Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 17:24, курсовая работа
Қазақстан орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық қаржыландырудың басты жолы – кәсіпкерлік қызметті дамыту болып табылады. Әрине, біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Сол себептен, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту шараларын жүзеге асыру өте маңызды болып келеді.
Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------
I. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын табысының
қалыптасу қызметінің маңызы.
1.1. Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні----------------------
1.2. Кәсіпорын табысының түрлері және
оны есептеудің әдістері------------------------------------------------------------
II. Кәсіпорын табыстылығын талдау.
2.1. Өнімді өткізуден түскен пайданы талдау------------------------------
2.2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуін және пайдалануын
бақылау --------------------------------------------------------------------------------
2.3. Кәсіпорын қызметі пайдалылығын талдау-------------------------------
III. Кәсіпорын табысын молайту жолдары----------------------------------
Қорытынды -----------------------------------------------------------------------------
Қолданылған әдебиеттер ------------------------------------------------------------
Кіріспе ------------------------------
I. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын табысының
қалыптасу қызметінің маңызы.
1.1. Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні----------------------
1.2. Кәсіпорын табысының түрлері және
оны есептеудің әдістері----------------------
II. Кәсіпорын табыстылығын талдау.
2.1. Өнімді өткізуден түскен
пайданы талдау------------------------
2.2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуін және пайдалануын
бақылау ------------------------------
2.3. Кәсіпорын қызметі
III. Кәсіпорын табысын молайту
жолдары-----------------------
Қорытынды ------------------------------
Қолданылған әдебиеттер ------------------------------
Кіріспе
Қазақстан орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық қаржыландырудың басты жолы – кәсіпкерлік қызметті дамыту болып табылады. Әрине, біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Сол себептен, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту шараларын жүзеге асыру өте маңызды болып келеді.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді.Экономканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік – экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның табысты болуының маңызы орасан зор. Кәсіпорын пайдасы бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден – бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Ұлттық тарихымызда
тамырын тереңге жайған нарықтық
қатынаста кәсіпкерлік
I.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын табысының қалыптасу қызметінің маңызы.
1.1.Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні.
Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорынның табысы олардың акивтерінің артуы немесе капиал меншігінің көбеюіне әкелетін мідеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда ( жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп, тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты- бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
ОТ= ЖТ / К
- Шекті табыс (ШТ)- бұл өнім өлшемін
сатуды көбейту арқасында
ШТ= ЖТ/К
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігіне құндық бағдарлар қызмет етеді.
Таза пайда
экономикалық санатының
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз- тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда –бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші.Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек –қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да , сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігіарып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырады деген сөз.
Пайда жоспары бағалар мен келісім- шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей әдісімен анықтау- өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.
Пайда, белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады.Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарынының негізгі элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден – бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Кесте №1 Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өкізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынық деңгейі – кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кеткен шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс пен ұсыныстың өзара іс – қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
Пайда :
Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі:
1.3. Кәсіпорын табысының түрлері.
Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының объективті алғышарты болып табылады. Бұ қызметтің нәтижелері дайын өнім (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында көрінеді.
Өндірістік капиталды пайдаланудың нәтижесі арнайы қаржылық көрсеткіштермен сипатталады және кәсіпорынның қаржы менеджментінің нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс мөлшерінде , кәсіпорыннң шығынында айқындалады.
Бөліністің классикалық сызбасында түсім – ақша – бұл өнім өткізуден, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтен шаруашылық жүргізуші субъектінің шотына түскен ақша. Ол өнім (жұмыс, қызмет) өндіруге жұмсалынған қаражаттарды өтеудің (орнын толтырудың), орталықтандырылған және орталығтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады және өзіндік құнды , табысты, акциздерді, қосылған құнға салынған салықты қамтиды. Оның дер кезінде түсіп тұруы қаражаттардың ауыспалы айналымының толассыздығын, өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ал табыстың уақтылы түспеуі, өндірістегі бос тұрып қалушылыққа, табыстың төмендеуіне, шарттық міндеттемелердің бұзылуына , қаржы санкцияларына ұрындырады.
Түсім – ақшаны одан әрі болу негізгі капиталдр мен материалдық емес активтерді ұдайы өндірістің көзі ретіндегі амортизациялық аударымдарды қалыптастырумен байланысты. Табыстың қалған бөлігі жалпы табыс немесе жасалынған құн болып саналады, ол жалақыны төлеуге және шаруашылық жүргізуші субъектінің таза табысын қалыптастыруға бағытталады. Таза табыстың бір бөлігі өнімнің өзіндік құнында салықтар мен алымдар, әлеуметтік қажеттерге аударылаын аударымдар және басқалары түрінде есепке алынады. Қалған бөлігі кәсіпорынның табысы болып табылады. Оған негізгі капитал мен кәсіпорынның басқа мүлкін өткізуден түскен табыстар, сондай – ақ өткізу операцияларынан тыс кірістер қосылады.
Түсім –ақшаның ауқымы кәсіпорынның, фирманың өнім өндіру мен оны өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне байланысты болады.
Кәсіпорын табысының түрлері::