Мемлекеттік бюджеттің түрлері мен деңгейі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 08:55, дипломная работа

Описание работы

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым–қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына тәуелді.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні. Мемлекеттік бюджеттің түрлері мен деңгейі...........................................................6
Бюджеттік құрылым және бюджеттік процесті ұйымдастырудың негізі............................................................................................................................14
Бюджет түсімдері мен шығыстарын жіктеу және бюджетаралық қатынастар..................................................................................................................19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасының бюджеттік жағдайы және Атырау облыстық бюджетін талдау........................................................................................................27
Бюджеттік несиелеу, мемлекеттік борыш және инвестициялар......................56
Мемлекеттік қаржылық бақылау........................................................................63

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері.............................................................................................................69
Қазақстанның салық жүйесінің стратегиялық даму жоспары........................74
ҚР бюджеттік жүйесін болжамдау (2010 – 2012 ж.ж.)....................................82

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................87

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................

Файлы: 1 файл

Догаманов Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қалыптасуы және даму проблемалары.doc

— 1.57 Мб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорының негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастары:

  • мемлекеттік кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;
  • мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржаландыру жөнінде;
  • мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;
  • қаржы – банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және т.б.);
  • мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.

Қаржылық қатынастардың барлық бұл формалары мемлекетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер пен құқықтық нормалар негізінде басқарылады.

Қазақстан Республикасының  бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме берілген.

Бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке жатқызудың өзара талаптары мен талаптар құқығына жол беру жіберілмейді. Бюджеттің толығу принципімен бюджет – брутто мен бюджет – нетто түсініктері байланысты. Бюджет – брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша барлық қаржы операцияларын көрсетеді. Ал, бюджет – нетто тек қана бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді, яғни әр бап бойынша кіріс түсіруге жұмсалған шығындарды алғаннан кейінгі түсімдерді көрсетеді.

Қазіргі кезеңде әлемдік тәжірибеде бұл принциптің лайықтылығы шамалы деп есептеледі, себебі оны қолдану  бюджетті қажетті емес өз алдына бөлек  болатын шығыстармен толтыруы мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы  құралдарын қалыптастыруда орталықтырылған әдіс қолданады, сондықтан 2004 жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар жойылған.

Жергілікті бюджеттердің жөнді  мен тиімді іс – әрекетінің шарттары болып дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестік принципі маңында олардың кірістері өздік  қайнар көздерінің түсімдері арқылы қалыптасу мен сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бұл принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлуін кірістіру мен олардың жұмсау бағыттарын анықтау және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік заңнама негізінде бюджеттік процесті өз еркі іске асыруына құқық берумен қамтылады. 

Бюджеттік процестің әрбір қатысушысы міндетті түрде бюджеттік заңнамалар талаптарын орындауы тиіс. Сондықтан, бюджеттік жүйеде жауаптылық принцип іске асуда, себебі бұл принциптің талабы – бюджеттік заңнаманы бұзғаны үшін бюджеттік процеске қатысушыларды жауапкершілікке тарту.

Жоғарыда айтылған принциптер негізінде  әр мемлекет өз бюджеттік жүйесін  жетілдіреді, бірақ біртұтас және федералды мемлекеттердің бюджеттік жүйелерін ұйымдастыруда мемлекеттік құрылымына байланысты ерекшеліктер бар. Мемлекеттің федералдық жайластырушылығына үшбуынды бюджеттік жүйе сәйкес. Мұндай жүйенің маңында орталық бюджет (одақтық, федералдық), федерация мүшелерінің бюджеттері (республика, штаттар) және жергілікті бюджеттер кіреді. Біртұтас мемлекеттерде екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады – орталық (республикалық) бюджет және жергілікті бюджеттер. Қазақстан Республикасында екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады – республикалық және жергілікті бюджеттер.

 

 

1.2 Бюджеттік құрылым және бюджеттік  процесті ұйымдастырудың негізі

Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерін қаржы  активтерiн  сатудан түсетiн түсiмдер, алынған трансферттер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар  республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң түсiмдерi болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығыстары болып табылады.

Шоғырландырылған бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады: 
      1) республикалық бюджет;

2) облыс бюджетi, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  бюджеттерi; 
       3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерi және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шоттарына аударымдар.

Салықтық түсiмдер – Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер. Салықтық емес түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген, негiзгi капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген республикалық, жергiлiктi бюджеттерге төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерi сондай-ақ, трансферттерден басқа, бюджетке өтеусiз негiзде берiлетiн ақша.

Ондай ақшалар негізгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады: мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi, мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен өзге тәсiл арқылы өткiзуден түсетiн және мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша. 
      Трансферттер түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншісiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындары – қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындары болып табылады.

