«Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 19:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз ету үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.

Содержание работы

Кіріспе ...........................................................................................................................3

I. ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ...........5

Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері ...........................................................................................5

1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ..........................................11


II. ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ....................................................................................................16

2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi......16

2.2«Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау .........................................................................................................................19


Қорытынды ................................................................................................................28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі .................................................................................30

Файлы: 1 файл

Курсовой Салтаната.doc

— 220.50 Кб (Скачать файл)

Бизнес-жоспар — бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сайма сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өнім рыногін бағалауды (рынок болжамы) және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.

Қаржы бизнес-жоспары  бірқатар кестелер мен баланстарды  — өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай  шығыстар мен кірістердің балансын қамтиды. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің балансын және графигін қосымша жасайды.

Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізу субъектілерінің қаржы  жоспарлары, өңдірістік емес сфераның коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарының жоспарлары, бюджет қаражаттары  есебінен қаржыланатын мемлекеттік  мекемелердің сметалары бастапқы қаржы жоспарларына жатады.

Қаржы жоспарларының  барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомстволар қарасты ұйымдардың жоспарларын  біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.

       Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.

      Шаруашылық баланстар мен экономика теңдестігінің бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.

Сөйтіп, нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағүрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып, бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.  ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

2.1 Кәсiпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың  мазмұны және әдiстерi

 

Нарықтық қатынастардың  даму жағдайында корпорациялардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл корпорациялардың тәуелсiздiкке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншiк иелерi, жұмысшылар, коммерциялық серiктестер және басқа конрагенттер алдында өзiнiң өндiрiстiк-кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауапкершiлiкте болуымен байланысты. Нарықтағы кәсiпорынның өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-күйiнiң орнықтылығының негiзi оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн орын алмастыра отырып қолданып, тиiмдi пайдалану жолымен өнiмдi өндiрумен сатудың үздiксiз процесiн қамтамасыз ете алатын өзiнiң қаржы ресурстарының жағдайын көрсетедi.

Кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын  бағалау объективтi, ғылыми негiзделген  және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiрстiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдау керек.

Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау жөнiндегi сұрақтарды қарастырмас  бұрын, “қаржылық жағдай” дегенiмiз  не соны анықтап алайық. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы кәсiпорынның қалыпты  өндiрiстiк, коммерциялық және басқа  да қызмет түрлерi үшiн қажеттi қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлуiмен және оларды мақсатқа сай тиiмдi тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектiлерiмен қаржылық қарым қатынаста болу, төлеу қабiлеттiлiгi және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсiпорынның уақтылы төлеу мүмкiндiгi оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетедi.[6]

Осы жоғарыдағы аталған  ұғымдарды топтастыра келе корпорацияның  қаржы жағдайына келесiдей анықтама беруге болады: Кәсiпорынның қаржы жағдайы осы кәсiпорынның белгiлi бiр кезеңдегi қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметiн үздiксiз жүргiзуi мен өзiнiң қаржы мiндеттемелерiн уақтылы өтеу үшiн қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлуiн көрсетедi.

Ал кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы  ненi бiлдiредi? Ол өз қаражаттарын шебер пайдалану қабiлеттiлiгi, жұмыс процесiнде үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн қаржының жеткiлiктi болуы. Қаржылық тұрақтылық өз кезегiнде меншiктiк және қарыз қаражаттарының тиiмдi байланысы болып табылады.

      Жалпы атйқанда кәсiпорынның қаржылық   тұрақтылығы – бұл тәуекелдiктiң мүмкiн болатын деңгейiнде төлем қабiлеттiлiгi мен несиеге қабiлеттiлiгiн сақтай отырып, табысты өсiсу негiзiнде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсiпорынның дамуын көрсететiн қаржы ресурстарының жағдайы болып табылады.

Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын анықтағанда оған көптеген факторлар әсер етедi, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова  келесiдей түрлерге жiктейдi:

  • Пайда болу орнына байланысты – iшкi және сыртқы;
  • Нәтижесiнiң маңыздылығына байланысты – негiзгi және негiзгi емес;
  • Құрылысы бойынша – қарапайым және күрделi;
  • әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

Мұндағы iшкi факторлар  кәсiпорынның өзiнiң жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар  кәсiпорын еркiне бағынышты емес. Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететiн мынадай iшкi факторларды атап көрсетуге болады:

  • кәсiпорынның салалық топқа бөлiнуi;
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшерi;
  • шығындардың көлемi, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
  • кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгi, яғни қаржы менеджментiне тиiмдi ұйымдастыру;

Кәсiпорынның тұрақты  қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерiмен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етедi. Сондықтан да серiктестермен реттелген iскерлiк қатынаста болу – корпорацияның жақсы қаржылық жағдайының бiрден-бiр шарты болып табылады.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiк  және оның iскерлiк қарым-қатынастағы  потенциялын анықтайды, кәсiпорынынң өзiнiң және оның серiктестерiнiң қаржылық және басқа да қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары да бар болып келедi. Кәсiпорын бағасын талдаудың ең жақсы тәсiлi, бұл – талдау; ол кәсiпорынның даму бағытын бақылауға, қаржылық саясатты iске асыруды және шаруашылық қызметiне кешендi түрде баға беруге мүмкiндiк бередi.

