Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 11:13, курсовая работа
Бірінші бөлімде, біз жалпы бюжет және бюджет жүйесі түсінігін, оның принциптері мен түрлері, жалпы алғанда экономикалық мазмұнымен танысамыз. Сонымен қатар экономикадағы алатын орнын, атқаратын қызметтерін талқылаймыз.
Екінші бөлімде, бюджет жүйесіннің түрлері қарастырылады. Олардың айырмашылығы, ерекшеліктері ашылады.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіне, оның ерекшеліктеріне, жоспарлау мен қадағалау принциптеріне, оны жетілдіру жолдарына тәжірибелік материалдар қолданыла отырып сипаттама беріледі.
КІРІСПЕ……………………………………………………….....……..3
Тарау МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны және оның функциялары.................................................................. ................... 5
Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде және бюджеттік жүйе................................................................11
Тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
2.1 Бюджет жүйесінің түрлері мен принциптері............................19
ҚР бюджет жүйесінің даму ерекшеліктері................................24
3 Тарау Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру мәселелері..........................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................40
Қазіргі кезеңдегі экономиканың дамуына байланысты республикалық бюджеттің рөліне өте үлкен мән беріледі, себебі ол мемлекеттің эконмикалық және әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі құралы ретінде пайдаланылады және экономиканы қаржылық реттеу мен оның бәсеке қабілеттілігін жетілдіруге маңызды әсерін тигізеді.
Ал жергілікті
бюджеттер жүйесі мемлекеттік құрылымдылық
пен тиісті әкімшілік-аумақтық бөлімге
негізделеді. Жергілікті бюджеттер
республиканың бюджеттік
Жергілікті
бюджеттердің кірістері мен шығындарының
құрылымы республикалық бюджеттікіндеі
Бюджеттік кодекс ережелерімен анықталған,
бірақ әлдебір ерекшелітері бар.
Ол ерекшеліктері әрбір
Экономикалық, әлеуметтік және басқа да мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар харықтың басты мәселесі болып табылады. Бүгін, өкінішке орай, Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсіп жатқан түсімнің жеткіліксіз екенін айтуға болады.
Мемлекеттік қазынаны молайту мәселесін салықтар мен төлемдердің жаңа төлемдерін енгізу немесе қазіргі барларының мөлшері мен тарифтерін көтеру арқылы шешуге болады. Алайда, бұл ретте бір сәттік қана табысқа жетуге болғандықтан, фискалдық саясат мәселелерінде мұндай шешім қауіпті.Салықты ауырлату төлеушілерді көлеңкелі бизнеске кетуге мәжбүр етеді және халықтың да мемлекетке деген сенімі жоғалады.
Салықтық түсімдерді көбейту мәселесін шешудің жолы басқада, атап айтқанда, салықтық әкімшілік жүргізу ісін жетілдіруде. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да түсімдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.
Нарықтық
эономика жағдайында дамып
Министрліктің міндеті – салықтардың, алымдардың, кедендік төлемдердің бюджетке толық және уақытында түсіп тұруын қамтамасыз ету мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттерді орындау, сонымен қатар еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайту, экономикалық қылмыспен күресудің тиімділігін арттыру керек. Ал қазіргі кезде үкіметтің алға қойған мәселелерінің бірі орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғастыру, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.
Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай және мұнай емес кірістердің ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.
Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерімен және мұнай операцияларынан және шикі мұнай мен газ конденсатынан түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджеттік бюджеттік кіріс бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен толықтырылды. Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, оларың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларын қабылдауды талап етеді.
Қазіргі ережелер, нормалар
мен нормативтер қиындықпен немесе
бюджет қаражатын пайдаланудың нақты
нәтижелілігін төмендету
Бюджет процесін егжей-тегжейлі регламенттеу қажеттілігі бюджет қаражатының жетіспеушілігімен қатар жүрген кең ауқымды құрылымдық қайта құрылулар кезеңінде орынды болды, ел қаржысын басқару кредиторлық берешектің өсуімен және қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер салдарынан сипатталған. Берілген проблемаларды реттемей экономиканы тұрақтандыру және одан әрі өсіру мүмкін емес.
2008 жылға қарай қалыптастырылған рәсімдер бюджетті қалыптастыру мен атқарудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ бюджет есептілігінің жеделдігі мен сенімділігінің белгілі бір деңгейіне жетуге мүмкіндік берді. Алайда, бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды бақылаудың қазіргі жүйесі бюджет шығыстарының ресурстарға қажеттілікке сәйкес толық қамтамасыз етеді, бұл бекітілген көрсеткіштер мен нақты кассалық шығыстардың арасындағы максималды дұрыс сәйкестікті қамтуды білдіреді.
Сонымен қатар, бұл ұстаным бюджетті қалыптастыру және оны атқару кезінде жүргізіліп отырған мемлекет саясатының мақсаттарына жету дәрежесін толық көлемде қадағалауға мүмкіндік бермейді және қолда бар ресурстарды тиімді әрі нәтижелі пайдалануға кепілдік бермейді. Бұл ретте, әкімшілердің жекелей алғандағы көбіне мемлекеттік органның ішкі міндеттерін шешуге тұтастай, елдің және қоғамның міндеттерін шешпеуге бағытталған өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігіне қатысты шын мәнінде маңызды нормаларды орындаудың формальдылығы байқалады. Мұндай ұстаным бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелілігінің орнына, қаржы ағындарына бақылауды қалыптастыру мен сақтауға мүдделілігі көрінетін “бюджеттік шектеулердің босаңдығын” айқындап берді. Аталған жүйелі кемшіліктерді жоюға бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін және нақты, өлшенетін қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуде бюджет процесіне барлық қатысушылардың орнықты мүдделілігі мен қызығушылығын жасаумен тұжырымдалатын жүргізіліп отырған әкімшілік реформаның іс-шаралары бағытталған. Бюджет жүйесі формальды емес, нормативтік белгіленген қағидаттар мен ережелерді орындау тұрғысынан іс жүзінде бірыңғай болады.
Берілген міндетке жету үшін біріншіден, әкімшілерге белгілі бір нәтижелер үшін бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын бөлу мен пайдалануда кеңірек тәуелсіздік беру жолымен, және екіншіден, аталған нәтижелерге қол жеткізу мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігін күшейту жолымен жоспарланып отыр.
Бюджетті жоспарлау және атқару бюджет қаражатын пайдаланудың бағыттары мен нәтижелері туралы толық ақпаратпен сүйемелденеді, оның негізінде бюджет саясатын өзгерту туралы шешім қабылданады, ал мемлекеттік органдар өз функцияларының сапалы орындалуына жауапты болады. Бюджетті жоспарлау мен атқару рәсімдерін жетілдіру шаралары мынадай қағидаттарға негізделеді:
Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу – бұл бюджет ресурстарын мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен бюджет қаражатын пайдаланудың күтілетін нәтижелерінің қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттің мақсаттары, міндеттері мен функциялары бойынша бөлуді қамтамасыз ететін бюджетті жоспарлау, атқару және атқарылуын бақылау әдісі.
Бұл әдіс шығындар мен нәтижелерді, бюджет қаражатын жұмсаудың ең тиімді жолдарын таңдауға, жоспарланған нәтижелердің деңгейін және олардың сапасын уақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
Бюджет процесін реформалау қаржы менеджментінің қағидаттарын енгізу алғышарттарын жасайды, яғни, орындайтын функцияларды әкімшілендірілетін бағдарламалардың тиімділігі жөнінде мемлекеттік органның қызметі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін нақты мүмкіндіктерге бейімдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктерін кеңейту.
2009 жылдан бастап үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшу іске асырылды. 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу экономика дамуының бюджет кірістері мен шығыстарын орта мерзімді болжамдауда бар тәжірибеге және бюджет процесінің жетілдірілген әдістеріне негізделетін және қолданылатын болады.
Елдің саяси жүйесіндегі және мемлекеттік жоспарлаудағы өзгерістер (нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге), жоспарлаудың қазіргі жүйесіне жүргізілген талдауға және Дүниежүзілік Банктің инвестициялық жобалар жөніндегі ұсыныстарына орай инвестициялық жобаларды ісі асыруға, сондай-ақ Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес бюджеттік инвестицияларды жоспарлауға да және іске асыруға да тәсілдер жетілдірілетін болады. Тұтастай, инвестициялық жобаларды іріктеу және мониториг қағидаттары мен тетігі қайта қаралады.
Шағын және орта бизнеске
салық салудың қазақстандық жүйесі
салық салудың төменгі
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін (АСЖ) қолданатын шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық режимін қолданудың саласын жалдамалы қызметкерлердің саны мен шекті кірісті ұлғайту жолымен кеңейту жүргізілді.
Оңайлатылған салық режимінің қолданылуы жағдайында шағын бизнес субъектілерінің қызметті жүзеге асырудың оң тәжірибесін ескере отырып, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап патент негізінде АСЖ-дағы салық ставкасының ставкасы 3-тен 2%-ға дейін төмендетілді, оңайлатылған декларация негізінде АСЖ-дағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған бөлетін прогрессивтік шәкілдің орнына 3%-дан 5%-ға дейінгі және 3%-дан 7%-ға дейінгі ставкаларымен тиісінше 3% деңгейінде бірыңғай ставка белгіленді. Бұл шара өзінің кәсіпкерлік қабілеті мен идеяларын іске асыруға ұмтылатын халықтың бастамашыл бөлігіне қолдау көрсетеді.
2008 жылы қосылған құн салығының ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Бұл шара кәсіпорындарға өндірісті жаңғыртуға жұмсалған қаражатты айналымнан оны кеңейтуге және дамытуға босатуға мүмкіндік берді.
2008 жылдан бастап әлемдегі ең төменгілердің бірі болған 10 пайыз деңгейіндегі жеке табыс салығының жайпақ шәкілі енгізілді. Бұл ретте салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің орнына ең төменгі жалақы мөлшері алып тасталады. Адамдардың өзіндік материалдық әл-ауқатын арттыруға уәждемесін арттыруға бұл норманы енгізудің негізгі әсері болды [4].
Салық саясатының негізгі бағыттары әділ әрі сыннан өткен кұрал, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандырушы және мемлекеттік функцияларды толық орындауды қамтамасыз етуші ретінде әлеуметтік маңызы бар салықтарды нығайту қажеттігін ескере отырып, фискалдық саясаттың міндеттерін шешуге бағдарланған бұл мыналармен тұжырымдалады:
ҚҚС ставкасын одан әрі төмендету;
экономиканың нақты секторындағы жеңілдіктердің тиімділігін арттыруды және ынталандыратын әсерін ескере отырып, оларды оңтайландыру;
бюджеттің кірістерін қалыптастырудағы негізгі рөлді кәсіпкерліктен біртіндеп халыққа ауыстыру шеңберінде жеке тұлғалардың пассивті кірістері бойынша жеңілдіктерді жою.
Осылайша, салықтар ставкаларын
төмендету жоспарланып отырған
кезеңде осы салықтардан
Жүргізіліп отырған салық саясатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының болжамды көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1107 Қаулысы мен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасының қолданылуында 2013-2015жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кірістері айқындалды.
Мұнай секторы кірістерінің 2013-2015 жылдарға арналған болжамы мұнай және мұнай емес кірістердің аражігін нақты ажыратуды жүзеге асыруға бағытталған бюджет заңнамасына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасының шарттарын негізге алып айқындалды.
Орта мерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтарына сәйкес, жоспарланатын нәтижелерге байланысты және салалық жоспарлау сапасын жақсарту және өнімсіз шығыстарды қысқарту есебінен бюджеттің инвестициялық құрамдас бөліктерін күшейте отырып, мемлекеттік міндеттемелерді толық орындауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.