Бюджеттiк субсидиялар  мемлекеттiк функцияларды орындаудың және республиканы немесе өңiрдi дамытудың  әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн iске асырудың неғұрлым тиiмдi басқа тәсiлi болмаған кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда ғана жеке, заңды тұлғаларға және шаруа қожалықтарына берiлуi мүмкiн. Субсидиялануға тиiс басым мемлекеттiк функциялар және республиканы немесе өңiрдi дамытудың әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн iске асыру жөнiндегi бағыттар орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады. Нысаналы сипаты бар трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi: төтенше, шұғыл шығындарға арналған, соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған, ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттерде, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервтердi қамтиды.

Төтенше резерв Қазақстан  Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуiне де пайдаланылуы мүмкiн. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады. 
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады.

Операциялық сальдо бюджет кiрiстерi мен шығындары арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Бюджет шығындарының бюджет кiрiстерiнен асып түскен сомасы терiс операциялық  сальдо болып табылады. Бюджет кiрiстерiнiң бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады. Терiс операциялық сальдоның жол берiлетiн шектi мөлшерi әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарында айқындалады. 
       Таза бюджеттiк несие беру бюджеттiк кредиттердiң және бюджеттiк кредиттердi өтеудiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Қаржы активтерiмен жасалатын  операциялар: қаржы активтерiн сатып  алуды және мемлекеттiң қаржы  активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердi қамтиды. Қаржы активтерiн сатып алу - заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.

Қаржы активтерiмен жасалатын  операциялар бойынша сальдо қаржы  активтерiн сатып алу мен мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Қаржы активтерiн сатып алу және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бекiтiлген, нақтыланған  және түзетiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң тапшылығы (профицитi) олардың борышының негiзгi сомасын  өтеу сомасын шегерiп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгi борышты өтеу сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сай келедi. Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi: 
       1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерi; 
       2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;

3) Қазақстан Республикасының  заңнамасында тыйым салынбаған  өзге де түсiмдер мен кiрiстер  болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқарудан түсетiн  инвестициялық кiрiстер, материалдық  емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын шетелдiк қаржы құралдарына орналастырудан құралады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

1) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан республикалық  бюджетке тиiстi қаржы жылына арналған  дамудың бюджеттiк бағдарламаларын (iшкi бағдарламаларын) iске асыруға арналған кепiлдiк берiлген трансферт түрiнде;

2) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан республикалық  бюджеткe Қазақстан Республикасының  Президентi айқындайтын мақсаттарға  берiлетiн нысаналы трансферттер түрiнде;

3) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқаруға және  жыл сайын аудит өткiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры: ҚР ҰҚ сақталуын; оның жеткiлiктi өтiмдiлiк деңгейiн ұстап тұруды; тәуекел деңгейi қалыпты болған жағдайда ұзақ мерзiмдi перспективада ҚР ҰҚ кiрiстiлiгiнiң жоғары деңгейiн; ұзақ мерзiмдi перспективада инвестициялық кiрiстер алуды қамтамасыз ету мақсатында, материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген шетелдiк қаржы құралдарына орналастырылады. ҚР Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету ретiнде пайдалануға болмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi республикалық  бюджеттi әзiрлейтiн жыл алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауға тиiс. ҚР Ұлттық қорынан үш жылдық кезеңге арналған кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi.

Бюджеттiк бағдарлама - мемлекеттiк басқару функцияларын, республиканы немесе өңiрдi дамытудың  стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен жоспарларын iске асыру үшiн  қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттер. Бюджеттiк бағдарлама мемлекеттiк басқару функцияларын, республиканы немесе өңiрдi дамытудың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен жоспарларын iске асыру үшiн қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттердi бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде нақтылайтын iшкi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн. Бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу нәтижелерiн көрсететiн мақсаты, мiндеттерi және индикаторлары болуға тиiс.

Бюджеттiк бағдарламаның  мақсаты бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуге тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететiндей болуға тиiс. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты жекелеген мiндеттерге бөлiнедi, олар бюджеттiк бағдарламаның мақсатына қол жеткiзудiң жолдары болып табылады.

Жергiлiктi бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерi олардың ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және дамудың бюджеттiк бағдарламаларына бөлiнуiн, бюджеттiк қамтамасыз етiлудi, бекiтiлетiн заттай нормаларды ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасында шығыстарды бөлу негiзiнде есептеледi.

Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi: облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң - республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдiгi, түсiмдердi тиiмдi бөлу, ол түсiмдердiң ара жiгiн ажыратудың мынадай өлшемдерiн бiр мезгiлде сақтауды ескередi, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейлерiн теңестiреді және т.с.с.

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің түрлері мен деңгейі