Нарықтық экономика  жағдайында жұмыс iстеушi кәсiпорындардың  қаржылық жағдайын талдаудың басты  мақсаты келесiлер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзiмiндегi өзгерiсi;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздерi арасындағы сәйкессiздiктi, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиiмдiлiктi зерттеу;
  • айналым капиталының көлемiн, оның өсуiн немесе кемуiн және ағымдағы мiндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
  • қаржы-есептiк және несие ережесiн сақтау;
  • кәсiпорынның активтерi және оның мiндеттемелерiнiң құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердiң айналымдылық есебi, оның iшiнде дебиторлық борыш және қорлар есебi;
  • баланстың өтiмдiлiгiн, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының  және төлеу қабiлеттiлiгiнiң абсалюттiк және салыстырмалы көрсеткiштерiн анықтау;
  • кәсiпорын табыстылығын бағалау;
  • кәсiпорының табысының салыстырмалы көрсеткiштерiн, сондай-ақ олардың деңгейiнiң өзгеруiне әсер етушi факторларды есептеп шығару;
  • кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгiн анықтау;
  • кәсiпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзiмдi болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтап, соның негiзiнде кәсiпорынның қаржы саясатын iске асыру болып табылады.

Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау кәсiпорынынң шаруашылық қызметiн талдаудың қорытындылаушы кезеңi болып табылады. Және де ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндiрiс және өткiзу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндiрiстiк және қаржылық қызметтi ұйымдастырады. Кәсiпорынның қаржылық қызметi – бұл оның осы қызмет нәтижесiнде меншiктi және тартылған капиталдың көлемi мен құрамына өзгерiс әкелетiн қызметi. Ол қаржы ресурстарының жүйелi түрде өз уақытымен түсуi мен тиiмдi пайдалануына, есеп және несие тәртiбiн сақтауға, меншiктi және қарыз қаражаттарының арасындағы ара қатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсiпорынынң тиiмдi қызмет етуi мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткiзуге бағытталуы тиiс.

       Жоғары  сапалы өнiмдi үздiксiз өндiру және  өткiзу кәсiпорынның қаржылық  ресурстарының қалыптасуына оң әсерiн тигiзедi. Өндiрiс процесiнде өнiм сапасының төмендеуi және оны сатудың қиындықтары кәсiпорын шотына ақша қаражаттарының келiп түсуiне кедергi жасайды, нәтижесiнде кәсiпорынның төлеу қабiлетi төмендейдi.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 «Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын   жоспарлау мен болжау

 

ЖШС «Мадина»  2009 жылы өндіруші, сатушы кәсіпорын негізінде  құрылған. Қазіргі таңда ЖШС «Мадина» макарон өнімдерін таратудан  шағын кәсіпорындар қатарында.

Қазіргі таңда кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылар саны 90 адам, соның ішінде негізгі өндіріс жұмысшылары 60 адамды құрайды.

   Бұл бөлімдер туралы «Мадина» ЖШС-нің бизнес жоспарында көрсетілген. 

Жоспарлау – болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын, уақыт өтісімен ақпарат та өзгереді, өйткені экономикалық жағдайлар өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту деп санауға болмайды.[6.4]

Егер жоспарлау дұрыс  жүргізіліп, болып жатқан оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен үшін бизнесті қоршаған орта туралы ақпарат алуға, өзінің бизнесінің әлсіз және күшті  жақтарын сезінуге, қоршаған ортаның  бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар  банктерге салынған инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат. Дұрыс құрылған бизнес-жоспар келесі сұраққа жауап беруге көмектесу керек: “Бұл жобаға қаражат салуға тура ма және ол жұмсалған күш пен қаражатты ақтайтындай табыс әкеле ме?”

Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде келесі себептерге байланысты қажет:

  • Экономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр, олардың көпшілігі бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып көрген емес, сондықтан нарықтық экономика жағдайында оларды күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар алдын-ала көріп біле алмайды;
  • Шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі жетекшілердің алдында болашақтағы шараларын жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін тудырады.
  • Инвестиция алу және экономиканы көтеру үшін инвесторларға жоспарлардың өміршеңдігін және тиімділігін дәлелдеу керек;

Бизнес-жоспардың мақсаты  – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі міндеттерді шешуге көмектесу:

  • болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және даму перспективасын айқындау;
  • осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындарды бағалау және оларды тауарды қолайлы бағамен сатудан түсетін түсіммен салыстыру арқылы жоспарланған істің табыстылығын анықтау;
  • өнімді өткізу алдында кездесуі мүмкін кедергілерді алдын ала айқындау;
  • өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік беретін бақылау көрсеткіштерін анықтау.

Бизнес-жоспар – қазіргі  нарықтық экономикада кәсіпкерлік  көлеміне, қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің арнайы құралы.

  ЖШС «Мадина»  кәсіпорын шет елден және отандық жоғары сапалы технологиялық құралдармен жабдықталған. Кәсіпорын құрылған күннен бастап онда өнімнің сапасын бақылап отыратын ішкі фирмалық жүйе (лаборатория) жұмыс істейді.

        Кәсіпорын стратегиясы:

- тұтынушыларға өнімдерді  жеткізу, толық қызмет көрсету,  ассортиментті кеңейту;

- тұтынушы нарығын зерттеу, өнім бәсекелестігін жоғарылату, жеке тапсырыстарды орындау;

- сауда жүйесінің жұмысын  бақылау.

      Фирма саясаты тауар айналымын және өндіріс шығындарын азайту, бұл нарықтың көп бөлігін жаулап алуға көмектеседі.

      Осы стратегияны жүзеге асыратын, барлық бөлімшелердің қызметін байланыстыратын маркетинг бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлім фирманың  жарнама саясатымен айналысады және кәсіпорынның жұмысында жаңа бағыттарды анықтау үшін нарықты зерттейді.

      Кәсіпорын жоспары өнімді өткізу жоспарымен тығыз байланысты.

       Шикізат  пен құралдарды жеткізушілер  ЖШС «Ардагер», ЖШС «Әділет»  жене т.б.

Информация о работе «Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау