«Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 19:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз ету үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.

Содержание работы

Кіріспе ...........................................................................................................................3

I. ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ...........5

Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері ...........................................................................................5

1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ..........................................11


II. ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ....................................................................................................16

2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi......16

2.2«Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау .........................................................................................................................19


Қорытынды ................................................................................................................28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі .................................................................................30

Файлы: 1 файл

Курсовой Салтаната.doc

— 220.50 Кб (Скачать файл)

         Кәсіпорын макарон өнімдерін қаламыздағы сауда нүктелеріне жеткізуді жеңілдету үшін маманданған машиналар саябағы бар. Шығарылған өнімді тарату фирманың сауда нүктелері арқылы жүзеге асырылады.

         Жоғары сапалы өнімнің  қажетті мөлшерін және ассортиментін қамтамасыз ету үшін  дайын өнімнің тағайындалған нормасын және өндірістің технологиялық тәртібін қатаң сақтауға бағытталған  өнімнің технологиялық жоспары құрылады.

       Кәсіпорынның дамуының бірден – бір себебі, осы кәсіпорындағы қызметкерлердің біліктілігінің нәтижесі. Яғни, сол қызмеркерлер барлық ұйымдастыру істерінің иелері. Ол кесте 1-де көрсетілген.

 

   

Кесте 1- ЖШС «Мадина» негізгі бөлімінің құрамы (01,01,2011 ж)

 

Басқару аппараты

5 адам

4,5%

Технико- өндірістік қызметі

23 адам

20,7%

Есеп және қаржылық қызмет

4 адам

3,6%

Коммерциялық қызмет

   

Заң қызметі

2 адам

1,8%

Негізгі өндіріс

16 адам

14,4%

Көмекші өндіріс

40 адам

36%

Барлығы

90 адам

 

* «Мадина» ЖШС мәліметтерінен, 2011 ж.

 

   Әрбір бөлімнің  қызметкерлері және жұмысшылары  өзара тығыз байланысты. Кәсіпорынның  әрбір қызметкері, маманы, жұмысшысы  техникалық қауіпсіздік ережесін  білуге міндетті.

   Аталған кәсіпорында сызықтық және функционалды басқару құрылымы қолданылады. Бірінші жағдайда басшылар арасындағы өзара ақпарат алмасу болса, ал функционалды өзара бөлімшелер арасында тең дәрежеде қолданылады.

Жоспар кәсіпорын қызметкерлері  үшін әрекет етуге басшылық болып табылады. Қазіргі кәсіпорын – бұл күрделі басқару жүйесі болғандықтан, жоспарлық мақсаттарға кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің, директордан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін барлық қызметкерлерінің үйлесімді жұмыс істемейінше мүмкін болмайды. Жоспар кәсіпкерлік идеяларды негіздемелеу үшін, сондай-ақ алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорынды басқару үшін қолданылады.

ЖШС «Мадина»  кәсіпорнында -өзіндік құнды болжау мен жоспарлау  және есептеу шығындар   элементі   және   шығыстардың   калькуляциялық   статьялары бойынша есептеленеді.

Элементтер бойынша  шығындарды топтастыру шығындар құрылымына техникалық прогресс әсерін қалыптастыру үшін, қор сиымдылығын, енбек сиымдылығын, қуат сиымдылығын, материал сиымдылығын  зерттеу үшін қажет. Егер енбекақы үлесі төмендесе, ал амортизация үлесі көбейсе, онда кәсіпорынның техникалық деңгейінің жоғарлағандығын, еңбек өнімділігін көрсетеді.

 

 

Кесте 2 -2010 жыл тауарлы  өнімнің 1 тоннасына шығындар (мың теңге)

 

Шығын элементтері 

Жылдар

Айырмашы-

лық

 

2009

2010

 

1 . Шикізат 

9,34

8,78

-0,56

2. Өндірістік    сипаттың қызмет көрсетуі

0,95

0,49

-0,46

3. Отын және қуат 

1,09

0,88

-0,21

4. Негізгі еңбекақы 

0,53

0,57

0,04

5. Әлеуметтік салық 

0,062

0,062

-

6.Құралдарды     құрау

бойынша             қосымша 

шығындар 

 

0,29

 

 

0,28

 

 

-0,01

 

7. Бөлімдерді құрау бойынша

қосымша шығындар

 

0,45

 

0,34

 

-0,11

Негізгі   өндіріс   бойынша 

жиынтығы 

 

12,712

 

12,636

 

-0,076

8.      Жалпы      әкімшілік 

шығындар 

 

0,64

 

0,64

 

-

9.     Пайыздар     бойынша 

шығындар 

 

0,44

 

0,44

 

-

10.      Өткізу      бойынша

шығындар 

 

0,15

 

0,15

 

-

11 . Өзіндік құн жиынтығы 

13,942

13,866

-0,076


* Дерек көзі: «Мадина»  ЖШС 2009-2011 жж. мәліметтері. 

 

 ЖШС «Мадина»  кәсіпорынның  2009  және  2010 жылғы  шығындары  кесте көрсетілгендей 2010 жылы 2009 жылдан қарағанда 1788,4 мың теңге төмен, немесе барлық шығын түрлері, әсіресе материалды шығындар төмендеген. Өзгермелі және тұрақты шығындар   сомасы   өзгерді.   Шығынның   бірнеше   құрылымы   өзгерді: материалды шығындар, негізгі қорлардың амортизация үлесі азайды. [7]

Шығындардың сомасы өнім бірлігіне өзгермелі шығын деңгейі, оның құрылымы, кәсіпорын бойынша  толықтай өнім шығару көлемі есебінен және өнімнің барлық өндіріске тұрақты шығындар сомасы есебінен өзгеруі мүмкін. Берілген кестеден көретініміз 10,7 % - ға шартты-натуралды түрде тауарлы өнім шығару бойынша жоспардың толық орындалмаумен байланысты болған, шығындар сомасы 1788,4 мың теңгеге төмендеген. Өндіріске шығындарды жоспарлау тапсырмалары:

-  өнім өндіріске  әсер етуші факторларды анықтау;

-  шығындарды төмендету  резервтерін анықтау;

-  қажетті асортиментте  жоғары сапалы өнім өндірісін  кеңейту.

2010 жылға ЖШС «Мадина»  кәсіпорын бойынша өнімді өндіру және өткізуге кеткен шығындар келесідей:

Материалды шығындар: 7469,5 / 10741,2 * 100 % = 69,5 %

Әлеуметтік сақтандыруға шығарымдармен жұмысшылардың еңбек  ақысы: 52,7 /10741,2 * 100 % = 0,49 %

Негізгі өндірістік қор  амортизациясы: 238 / 10741,2 * 100 % = 2,21 %

Басқа да шығындар:

2959/ 10741,2 * 100 % - 27,8 %

Өнімді өндіру және өткізуге әсер ететін шығындардың басым бөлігі шикізатқа,   отынға,   электр   қуатына   кетті,   ол   69,5   %-ды   құрайды, шығындардың  ең  аз  үлесі  әлеуметтік  сақтандыруға шығарымдармен жұмысшылардың еңбек ақысына кетті, негізгі  өндірістік  қор амортизациясына 2,21 % және қалғаны 27,8 % басқа қосымша шығындарға кетті.

        Өнімнің өзіндік құны - бұл кәсіпорын жұмысының маңызды көрсеткіші. Ол

өндірістік жоспарлау  барысында табысты анықтау үшін, таратылатын өнім көлемінің тиімділігі мен оның жеке түрлерін анықтау үшін шығарылады. Алдыңғы жылда шығаруға жоспарланған өнімнің толық өзіндік құны жалпылауыш құжат - өнімді өндіру және өткізуге шығындар сметасында анықталады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін жылдық жоспарлауда шығындар сметасы тоқсандық бөлулермен бір жылға құрастырылады. Бірақ бұл шаруашылықтың тұрақты және жоспарлауында ғана мүмкін. Инфляцияның жоғары қарқыны, еңбек ақының минималды көлемінің индексациясы, шикізат пен энергетикалық ресурстарға бағаның өсуі және басқа да себептер жылдық жоспарлауда қиындатады. Смета өткізілетін өнім көлемін өзіндік құн бойынша есептеуге, өнімді өткізуден түскен өнімді есептеуге, өнімнің материал сиымдылығы мен еңбек сиымдылығы бағалауға, запас шығын және дайын өнімге салынатын айналым құралдарына қажеттілікті жоспарлауға мүмкіндік береді.

       Қазіргі жағдайда кәсіпорын қызметі түсім есебінің екі әдісінің біреуін қолдана алады, ал соған сәйкес оны жоспарлау өнімді өткізу сәті болып табылады: тиелген өнім үшін ақшаның есепті шотқа (кәсіпорын кассасына) түсуі немесе өнімді тиеу мен есепті құжаттарды сатып алушыға көрсету.

Біздің кәсіпорында  түсім кәсіпорынның есепті шотына түсуі  бойынша жоспарланады,   сондықтан   өткізілмеген   өнімнің   жоспарлы   кезеңінен басындағы қалдығы қосады:

-  қоймадағы дайын  өнім;

-  төлеу мерзімі  жетпеген тиелген тауарлар;

-  сатып алушы мерзімінде  толығымен тиелген тауарлар;

  • сатып алушылар жауапкершілігінде сақтаулы тауар.

  Қазіргі нарықтық жағдайда ұйымдарда табыстылық маңызды орын алады. Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесі  максималды түрде халықаралық қаржылық есептілік стандартқа көше бастаған.

 Қаржының тұрақтылығы мен рентабельділікке талдау жүргізу мәліметтері ұйымдардың жедел басшылық жұмысы және олардың құрылымдық бөлімдері үшін қолданылады, мемлекеттік қаржылық есеп беруді құрастыру үшін, экономикалық болжамды және ағымдағы жоспарды, қорыта келе, еліміздің экономикасын дамыту заңдылықтарын оқып білу және зерттеу қажет.

Шаруашылық субъектісінің табыстары- деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 «Табыс» - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

Мұндай табыстарға:

  • дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
  • қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
  • дивиденттер, рояльтилер және пайыз (процент) түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.                                           

Бұл жоғарыда аталған  табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:

  • алдын ала аванс ретінде алынған табыстар;
  • алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы.

Сондай-ақ, қызметтер  көрсету жөніндегі мәміленің (келісімнің) нәтижесін барынша дұрыс бағалау  мүмкін болмаған уақытта табыс жұмсалған  шығындар мөлшерінде ғана танылады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

  • негізгі қызметтен алынған табыстар;
  • негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.

Субъектінің негізгі  қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады.Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісімшарт бойынша анықталады.

Шаруашылық субъектісінің  табыстары мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:

  • табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;
  • субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;
  • субъекті сатып алынған меншік құқығын берген жағдайда;
  • мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдайда.

Табыс, нарықтық экономикада  өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады. Табыстың көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізеді. Әр кәсіпорын ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамасыз етеді.

"ЖШС «Мадина»   кәсіпорын   үшін   өнімді   өткізуден   түсім   басқа   да көсіпорындардағы   сияқты   мәні   бар.   Бұл   өндіріске   және   өндірістік кеңейтілуін қамту үшін авансталған айналым құралдарын қалпына келтіру үшін олардың ақшалай құралдарының негізгі қайнар көзі.

        Өнімді өткізуден түсім көлеміне мынадай сыртқы факторлар әсер етеді, өнім көлемі, өнім сапасы, ассортимент және баға.

 

Кестеде өнімді өткізуден  түскен табысты алу жоспарының негізделуін  тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

                                                                                                     

 Кесте-3  Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру *

Көрсеткіштер

Есептік бағасы бойынша  мың  тг.

1

Өткізілмей қалған өнімнің  жыл басындағы нақты қалдығы

17983,6

2

Тауарлы өнім шығару

29000

3

Өткізілген өнімнің  жыл аяғындағы қалдығы 

15458,97

4

Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 қатар + 2 қатар – 3 қатар)

31524,63

5

Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс

15458,97

6

Ауытқуы (4 қатар – 5 қатар)

16065,66

Информация о работе «Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау