«Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 19:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз ету үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.

Содержание работы

Кіріспе ...........................................................................................................................3

I. ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ...........5

Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері ...........................................................................................5

1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ..........................................11


II. ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ....................................................................................................16

2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi......16

2.2«Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау .........................................................................................................................19


Қорытынды ................................................................................................................28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі .................................................................................30

Файлы: 1 файл

Курсовой Салтаната.doc

— 220.50 Кб (Скачать файл)

     * Дерек көзі: «Мадина» ЖШС 2009-2011 жж. мәліметтері.

 

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 16065,66 мың теңгеге төмендеткені көрінді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 15458,97 мың теңгені емес, 16065,66 теңгеге көп, яғни 31524,63 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып – түю, орау, тиеуге дайындау, көлік  партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты – заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай – ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.

Көп жағдайда тауарлар сатып  алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.

    ЖШС «Мадина» кәсіпорын үшін шығындар өте алатын дәрежесін білу өте маңызды, осыдан кейін олар пайда ала бастайды. Бұл үшін шығынсыз нүктені анықтау керек. Шығынсыз нүктені табу сату көлемі мен құнының анықтау үшін қажет, мұнда кәсіпорын өзінің барлық шығынын жаба алады, табыс алмайды, бірақ шығынсыз, табысты жоспарлаудың бұл әдісі шартты тұрақты және шартты ауыспалы және маржиналды табысқа шығынды бөлуге негізделген.

Компанияның 2010 жылы көзделініп отырған табысының көлемі 3млн  теңге, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 11 пайызға  қөбейту жоспарланып отыр. Бірақ  бұл көрсеткіштер өзгеріп кетуі мүмкін. Алайда компанияның қазіргі жағдайы болашаққа оң көзбен қарап болжам жасауға мүмкіндік береді.  

Сурет 2 - «Мадина» ЖШС-нің  2009 – 2011  жылдардағы табысының өсу  динамикасы

Жоғарыда көрсетілген  көрсеткіштер жағымды жағдай тудыратыны сөзсіз, бірақ оның қаржылық жағдайында бірқатар кемшіліктер бар. Ол ондағы өтімділік коэффициенттерінің барлық шарттарға сәйкес орындалмауы, бірақ мен жоғарыда көрсетілген мәліметтер бойынша компанияның өтімділігі жоғарылайтынына сенімдімін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, қаржылық жоспарлаудың тікелей объектісі — табыстар мен қорланымдарды жасау және бөлу, орталықтандырылған және ор-талықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Каржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қор-ланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіңдік ретіңде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдыратын және пай-даланылатын қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттық элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің дамуының үйлесімдігі мен теңгерілімдігіне жету.

Қаржылық жоспарлаудың объектісі  шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы  жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын  жасау болып табылады. Әрбір жоспарда  белгілі  бір  мерзімге   белгіленген  кірістер  мен  шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен  қорланымдарды жасау, бөлу және қайта  бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың  күні бұрын анықталған мүмкіндік  ретінде көрінеді және осының негізінде  орталықтандырылған және орталықтандырылманған  ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық жоспарлау  тәсілдері:

а) автоматты (егер инфляция бар болса, онда мәліметтер инфляция коэффициентіне көбейтіледі);

ә) статистикалық (алдағы жылдардағы шығындарды қосып, алдағы жылдар санына көбейту);

б) нөлдік (барлық позициялар жаңадан нөлден) саналады.

Қаржылық жоспарлау  экономиканы және оның буындарын  басқарудың аса маңызды функциясы  болып табылады. Оны мемлекеттік  билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы  құрылымдары жүзеге асырады.

Нарықтық экономикаға өту барысында қаржы қатынастарының әлемдік стандарттарға сай дамуы және қаржылардың тиімді қалыптасуы мен жұмсалуын ұйымдастыру нарықтық экономиканың негізі болып табылады. Сондықтан қаржы қатынастарында қаржы қорларын тиімді қалыптастырудың  көздері мен оларды дамыту мәселесі, қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесін дамытудың маңыздылығы алдынғы орында тұрады.

Сонымен, жұмысты аяқтай келе Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесі ТМД  елдері ішінде ең тиімді қалыптасқан  және құрылымдық жағынан дамыған жүйе деп айтсақ артық болмас. Жалпы елімізде қаржы қатынастары дамып, қаржы-несиелік мекемелердің қызметтері мен қаржылық жағдайының жылдан-жылға қарқынды дамып келе жатқандығын көре аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

[1]  Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2007. – 154 бет [1.2]

[2]  Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-ІІ

Қазақстан Республикасының Заңы .

[3]   Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2011 ж. 

[4]  Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.

[5]  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010-2012 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2009 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.

[6]   Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.  Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2009. – 448 бет.[2.1]

[7]  Мельников В.Д. Ли В.Д.  Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2008. – 285с.[3]

[8]   Мэнкью Н.Г.  Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 2008. – 784 с.

[9]   Дробазина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – Москва: Приор, 2007. –527с.[4.1]

[10]   Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2006 г.

Дробозина Л.А. Финансы. Учебник  для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2009.–527с.

[11]  Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә.  Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008. – 252 бет.[6.4]

[12] Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2007г.

[13]   Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2008. – 184 с.

[14]  Финансы Республики Казахстан. Статистический ежегодник. Алматы, 2008г.[6]

[15]   ҚР«Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылы 27 желтоқсандағы заңы.

[16]   ҚР «Тікелей инвестицияларды мемлкеттік қолдау туралы» 1997 жылы 28 ақпандағы заңы. 

[17]    Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы №373 –II Заңы.

[18]    Назарбаев Н.А. «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына жолдауы.

[19] Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития казахстана как суверенного государства//каз.правда. -1992. -16 мая.

[20]   Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. –Алматы. Қазақ университеті, 2002 -256 бет.

[21]   Мамырова М.К. эффективность инвестиций в промышленном производстве –Алматы: Экономика. 2001.[7]

[22]  Шакбутова А.Ж., Абдрахманова Г.Т. Оценка финансовых решений в условиях инвестирования  -Алматы. 2004.[]

[23]  Жапарбеков С.А. Обзор состояния иностранных инвестиции в США//Вестник КАЗГУ №3-4 –Алматы, 2000.

[24]   Садвакасова А.Б., Рахматуллаева Д.Ж. Исследование влияние факторов внешней среды на состояние «Портфельных инвестиции».//Вестник КАЗГУ №1 –Алматы, 1999.

[25]  Виленский П.А., Лившиц и др. Оценка эффективности инвестиционных проектов –М.«Дело» -1998.

[26]   Рахматулаева Г.А. «Шетел инвестицияларын экономикаға тарту нысандары »//Қаржы –қаражат №2 –Алматы, 2001.

[27]    Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет 

[28]   Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

[29]   Балабанов И.Т. Риск-менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 1996. Бланк И.А. Стратегия и тактика управления финансами. – Киев: ИТЕМлтд, АДЕФ-Украина, 1996.Стоянова Е.С Финансовый менеджмент. Российская практика. – М.: Перспектива, 1995;

[30]  Чернова Г. В. Практика управления рисками на уровне предприятия. – СПб: Питер, 2000. – 176с

[31]    Садвакасова А.Б., Рахматуллаева Д.Ж. Исследование влияние факторов внешней среды на состояние «Портфельных инвестиции».//Вестник КАЗГУ №1 –Алматы, 1998

[32]   Мамырова М.К. эффективность инвестиций в промышленном производстве –Алматы: Экономика. 2006.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе «Мадина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау