Шаруашылық жүргізуші субъекті қаржысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 09:51, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылық жургізуші субъектілер қаржылары — қаржы жүйесінің біртұтастығын құрайтын бөлік. Олар қаржы жүйесінің негізгі және туынды бөлігін құрайды, себебі олар елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, нақты айтқанда, оның өнрістік емес салалар шығындарын, халық кажеттіліктерін қамтамасыз ететін көздер — ұлттық байлық, ұлттық табыс және жасалған қоғамдық өнімді алғаш бөлуді қамтиды.
Шаруашылық жүргізуші субъект түсінігі –барлық ұйымды-құқықтық меншікті сандарына және қызметінің барлық түрлеріне қатысты, шаруашылық субъектілерді жалпылама айтқанда –экономикалық агенттер, экономикалық бірліктер.

Содержание работы

Кіріспе………………………………………………………………………..........3
1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жалпы мәні, сыныптамасы
1.1 Шаруашылық субъектілер қаржысының мәні………………………………5
1.3 Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және мақсаты.....................................................................................................................7

2 Сарыағаш ауданы бойынша шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорларын талдау
2.1.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық жағдайын қаржыландыру көздері бойынша талдау.............................................................11
2.2 Шаруашылық жүргізуші субьектілердің ақша қатынасын талдау.........12

3 Шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің тиімділігін арттырушы ретіндегі кәсіпорын қаржысын басқару
3.1 Кәсіпорынның қаржы саясаты- кәсіпорын қызметі тиімділігін жоғарлатудың негізі..............................................................................................14
3.2 Кәсіпорын қызметі тиімділігін басқару мен жоспарлау..............................15
3.3 Кәсіпорынның өтімділігімен төлемқабілеттілігін талдау...........................18

Қорытынды..........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….................……….…….….23
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Шаруашылык жургизуши субъекти каржысы.docx

— 70.36 Кб (Скачать файл)

    Келесі сыныптаманың  негізгі белгісі мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың коммерциялық және  коммерциялық емес қаржылық қызметінің  сипаты болып табылады.

    Коммерциялық  қызметтің мақсаты табыс табу  болып табылады.

    Өндіріс түрлері  бойынша кәсіпорындардың екі  түрі ерекшеленеді: тауар өндіретін  кәсіпорындар және қызмет көрсететін  кәсіпорындар. Меншік нысаны бойынша  келесі түрлерге бөлінеді: мемлекеттік,  жеке, қоғамдық ұйымдар, шетел  субъектілер және аралас кәсіпорындар.

   

        1.2 Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және мақсаты

 

Қазіргі заманғы жағдайларда тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін басшыларға    өз   кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық жағдайдың, сондай-ақ серіктері мен бәсекелестерінің іскерлік белсенділігі жағдайын нақты бағалай білуі қажет. Ол үшін:

  • кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын бағалау әдістемесін меңгеруі;
  • қаржылық ақпараттарды жинақтаудың, өндеудің үстірт және үстірт емес түрде пайдалануы;
  • тәжірибеде осы әдістерді жүзеге асыруға қабілетті талдаушы мамандарды тарту қажет.

 «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, деп жазады профессор Балабанов И.Т.*, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлемқабілеттілігі мен несие қабілеттілігі), қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекеттік алдында өз міндеттемелерін орындау».

Стуков С.А. қаржылық жағдай жөніндегі өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды**: «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүрү қабілеттілігін кешенді талдау».

Қаржылық-экономикалық жағдай шаруашылық қызметтің барлық қатысушыларының  экономикалық мүдделерін тиімді жүргізуде. Оның бәсеке қабілеттілігі мен артықшылығын анықтайтын кәсіпорынның белсенділігі мен сенімділігін маңызды критерийлері. Ол қаражаттарды орналастыру мен  пайдалану және олардың қалыптасу  көздерімен сипатталады.

Талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынды жалпы және сонымен бірге оның қаржылық ресурстарын басқарудағы ең күрделі проблемаларды айқандау.

       Қаржылық талдаудың мақсаттары:

  • қаржылық жағдайдың көрсеткіштерінің өзгерістерін табу;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды табу;
  • қаржылық жағдайдың сандық және сапалық өзгерістерін бағалау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайдың белгілі бір датаға (күнге) бағалау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тенденцияларының өзгерісін бағалау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайдың тенденцияларының өзгерісін анықтау;

       Қаржылық жағдайды талдау келесі тұтынушылар тобына керекті:

    • Кәсіпорынның менеджерлеріне және ең бірінші кезекте қаржылық менеджерлерге. Кәсіпорынды оның қаржылық жағдайын білмей  шаруашылық шешімдер қабылдау, оны басқару мүмкін емес. Менеджерлер үшін алынған қаржылық натижелер мен ресурстардың шаруашылық қызметінде қолданылатын (шешімдерді) олармен қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалау маңызды болып табылады.
    • Меншік иелеріне, соның ішінде акционерлерге.Оларға кәсіпорындарға салынған қаражаттардың қайтарымдылығы қандай болатындығын, кәсіпорынның табыстылығы мен рентабелділігін, сонымен бірге экономикалық тәуекелділіктің деңгейі мен өздерінің капиталдарының жоғалту мүмкіндігін білу маңызды.
    • Кредиторлар мен инвесторларға. Оларды берілген несиелерінің қайтару мүмкіндігін бағалау қызықтырады.
    • Жеткізіп берушілерге. Олар үшін жеткізілген өнімдер үшін төлемдер, көрсетілген қызметтері мен жүмысты төлеуді бағалау маңызды.

Сөйтіп, жоғарында атап өтілген  қаржылық талдаудың  тұтынушыларының  тізімі осы талдауды экономикалық процестердің барлық қатысушылары қажет ететіндігін  көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдаудың басты міндеті  бастапқы қаржылық жағдайы мен оның одан әрі даму динамикасын дұрыс  бағалау болып табылады. Ол келесі сатылардан құралады:

  1. қаржылық-экономикалық жағдайды теңестіру;
  2. кеңістіктік уақыттық айырымда қаржылық-экономикалық жағдайдың өзгерісін айқындау;
  3. қаржылық-экономикалық жағдайға өзгеріс әкелген негізгі факторларды анықтау;
  4. қаржылық жағдайды нығайтудың шаруашылықішілік резервтерін айқындау.

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау қаржылық

талдаудың, сондай-ақ менеджменті  мен аудиттің мәнді элементі болып  табылады.

Қаржылық талдаудың негізіне қаржылық есеп беруді талдау жатады. Бұл  қаржылық-экономикалық жағдайды бағалауды  жүргізуде қаржылық талдаудың әдістері мен жүмысшы амалдарын пайдалануды  негіздейді. Қаржы менеджментінің мәні нң тиімді жағдайларда қосымша қаржы  көздерін тартуға, ең тиімді инвестициялауға, қаржы нарығында пайдалы операцияларды  жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  қаржылардыбасқаруды ұйымдастырудан тұрады. Кәсіпорын дамуының қаржы  қаржы көздерін іздестіру, сонымен  қатар қаржы ресурстарын ең тиімді инвестициялау бағыттарын анықтау  нарықтық экономика жағдайларында  өзекті болуда. Қаржы менежменті маңындағы  табыс көбіне қаржылық есеп беруді зерттеп білудің жан-жақтылығына, жүйелігіне, мұқияттылығына тәуелді.

Мұнда алдынғы орынды кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын талдау алады.

Кәсіпорындар арасында, соның  ішінде және хаалықаралық деңгейде, банктік  және сақтандыру бизнесінде шаруашылық байланыстың кеңінен дамуы шаруашылық субъектінің де, және оның қарсы  агенттерінің де қаржылық-экономикалық жағдайын бағалау объективтігі мен  негізділігіне талаптардың елеулі артуын білдіреді. Бұл міндетті шешудің  алғышарттарының бірі болып аудиторлық институттың қызмет етуі журеді.

Аудит – бұл кәсіпорынының  бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің әрекеттегі заңға  сәйкес сенімділігін, толықтығын тексеру. Аудит келісімін шарттық бастамаларда тәуелсіз аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен жүзеге асырылады. Аудиттің негізгі қызметтері болып табылатындар:

  • консалтингтік қызметті жүргізу (кеңес беру);
  • бизнес жоспардың негізділігін тексеру;
  • құжаттармен құжатайналымын тексеру;
  • қаржылық-экономикалық жағдайды талдау;
  • сауда-өндірістік қызметті және оның қаржылық нәтижелерін бағалау және басқалары.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеру және талдау нәтижесіндегі  аудиторлар ресми нысанындада белгілі  бір кезеңде бақыланып отыоған  кономикалық объектілердің қызметі  қортындысы туралы негізделген түйін  ұсынады.

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық талдау субъектілері болып кәсіпорын  қызметіне тікелей және жанама мүдделі  ақпараттарды пайдаланушылар жүреді.

Қаржылық-экономикалық жағдай – кәсіпорынның нарықтағы сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, орнықтылығының маңызды сипаты. Сондықтан талдауды пайдаланушылардың бірінші тобының  әрбірі субъектісі өзмүддесінен шыға отырып қаржылық ақпараттарды өз тұрғысынан танып біледі.


Кәсіпорын қаржыларының меншік иелерін ең алдымен меншікті капитал  үлесінің өсуі немесе кемуі, кәсіпорын  әкімшілігімен ресурстардың тиімді пайдаланылуы қызықтырады. Кредиторлар  мен инвесторлар несиенің ұзартылуының дұрыстығына, несиелендіру шарттарына, ақшалардыңқайтарылу кепілдігіне, өз капиталдарын салудың табыстылығына  көңіл бөледі. Жеткізушілер мен клиенттер  кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне, өтімді активтердің бар болуына және т.б. мүдделі.

Пайдаланушылардың екінші тобына кәсіпорын қызметіне тікелей  мүдделі емес, бірақ келісім-шарт бойынша бірінші топтың мүдделерін қорғауға тиісті талдау субъектілері жатады.

Әрбір кәсіпорын, өз шаруашылық мінез-құлқын өзгеріп тұратын нарықтық коньюктура жағдайларында жоспарлай  отырып, өз бәсекелестік айқымдамасын нығайтуға ұмтылады. Сондықтанда  қаржылық ақпараттың белгілі бір  бөлімі коммерциялық құпия аймағына өтеді. Бухгалтерлік есеп беруге негізделінетін қаржылық-экономикалық жағдайды талдау сырткы талдау сипатын алады, яғни ішкі басқарушылық есеп берілгендерін тартусыз және жариялаусыз жүргізілетін талдау.

Жоғарында айтылғандар кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдауды жүргізу ерекшелігін анықтайды, және де мұнда қаржылық талдаудың  барлық әдістерін пайдалануды шектейді.

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдаудың мәнін қайта  бағалау қиын, себебі нақ соның  өзі кәсіпорынның қаржы саясатын әзірлеу құрылатын база болып  табылады.

Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиялық міндеттерін келесілер:

  • кәсіпорын пайдасын жоғарлату;
  • капитал құрылымын оңтайландыру және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету;
  • меншік иелері үшін кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайының мөлдірлігіне қол жеткізу;
  • кәсіпорынды басқару тиімді тетігін құру;
  • қаржы қаражаттарды тартудың нарықтық тетігін кәсіпорынның пайдалануы.

Талдаудың алынған нәтижелері негізінде қаржылық саясаттың бағытын  таңдау жүзеге асырылады.

Кәсіпорын үшін инвестициялық, жабдықтау-өткізілімдік, баға аймақтарындағы басқарушылық шешімдерді талдау нәтижелері үлкен мәнге ие.

Қаржылық-экономикалық жағдайды талдаудың негізгі міндеттеріне жататындар:

  • активтердің құрылымы мен динамикасын, олардың жағдайы мен қозғалысын бағалау;
  • меншікті және қарыз капиталы көздерінің құрылымы мен құрамы динамикасын, олардың жағдайы мен өзгерісін бағалау;
  • кәсіпорынның төлемқабілеттілігін бағалау мен баланс өтімділігін бағалау;
  • кәсіпорынның қаржы орнықтылығының салыстырмалы және абсолюттік көрсеткіштерін талдау, оның өзгеру деңгейін бағалау;
  • кәсіпорын ресурстары мен қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2 Сарыағаш ауданы бойынша шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорын талдау

 

   2.1 Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық қорын қаржыландыру көздері бойынша талдау.

 

   Шымкент қаласының Сарыағаш ауданы 7,7 мың шаршы км-ге тең аумақты немесе облыс территориясының 6,6 пайызын қамтиды. Аудан халқының саны 01.01.2005жылға 235,9 мың адамды құрады.Бұл ауданда облыс көлемінде өндірілетін тәттіленбеген, ароматталмаған  минералды газды судың 94,5 пайызын, мақта талшығының -8,4 пайызын өндіреді.

  Облыс  ауылшаруашылығының өнімінің 12,8 пайызын  ауданның ауыл шаруашылық өнімдерін  өндірушілердің  үлесіне тиеселі.  Ауданның барлық егіс көлемінің  үштен бір бөлігіне  дәнді және  дәнді бұршақты дақылдар, көкеніс-11,9, мақта-13,3 егілген. Облыстағы жүзімдіктердің  төрттен бір бөлігінен артығы  аудан территориясына орналасқан. Ауданның ауылшаруашылық өнімдерін  өндірушілері облыстағы арпаның  7,1 пайызын, дәндік жүгерінің -26,0 пайызын, дәндік күнбағыстың -40,3, темекінің-99,9, картоптың-19,5, көкеністің-23,2, бақшалық дақылдардың-21,4, жүзімнің-26,1 пайызын өндіреді.

    Ауылшаруашылық өнімінің құрылымында едәуір үлесі ет-18,1 пайыз, көкеніс-24,9 пайыз, сүт-11,0 пайыз, мақта-9, картоп-4,1 өндіруге тиесілі.

    Сарыағаш ауданы бойынша шаруашылық субьектілерінің қызметін төмендегі кестенің мәліметтерінен көруге болады. Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік немесе жекеше, ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді.

     Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әр түрлі сыныптамалық сипаттамаларының сан алуандығы, олардың шаруашылық органдар бөлігіндегі мүмкін болатын үйлесуі қаржы жүйесінің бұл буынының қаржы механизімін күрделендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметті айқын заңнамалық реттемелеуді, жақсы қойылған басқаруды және қаржылық процестерді талдауды қажет етеді.

    Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субьектілердің қорларын қалыптастыру ерекшеліктері болады.Өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздерден құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалар); банк несиелері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады.

     Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивидентер, үлестік табыстар.  Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық қорларын Сарыағаш ауданы бойынша талдау төмендегідей нәтижелерді көрсетеді. Ең алдымен шарушылық жүргізуші субьектілердің өнімдер өндірісіне талдау жасайық.[20]

Информация о работе Шаруашылық жүргізуші субъекті қаржысы