үшін  тауарлар шығару мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.
  3. Жаңа өндірістерді құруға жұмсалатын инвестициялар. Мұндай инвестициялар бұрын өндірілмеген тауарларды (қызметтерді) өндіретін немесе кәсіпорнның бұрыннан өндіріліп жатқан тауарларды  жаңа нарықтарға шығуын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа кәсіпорындардың құрылуын қамтамасыз етеді.
  4. Мақсаты мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру болып табылатын инвестициялар.Инвестициялардың бұл түрі қажет болады сол уақытта, егер кәсіпорын алдында билік органдарының экологиялық стандарттар немесе өнімнің қауіпсіздігі және менеджментпен қамтамасыз етіле алмайтын қызметтің басқа да талаптарын қанағаттандыру қажеттілігі туған жағдайда.

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы  шетел инвестицияларының тиімділігін талдау

 

Біздің республикамызда сыртқы конъюнктураны қолайлығына байланысты экономикалық нақты секторына инвестициялануы қажет ішкі жинақтаулардың көлемі жылдан жылғы өсуде. Олардың көлемдерін арттыруда ішкі жинақтаулардың бағдарламасын жетілдіру қажет. Бұл бағдарлама, біздің ойымызша келесі шараларды қамту керек:

  1. кәсіпорынның барлық түрлері, тұрғындардың жинақтауларын ынталандыру;
  2. инвесторларға салықтық жеңілдіктер ұсыну;
  3. ұлттық капиталдың шетелге ағымын алдын алу.

Бірақ та отандық индустриалды базаның түпкілікті қайта құрылуы ішкі жинақтаулармен қатар шетел инвестицияларының үлкен көлемін тарту негізінді мүмкін. Республикада ТШИ деңгейі өсуде. 2003жылы олардың жылдық ағыны 4595,7 млн. $ құрады, оның ішінде  46% - мұнай мен газды  өндіруге жұмсалса, өңдеуші өнеркәсіпке  21,6% ғана  жұмсалды.  Бұл жағдай берілген инвестицияларды  тиімді пайдалану проблемасын туғызды. Қазақстан минералды және көмірсутекті ресурстарға бай қорларына ие, бірақ шын мәнінде өңдеуші кәсіпорындарының жоқтығынан бұл өнім ешқандай өңдеусіз экспортқа жіберіледі. Шикізат ресурстарын экспорты есебінен  экономикадағы жоғаоғы көрсеткіштерге жетіп, бүгінгі  күнге  еліміз өндірістік- техникалық базасы дамымаған экономикаға ие болып отыр. Сондықтан да шетел инвестицияларын тарту үшін мемлекет олардың жұмсалуына қолайлы  жағдай жасаса, институционалды және құқықтық негізінің мөлдірлігін ескеру қажет. Шетел инвестицияларын тартудың тиімділігінің мәні:

  • экспортқабағытталатын өндірістердің көлемін ұлғайту;
  • капиталды ең алдымен стратегиялық мақсаттарға тәуелді салаларға тарту;
  • импортауыстырғыш өндірісті құру (ұлттық тұтыну, бірінші қажеттілікті тауарлар өндіру);
  • ғылыми сыйымды өндірістерді ұйымдастыру және олардың көмегімен жеке ғылыми потенциалды меңгеру;
  • ең басты өндірістік күш – адамға қызмет сфераларын құру,
  • өндірістік инфрақұрылымның (тарнспорт, байланыс, ақпатар, жол құрылысы) дамуы;
  • шетел капиталын жұмысшы күші аз аймақтарға ықпал ету.

Инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмі салық, бюджет және қаржы-несиелік реттеу құралдар жиынтығынан құралуы қажет, экономиканы инвестициялауына қажетті қаржы қаражаттарының ұлғаюына ықпал етуі керек.

        Нарықтық  қатынастарының қалыптасу жағдайында  бұл механизм меншіктің әртүрлі  шаруашылық субъектілері және  иерархиялық деңгейінің мүдделерін келістіру қажет және келесі блоктардан тұрады:

- Орталықтандырылған капитал  салымдарын ұтымды үлестіру және  тиімді пайдалануына ықпал ететін  экономикалық және ұйымдық шаралар;

- Аймақтық деңгейде инвестициялық  қызметінің қаржылық базасын  бекітудің экономикалық механизмі;

- Кәсіпорындар мен ұйымдардың  меншікті жинақтарының ұлғаюына  ықпал ететін  экономикалық әдістер;

- Жеке кәсіпкерлердің  инвестициялық белсенділігін ынталандыратын экономикалық механизм;

- Инвестициялардың экнонмиканың  мақсаттарына тұрғындардың жинақтарының  әрекет ету құралдары;

- Тікелей және қарыздық  шетел инвестицияларын тарту  бойынша шаралар;

- Бағалы қағаздар нарығы  және капитал салымдарын қаржыландырудың  басқа нарықтық қайнар көздерінің дамуына ықпал ету.

      Басқарудың  және ұйымдық құрылымның жалпы  принциптерінен басқа басқару  жүйесі басқарудың мақсаттары  мен тапсырмалары, атқарушы және  ұйымдық механизмдер, заңды түрде  бекітіліген ережелер және орындалу  шарттарынан құралады.

   Кәсіпорындардың  инвестициялық қызметін басқару  механизмінің сипаттамасының  маңызды  элементі нарықтық экономиканы  мемлекеттік реттеу және өзін-өзі  реттеу мүмкіндігінің  қатынасы  болып табылады. 

   Бюджеттік саясат экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмі, өйткені экономикалық тетіктерді пайдалану бюджетпен байланысты. Орталықтандырылған капитал салымдарын бөлудің негізгі критериі құрылымдық  саясаттың артықшылықтарымен инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеудің бірлігі болуы керек. Орталықтандырылған инвестицияларды бұл критерийді ескермей бөлу аяқталмаған өндіріске әкелуі мүмкін.

  Салық саясаты. Тауарлы –ақшалай қатынастар жағдайында салық саясатының механизмдері мемлекеттің бөлуші және ынталандырушы стратегиясын асыра отырып бюджет саясатының маңызды элементі болып табылады. Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру үшін түрлі шаралар кешені: жеңілдіктерді ұсыну бойынша; салықтар және кедендік тарифтер бойынша құқықтық базаны қалыптастыру; басқарушылық шешімдерді қабылдау; нырқ инфрақұрылымының және валюта нарығының дамуы, банк жүйеісінің тұрақтануы және тағы басқалар қажет.Бірақ елдің тікелей инвестициялардың тартымдылығын сипаттайтын белгі – салық салу аумағындағы жеңілдіктердің  бар болуы саналады. Осының салдары болып Қазақстан Республикасының  Президентінің  «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Жарлығы болып табылады.

Қаржы-несие саясаты: мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыруда  басты позицияға ие болатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржылық орағытпа (маневрирование) әдістерінен құралады. Есептесулер мен ақша қаражаттарының жинақтаушы функциясын атқара отырып, банктер нарықтық экономикада  басты реттеуші құралы болып табылатын несие саясатының тактикасы мен стратегиясынанықтайтын институттар болып табылады.

Кеден саясаты.  Импорт-экспортты  лицензиялау жүйесі мемлекеттің өндірушілерге ықпал етудің тетіктерінің бірі болып саналады, бірақ кеден саясатын жүргізуде басты бөгет дамудың мақсаттары мен міндеттерін анықтаудың нақты еместігі.

Бағалық саясат. Экономикалық процестерге бағалық саясат көмегімен әрекет ету мүмкіндігі жеткілікті түрде үлкен, өйткені мемлекеттік реттеу аумағында энерготасымалдағыштарға бағалар, транспорт тарифтері, сонымен қатар қажетті өнімге бағалар болып  табылады. Бағалар аумағындағы саясат салықтық механизммен тығыз байланысты.

Ақша-эмиссиялық саясаты. Берілген аумақтағы саясат бюджет саясатының құрушы бөлігі және макрореттеудің  қаржылық әдісі болып табылады. Макрореттеудің қаржылық әдістеріне жиі валюта саясатын да жатқызады.

Сыртқы-экономикалық саясат. Ішкі нарықты ынталандыратын бағытының бірі сыртқы саясат болуы мүмкін. Ол келесі міндеттерді шешеді: сыртқы сауданы реттеу, сыртқы қарыздағы қызмет және сыртқы қаржыландыруды тарту, шетел инвестицияларын тарту.

 

2.3         Шетел капиталын тарту принциптері  және критериялары

 

Өтпелі кезеңдегі қазақстанның алдында тұрған мақсаттарының бірі республиканың әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялануы болып табылады. Тұрақты саяси жағдай, табиғи ресурстарына бай қорлар шетел капиталын тарту сыртқы экономикалық қатынастардың дамуының белсенді ынталары болып табылады. Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекетің белсенді роліне және айтарлықтай шетел инвестициялары тартуға негізделеді [ 2 ; 50]. Шетел капиталы бәсекеге қабілетті өнімді өндіру, экспорттық базаны дамыту, кәсіпкерліктің дамуына қазіргі заманға сай инфрақұрылымын құру мақсатында экономикадағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Сондықтан Қазақстандағы  шетел капиталын тартудың негізгі мақсаттары болып:

  • ішкі ресурстардың шектелілігі себебінен  экономиканың динамикалық дамуы үшін оны қажетті инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету;
  • жаңа технологияны тарту, өндірісті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті формаларын енгізу, «ноу-хау»;
  • Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын күшейту, элемдік шаруашылық жүйесіне оның экономикалық интеграциялық процесін белсендіру;
  • Қазақстан экономикасына экологиялық әріптестік бойынша шетел инвесторларымен әріптес сенімін қамтмасыз ету.

Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттарын іске асыру процесінде келесі маңызды әлеуметтік және экологиялық мәселелер шешіледі:

  • Экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына әсер ету;
  • өндірістегі бәсекелік ортаның дамуы;
  • экспорт потенциалының тиімділігінің дамуы және жоғарылауы, оның шикізаттық бағытын игеру, экспорттық экспансияның күшеюі және оның сыртқы нарықтардағы позицияның тұрақтануы;
  • өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарылату және жаңа техника мен технологияның, басқару және өткізу әдістерінің  негізінде бәсекеге қабілетті өнімнің үлесін арттыру;
  • өнімнің өндірістік және өндірістік емес тұтынуға  жоғары дәрежедегі дайындығы бар  толық және аяқталмаған циклдардың қалыптасуы;
  • депрессиялық, алшақтанған және экологиялық әсері байқалатын аудандардың дамуына ықпал ету;
  • жаңа жұмыс орындарын құру.

   Шетел капиталын  тарту саясатын жүзеге асыруда  келесі принциптерді қолдану қажет:

Шетел инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалардың  алынатын несие мен қарыздардың экономикалық бірмақсаттылық принципі. Олардың бірмақсаттылығы төмендегі жағдайларға байланысты:

- инвестициялық тапшылық, ішкі резервтер мен мүмкіндіктерінің  шектеулігі жағдайында әлеуметтік –экономикалық проблемаларды шешудің қажеттілігі;

- уақытында несиені жабу, инвестицицяларды төлеу мүмкіндіктері;

- шетел инвесторлар және  несиелік ұсыныстардың қатысуымен  инвестициялық жобалардың шарттарының  тартымдылығы;

- ұсыныстардың экономикадағы  жағдайдың өзгеруіне, прогрессивтілігіне, нәтижелердің әлемдік деңгейге, халықаралық стандарттарға сәйкес  келуіне ықпалы;

       Әлеуметтік  –экономикалық тиімділік кез  келген формадағы шетел инвестицияларын  тартудың міндетті шарты. Бұл принцип шетел компанияларының қатысуымен инвестициялық жобалардың табыстылығы және рентабельділігі, қарыз бен несиелерді ұсыну шарттарының пайдалылығын тұжырымдайды.

Экономикалық және экологиялық қауіпсіздік принципі ұлттық мемлекеттік мүдделерді  қамтамасыз етілуі жобаларды және ұсыныстарды іске асыруда:

  • республиканың табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалануға;
  • қоршаған ортаны қорғауға;
  • капиталды елдің шекарасынан заңсыз шығаруға;
  • артта қалған, ескірген технологиялар мен техниканы қолдануға;
  • өндірістің шикізат бағыттылығын сақтау есебінен экономиканың деформацияланған құрылымын бекітуге;
  • антибәскелестік ортадан отандық тауарөндірушілерді шығаруға;
  • ТМД елдерімен серіктестігін бұзу, келісімшарттарға залал келтіру, үшінші елге қарсы бағыттылыққа;
  • Жемқорлықтың күшеюіне;
  • әлемдік нарықтағы бәсекеқабілеттіліктің төмендеуге жол беретін мүмкіндіктерді алып тасатуы қажет.

Информация о работе Инвестициялық қызметті қаржыландыру барысындағы тартымды қаржыларды тарту мәселелері және шешу жолдары