Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 11:13, курсовая работа
Бірінші бөлімде, біз жалпы бюжет және бюджет жүйесі түсінігін, оның принциптері мен түрлері, жалпы алғанда экономикалық мазмұнымен танысамыз. Сонымен қатар экономикадағы алатын орнын, атқаратын қызметтерін талқылаймыз.
Екінші бөлімде, бюджет жүйесіннің түрлері қарастырылады. Олардың айырмашылығы, ерекшеліктері ашылады.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіне, оның ерекшеліктеріне, жоспарлау мен қадағалау принциптеріне, оны жетілдіру жолдарына тәжірибелік материалдар қолданыла отырып сипаттама беріледі.
КІРІСПЕ……………………………………………………….....……..3
Тарау МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны және оның функциялары.................................................................. ................... 5
Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде және бюджеттік жүйе................................................................11
Тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
2.1 Бюджет жүйесінің түрлері мен принциптері............................19
ҚР бюджет жүйесінің даму ерекшеліктері................................24
3 Тарау Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру мәселелері..........................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................40
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметіңде мемлекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде бір типтік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тән:
Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функциясы арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттындыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек емес, неғүрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бірде бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейіңде іске асыра алмайды.
Сала аралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік оргаңдарына салықтар мен кірістер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мүндай әдіс әрбір әкімшілік-аумактық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қамсыздандырады.
Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материалдын өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір белігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі Мүндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орта-лықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ, жал-пымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субъектілердің қаражаттары тартылады.
Бөлу функциясы ішкі өнімнің бөлінген құнын қайта бөлуге пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір белігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара байланыстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигізетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне әсерлі болады. Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың құндық құрылымын реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық процестерді ұлғайтуда кеңінен пайдаланады.
Бөлу функциясының әрекет ету шекарасы бюджетпен қатынасқа түсетін қоғамдық өндірістің барлық қатысушылар мен экономиканың барлық салаларымен анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір бөлігі қайта бөлінуі мүмкін, мысалы: материалдық өндіріс жұмыскерлерінің салықтық төлемдері және оларды пайдалануы.
Бюджеттің бөлу функциясының ерекшеліктеріне: бюджеттің қоғамдық өндіріске көпжақты әсері мен нақты нәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік береді де экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін жоғарлатуына ықпал етеді.
Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдер мен шығындар керсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір салаларында даму қарқыны төмендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапынан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланбаса, онда экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономикалық коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай кемшіліктерді керсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бұзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға негіз болады.
Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және өте кең әрекетті шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға экономиканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде «хабар беруге» кедергі болмайды.
Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да езгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараған ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компьютерлер қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциалдық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тән қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік ме-ханизм арқылы іске асырылады.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік жақтарыңың арасындағы қатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас жүйесіңдегі бюджеттің орны мен оның экономиканық даму деңгейіне тәуелді екенін анықтайды.
Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясаттың функциялары қорытынды түрде келесілерді құрайды:
а) нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдық сипаттағы қызметтер, білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.);
ә) кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансфертер, субсидиялар және т.б.),
б) мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен қамтамасыз ету және т.б.);
в)мемлекеттік бақылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі бақылау).
1.2 Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде және бюджеттік жүйе
Мемлекеттік (республикалық)
және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер
дегідей Қазақстан Республикасы қаржы
жүйесінің орталық буыны болып табылады.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады.
Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік
бюджеті, басқа одактас республикалардың
мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-нын мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел
аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде
ауылдық және поселкелік бюджеттер де
камтылып көрсетілді. Ол одактық бюджеттен,
15 одактас республиканың мемлекеттік
бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сактанд
Рыноктық экономикаға
көшумен байланысты экономикалық және
саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы
30 тамызда жаңа Конституцияны кабылдау, 1995 жылы жаңа салық заннамасын
енгізу, сонымен бірге Қазынашылық орғандарын
құру 1996 жылғы 24 желтоксанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себегі болды. Заңда
бюджет жүйесінің кағидаттары ескергілді,
бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің,
атқарудың және атқарылуын бақылаудың
тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар,
субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік
кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш,
үкіметтін және жергілікті атқарушы орғандардын
резервтері сиякты жаңа үғымдар енгізілді.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы
мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер
және жергілікті салықтар мен алымдар
болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық
банктен тура қарыз алу токтатылды.
1997 жылы кірістер мен шығыстардың
жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді,
ол бюджеттің шығыстарын багдарламалардың
орындалуымен өзара үйлесуінежағдайжасады.
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші зан кабылданды.
Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін
қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер
үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді
және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың
механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері
бойынша респүбликалық және жергілікті
бюджеттердің арасында кіріс бөлігін
бөлу жүргізілді; тиісінше республикалық
бюджеттен және жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары
шектелінді.
Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзак мерзімді мөлшерлері негізінде
жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі
жүтеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік
бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды.
2002 жылы Стратегиялық
жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда министрлігін, Мемлекеттік
кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін
Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру
бюджеттік үдерісті реформалауда маңызды
кадам болды. Соньмен бірге бюджетті жоспарлау
мен оның атқарылу функциялары бөлінді,
ал стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау шоғырландырылды.
Бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден
түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық қорға бағытталатын болды. Ағымдағы бюджеттік
бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар
экономиканың мұнайлық емес бөлігінен
республикалық бюджетке аударылатын аударымдар
есебінен қаржыландырылады, ал дамудың
бюджеттік бағдарламаларына жұмсалатын
шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген трансферттер
2009 жылы қолданысқа
енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа
нұскасы бюджет жүйесін жаңғыртуга мүмкіндік
берді.Оның негізінде бюджетті күдерістегі
стратегиялық және багдарламалық құжаттардың
рөлі, нәтижеге бағдарланған бюджетті
жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік
багдарламаларды қалыптастыру, қызмет
нәтижелеріне қол жеткізу үшін бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін
арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік
қаржылық бақылауды жандандыру сиякты
шешуші салаларды камтитын үш жылдық бюджет
жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нұсқасы
бюджеттің үдерістің стадиясындағы барлық
операцияларды - стратегиялық бағыттар
мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді
қалыптастыру мезетінен - әрбір мемлекеттік
орған қызметінің нәтижелерін кешенді
бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді.
Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік қызметтер көрсетуге
қайта бағдарланған. Жаңа Бюджеттік кодекстін нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекет активтердін пайдалану тиімділігін арттырады.
Бюджеттік заңнама бюджеттік,бюджетаралық
қатынастар, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің,
бюджеттік қаражаттардың құралуы мен
пайдаланылуының негізгі кағидаларын,
қағидаттары мен механизмдерін, сонымен
бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын
белгілейді. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі
бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді және оларды
жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық
және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі мына кағидаттарға негізделеді[2].
Бірлік қағидаты бюджет жүйесін
ұйымдық-экономикапық орталықтандырудың
дэрежесін білдіреді. Бірлік кағидаты
бүрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде негұрлым
толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің
жергілікті орғандарының дербестік алуымен
және оларға қаржылық ресурстарды иелену
жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты
Бұл кағидат біршама әлсіреді.
Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржылық
саясатты қамтамасыз етуге бағытталған
және ең алдымен Қазақстан Республикасы
егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық
және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші
кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық
деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-эрекетіне,
төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі
үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ
ішінара қайта белудің мақсатты және аумақтық
бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуінің
бірыңғай кағидаттарын қолданумен,бірынғай
бюджеттік сыныптаманы және бюджеттік
үдерістің бірыңғай рәсімдерін пайдаланумен
камтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салықтық саясатты коса бірыңғай
әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы
іске асырылады. Мемлекеттік бюджетті,
жалпы басқа да экономикалық категориялар
секілді мемлекет белсенді түрде болашақ
және ағымды әлеуметтік-экономикалық
міндеттерін нақты шешуде пайдаланады.
Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық
функциясын іске асырудың маңызды құралы
ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың
әсершіл құралына айналдырады. Бюджетті
экономикалық басқарудың құралы ретінде
пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен
дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық
өндірістің дамуына бағытталған, оның
тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған
бағдарламалар тікелей көрсетілген. Бюджеттік
қатынастарды пайдалану құқықтық формада
болғандығы оған өте үлкен ұтқырлы және
ұйымдастырушылық мән береді.
Экономикада тауарлы-ақша қатынас болғандықтан экономикалық пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды-заттық және құндық (ақшалай). Натуралды-заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық бөлімдері арасында материалды-техникалық құралдарды бөлуі мен оларды жұмыс күшімен қамтуды, ал құндық форма ақшалай қаражаттарды бөлудің пропорцияларын анықтауды қарастырады.
Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдарды (қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді қүралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі - бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.
Мемлекеттік бюджетті - экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен ролі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғүрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік Механизм - ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта блуді қамтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Бюджеттік механизмнің объективтік негізі мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады. Экономикалық категория ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі құрылымы бюджеттік механизмнің ішінде әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттік механизм құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі формалары мен әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі қүрылымдың тізбектерді белуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жұмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын тәртіп пен формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу және олармен маневр жасайтын әдістер.
Бюджеттік механизмнің жоғары айтылған тізбектері өз алдына сәйкес элементтерден қалыптасады. Мысалы, ақша қаражаттарды жумылдыратын бюджеттік механизм салықтық және салықтық емес қаржы ресурстар түсетін әдістермен сипатталады және өздерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша құнға салық, акциздер, Мүлік салығы және т.б.) іске асырылады. Мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға бюджеттік қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі принциптер негізі мен бюджеттік ақша берудің әр түрлі формарлары арқылы іске асырылады. Қаржы ресурстарын ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары тарапына бюджет қаражаттарының белгілі бөлігін бекіту мен бюджеттік реттеудің әр түрлі әдістерімен сипатталады.
Бюджеттік механизмнің әр құрылымдық буыны мен элементіне өздерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән. Бірақ, бюджеттік механизмнің буындары мен элементтері өздерінің қатыстылы дербестігіне қарамай біртұтас болып қызмет атқарады, яғни барлық құрылымдық буындар мен элементтердің өзара байланысты әрекеттері бюджеттік механизмнің бірыңғай іс-әрекеттін қамтиды.
Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат, экономикалық тұтқа және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.
Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарларьына негізделеді, ал екінші жағьшан, ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатына қайшы келмейді. Себебі, «мемлекеттік бюджет» термині өз сипатына байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады, біріншісі - бөліп тұратын қатынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты, яғни қоғамдық өнімді қүндық бөлістің айрықша саласы ретінде. Сондықтан, экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынасты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.