Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 11:13, курсовая работа
Бірінші бөлімде, біз жалпы бюжет және бюджет жүйесі түсінігін, оның принциптері мен түрлері, жалпы алғанда экономикалық мазмұнымен танысамыз. Сонымен қатар экономикадағы алатын орнын, атқаратын қызметтерін талқылаймыз.
Екінші бөлімде, бюджет жүйесіннің түрлері қарастырылады. Олардың айырмашылығы, ерекшеліктері ашылады.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіне, оның ерекшеліктеріне, жоспарлау мен қадағалау принциптеріне, оны жетілдіру жолдарына тәжірибелік материалдар қолданыла отырып сипаттама беріледі.
КІРІСПЕ……………………………………………………….....……..3
Тарау МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны және оның функциялары.................................................................. ................... 5
Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде және бюджеттік жүйе................................................................11
Тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
2.1 Бюджет жүйесінің түрлері мен принциптері............................19
ҚР бюджет жүйесінің даму ерекшеліктері................................24
3 Тарау Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру мәселелері..........................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................40
Қоғамдық қайта өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен осы бюджет (әсірісе шығындары) арқылы ұлттық табыс және жалпы ішкі өнімді бөлу мен қайта бөлу процестері мен анықталады. Ол ақша қаражаттарын экономика секторлары, іс-әрекет салалары мен аумақтар арасында бөле отырып, жалпы экономикаға әсер етеді, себебі ол барлық үлттық шаруашылықтың бюджеті. Экономиканы реттейтін басқа қаржылық құралдар арасындағы бюджеттің рөлі өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бюджеттің ерекшеліктері ретінде келесілерді айтуға болады:
Бюджеттік қатынастың бөлістік сипаты мемлекетке бюджеттік экономикаға әсер ететін нақты қоғамдық ілгерлікке ынта ретінде пайдалануға мүмкіншілік береді - бұл аспектіде бюджеттің әрекеті басқа құндық тұтқаларымен (баға, несие және т.б.) бір типті. Бірақ мемлекеттік бюджет қоғамдық өнімді құндық бөліс саласында бастапқы дәрежеде болғандықтан бүл оны экономиканы басқарудың орталандырылған жалпы мемлекеттік құралына - республиканың негізгі қаржы жоспарына айналдырады. Бүл дәрежеде бюджет қаржы ресурстарының бөлігін орталандыру негізінде мемлекет қарастырған әлеуметтік-экономикалық дамуды қаржыландыруын қамтиды, екінші жақтан қосымша резервтер айқындау мен сапалық көрсеткіштерді жақсартуға белсенді әсерін тигізеді.
Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары арасындағы орны мен мәнін келесідей анықтауға болады. Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындарынан айырмашылығы - ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында пайдаланатын қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі. Бұл мемлекетке бюджет арқылы барлық ел ауқымында құндық бөліс процестерін орталандыра басқаруға мүмкіншілік береді. Екіншіден, бюджет барлық кірістер мен шығыстардың басқа баланстары, қаржы жоспарлар, несиелік және кассалық жоспарлармен тығыз байланыста. Үшіншіден, мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде макроэкономикалық, қаржылық және өндірістік көрсеткіштер талданады және анықталады, қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының байланыстары үйлестіріледі, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және несие ресурстарымен тұжырымды қиыстыруға жетеді.
Бюджеттің көптеген байланыстарын қамтамасыз ететін бюджеттік көрсеткіштердің нақты-адрестік сипаты оларды экономика салаларындағы іс-әрекет жағдайын бақылау мақсатына пайдалануға негіз тудырады. Бюджеттік көрсеткіштер арқылы қоғамдық қайта өндірістің барлық оның сатыларындағы жүрісі мен шаруа-шылықты жүргізудің барлық кезеңдері мен деңгейінің әр түрлі процестерді қадағалауға болады. Бюджет көрсеткіштерін орындау дәрежесі экономикада болып жатқан процестердің жүрісін көрсетіп, сондағы жаратымды және жаратымсыз беталыстарды анықтайды.
Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізетін жалпы мемлекеттік бақылау қаржы бақылау түрінде іске асырылады. Бүл мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын іске асыруға арналған әсершіл қүрал қаржылық бақылау барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде және де оларды орындау, жөнінде есеп пен есеп беруді жүргізу, мемлекеттің активтері мен гранттарын пайдалану және т.б. бюджеттік әрекеттерде іске асырылады. Бұл бақылау уақытша шара емес, ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық үйымдастырушы жұмысының ажырағысыз құрамдық бөлігі болып табылады.
Қаржылық бақылауды іске асырудың объективтік негізі болып бюджеттің экономикалық категория ретіндегі бақылау функциясы табылады. Мемлекеттік бюджеттің бақылау функциясының әрекеті кең шекара мен бәрін қамтушы сипатпен айрықша танылу, соған негізделген бюджеттік бақылауда тек қана қоғамдық ілім қүнын бюджеттік бөліс саламен шектелмей бірталай аумаққа әсерін тигізеді. Сондықтан, қаржылық бақылауы экономиканың барлық саласындағы іс-әрекет жағдайы жөнінде пайымдауға мүмкіншілік береді. Оның іс-әрекет процесінде бюджеттің атқаруы, ақша қаражаттарының уақытымен және толық түсуі, оларды тиімді пайдалануы тексеріледі.
Демек, қаржылық бақылау жүргізу негізінде әрбір субъектілер мен жалпы мемлекет бойынша барлық ресурстарды пайдалану бақылауын іске асыруға болады. Сонымен бірге бюджеттік процеске қатысушылардың нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мен бюджеттік қаражаттар арқылы іске асырып жатқан шаралардың негізділігі мен экономикалық тиімділігі тексеріледі.
Қаржылық ресурстарды бюджет арқылы бөлудің қоғамдық өндіріске әсері сандық және сапалық жақтарымен сипатталады. Сандық жагы бюджет арқылы қайта бөлінген қаржы ресурстарының үйлесімдері мен деңгейі бойынша білінеді. Қаржы ресурстары түсінігі ретінде мемлекет пен шаруашылық субъектілердің ақша қаражаттарының жиынтық қоры болғандықтан, олардың өсуінің негізгі факторы болып жалпы ұлттық табыстың ұлғаюы табылады. Мемлекеттің қаржы ресурстарының сандық мөлшері жиынтық қаржы баланста көрсетілуі мүмкін Мұндай балансқа бюджеттік жүйенің барлық ресурстарына қоса Ұлттық қор ресурстары мен барлық меншік формадағы шаруашылық субъектілерінің ресурс-тары жатады.
Бюджет арқылы бөлінетін қаржы ресурстардың экономикаға тигізетін әсерінің сапалық сипаты келесілермен сипатталады: біріншіден, мемлекет бюджеттік қаражаттар салымының бағыттарын пайдаланады; екіншіден, мемлекет осы қаражаттарды экономика дамуының қосымша ынта ретінде және оларды жұмылдыру мен елдің экономикалық өсуін жетілдіру, өндіріс тиімділігін жоғарлатуға жұмсау әдістерін қолданады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық ынта ретінде басқа экономикалық ынталардан айыратын белгілі ерекшелігі бар. Бюджеттің экономикалық ынта ретіңдегі рөлі тек қана бюджеттік қатынастар ұйымдастыру формалары арқылы кәсіпорындарды неғұрлым жоғары экономикалық нәтижеге жетуін құштарлау емес, оньщ рөлі ең алдымен бас шаруашылық субъектінің, яғни мемлекеттің мүдделерін іске асырудағы бюджеттің әрекетімен байланысты. Егер қаржы ресурстарды бюджеттік қайта бөліс арқылы ғылыми-техникалық прогресс тездетілсе, қоғам өндірісінің салалық және аумақтық құрылымы жетілдірілсе, экономикалық өсудің факторлары белсендірілсе, онда бұл арада бюджеттің экономикаға тигізген тек сандық әсері ғана емес, мұнда бюджет барлық қоғам өндірісінің экономикалық рента ретінде сипатталады.
Трансфеттер механизмі бюджеттік ретттеуді біріккен әдістемемен қамтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қалыптасуының субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Ол аумақтардың бюджеттік кіркстерін көлбеулі теңестіру мен олраға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді.
Жаңа бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа құрылымда қалыптасады:
Жоғарыда келтірілген құрылым бойынша бюджеттің бекітіу мен оны атқару жөніндегі есеп беру құрастырылуы іске асады. Бұл арада бюджет кірістері маңында салықтық және басқа да міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, ресми трансферттер, бюджетке ақысыз төленетін ақшалар келтіріледі.
Бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырмасы операциялық қалдық деп аталады. 1Бұл арада, егерде бюджет шығындары кірістерінен асып түссе, онда теріс операциялық қалдық болады, ал кері болса – онла оң операциялық қалдық болады.
Қазіргі кезде ақысыз бюджеттік қаржылыандырумен қоса бюджеттік несие беру арқылы бюджеттік несиелендіру де пайдаланады. Мұндай несиелер қайтару және өтеру шарттары негізінде беріледі, бірақ олар бойынша пайыздар немесе жалпы алынбайды, не болмаса банк несиелері пайыздарының деңгейінен төмен алынады. Сондықтан, бюджет несиелері банк несиелері мен бюджеттік қаржы беру арасынан орын алады. Осыған байланыты бюдет құрылымында бюджет несиелері мен оларды өтеу арасындағы айырмасы арқылы есептелетін таза бюджеттік несиелендіру деген түсінік бар.
Мемлекеттің қаржы активтермен мүліктенуге жұмсалған шығындар мен оларды өткізуден түскен түсімдер арасындағы айырмасы қаржы активтер операциялары бойынша қалдық деп аталады. Қаржы активтермен мүліктену маңында заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан мемлекеттік меншікке қатысу үлесі мен құнды қағаздар сатып алуға жұмсалған шығындар табылады. Ал қаржы активтерді өткізуден алынған түсімдер болып мемлекеттік меншіктегі, мемлекеттік кәсіпорындардың оперативтік немесе шаруашылық басқарудағы заңды тұлғалар мен алықаралық ұйымдардың қатысу үлесі мен құнды қағаздардың сатудан түскен бюджет кірістері табылады.
Бюджеттік тапшылық (дефицит) маңында бюджет шығындарының оның кірістерінен артықшылығы қарастырылады, ал егер де бюджет кірістері оның шығындарынан асып түссе, онда бюджеттік дефицит деген түсінік болады. Бюджет тапшылығының мөлшері операциялық қалдықтан таза бюджеттік несиелеу мен қаржы активтер операциялар бойынша қалдықты минустағанға тең.
Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады мысалы ақша эммиссиясы, ішкі және сырттан шеттен алып пайдалану. Бюджеттік тапшылықты қаржылыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет құралдарының бос қалдықары есебінен қарастырылған. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мөлшеріне сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшылығы арқылы анықталады.
Бюджет профицитін пайдалану деген бюджет профицитін, займдар құралдарын, бюджет құралдарының бос қалдықтарын займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының алынған изаймдар мен бюджет құралдар қалдығының қозғалысы сомаларынан артықшылығ арқылы анықталды.
Бюджеттік жүйе – мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын – бюджетті – қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қорытындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіреді.
2010 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:[2]
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.
Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың бюджетін республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Республикалық бюджет
Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері
Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады.
Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері тиісінше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі.