Кәсіпорын табысын молайту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 17:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық қаржыландырудың басты жолы – кәсіпкерлік қызметті дамыту болып табылады. Әрине, біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Сол себептен, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту шараларын жүзеге асыру өте маңызды болып келеді.

Содержание работы

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------

I. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын табысының
қалыптасу қызметінің маңызы.

1.1. Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні----------------------
1.2. Кәсіпорын табысының түрлері және
оны есептеудің әдістері------------------------------------------------------------

II. Кәсіпорын табыстылығын талдау.

2.1. Өнімді өткізуден түскен пайданы талдау------------------------------
2.2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуін және пайдалануын
бақылау --------------------------------------------------------------------------------
2.3. Кәсіпорын қызметі пайдалылығын талдау-------------------------------

III. Кәсіпорын табысын молайту жолдары----------------------------------

Қорытынды -----------------------------------------------------------------------------
Қолданылған әдебиеттер ------------------------------------------------------------

Файлы: 1 файл

курсовая 4.DOC

— 219.00 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорынның рентабельділік мөлшері мына төмендегі формула бойынша есептелінеді:

                                                                   

мұнда :

Ц — өнім бірлігінің бағасы;

С — өнімнің өзіндік құны;

П — өнім көлемі;

Қо — негізгі өндірістік қордың құны;

Қақ —  айналым қаржысының көлемі.

 

Рентабельдиік көрсеткіштері:

1. Өнім рентабельділігі - өткізілген барлық өнімдермен және олардың жекелеген түрлерімен есептелінеді.

• Бірінші жағдайда, бұл өнімдерді шығарудан және оларды сату шығындарынан кейінгі пайда қатынасы. Барлық сатылған өнім рентабельділігі: өнімдерді сатудан түскен түсімдеріне қарай, тауар өнімдерінен түскен пайда қатынасы ретінде; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, баланстық пайда қатынастары бойынша; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, таза пайда қатынастары бойынша есептелінеді. Барлық өткізілген өнім рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өткізілген өнімдердің табыстылығы.

• Екінші жағдайда, рентабельділік өнімнің жекелеген түрлері бойынша анықталады. Бұл мәлімет бойынша, өнім түрлерінің өзіндік құны тұтынушыларға өткізілетін өнімдердің бағасына байланысты болады.

2. Өндірістік қор рентабельділігі негізгі өндірістік қордың (баланстық пайданың) және материалдық айналым қаржысының орташа жылдық құнына қарай қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл көрсеткішпен таза пайданы есептеуге болады.

3. Кәсіпорындагы салымдар рентабельділігі — оның өнімділігіне қатысты мүлік қүны бойынша есептелінеді. Есеп айырысуда баланс және таза пайда көрсеткіштерін қолданады. Мүліктің құны бухгалтерлік баланс бойынша анықталады.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтық  абсолюттік көрсеткіші – бұл пайдалар немесе табыстың көрсеткіші.

Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі не болмаса  пассивтердің азаюы түріндегі акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолюттік көрсеткіштерінен тұрады. Олар : өнімді, қызметті өткізуден алынаын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің  нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.

Нарық жағдайында табыстық рөлі айтарлықтай артты. Нарықтық  экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы  күшіне айналды.

Сонымен табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементтері ретінде көрсетіледі. Осыдан табысты құру және бөлу  мәселелрінің маңыздылығы көрінеді. Оның шешімді шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және иелігіндегі қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Табыстылық өз қызметтерін тиімді орындай алу үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

    1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде өнім бағасы  еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай – ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуімен өзіндік құнның төмендеуін ескеру қажет.
    2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау  жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
    3. Табысты бөлу  механизмі белсенді рөл атқарады және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда  ынталандырушы  фактор болуы тиіс.
    4. Табысты тиімді пайдалану тек қаржы тұтқаларының жүйесінде (аморизациялық аударымдар, акциздер, жор төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, салымдар, арнайы қорлар, пай төлемдері, инвестициялар, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы) ғана мүмкін.

Табыстылықтың  абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін емес, экономикалық   тиімділігінің көрсеткішіне жатады. Кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

Табыстылықтың  көрсеткіштерін талдау міндетеріне мыналар жатады:

      1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
      2. Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
      3. Табысқа әсер ететін  факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
      4. Табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
      5. Табыстың өсу резервтерін анықтау;
      6. Табыстылықың әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Кәсіпорын  табысының  экономикалық тиімділігін молайту  мәселесі.

 Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша  артыру және өзіндік құнын арзандату. Басқа да біркелкі  жағдайларда  өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары  болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе  шығартаын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілеін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.

Таза пайда экономикалық санатының маңызды және  кез- келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.

Әрбір кәсіпорынның  жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Былайша айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі  экономкалық көрсеткіші. Кез – келген кәсіпорынның негізгі мақсаты – табыс табу болып табылады.

Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Нарықтық экономикаға  көшумен табыс (пайда) кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана  өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені?, қалай?, кім үшін? өндіру кажет деген. Табыспен әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі  шығындарын меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді.Уақытша қаржы тапшылығ кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы  шығындары болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудалармен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдарымен, банктің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.

Сонымен табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорынның қызмет етуі – оның табысының  көлемімен анықталады.

Кез – келген кәсіпорын табыс көлемін молайту үшін, өзекті мәселелерін   талдап, оны шешу жолдарын қарастыру қажет. Яғни кәсіпорынның   табыстылық деңгейін жоғарлату үшін бизнес – жоспар құру маңызды болып саналады.

Бизнес –жоспардың бірінші бөлімі – бұл өнімді (қызметі) бейнелеуден тұрады, яғни кәсіпкер қандай өнім өндіреді  немесе ұсынады.

Бөлімде мына сұрақтарға жауап берілуі тиіс:

    • Сіздің өніміңіз (қызмет) қандай тұтынуды қанағаттандырады?
    • Сіздің өніміңізден (қызмет) қандай пайдалы тиімділік алуға болады
    • сіздің өніміңіз бәсекелестің тауарынан қандай айырмашылығы бар?

 

Пайдалы тиімділік бұл не үшін қолданылатынын анықтайды.

2. Сату нарығын сараптау, ол үшін  тауар және қызмет нарығын зерттеу керек. Бизнестегі тұтынушының әлеуетін, олардың талғамын, сұранымын, ақшалай мүкіншіліктерін және кемшіліктерін алдау қажет.

Сараптау жұмыстарында мына жағдайларға  баса назар аударылуы қажет:

    • сатып алушылар сіздің тауарыңызды қандай көлемде пайдаланады, үнемі ме, әлде сирек пе, қызмет бабында  олар сізбен қандай қарым – қатынаста?
    • өнімнің барлық партиясын сату үшін немесе қызметтің бір түрін көрсетуде сіз қанша уақыт жұмсадыңыз?
    • Сатып алушылар сіздің тауарыңыздың баға деңгейіне қалай қарайды, қалай бағалайды?

3.Бизнес – жоспардың үшінші  бөлімі – бәсекелестердің мүмкіндіктерін  анықтауға арналады.

        4. Төртінші  бөлім – бұл маркетинг жоспары. Маркетингтің басы формуласы «Не өндірілетінді емес,  сатылатын нені өндіру керек»

        5. Өндіріс жоспары – барлық өндірістік процестің бейнесі.

Негізгі   міндеті – кәсіпорынның жағдайына қарай, қажет кезінде қажетті тауарды нақты өндіру, оның жоғары сапалылығын  қамтамасыз ету.

6. Ұйымдық жоспары. Мұнда әркімнің  өз ісін кіммен бірге ұйымдасыратыны айқын көрсетіледі және оның үздіксіз, табысты атқарымдылығын ретке келтіру жолдары нақтылы қарастырылып, жоспарланады.

7. Қаржылық жоспар, бұған кіретіндер:

    • Қаражат көздерін анықтау;
    • Ұйымның қызметіне қажетті сату көлемін болжау;
    • Ақшалай шығындар мен түсімдердің балансы;
    • Табыс және шығындардың кестесі;
    • Кәсіпорынның актив және пассив балансының жынтығы;
    • Шығынды аз жұмсауға қол жеткізу жолдары.

 

Міне, осындай құжатты  жолдарды пайдалану өте тиімді, өйткені бұл кәсіпорынның табыс табу жолдарын ойластыруға  мүмкіндік туғызады.

Кәсіпорын  қызметінің табыстары:

  • сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды;
  • ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудегі қабілеттеріне байланысты факторларға тікелей байланысы.

Сыртқы (әлеуметтік) және  ішкі (технологиялық) фактор-лардың өзгерулеріне қарай бейімделу, оларды шеберлікпен ұщтастыра жүргізіп отыру кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің, өркендеп өсуінің бірден – бір кепілі.

 Кәсіпорын қызметіне әсер  ететін сыртқы факторларға мыналар  жатады:

    • халық қажеттілігінің өлшемі мен құрылымы;
    • халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі;
    • саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыттар;
    • ғылым мен техниканың тауар өндірісі процесі  мен оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;
    • мәдениет деңгейі, яғни тұтыну формасы мен дағдылары;
    • халықаралық бәсеке, мәселен, шетел фирмалары  бір кездерде арзан еңбектің есебімен жеңіске жетсе, ал басқалары – жетілген технология негізінде.

 Кесте№3 Кәсіпорынның табыстылығына  әсер ететін негізгі факторлар.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Қорытынды

 

Қорыта айтқанда, кәсіпкерлік қызметтің табысты болуы –экономиканы өркендетудің, сайып келгенде  өзіміздің жағдайымызды жақсартудың кепілі.

Кәсіпкерлік қызметті кеңінен  дамыту айтуға оңай болғанымен, жеңіл шаруа емес. Нарықтық қатынастар тамырын тереңге жайған сайын оның маңызы арта түсетіні де анық.

Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асуына мүмкіндік бермей отырған, оны қорғамай, қолдамай, жемқорлық танытып отырған билік пен басқару  органдарының қызметкерлері, сондай –ақ оның басшылары заңмен қудаланады.

Кәсіпорынның дамуын анықтайтын және оның қызметінің нәтижелі болуы ішкі факторларға байланысты. Ішкі факторлардың маңызы жөнінде мынаны айтуға болады. Мәселен, американдық кәсіпорындардың 90% – ға дейінгісінің  жұмыстарындағы сәтсіздік, міне, осы: тәжірибесіз менеджерлерге; істі жете білмейтін басшылыққа; олардың кәсіпорын жұмысын өзгеріп отыруына сәйкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенін, елде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткен.

Егер белгілі бір кезеңде қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорынның тиімділігін артырады деген сөз.

Жалпы қорыта келгенде, мемлекет кәсіпорынның  табыстылығын жоғарлату үшін, инновациялық және құқықтық негізде қолдау көрсетіп,еркін бәсекені дамыту қажет.

Мемлекеттің тағы бір кәсіпкерлікті қолдау  мен қорғау бағыты ол әр түрлі  қызмет бойынша жеңілдіктерді ұсыну. Мейл, ол құжат жинау мен алудағы жеңілдіктер, салық салу ауыртпалығын азайту, жаңа құрылғалы отырған кәсіпорынға қойылатын талаптарды кеміту.

Информация о работе Кәсіпорын табысын молайту жолдары