Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 19:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз ету үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.
Кіріспе ...........................................................................................................................3
I. ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ...........5
Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері ...........................................................................................5
1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ..........................................11
II. ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ....................................................................................................16
2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi......16
2.2«Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау .........................................................................................................................19
Қорытынды ................................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .................................................................................30
ЖОСПАР
Кіріспе ..............................
I. ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ...........5
қағидаттары мен әдістері
..............................
1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының
жүйесі ..............................
II. ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ..............................
2.1 Кәсiпорынның қаржылық
2.2 «Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
қаржысын жоспарлау мен болжау ..............................
Қорытынды ..............................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз ету үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.
Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңцік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға бағытталған.
Бұл тақырыптың өзектілігі қоғамдағы қаржылық қатынастар негізінде қаржы жоспарлары мен болжамдарының экономикалық маңыздылығын және міндеттері мен қағидаттарын жан-жақты талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - қаржы ресурстарын қалыптастырудың көздерін және олардың жалпы мөлшерін анықтап, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында, ұлттық шаруашылық салалары мен әкімшілік-аймақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үлесімдерін (пропорцияларын) белгілеу мен қаржы ресурстарын пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтерді жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Курстық жұмыстың зерттелу обьектісі: Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау.
Курстық жұмыстың зерттелу пәні - Қаржы менеджменті.
Курстық жұмыстың теориялары және практикалық негіздері:
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыстың алғашқы беті жоспары, кіріспе, екі тарау,қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың мазмұны:
Бірінші бөлімінде, Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, әдістері және қаржы жоспарларының жүйесі қарастырылған.
Екінші бөлімінде, Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспарлау жүйесіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлаудың ерекшелігі талданады.
Курстық жұмыс 31 беттен құралған.
І ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
1.1 Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері
Қаржылық жүйе әрекет етуінде қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттық элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттастырылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашынық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қоддануды қажет етеді.
Қаржы көрсеткіштерін, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңдестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау — бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі.
Қаржылық жоспарлауда қабылданатын экономикалық және әлеуметтік шешімдердің (оларды қаржыландыру көздерімен қамтамасыздығын ескере отырып) тиімділігін, белгіленетін шығындарды және оңтайлы түпкілікті нәтижелерді оңтайландыру жөніндегі мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші буындар мен субъектілердің мақсатты қызметі ретінде қарастырған жөн, адамдардың субъективті қызметі ретіндегі қаржылық жоспарлау тек қоғам дамуының объективті зандылықтарын танып білуге, қаржы ресурстары қоз-ғалысының тенденцияларына басты негізді, бұрын жүргізілген шаралар мен қаржы операцияларының нәтижелілігін зерделеуге негізделген жағдайда ғана ол нәтижелер береді. Бұл процесте жоспарлаудың, шешімдерді бағалаудың прогрессивті әдістерін пайдаланудың, ғылымның, техниканың дамуымен, тиісті аппараттың жоғары біліктілігпен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың негізінде жасалынатын есеп-қисаптардың көп нұсқалылығының үлкен маңызы бар.[1.3]
Сөйтіп, тарихи дамудың барлық кезеңдері мен басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық жоспарлау оны жалпы жоспарлаудың бірыңғай жүйесінен бөліп алуға мүмкіндік беретін жоспарлаудың ерекше объектілері, сфералары, жоспарлаудың мақсаты мен сипаты, негізгі көрсеткіштердің нысаны сияқты жалпы белгілерді иемденді.
Экономикалық-әлеуметтік жоспарлау жүйесінде жоспарлау белсенді рөл атқарады, өйткені ол, бір жағынан — қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан — қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікгі нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Болжам — арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағы қандай болса да бір құбылыстың жай-күйі туралы ықтималдық байымдау. Болжау — қандай болсада бір құбылыстың, объектінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамды әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы — бұл қаржы қатынастарын мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі — қаржы ресурстары, процесі — ақша қорларының қозғалысы.
Қаржылық болжау — мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын-ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мезгілді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
Жоспар — іс-қимылдарды немесе шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге бағытталынған өзара байланысты жүйе. Жоспарлау — жоспардың өзін әзірлеуді, оның орындалуын үйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын процесс. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланынады; ол ақпараттық — үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеуіштер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстаңда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері енгізілді. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы иңдикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті құрау жүмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақты белгіленеді. 2001-2007 жылдарға арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті арттыру болып табылады.
Индикативті жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты — болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау қажеттігі.
Индикативтік жоспар
— мемлекеттік әлеуметтік-
Иңдикативтік жоспарлар орын алып отырған проблемаларды кешенді түрде шешуге және стратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағытталған, орта мерзімді және ағымдағы перспективаға арналған мемлекеттік әлеуметтік-экономикалык саясатты айқындайды.
Индикативгік қаржы
жоспарларының мемлекеттік
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарларын өзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығындарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан — қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.[2.1]
Информация о работе «Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау