Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 11:13, курсовая работа
Бірінші бөлімде, біз жалпы бюжет және бюджет жүйесі түсінігін, оның принциптері мен түрлері, жалпы алғанда экономикалық мазмұнымен танысамыз. Сонымен қатар экономикадағы алатын орнын, атқаратын қызметтерін талқылаймыз.
Екінші бөлімде, бюджет жүйесіннің түрлері қарастырылады. Олардың айырмашылығы, ерекшеліктері ашылады.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіне, оның ерекшеліктеріне, жоспарлау мен қадағалау принциптеріне, оны жетілдіру жолдарына тәжірибелік материалдар қолданыла отырып сипаттама беріледі.
КІРІСПЕ……………………………………………………….....……..3
Тарау МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны және оның функциялары.................................................................. ................... 5
Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде және бюджеттік жүйе................................................................11
Тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
2.1 Бюджет жүйесінің түрлері мен принциптері............................19
ҚР бюджет жүйесінің даму ерекшеліктері................................24
3 Тарау Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру мәселелері..........................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................40
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті
Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет
1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
2. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
3. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттің бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
4. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің
барлық түрлері мен деңгейлері дербес
болып есептеледі. Бюджеттік жүйе
құрылымында Төтенше
Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға ҚР заңымен бекітілген республикалық бюджет алады. Жаңа бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бабағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергілікті мелекеттік органдардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.
Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақатан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.
ҚР Ұлттық қор негізін мемлекеттің
қаржы активтері мен материалды
емес қор активтердің мүлік
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізгі келесі қаржылық қатынастары:
Қазақстан Республикасының бюджет
жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
1) бірыңғайлық принципі - бюджет жүйесін
ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің
бірыңғай принциптерін қолдану,
2) толымдылық принципі - бюджетте және
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында
Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың
көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап
құқықтарының басқаға берілуі сияқты,
бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара
талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу
Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда
есепке жатқызудың өзара талаптары
мен талаптар құқығына жол беру жіберілмейді.
Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто
мен бюджет-нетто түсініктері байланысты.
Бюджет-брутто мемлекеттің шығыстары
мен кірістер бойынша барлық қаржы операцияларын
көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет
баптарының қалдықтарын көрсетеді, яғни
әр бап бойынша кіріс түсіруге жұмсалған
шығындарды алғанна кейінгі түсімдерді
көрсетеді.;
3) реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған,
түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің
әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары
болжамдарының бекітілген (түзетілген)
параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;
4)транспаренттілік принципі - мемлекеттік
немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ
қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары
үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын
қоспағанда, Қазақстан Республикасының
бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған,
түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы
туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар
мен олардың іске асырылуы туралы есептерді,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру туралы және пайдалану туралы
ақпаратты міндетті түрде жариялау;
5) дәйектілік принципі - мемлекеттік органдардың
бюджеттік қатынастар саласында бұрын
қабылданған шешімдерді сақтауы;
6) нәтижелілік принципі - мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларында
көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге
қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді
әзірлеу және атқару;
7) бюджеттердің дербестік принципі - түрлі
деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің
тұрақты бөлінуін белгілеу және осы Кодекске
сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау,
осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың
барлық деңгейлерінің бюджет процесін
дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті
бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша
алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер
қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған
бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі
бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша
шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;
8) сабақтастық принципі - өткен кезеңде
бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму
болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік
мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді
бағалауға негізделген республикалық
және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;
9) негізділік принципі - бюджет жобасына
қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды
енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің
негізділігін айқындайтын нормативтік
құқықтық актілер және басқа да құжаттар
негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ
бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес пайдалану;
10) уақтылылық принципі - республикалық
және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол
ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу
және оларды Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына аудару,
міндеттемелер бойынша қаржыландырудың
жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік
мекемелердің міндеттемелер қабылдауы,
төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке
жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және
тиісті нормативтік құқықтық актілерде
белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде
бюджет қаражатын алушыларшоттарынааудару;
11) кассаның бірыңғайлық принципі - бюджетке
барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық
шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық
шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық
валютамен жүзеге асыру;
12) тиімділік принципі - бюджет қаражатының
бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік
тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін
негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу
және атқару немесе бюджет қаражатының
аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге
қол жеткізу;
13) жауапкершілік принципі - тікелей және
түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге
және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
мен мемлекеттік мекемелер басшыларының
және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны
үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге
бағытталған қажетті әкімшілік және басқару
шешімдерінің қабылдануы;
14) бюджет қаражатының атаулылық және
нысаналы сипаты қағидаты - бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік
сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының
заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын
мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларымен, мемлекеттік сектор субъектілерінің
жарғылық капиталына қатысу арқылы салынатын
бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық
негіздемелерімен көзделген нәтижелер
көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауыжәнепайдалануы.
Жоғарыда айтылған
принциптер негізінде әр мемлекет өз бюджеттік
жүйесін жетілдіреді, бірақ біртұтас және
федералды мемлекеттердің бюджеттік жүйелерін
ұйымдастыруда мемлекеттік құрылымына
байланысты ерекшеліктері бар. Мемлекеттің
федералдық жайғастырушылығына үшбуынды
жүйе сәйкес: орталық, федерация мүшелерінің
бюджеттері, жергілікті бюджет. Біртұтас
мемлекеттерде екібуынды жүйе қолданылады
– орталық (республикалық) және жергілікті
бюджеттер.
Федералды мемлекеттерде жергілікті бюджеттердің кіріс пен шығыстары федерация мүшелерінің бюджеттеріне, ал федерация мүшелері өз кірістері мен шығыстарымен федералды бюджетке кірмейді. Біртұтас мемлекеттерде жергілікті бюджеттер өз кірістері мен шығыстарымен республикалық бюджетке кірмейді, яғни олар дербес болады. Жоғары және экономикалық тиімділікке жету үшін шығыстар неғұрлым жергілікті әкімші-аумақтық бірліке жақын болуы тиіс.
Бюджеттік құрылым – ол елдің
мемлекеттік бюджеті мен
Бюджеттік процестердегі жоғары және
төмен тұратын бюджеттер
2.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесінің даму ерекшеліктері
Егеменді мемлекеттің
Бюджеттік процестің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті орган – Экономика және жоспарлау министрлігінің келесі жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайтылған қаржы жоспарының жобасын дайындайды. Ол ҚР Президентінің Жолдауы, макроэкономикалық көрсеткіштің динамикасы, аумақтардың даму бағдарламалары, ақша-несиелік пен фискалдық саясаттың және т. б. негізгі бағыттарының негізінде жасалады. Бюджет жобаларын құрастыру толығымен Республика Үкіметі мен жергілікті биліктің тиісті атқарушы органдарына жүктелгенліктен, республикалық және жергілікті бюджеттер жасаудың тәртібі мен мерзімі және бюджет юобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түде тапсырылғанша құпия сипаттта болады.
Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталып, Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бір апта мерзімде бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері бекітілгеннен кейін пысықталып, ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітілгеннен кейін пысықталып, келесі қаржы жылының 10 қаңтарына дейін бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Бюджетті атқару кезеңі бекітілген қаржы бөлуде сәйкес бекітілген кірістер алу мен шығыстарды іске асыру және бюджет тапшылығын қаражаттандыру мен профицитті пайдалану жасалады. Бұл кезең қаржы немесе бюджет деп аталатын күнтізбелі жыл бойы созылады. Бюджетті атқаруды Үкімет пен тиісті жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджеттік жыл аяқталғанна кейін бюдже атқару туралы арнайы органдардың есеп беруі құрастырылады. Арнайы органдар – республикалық бюджетті атқару жөніндегі тиісті орталық өкілетті орган (Қаржы министрлігі) және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті органдар (әкімшілік). Есеп биліктің өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда ло белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі.
Қазақстан Республикасында бюджет
жүйесінің бірінші деңгейі болы
Республикалық бюджет өз алдына Бюджеттік кодексте бекітілген салықтық және басқа да түсімдер арқылы қалыптасатын орталықтандырылған ақша қорын құрайды. Ол орталық мемлекеттік органдар мен оларға жататын мемлекеттік мекемелердің функцияларын орындау мен мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған. Республикалық бюджет, қаржы ресурстар терімшілдіктің негізгі құралы болғандықтан, мемлекеттік билікке өз уәкілеттілігін шынайы іске асыруға, экономиканы, инвестицялық белсендікті реттеу мен ынталанлыруға, ал бастысы - әлеуметтік саясатты орындауға мүмкіншілік береді.
Республикалық бюджеттің мазмұны оның құрамындағы ерекше экономикалық формалар болумен шарттаннады., яғни кірістер мен шығындар. Осы формалар арқылы ақша құралдарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалану іске асырылады. Кірістер мен шығындардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтіэкономикалық шатта жүргізіп жатқан орта мерзімді фискалдық тсаясатты іске асыруға сәйкес. Кірістерді қалыптастыру мен бюджеттік құралдарды жұмау формалары мен әдістері де осыған сәйкес болуы тиіс
Республикалық бюджет кірістер құрылымы
Бюджеттік кодекс ережелеріне сәйкес
салықтық және салықтық емес түсімдер,
негізіг капитал сатудың
Республикалық бюджеттің шығыстар құрылымы Бюджеттік кодекске сәйкес келесі шығыстар бағыттарынан қалыптасады: