Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 17:24, курсовая работа
Қазақстан орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық қаржыландырудың басты жолы – кәсіпкерлік қызметті дамыту болып табылады. Әрине, біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Сол себептен, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту шараларын жүзеге асыру өте маңызды болып келеді.
Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------
I. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын табысының
қалыптасу қызметінің маңызы.
1.1. Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні----------------------
1.2. Кәсіпорын табысының түрлері және
оны есептеудің әдістері------------------------------------------------------------
II. Кәсіпорын табыстылығын талдау.
2.1. Өнімді өткізуден түскен пайданы талдау------------------------------
2.2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуін және пайдалануын
бақылау --------------------------------------------------------------------------------
2.3. Кәсіпорын қызметі пайдалылығын талдау-------------------------------
III. Кәсіпорын табысын молайту жолдары----------------------------------
Қорытынды -----------------------------------------------------------------------------
Қолданылған әдебиеттер ------------------------------------------------------------
Мұндағы:
Птп — жоспарлы уақытта шығарылған тауар бойынша пайдасы;
Цтп - жоспарлы уақытта өткізілетін бағамен шығарылған тауардың құны (қосылған құн салығы, акциз, сауда және өткізу шығындарын қоспағанда);
Стп — жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың толық өзіндік құны (өнімді өндіру және өткізуде, шығын сметасы есептелінген);
2. Өнімді өткізуден келтірілген пайданы былай да есептеп шығаруға болады:
Мұндағы:
Прп — сол уақытта өткізуге байланысты өнімдер бойынша жоспарланған пайда;
Врп — сатылатын бағамен өнімді өткізуден түсетін жоспарлы түсім;
Срп — сол уақытта өткізілетін өнімнің толық өзіндік құны;
Мұндағы:
Прп — жоспарлы уақытта өнімді өткізуден түскен пайда;
По1 - жоспарлы уақыттың бастапқы кезеңінде өтпей қалған, өнімнің қалдығындағы пайда;
Птп — сол кезеңдегі жоспарлы шығарылған өнімдердің тауарлы бөлігінен түскен пайда;
По1 - дайын өнімдердің жоспарланған кезеңде өткізуге болмайтын қалдығы бойынша алынған пайда.
Кесте№2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру жүйесі
2.2.Кәсіпорын пайдасының бөлінуін және пайдалануын бақылау.
Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорыннның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджеке түсетін бөлігі.Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану , кәсіпорынның құзіретіне жатады.
Пайданы үлестірудің принциптері:
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі – кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қаысады.Екіншісі- тұтынуға пайдаланылатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жыдардағы мүмкін болатын залаладарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағыталады.
Бөлінбеген пайда кен мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
Табысты бөлу қолданып жүрген салықтар мен басқа міндетті төлемдерге сәйкес заңмен белгіленген үлеспен бірінші кезекте оның бір бөлігін мемлекеттік бюджетке немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға аударуға саяды.
Пайданы бөлу тәртібі салық салудың заңмен белгіленген сызбаларына байланысты.
Әуелде әртүрлі негіздемелер бойынша баланстық (жалпы) пайданы көбейтуге немесе азайтуға түзету жасалынады:
Әр түрлі нұсқаларда баланстық пайдадан басым мақсаттарға (өндірісті ғылыми –техникалық жетілдіру, күрделі жұмсалымдар, әлеуметтік және табиғат қорғау шаралары, сауықтыру және қайырымдылық қорлары, мәдени және табиғи мұралардың объектілерін қалпына келтіру) пайда есебінен болатын шығындар толық көлемде немесе бекітілген нормативтер шегінде шығарылады.
Жүргізілген түзеуден кейін салық салынатын пайда алынады, оған кәсіпорындар қызметінің әр түрлі жақтарын ынталандыру үшін жеңілдікер белгіленуі мүмкін.
Табыстың бөлу тәртібі де салық салудың қолданылып жүрген сызбасына байланысты. Мәселен Қазақстан Республикасында жиынтық жылдық табыс және еңбекке ақы төлеу шығындарын қамтитын заңмен белгіленген шегерімдер бойынша сызба қабылданған.
Басқа сызбаларда бұл шығындар жалпы табысқа кіріктіріледі және оның құрамында салық салуға жатады. Салықтарды төлегеннен кейінгі табыс, бұл нұсқада еңбекке ақы төлеуге және кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бөлінеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісіті есепте қамтып көрсетіледі. Бұдан басқа, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:
Бағыттардың әрқайсысы бойынша ақша қаражаттары түсімдерінің нақтылы түрлері, тиісті қызметтің нәтижелерінде олардың шығып қалуы мен көбеюі немесе азаюы көрсетіледі. Қаражаттардың құрамы, олардың көздері және белгілі бір күнге орнластырылуы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.
Табысты (пайданы) бөлудің негізге алынатын қағидаттардың бірі – біріншіден, ең алдымен мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді алғашқы кезекте орындау; екіншіден, меншікті ұлғаймалы өндірістің қажеттіліктерін тиісті қаражаттармен қамтамасыз ету; үшіншіден, кәсіпорынның резервтерін қалыптастыруға бағыттау; кәсіпкерлік тәуекел едәуір өсіп отырған жағдайда мұның маңызы ерекше.
Табыстың (пайданың) сан қырлы мәні, маңызы экономиканың нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төледер мен аударымдарды төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.
Бүгінгі шаруашылық жүргізуші субъектіде табыстар мен пайданың толып жатқан жүйесі іс- әрекет етеді. «Қосымша құн» мен «пайда» категорияларының эеономкалық мазмұны іс жүзінде бара – бар. «Табыс» категориясының « қосымша құн» категориясынан айырашылығы оның ақы төлеуге жұмсалатын табысарды өзіне қамтуында.
Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісінде алынған игіліктерде және оған жұмсалған қажетті шығындардың айырмасы ретінде анықталады.
Жалпы табыс кәсіпорын иелерінің табысы және жалдама қызметкерлердің табысы болып бөлнеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны шегеріп тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.
Тауар айналысы сферасының салаларында (сауда, қоғамдық тамақтану, маркетинг, дайындау) «өнім өткізуден түскен түсім ақша» категориясының орнына «тауар айналымы» категориясы пайдаланылады. Тауар айналымының мәнін сатып алу – сату жолымен ақшалай табыстарды тауарларға айырбастаумен байланысты болатын экономикалық қатынастар құрайды. Шетелдік практикада
« Түсім – ақша» атауының орнына көбінесе «жалпы табыс» атауы пайдаланылады. Алайда, бұл осы атаудың өте кең баян етілуі, жалпы табыс экономикалық категория ретінде қайта жасалған құнды немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің таза өнімін білдіреді.
Саудада жоспарлау мен есеп жүргізудің практикасында жалпы табыс деп сауда үстемелерінің (жеңілдіктерінің) сомасын, қоғамдық амақтануда сауда үстемелері мен қымбаттаудың сомасын айтады.
2.3. Кәсіпорын қызметі пайдалылығын талдау.
Тиімділік
деп, кәсіпорын қызметі тиімділігіні
Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс,пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.
Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн) немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және айналым қаражаты). Бұл екі өлшеуші аванстық жұмсау айналымы жиынтығының көрсеткішіне өзара байланысты. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге болады:
Пт = Ө( Б – Қ) / Нқ + Ақ
Мұнда: Ө - өнім көлемі;
Б - өнім өлшемінің бағасы;
Қ - өзіндік құн;
Нқ – негізгі өндірісік қорлардың құны;
Ақ – айналмалы қаражатың көлемі.
Практикада кәсіпорын қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.
Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету – шаруашылықы жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға , шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса,онда оларды үш топқа бөлуге болады. өндіріс тиімділігі,біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.
Рентабельділік немесе тиімділік неміс тілінен алынған "пайдалы" немесе "кірісті" деген ұғымды білдіреді. Бұл — кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқындалады.
Рентабельділік деңгейін анықтаудың екі бағыты бар:
• кәсіпорынның пайдасы;
• ағымдағы шығындарының (өзіндік құн) немесе авансталынған салымдардың (негізгі өндірістік қор және айналым қоры) қатынасы.
Бұл екі өлшем өзара авансталынған салымның айналым жылдамдығының көрсеткіштеріне байланысты.
Мұндағы:
Р — пайда;
Р'1 Р'2 - пайда мөлшері (бірінші жөне екінші нұсқа);
Фа Фө - авансталынған және өзіндік құн қорлары;
Айналым саны:
яғни